Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

70

.pdf
Скачиваний:
5
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.45 Mб
Скачать

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

көбіне көп предикативтің үстем тілдегі нұсқасын қолданады. Сонымен қатар, етістіктердің бейімделу механизімі тілдердің əртүрлі құрылымдарын ескере келе, кешенді сипатқа ие.

Еліміздегі риелторлық іскерлік қатынас кезінде орын алатын код ауыстырудың тағы бір мысалы аббревиатуралар бола алады. Аббревиатура – негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздердыбыстарынан немесе бастапқы əріптерден жасалған сөз [5]. Зерттеу материалында ҚазҰУ, ҚазКжБА секілді ЖОО аттарының орысша баламалары (КазГУ, КазАТК) кездеседі. Кеңестік кезеңнен сақталып қалған бұл атаулардың қазақша нұсқасы қазірге дейін кең қолданыс таппай отыр.

Код ауыстырумен қатар, интференция да риелтор жəне тұтынушы тілінде айқын байқалады. Интерференция – қостілділік (көптілділік) жағдайында тілдердің бір-біріне əсер етуі. Интерференцияекітілдіигергенадамныңсөзіндешеттілдікакценттүріндепайдаболады. Ол тұрақты немесе ауыспалы болуы мүмкін. Интерференция тілдің барлық денгейіне де қатысты, дегенменфонетикадаөтеайкынбайқалады. Интерференцияқұбылысыіскеасутəсілі жағынан фонологиядағы диахрониялық өзгерістерге жақын. Бұрынырақта орын алған Интерференция тіл жүйесінде субстрат, суперстрат түрінде сақталуы мүмкін [6]. Срокқа, комплексте, мебілімен, девяткамен, обьявлениемен, квартиралар, состояниесі, номерге, звондапсияқтысөздерменДжамбуладағы, Байтурсыновадағысияқтыкөшеатаулардыңтүбірі орыс тілінен қосымшасы қазақ тілінен болатын интерференция мысалдары риелтор сөйлеуінде жиі ұшырасады. Өйткені, интерференцияда код ауыстыруға қарағанда толық фразалар ауысуы емес, қазақ жəне орыс тілдері сияқты бір кеңістікте ұзақ уақыт бойы қатынасқан тілдердің бір-біріне əсер етуінен болатын осы іспетті құбылыстар орын алады.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік саласындағы іскерлік əңгімелесулер барысындағы код ауыстыру жағдайларында ескеретін бір мəселе бар. Жылжымайтын мүлікті алып-сату жəнежалғаберуменайналысатынагенттеркөпжағдйдаалдыналаарнайыдайындықтанөткен мамандар. Олардың сөйлеуі көп жағдайда жоспарланған жəне арнайы шаблондардан тұрады. Кей жағдайда код ауыстыру риелтор немесе керісінше тұтынушы тактикасына сай ойластырылған, яғни, мақсатты болуы мүмкін. Қарым-қатынас барысында код ауыстыру коммуникативтік серіктесінің ойын бір мəселеге ерекше тоғыстыруда, бір мəселеге ерекше көңіл бөлуде немесе тыңдаушы назарын басқа арнаға ауыстыру сияқты əр түрлі мақсатта қолданылады. Мысалы:

Р: Алло, добрый день, я звоню по обьявлению, оно еще актуально? N: Здраствуйте..., на счет квартиры, да?

Р: Да, можете ее описать? Я вот вижу на сайте...

N: А вы семейный? Мы только семейным хотели

Р: Я представитель агенства недвижимости «N» и у нас есть потенциальные клиенты, которые ищут как раз квартиру в вашем радиусе

N: А риелторсындар ма? Біз как раз хотели риелторларға обратиться, уже екі жарым ай болды, никак сдавать ете алмай жүрміз

Р: Ну вот, видите, «тілегенің алдыңнан іздемей -ақ табылар» деуші ма еді?! Апай, тогда сізбен қалай кездесуге болады. Обсудить етейік, біз клиенттерге көрсетейік. Только, 3% комиссия бар, знаете же.

Берілген тілдесімнен код ауыстыру белгілі бір стратегиямен жүзеге асып тұрғанын байқауға болады. Тұтынушының сеніміне кіріп, оның алдында жағымды образ қалыптастыру үшін риелтор арнайы сөз орамдарын пайдаланып, бір тілден екінші тілге код ауыстырып тұр. Толығымен белгілі бір стратегияға құрылған риелтор сөйлеуінен арнайы код ауыстыруларды көптеп аңғаруға болады.

Талдау нəтижесінде код ауыстырудың төмендегідей себептері айқындалды:

1)код ауыстыру қостілді диалогтың коммуникативтік стратегиясын жүзеге асырудағы тілдік құрал;

2)код ауыстырудың кең тараған түрі – фразааралық немесе сөйлем ішіндегі код ауыстырулар;

151

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

3)лексика-семантикалық бірлік ретінде код ауыстырулар зат есімдер жəне сын есімдерде көбірек орын алады;

4)код ауыстырулар ақпаратты анықтау, түсіндіру, акценттеу, т.с.с. функциялар атқарады;

5)код ауыстырулар диалогтың прагматикалық жағына байланысты болып келеді.

Жеке меншіктегі риелторлық қатынастарда орыс тілі əлі де болса басым тұр. Еліміздегі мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары мен жеке меншіктегі риелторлық компаниялар қызметінің басым түрде орыс тілінде жүргізілуі еліміздің көпэтносты екендігімен де түсіндіріледі. Себебі, орыс тілі еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Жылжымайтын мүлік агенттіктерінің қызметін тек қазақ ұлты ғана емес, басқа да этностар пайдалануы еліміздегі аталған қызмет түрінде орыс тілінің үстемдік етуінің тағы бір себебі бола алады.

Əдебиеттер:

1.Оксфорд сөздігі. Əлеуметтану / ред. Маршалл Г. – Алматы: Қазақстан, 2002. – 629 б.;

2.Подопригора М.Г.Деловая этика. Учебное пособие. – Таганрог: ТТИ ЮФУ, 2012. – 116 с.

3.Узерина М.С. Этика делового общения. Учебное пособие. Ульяновск: УлГТУ, 2004. – 72 с.

4.Weinreich U. Languages in Contact. – N.Y, 1953 (1st ed.)

5.Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мəдениет жəне денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.– 509 б.

6.Қалиев Ғ.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005. – 440 б.

УДК 372.8:811.111

Нұрмахан Г.Н.

1-курс магистранты Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Алматы қ., Қазақстан e-mail: nurmakhan.gulbanu97@mail.ru

Ғылыми жетекші: Дабылтаева Р.Е.

педагог.ғ.к., профессор e-mail: dabyltaeva@bk.ru

ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ТИІМДІ ƏДІСТЕР МЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Түйіндеме: Мақалада шетел тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаттығулар мен тиімді əдістерді қолданудың маңыздылығы мəселесі қарастырылады. Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Шетелтілісабақтарыбарысындадиалог, мəтінменжұмыс, көрнекіқұралдарды(аудио, бейнежазбалар, сөздіктер) пайдалану, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: тиімді əдістер, жаттығулар, тілдік материал, фонетикалық материал, интерактивті тəсіл, мəтін, диалог.

Резюме: В статье рассматривается важность упражнений и эффективных методов формирования уучащихсянавыковразговорнойречинаурокахиностранногоязыка. Рольязыковогоматериалаиграет важную роль в способности учащихся свободно говорить на иностранном языке. Использование методов таких как диалоги, текстовая работа, наглядные пособия (аудио, видеозаписи, словари) на уроках английского языка, позволяют учащимся развивать навыки речи.

Ключевые слова: эффективные методы, упражнения, лингвистический материал, фонетический материал, интерактивный метод, текст, диалог.

152

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

Abstract: The article discusses the importance of exercises and effective methods for developing pupils' speaking skills in a foreign language class. The role of language material plays an important role in the ability of students to speak a foreign language. Using methods such as dialogues, text work, visual aids (audio, videotapes, dictionaries) in English classes, allow students to develop their speaking skills.

Key words: effective methods, exercises, linguistic material, phonetic material, interactive approach, text, dialogue.

«Шеттілдерінүйрену, əсіресеағылшынтілі– қазіргізаманныңқажеттілігі», – депелбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев үнемі өз сөзінде жастарға үгіт – насихат етіп айтып жүр. Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай болу үшін, оның іргетасы мектептен қалануы тиіс. Тілді үйрету барысында, əртүрлі əдіс-тəсілдерді пайдалана отырып, жас ерекшеліктерін ескеру арқылы дамытудың жолдарын қарастыру басты мақсатымыз [1].

XXI ғасыр ұрпағы – білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мəн мағыналы, өнегелі тəрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім берудегі реформалауды жүзеге асырудың жəне бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.

Шетел тілін ана жəне орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу жəне жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мəдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар əлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мəдениетімен, өмірімен танысады. Сонымен қатар, өз елінің мəдениеті мен тарихын басқа елдермен салыстырып анализ жасауға мүмкіндігі ашылады.

Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөздітыңдаптүсінулері тиісШетелтілініңқызметі– оқушылардыөздеріүйреніпжатқантілде сөйлейтінхалықпентүсіністік, ортақкөзқарасорнатуғадайындап, тəрбие, білімберіпəріжеке басын, өмірге көзқарасын жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Шетел тілі пəні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым-қатынас ситуациялары, мəтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз əдептері, оқу əрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады» – деген К. Ушинскийдің сөзін негізге алар болсақ, қазіргі таңда мұғалімдер түрлі біліктілікті көтеру курстарынан өтуде. Бүгінгі қоғам мұғалімніңбілімдеңгейінеде, ішкіжандүниесінедежаңашаталапқойыпотыр, өйткеніқазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа тұлғаны қалыптастыруда дұрыс бағыт бағдар көрсету мұғалімнің парызы десек қате айтпаған болар едік.

Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауаттысөйлеуінде тілдікматериалдымеңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мəтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қатар, түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нəрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бəрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың əсерлі өтуіне септігін тигізеді.

Шетел тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мəселе емес, сондықтан шетел тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: шетел тілінде өз ойын ауызша жəне жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай əдіс-тəсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

153

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың əр кезеңінде тиімді қолдану басты талап.

Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен əдістерінің сан – салалағына қарамастан, əр технологияның элементтері өзара бір-бірімен байланысып кірігеді. Шетел тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары – телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты əртүрлі əдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.

Тілдамытужолдарындұрысұйымдастыруоқушылардыңойлауқабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мəселе шетел тілі пəніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пəннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дəрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.

Мұғалімсабақтың əр минутын тиімді жəне дұрыс пайдаланғанда ғана көздегеннəтижеге жетеді. Бұл нəтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек. Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?

Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді əдісті қолдана отырып бастау керек. Ол əдістің бірі – диалог. Бұл əдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдалану тиімді. Диалог арқылы əр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тəсілдерді пайдалануға болады:

-сөздік арқылы тіл дамыту;

-мəтінге байланысты тіл дамыту;

-көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;

-видое материалдарын пайдалау арқылы тіл дамыту;

-үйірме жұмыстары арқылы қосымша тапсырмалар беру арқылы тіл дамыту;

-оқушыларға жеке қызығушылықтарына байланысты тапсырмалар беру арқылы тіл дамыту (мысалы: əн жаттау, фильмдерді талдау, сүйікті авторларының өмірбаянын баяндау т.б.)

Шетел тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады. Шетел тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді шетел тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.

Тіл дамыту жұмыстарының тəсілдері төмендегідей: 1. грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру; 2. мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру; 3. оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;

4. белгілі бір тақырыпта берілген əңгімені жалғастыру;

5. шағын көріністер даярлату;

6. мəтінмен жұмыс жүргізу.

Осының ішінен ең басты орын алатыны – мəтінмен жұмыс.

Мəтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі – берілген материалды түсініп оқу. Себебі, оқушы оқып тұрған əрбір сөздің, əрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тəн дыбыстарды дұрыс

154

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

айтқыза отырып, əрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мəтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мəтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын əңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады жəне пəнге деген қызығушылығын төмендетеді.

Ал, шығармашылық пен жұмысты мынадай тəсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:

1 Мəтінді өзгертіп баяндату. Мысалы: “Менің ойымша”, “Мен өз тəжірбиеме сүйеніп айтып отырмын”, т.б. сияқты сөз тіркестерін қолдану арқылы сабақтың жүргізілу тəртібі де өзгеріп, оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі.

2.Мəтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.

3.Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.

4.Мəтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы əңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, əңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мəтін құрамындағы əрбір сөздің мəн – мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.

5.Берілген мəтінге сүйене отырып диалог құрастыру.

Мəтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.

1.Оқылған əңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде əңгімелету.

2.Мəтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.

3.Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.

4.Мəтін бойынша сурет cалғызу.

Біріншіден, шетел тілін оқытуда интерактивті тəсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жоғарлайды, ал төмен болса, жалығуға əкеліп соқтырады.

Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек. Ойлауды белсендіреді. Оқушылар əр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай оқушылар нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Ондай жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында əрбір оқушыға жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда əр оқушының өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нəтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар үлгерімі жоғарыоқушыларданөзінетүсініксізболғанжердісұрап, алүлгеріміжақсыоқушылартоптың жеңіп шығуын ойлап, барлық оқушылардың, əсіресе білімі төмен оқушылардың нəтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша оқушылар қиындықтың алдын алады. Интерактивті тəсіл, əсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін тəсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті əдіс арқылы оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды да, олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Əсіресе өзін-өзі бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге бірнеше септігін тигізеді. Бұл бақылауды төмендегі бақылау əдіс белгілері арқылы іске асыруға болады.

Өзіндік бақылау:

1.Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары;

2.Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары;

3.Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары;

4.Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне жəне өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреу үшін тиісті болуы қажеттігі туады. Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың

155

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мəдениеті т. б.

Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, оқушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дəріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық-танымдық оқу, иммитиация əдістері осы жоғары белсенділікті дамыту əдісінің интерактивті əдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-əрекетті талқылау, қарама-қарсы қайшылықты мəліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру оқушылардың мəтінге деген ықыласын, ынтасын арттырады.

Қорытындылай келе, егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетудежанжақтыдамыған, руханибай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жанжақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі əрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Білімді ұрпақ өз ана тілінен басқа, шет тілдерін толық меңгеруі қазіргі заман талабы. Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болсын десек, рухани бай, білімді, саналы ұрпақ дайындау қазіргі заман талабы. Шет тілдерді меңгеру арқылы, ғылымда жаңа дамып келе жатқан инноватциялық технологияны игеру мақсатында тілдің маңызының зор екендігіне жастардың көз қарасын қалыптастыру. Сонымен қатар, əлем елдері жастарымен бір деңгейде білім алып, өзінің жоғарғы білім сапасын қиналмай көрсете алуына мүмкіндіктердің бар екенін түсіндіру.

Əдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2.Сарсенова Н.С. «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологиясын енгізудің тиімді жолдары». – Алматы, 2014.

3.ҚозыбайА., ЖексенбиеваН. «Кəсіптікбілімберужүйесіндегіқазіргіоқытутехнологиялары».

Астана, 2015

4.Өстемірова К., Айтбаев А. «Қазіргі білім беру технологиялары». – Алматы. 2006.

5.Құндақова А. «Педагогикалық шеберлік негіздері». – Алматы, 2014.

УДК 37.013.46

Орысбаева Н.

магистрант Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

19-rina-94@mail.ru

Ғылыми жетекші: Жұмажанова Т.

педагог.ғ.д., профессор Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан

ƏДЕБИ МƏТІНДЕРДЕ БЕРІЛЕТІН СҰРАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ РӨЛІ

Түйіндеме: Мақалада оқушылардың əдеби мəтіндерді меңгеруде берілетін сұрау тапсырмаларының маңызы жайында баяндалады. Сұрау тапсырмалары оқушылардың білімдік, танымдық қабілеттерін дамытуда сұрақ қою əдісінің маңызын анықтайды. Сонымен қатар, автор

156

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

жаңартылған білім мазмұнына көшкен 5-6 сыныптардың қазақ əдебиеті оқулығындағы сұрау тапсырмаларының берілуіне тоқталады.

Кілт сөздер: сұрау тапсырмалары, əдебиет, көркем шығарма.

Аннотация: В статье говориться о важности вопросительных задач в усваивании школьников литературныхтекстов. Вопросительныезадачиопределяютважностьметодазадаваемыхвопросовпри развитии учебных, познавательных способностей школьников. А также автор останавливается на описание учебника по казахской литературе для 5-6 классов, которые перешли на обновленную программу обучения.

Ключевые слова: вопросительные задачи, литература, художественное произведение.

Abstract. The article talks about the importance of interrogative tasks in the assimilation of schoolchildren literary texts. Interrogative tasks determine the importance of the method of asked questions in the development of schoolchildren’s educational, cognitive abilities. And also the author dwells on the description of the textbook on Kazakh literature for grades 5-6, which have been transferred to the updated program.

Keywords: interrogative tasks, literature, work of fiction.

Орта мектептерде өтілетін пəндер арасында қазақ əдебиеті пəнінің алатын орны ерекше. Өйткені, əдебиет– ой, ойлау, ойланту сабағы. Басқа пəндерге қарағанда, бұлпəнде сезім, əсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу сияқты эмоциялар ерекше байқалады. Əдебиет – адамның жан дүниесін жаулап алып, оны өз еркіне жетелеп алатын қасиетті күш. Сондықтан əдебиетті оқыту өз күрделілігімен, айрықша сан қырлылығымен ерекшеленеді де, мұғалімнің педагогикалықшеберлігіменнəтижесін айқындайтын, оқушыныңəдебиеттікұғымын, білімін бекітетін көрсеткіш болып есептеледі.

Қазақтың көрнекті ғалымы Ж. Аймауытұлы «Сабақ беруді үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажетететін, үнемі жаңаны табатын өнер» [1] деп бағалауыбүгінде заман талабына сай өзінің құндылығымен ерекшелене түсуде. Қазіргі таңда білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге орасан міндет артып отыр. Оқушыларды көркем шығарманы оқуға баулу, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту орта мектептерде əдебиетті оқыту, сол пəннен білім берудің аса маңызды, əрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Оқушылар оқу бағдарламасының талаптарына сəйкес əдебиет сабағында қазақ жəне туысқан халықтардың, əлем əдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Мəселен, жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен алтыншы сынып оқушылары оқу бағдарламасы негізінде халық ауыз əдебиеті үлгілерімен танысып, ары қарай А. Құнанбаев, С. Торайғыров, С. Мұратбеков, О. Бөкей, Қ. Əбдіқадыров, Е. Жүніс т.б. ақын-жазушылардың шығармашылығымен айналысады.

Қазақ əдебиеті пəнін оқытуда оқушы тілін дамыту үшін əдеби мəтіндерді меңгертуде сұрау тапсырмаларының маңызы зор. Сұрау тапсырмалары – оқушылардың жан-жақты білімдік, танымдық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамытуда сұрақ қою əдісінің маңызын анықтайтын басты көрсеткіш болып есептеледі. Көркем шығарманы оқу барысында оқушылар өзінің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой-тұжырымдар, пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Қазақ əдебиеті пəнін оқыту барысында, əдеби шығармаларды тиімді талдау жұмыстарын жүргізу оқушылардың пəнді оқуға деген ынтасын арттырады. Ол үшін еркін сөйлей алатын, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни көзқарастары дамыған оқушыны қалыптастыру керекпіз. Демек, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін, оқушы логикасын дамыту үшін сұрау тапсырмаларының көмегі арта түсуде.

Оқушылардың көркем шығарманы толыққанды түсінуіне қол жеткізу үшін оқушылар əдеби мəтінді игерулері тиіс. Мəселен, бағдарлама бойынша берілген 6-сыныптың қазақ əдебиеті оқулығындағы Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер аз боз ат» əңгімесінде соғыстан

157

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

кейінгі уақыттағы Салықсалған етегін қоныстаған ауылдың тыныс-тіршілігі, балалардың өмірі, армандары туралы баяндалады.

«...Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Əкешешедентымертеайырылып, алыстанқосылараталастарыныңесігіндежүретін. Қойаузынан шөп алмас жуас, құлағының сəл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бəрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай арамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды... Тортай, əсіресе, мені жақсы көрді. Жанынан бір елі қалдырмайтын.», – депбасталатыншығармаоқушылардыбірденқиялəлеміне, солжылдардағыоқиғаларғаүйіріп əкетеді [2, 110]. Оқулықта мəтін мазмұны бойынша берілген сұрау тапсырмаларымен танысқан кезде, [2, 112]:

1.Тортайдың таудағы үңгірде жалғыз қалуының себебі неде?

2.Тортай қандай кітаптарды оқыды? Ол кітаптар туралы не айтты?

3.Тортай кім болғысы келді? Арманына жете алды ма?

4.Ораш неге ұялды? Ол Тортайды көруге неге шыға алмады?

Бұл тапсырмалар оқушылардың мəтінді толық игеруі үшін аздық ететінін байқаймыз. Мəтін мазмұнын меңгеру үшін сұрау тапсырмалары толық берілмеген, кейбіреулерінде мүлде жоқ. Мəтінді терең меңгертуде əлі де толықтырсақ артық емес. Көркем туындыны оқу барып, оны талдаймыз. Оқусыз талдауды жүзеге асыра алмаймыз. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, шығарманы түсінуі, талдауы мұғалім, оның ұйымдастыруы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мəтінді оқушы қалай қабылдайды, қандай қорытындыға келеді, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалім жұмысының бірлескен еңбегінің жемісі болмақ деп білемін.

Сөз өнерінің негізі – көркем шығарма. Ал осы шығармаларды талдау барысында жүргізілетін сұрау тапсырмалары арқылы оқушыны терең ойлануға, ойын жинақтауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың əдеби тапсырманы орындауға психологиялық дайындығы болатынын ескеруіміз қажет. Соның негізінде білім алушы мəтінді оқуға деген:

-қызығушылығын, ынтазарлығын оятады;

-сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем-дағдыларын қалыптастырады;

-ойынсауаттытүрдеауызша(жазбаша) айтада, жазадабілу, байланыстырыпсөйлеудегі тіл мəдениетін қалыптастыру жəне дамыту, өзіндік ой-пікірін дəйекті, тұжырымды, жүйелі айта білуді үйренеді.

Демек, мəтінге байланысты берілген тапсырмалардың қай-қайсысы болмасын оқушының өмірдегі оқиғалардан салыстыра іздеуге, оларды өзінше зерттеп, танып білуге бағыттайды.

Келесі оқу бағдарламасы негізінде берілген 5-сыныптың қазақ əдебиеті оқулығындағы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі оқушылардың қиялы мен түсінігін ашатын көркем туынды. Əдеби мəтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктері меңгерілетін мəтінге сəйкес сол жастағы баланың басынан өткізуі мүмкін оқиғаларын суреттей келе, оның шапшаң ойлап, шешім қабылдай алатын қабілетін байқаймыз. Мəтіндегі басты кейіпкер Қожаның басынан кешкен оқиғасын 5-сынып оқушысының басынан кешуі əбден мүмкін. Бұл мəтінді меңгертуде берілген сұрақтар:

1. Бердібек Соқпақбаевтың белгілі шығармасының ізімен түсірілген кинофильм туралы ақпарат дайындап, сыныптас достарыңмен бөлісіңдер.

2. «Менің атым Қожа» хикаяты қай жылы жазылды? 3. Хикаяттағы бас кейіпкердің портретін жазыңдар.

4. Қожа мен оның есімі туралы ойларыңды ортаға салыңдар. Тауып оқыңдар. Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар:

1. Сəйбек қарттың əңгімесі Қожаға қалай əсер етті? Неліктен?

2. Сəйбек пен Қожа арасындағы əзілді тауып, кезектесіп рөлге еніп оқыңдар.

158

ТЮРКСКИЙ МИР: МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ

3.Қожаны не үшін жиналысқа салды? Оқиғаның шиеленісу тұсы бар ма? Бар болса, қай жерде деп ойлайсыңдар? Мəтіннен тауып оқыңдар.

4.«Түбінде адам болатын бала» деген пікірді айтқан кейіпкерге портрет жасаңдар. [3,

120]

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған қазақ əдебиеті оқулығында оқу бағдарламасына сəйкес ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті өкілдері, 1960-1990 жылдар аралығындағы əдебиет əлеміндегі бағыт-бағдарлар жайлы сөз қозғалады. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 5, 6 сынып қазақ əдебиеті оқулықтарында берілген сұрау тапсырмаларына қарағанда, жоғарғы сыныптарға арналған қазақ əдебиеті оқулығындағы тапсырмалардың айырым белгілері баршылық. Мəселен, 11сыныпқа арналған қазақ əдебиеті оқулығында оқушылар əдебиетімізге тың тақырып, өзіндік көркемдік тəсіл əкелген қаламгер Əбіш Кекілбаевтың шығармашылығымен танысқаннан кейін оқушылар мəтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді:

1.Əбіш Кекілбаевтың алғашқытуындыларының бірі «Бір шөкім бұлттың» бас кейіпкері

кім?

2.Ə.Кекілбаев тарихи тақырыпқа жазған шығармаларында тарихи тұлғалар өмір сүрген дəуірдің əлеуметтік-психологиялық астарын ашуда қандай əдеби тəсілдер, символдар қолданған?

3.«Аңыздың ақыры» кітабындағы əміршінің күрделі бейнесі қалай сомдалған? Жазушының сөз құдіретін шебер қолданған тұстарына көңіл аударыңдар.

4.Ə.Кекілбаев шығармаларындағы өнер адамдарының бейнесін («Күй» повесіндегі күйші, «Аңыздың ақыры» шығармасындағы күмбез салушы шебер – Жаппар) басқа да қазақ жазушыларының өнер адамдарының тағдыры жөніндегі туындыларымен салыстыра əңгімелеңдер.

5.Жазушының тағы да қандай шығармаларын білесіңдер? [4, 125].

Бұл жерде де байқап отырғанымыздай, оқулықта берілген тапсырмалар жазушы шығармашылығынтолықтүсінуіүшіназ. Оқулықтаберілгенсұраутапсырмаларыеңбастысы, баланы өзіндік ойлауға, өзіндік ізденіске жетелеуі керек. Сондықтан да қазақ əдебиеті оқулықтарында берілетін сұрау тапсырмаларының көлемін əлі де болса толықтыруымыз қажет. Мұғалім сұрақты дұрыс қойса, ол оқушыларды ізденіске, əдеби шығарманың идеясын терең ашуға жол сілтейді. Демек, қазақ əдебиет сабағындағы сұрау тапсырмалары образды ашу үшін, детальді ақпаратты анықтап көрсететіндей сұрақтар болуы керек. Бұл сұрақтар мəтінді терең,жан-жақты меңгертуге, ұғу, түсіну, тұжырым жасауға таптырмас құрал болып табылады. Мұғалім балаларды үнемі ойланып отыруға осы сұрау тапсырмалары арқылы ізденіске жетелейді. Сонымен қатар, оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын сұрау тапсырмаларын тиімді пайдалану арқылы жетуге болады.

Қорытындылай келе, қазақ əдебиеті оқулықтарында берілетін сұрау тапсырмалары оқушылардың мəтінді түсінуіне, көркем шығарманы жете меңгеріп, білімін жетілдіруге септігін тигізуі қажет. Сонымен қатар, əдеби тапсырмалар оқушылардың алған білімін шығармашылықпен дамытуға, сөздік қорын байытуға, өз ойын түсінігін жүйелеп жеткізе білуге дағдыландырады.

Əдебиеттер:

1.Аймауытұлы Ж. Бес томдық шығармалар жинағы, V том. – Алматы, 1999. – 304б.

2.Қазақ əдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық\ А.С.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова. – Алматы: Атамұра, 2018. – 79 б.

3.Қазақ əдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы:

Атамұра, 2017. – 108 б.

4.Қазақ əдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11сыныбына арналған оқулық\ З.Қабдолов, С.Қирабаев, Х.Əдібаев. – Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы:

Мектеп, 2011. – 350 б.

159

ТҮРКІ ƏЛЕМІ: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАЛАРЫ

УДК 81`1

Өтеген Б.Ү.

3-курс студенті Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан Ғылыми жетекші: Смағұлова Г.Н.

филол.ғ.д., профессор Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан

ШЫҒЫС ДАНАЛЫҒЫНДАҒЫ «ТЕКТІЛІК» ҰҒЫМЫ

Аннотация: Мақалада шығыс даналығындағы «тектілік» ұғымына қатысты көзқарастар қарастырылады. «Тектілік» ұғымының негіздеріне қатысты философиялық пікірлер сараланады. Адам болмысына тəн жақсы қасиеттер талданып, текті адамның қоғамдағы құндылығына ерекше назар аударылады. Шығыс халықтары танымындағы «тектілік» ұғымының сипаттары анықталады.

Кілт сөздер: шығыс философиясы, тектілік, құндылық, қоғам, Тəңір.

Аннотация: В статье рассматриваются мировоззренческие взгляды о понятии «благородство» в восточной мудрости. Анализируется философские суждения об основе понятие «благородство». Рассмотрены нравственные качества, присущие человеческой натуре, при этом внимание акцентируется на ценности благородного человека в обществе. Выявлены общие черты понятия «благородство» в познании восточных народов.

Ключевые слова: восточная философия, благородство, ценность, общество, Бог.

Abstract: The article deals with the worldview of the concept of "nobility" in Eastern wisdom. Philosophical judgments on the basis of the concept of "nobility" are analyzed. The moral qualities inherent in human nature are considered, while focusing on the value of a noble person in society. Common features of the concept of "nobility" in the knowledge of the Eastern peoples are revealed.

Key words: Eastern philosophy, nobility, value, society, God.

Текті – адамның қоғамдағы құндылығын айқындайтын ең жоғары ұғым. Текті адам қай дəуірде болмасын ел үшін, қоғам үшін баға жетпес құндылық болып саналған. Шығыс философиясы тектіге тəн сипаттар мен қасиеттерді сан ғасыр бойы саралап, классикалық деңгейге көтерген.

Шығыс философиясы белгілі бір деңгейде ислам дінінің адамгершілік-моральдық ұстанымдарына сүйенді. Сондықтан, елдікті қастерлеуден көрінетін, елдік мүддені биік қоя білу арқылы анықталатын адамгершілік пен кісілік исламның діни-этикалық тұжырымдамаларынан нəр алды. Ислам мұнда дүниетаным, адамгершілік туралы ілім, адамның өмір сүруінің таза да, сабақтас жүйесі ретінде қабылданды.

Адамзаттың асыл тəжі болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың «текті» туралы, «жақсы» туралыөзіндік тұжырымдарыбар. Ол өз өсиеттеріндебылай дейді: «Жақсыадаммен біргеболып, сұхбаттасу– жұпардайəсерқалдырады. Жаманныңжанындаболу– теміршінің жанында жүргенмен бірдей. Жұпары бар кісіден хош иіс аңқиды. Сені оны досыңнан сатып алғыңкеледі, теміршіжаныңдаотырса, киіміңдібүлдіреді. Күлімсіиісіжүрегіңдіайнытады.

Əйелдің жақсысы – ерінің көңіліне мақтанып, көзіне нұр боп əмірін орындаса, ол жақтыратын нəрсені ұнатып, ол жақтырмайтын нəрсені ұнатпайтын əйел.

Жастардың жақсысы – өзін үлкен кісідей салмақты ұстайтындар. Үлкен кісілердің жамандары – жас баладай жеңілтектері.

Достардың жақсысы – Алланы дəйім еске алып, құлшылық етіп отыруға жəрдемі тиетін жəне ұмытқан нəрсені еске түсіретіндер.

Адамдардың жақсысы – адамдарға пайдалылары» [1, 129-142].

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]