Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu срс.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
08.05.2017
Размер:
35.64 Кб
Скачать

Тақырып 12 – Қазіргі әлемдегі діни экстремизм және терроризм мәселелері

1. Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» 2001 ж. 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңа кезеңіне негіз болды. Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын жамылған экстремизм мен торроршылдықтың саяси-әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе. Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар мен саясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегі діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі. Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет. Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай Ауғанстандағы талибандарға, Аль-Каеда ұйымдарына соққы бергінімен, ортаазиялық мемлекеттерге діни экстремизм қауіп сейілген жоқ. Мұнда халықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған. Үшіншіден, астам державалар тарапынан лаңкестікке ғана күресте қарсы кінәлілерді біліп алмай, оның туу себептерін анықтап алмай тұрып беталды соғыс жүргізу орын алуда. Олай болса «діни экстремизм», «исламдық терроризм» туралы әлемдік ақпарат құралдарындағы даурықпа науқаншылықтарда, біздіңше, ғылыми дәлелдемелер жетіспейді, оны бағалауда біржақталық басыи. Төртіншіден, еліміз тәуелдіздік алғалы діннің дамуына кең жол ашылды. Көп жыл кеңес тегеуірінін көрген мұсылман қауымы Құран-Кәрімде еркін оқуға мүмкіндік алды.

2. Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнама

 Осы Заң адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы ic-қимыл туралы заңнамасы

3-бап. Қазақстан Республикасында экстремистiк ұйымдарды құруға тыйым caлу

4-бап. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негiзгi  мiндеттерi мен принциптерi

5-бап. Экстремизмге қарсы iс-қимылдың негізгi бағыттары

6-бап. Мемлекеттiк органдардың экстремизмнiң алдын алу саласындағы құзыреті

7-бап. Мемлекеттiк органдардың экстремизмдi анықтау  және оның жолын кесу жөнiндегі құзыретi

8-бап. Ұйымды экстремистiк деп тану тәртiбi

9-бап. Экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу

9-1-бап. Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы

10-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының шет мемлекеттердiң органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және  жолын кесу саласындағы өзара ic-қимылы

11-бап. Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру

12-бап. Экстремистік материалдарды әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға жол бермеу

13-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізген кезде экстремизмдi жүзеге асыруға жол бермеу

14-бап. Экстремизмдi қаржыландыруға жол бермеу

15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың  экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылығы

16-бап. Ұйымдардың экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн   жауаптылығы