Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

Дулат қабылдауындағы өзіндік көрінісін береді. Сонымен қатар, 1) ешкімге пайдасы жоқ сыртқы сұлулыққа мақтану мен 2) ішкі сырын білмей, біреуді құр босқа, мақтаудың; 3) өзге туралы өзі көп білетіндігіне мақтанудың – ақымақтық екенін көрсетіп, бағалауыштық сипаттағы коннотациялар арқылы адам мінездемесін сомдайды, көркемдік тәсіл, поэтикалық құрал қызметін жүктейді.

Дулат – әдебиетке (поэзияға) қоғамдық сипат беріп, оның атқарар қызметін саналы профессионал ақын ретінде түсініп, поэзияны өнер, құрал деп танып, осы танығанын айта білген ақын және қоғамдық қызметке программалық түрде жеге де білген ақын... Абайға дейінгі қазақ поэзиясын өз дәуірінде қоғамдық пікірдің құралы дәрежесіне дейін көтере білген, қоғамдағы өтірік-өсек пен жалғандыққа қарсылық білдіруш. О. Корниловтың пікіріне жүгінсек, дүниенің тілдік бенесінен ұлттық мінез, ұлттық көзқарас қана танылмайды, тарихтың дерегі, заманның өзгерісі де нақты көрініс табады [63, 139]. Олай болса, көркем мәтіннен уақыт мінезіне қарай өзгерген (қоғамдық, әлеуметтік) адам мінезін де тани аламыз.

Түйіндей келгенде, поэтикалық образды әр шығарманың идеялық мазмұнының көрінісіне баласақ, мәнмәтінмен тыс алғанда мағынасында ешқандай әсерлі реңк-бояуы жоқ, ингерентті сөздердің өзі шығармашылық контексте өз бойындағы қосымша мағыналық реңкін ашып, образ жасауға септігін тигізеді.

Жай ғана қарапайым сөз ретінде, ешқандай реңк-бояуы жоқ сөзге (мақтан) Абайдың тілдік тұлғасы осылайша салмақ салып, стильдік жүк артқан. Лингвокогнитивтік талдау барысында осы «салмақты» таразылауды ниет еттік.

3.6 «Жағымсыздық» («ит») концептісі – «уақыт» мінезінің көрінісі

Аңдар мен жануарлар, құс пен жәндік атаулары (зооморфизмдер) көркем мәтінде жиі метафоралана қолданылады. Өйткені әдебиеттің нысаны – адам мен оның өмір сүрген ортасы болып табылатыны белгілі. Сол адамның мінез-құлқы мен

131

қимыл-әрекетін сипаттайтын тілдік құралдың бірі ретінде зооморфизмдерді метафоралап қолдану жиі байқалады.

Көркем туынды авторы жан-жануарлар атауы мен өзіндік ерекшелігін адамға ауыстыра отырып, адамның ішкі-сыртқы қасиеттерін, мінез-құлқы мен бет бейнесін, әлеуметтік жағдайы мен өмір салтын білдіру үшін тілдік бірліктердің коннотациялық бояу-реңкі қалың көптеген түрін көркем мәтінде жиі қолданады. Абайдың тілдік тұлғасында ұлттың өзіндік түйсінуі мен дүниетанымы дүниенің тілдік бейнесі арқылы көрініс табады.

Көркемдік құралдарды пайдалану ұлттық мәдени дәстүрге, әр халықтың рухани әлеміне, ұлттық болмысына сәйкес түрліше болады. Әр тіл иесі өзінше, өз діліне (менталитетіне) қарай, жануарлар атауын бағалауыштық сипатта әрқалай қолданатыны белгілі. Ұлттық сипаттағы өзіндік даралық пен менталитет сөз арқылы беріліп, тілінде бейнеленеді, тіпті өзгелерден ерекше көрінуі мүмкін.

Оған көркем шығармадан алынған мына бір мысалды дәлел ете аламыз: Сары атанның тәкаппар ойының дәлелдері де тәкаппар: Қазақ ең сұлуын «Бота көз», ең жүйрігін «Бота тірсек»,- дейді. Бір елдің қол жетпес сұлуы мен жел жетпес жүйрігін теңеуге мені қалап алса, сірә, менде қандай олқылық болуы мүмкін?»... (Ғ. Мүсірепов. Талпақ танау).

Қазақтың ботам, құлыным сияқты экспрессивті-эмоциялы сөздері мен орыстың поросенок, хрюшка сияқты экспрессоидтары екі халыққа ортақ, бірдей мән-мағына танытпайтындығы белгілі. Сөз зергері Ғ. Мүсіреповке тағы жүгінсек: – Бұрын орыс-қазақ төбелесе қалса; – Түйесің бақырауық!..

– Шошқасың, тоңмойын!.. деп бірін-бірі ең жаны сүймеген жануарға теңесетін,– деген жолдар бар.

Түйе семантикасы қазақ халқы үшін төзімділіктің, шыдамдылықтың, ал оның ботасы киелі, пәктіктің символы болса, онымен қатар «бақырауық» қасиеті бары екені де рас.

Шошқа орыстар үшін лас, кір, қайырымсыз, тәрбиесіздіктің символы болса, вьетнамдар үшін ақымақтықтың, ал мұсылман халықтары үшін һарамның белгісі. Бұл мысалдар әр тіл мен әр мәдениеткетәнөзіндікерекшеконнотация болатындығын көрсетеді.

Сан алуан мәдениет бар. Түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі өзіне тән мәдени ерекшелікке сай қалыптасады. Тіл – өз

132

халқының тұрмыс-салтының көрсеткіші ғана емес, мәдени талғамы мен дүниетаным ерекшелігін де танытатын дүние бейнесі. Тіл – қоғамдық сана көрінісі. Дүниенің тілдік бейнесінен әр ұлттың өз болмысы, өз әлемі, мәдени танымдық ерекшелігі айқын көрінеді. Соның бір көрінісі Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейінен байқалады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырда мұсылман елдерінде ит сондай бір сүреңсіздігімен танылады. Әрбір халықтың өнер туындысындағы көркем образдары оның қоғамдық ортасы мен географиялық ерекшеліктеріне, белгілі бір мәдени-рухани құндылықтарды бағалау ерекшеліктеріне, сон- дай-ақ, социумның қалыптасу болмысына байланысты жүйеленетіні белгілі. Ұлттық ойлаудың маңызды бір сипаты халық санасында қалыптасқан көптеген ассоциациялық байланыстардан да көрінеді. Абай шығармашылығы негізінде осы метафора

– ауыстыруларға назар аударалық... Зооморфизмдік метафораларға тек жануарлар мен құстар атауларын ғана емес, солар негізінде пайда болған етістік метафораларды жатқызамыз (қораздану, итшілеу). Ақын шығармашылығындағы қоқилану

(қораздай), айдаһардай (ысқыру), құладындай (ұшу), хайуанша

(күнелту), қыранша (қарау), қасқырша (алақтау), пілдей (қуатты), бәйгі атындай (аңқылдау) сияқты әртүрлі зооморфизмдермен қатар, бір ғана ит семасымен байланысқан тілдік бірліктер молынан ұшырасады. Тілдік талдау барысы Абай шығармаларындағы зооморфизмдердің мына мақсатта қолданылғанын көрсетеді.

а) адамға мінездеме беру немесе мінез-құлқын ісі арқылы таныту; ә) эмоциясын, көңіл-күйін таныту; б) сыртқы бейнесін көрсету; в) іс-әрекетін бағалау; г) тұрмыс-тіршілігін суреттеу; ғ) ақыл-ой қабілетін зерделеу.

Ақын шығармаларында көптеген аң-құс атаулары ішінен ит атауы басқаларына қарағанда жиі кездеседі. Ол «жағымсыздық» концептісін ашу үшін қолданылған. Ит семасының «сүт қоректі жыртқыштар семьясына жататын асыранды үй хайуаны» мағынасынан өзге, ауыспалы «оңбаған, жауыз, надан» мағынасы және сол мағынаның қосымша реңктері ассоциацияланып берілген. «Көркем бейне әрқашан адамның өмір тәжірибиесінен алынып, әлеуметтік, психологиялық ойлауға ұласады» [64, 10]. Зооморфизмдердің «міндеті» – тілдік узустағы бұрынғы бар

133

мағынаға үстемеленген ауыспалы мағынаны білдіру. Ал келесі қызметі – сол суреттеліп отырған нысанның көркем бейнесі ретіндегі екінші атауын (вторичная номинация) таныту. Абай шығармаларында осы міндеттер өз көрінісін тапқан.

Суреткер ит семасының ауыспалы мағынасын адам мінезінің бір қырын сипаттау үшін қолдана отырып, адамгершілік пен иттікті, парасаттылық пен надандықты шендестіре көрсетеді. Сөйтіп, «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деген биік парасатқа ұмтылады, адам бойындағы оғаш мінезді сынайды.

«Екеу» деген псевдониммен әдебиет туралы өрелі ой айтқан Жүсіпбек Аймауытұлы мен Мұхтар Әуезұлы «Абайдың өнері һәм қызметі» («Абайдан соңғы ақындар») зерттеуінде Абай өлеңін қуатты етіп тұрған бірнеше сипатты атайды. Олар: «мінез түзететіндік, тереңнен толғайтындық, сыншылдық, суретшілдік, жүректің мұң-зарын, сырын тапқыштық, ащы тілділік, ызалықпен күлетіндік һәм переуодшіктік» [65, 122]. Ақын шығармашылығын анықтайтын осы белгілердің қайсысы болса да, әсіресе, «мінез түзететіндік, сыншылдық, ащы тілділік» – біз қарастырып отырған дискурстың мән-мазмұнына толық сай келеді.

Түркі тілдерінің тұңғыш салыстырмалы сөздігі «Диуани лұғат ит-турк» –– сол замандағы (ХІ ғ.) түріктердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінен мол мағлұмат беретін баға жетпес дүние. Сол лингвистикалық зерттеулер тілінен де зооморфизмдік бірліктерді кездестіре аламыз. Мысалы: Ит ырылдамас // Ат теппес деме (Ит ысырмас, ат тәпмәс темә. 42 б.). Итке ұят бітсе // өлексе жемес (Итқа увут етсә, улдан немәс. 40 б.) т.б. тәрізді мақал-мәтелдер дүниенің тілдік бейнесі ретінде этнос танымын, ұжымдық санадағы образды суреттеуге құрылған.

Абай шығармалары Махмұд Қашқари ойымен үндестік тапқанын осы бір қарапайым тіркестер де таныта алады. Ол ұятты, ізетті болуға үндеп, жаман қасиеттен қашық болуға шақырады. «Итке ұят бітсе, өлексе жемес» дей отыра, итті де «ұяла білуге, иманды болуға» «меңзейді», бірақ бәрібір «Құл – жау, ит – бөрі» (49 б.) болып қала береді, ендеше «Ит ырылдамас, ат теппес деме» деген түйін түйеді. «Улы сия, ащы тілмен» жазылған Абай өлеңдерінде ит сөзінің ауыспалы жағымсыз мағынасы – «жауыз, оңбаған, надан» ( ҚТТС 4-том, 47 б.)

134

жиі қолданылады дедік. Адам мінезінің жағымсыз бір қырын көрсету үшін «ит» семасын негіз етіп алған бірліктер Қарасөздерінде де кездеседі.

... «О да өзіңдей ит болсын азғыр-азғыр», ... «Шыныменен жаман ел кете ме екен, ит бола?»; «Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық, бермесең, сен дағы ит бірге болдың, не өзің ит немесе бар елің ит. / Дауасыз бір пәлеге міне, қалдың».

Сонымен қатар, ойшыл Абайдың, сыншыл Абайдың идеялары Дулат ақын пәлсапасымен бір арнаға тоғысатынына Қарасөздері мен өлеңдеріндегі ой дүниесі айғақ бола алады:

Дулат ақын: «Күнәм-жойқын, тәубам-аз, // Тіршілікте не таптым?

Дүние – жемтік, мен – төбет, // Соны бақпай, не бақтым.

Ырылдасып әркіммен, // Не қапқыздым, не қаптым», –

деп, өкініш айтса, Ұлы Абай 7-Қарасөзінде ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, боқтықтан ұзамадық... деген ащы әжуа мен жанды тәнге бас ұрғызған көркөзділікке өкінді...

«Жағымсыздық» концептісін теңеу арқылы таныту.

Тілді мәдени-ұлттық аяда қарастыру барысында адам мінезін сипаттау үшін бейнелі құралдар (теңеу) ұтымды таңдалғанын байқаймыз. Ұлттық менталитет пен рухани мәдениет осы тілдік бірліктердің бейнелі, көркем мазмұны арқылы айрықша көрінеді. И.М. Сеченов сөзімен айтқанда, адамның сезім мүшелерімен қабылданатын, оның ойлау әрекетінің нәтижесі болып табылатындардың бәрі (әлемнің тұтастай бейнесінен бастап, жекелеген бөлшектеріне дейін) біздің санамызда ассоциациялана байланысады. Ғалым – теңеуді әлемді қабылдаудың бір тәсілі деп таныған, яғни таным процесі – салыстыру және теңеу процесі арқылы жүзеге асады [66, 22].

Теңеулер – троп түрі, стильдік тәсіл ғана емес, айрықша ұлттық сипат иеленген экспрессивті сөздің ішкі мазмұны да болып табылады. Абай дискурсында бұл құбылыстар мәні де ашылады.

Адам бойындағы психологиялық өзгерістер, қарым-қатынас этикеті, мінез-құлық сипатын танытар тілдік бірліктердің

135

ұлттық бояуы қанық, коннотациялық реңкі өзгеше. Абай халық тіліндегі қолданысты одан әрі шығармашылықпен пайдаланды.

Солардың бір бөлігі иттің «мінез» ерекшелігін (итше ырылдасу; сүтке тиген күшіктей; ит пен мысықтай), қимыләрекетін (аш иттей жалаңдау; таз иттей сүмеңдеу), түрәлпетін (иттей мөлю; бұралқы итше; ит кемірген асықтай; ине жұтқан иттей; иттей имеңдеу) жете таныған халықтың өмір тәжірибесінің нәтижесі ретінде тілдің вербалды дереккөзіне айналған. Оны әр қаламгер өз көркемдік әлемінде маңызды семиотикалық таңба ретінде пайдалана алады.

Теңеу семантикасында әлемді «ұлттық көзбен» қабылдаудың нәтижесі көрініс бергендігіне Абай шығармаларының тілі де дәлел бола алады. Олар ерекше экспрессивті. Теңеу – танымның нәтижесі, әлемді тану тәсілі, троптың бір түрі; психологияда – ойлау процесінің бірі; философияда – әлемді танудың қуатты құралы. Теңеуді семантикалық-функционалдық аспектіде ғана емес, лингвомәдени, когнитивті аспектіде де қарастыру – дискурстық талдауымыздағы прагматикалық уәжге сәйкес келеді. Абай өзі өмір кешкен әлеуметтік ортада өмір сүріп жатқан кейбір адамдардың ішкі әлемін өзгертуге тырысады.

Автор қолданысында теңеліп отырған нысанның ішкі мәніне, яғни ит семасының ішкі формасына ерекше екпін түсіре айтылады. Ақын шығармашылығы дискурсында ит семасын негізге алған тілдік көркемдік құралдар – теңеу, метафораның прагматикалық функциясы өзіне назар аудартады.

«Итше індет тілемей, жат үйіңде, өлсең де аш». Халық ұғымында «беймезгіл (түнде) ұлыған ит жамандық шақырады» деген наным-сенім бар. Иттің өшпенділікке толы мінезі арқылы адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін сипаттау мақсатында итше өшігу метафоралы тіркесі «көмекке келеді». («Қабаған итше өшігіп шыға келер, Мен қапсам бір жеріңді бөксерем деп»). Бұл ойдың («кектену») өрісін танытар сөздер: өшігу, қабу, қабаған ит, бөксеру. Осы семантикалық топтар өлең идеясымен астаса, итше өшігу әрекетін жан-жақты ашу үшін ассоциация жасауға септесіп тұр.

Келесі дискурста ақын идиостиліндегі, яғни суреткерлік жеке мәнерінде иттей тақымдау қолданысы бар. («Жау жағадан алған күн, өздері иттей тақымдар»...). Бұл мәнмәтіндегі

136

иттей тақымдаудың мәні, балақтан алып қана қоймай, тақымға дейін тіс салған иттің озбырлығын адам әрекеті етіп береді. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алар» – паремиясындағы екінші бөліктің семантикасына бүтіндей өзгеріс енген жоқ, алайда мағына одан әрі қоюлана түскен.

«Адасқан күшік» поэтикалық образы – рухани жабығу концептісі.

Абайдың: Адасқан күшік секілді, / Ұлып жұртқа қайтқан ой

– дегендегі тұнған сурет әлемі метафораланған теңеулер қуатымен айшықталған.

Ендігі бір теңеуді «Абай қолданған ерекше бір теңеуді»

(М. Әуезов сөзі) ...Адасқан күшік секілді, / Ұлып жұртқа қайт-

қан ой – деген жолдарды абайтанушы ғалым былайша саралайды: «Ақын бұнда халықтың жеңіл мағынада қолданып жүретін тілдегі метафорасын тереңдетіп, қорғасын құйғандай салмақ бітіріп қолданады. Көпшілік тіліне «адасқан күшік» деген сөз болымсыз ғана шындықтай сәл күлкі күйдей танылса, Абайда сол күлкілік күймен қатар екінші сипат – трагедиялық және философиялық маз-мазмұн табады. Күшіктің айласыз, әлсіз дал болуын көшіп кеткен ауылдың иесіз қалған жұртымен байланыстырып барып, ақын өз басының ендігі мұңын соған теңейді. Көңілдің жұртынан, үміт пен арманның өрісінен көпшілік тірлігі, халық көші аулақ кетіп жатыр. Сондықтан бұның азалы ойы адасады. Үнін ешкім естімес шерменде ой, трагедиялық күйде ұлып жүріп зарланады» [2, 164].

Әр пенденің осындай рухани күйзеліске түсуі әбден мүмкін. Шынайы сурет – шынайы өмірдің бейнесі болып тұр.

Адасқан күшік – жан дүниенің жабырқауы, тығырыққа тірелу, қан жүректі қайғылының рухани сергелдеңін (бейнесін)

білдіріп тұр. Адасқан күшіктің жанұшырып, аласұрып көшкен жұрттың орнына қайта-қайта орала беруі, қайда барарын білмей жанталасуы, рухани жалғызсырауы – кімінің басынан өтпеген, кімнің басына келмейтін күй? Ескі жұртта, мүлгіген тыныштықта қалып көзінен қанды жасы аққан әлсіз күшіктің енді жылауға да шамасы жетпейді, қанжылап, қыңсылайды. Өлеңді оқығанда Абай сөзінің құдыреті әркімді осындай күйге түсірері хақ. Бұл – ақындық қуат, сөз құдіреті арқылы берілген көңіл құлазуы, астан-кестен болған дүние-көңіл, рухани сенделіс. Дүниені индивидуалды тануы – өзіндік дүние бейнесі болып берілген.

137

Поэтикалық образ – «күшік» – рухани сергелдеңге ұшыраған кемел адам бейнесі. Жаны жабырқап қана қоймаған, жаны ауырған, аурудан алас ұрған адамның трагедиялық күйі. Ол поэтикалық образ ретінде адасқан күшікті адамның өз бейнесіне айналдырған. Ит тірлікте ит өмір кешкен ит жанды пенденің «ішін жарып көргенде» жылауын ұмытқызып, шошытатын күйі. («Егер менің ішімді жарып көрсең, жылауыңды ұмытып шошыр едің» (Абай).

Ит семасының ауыспалы мағынасына үлкен философиялық астар берген ұлы ақын өз ойларын Қарасөздерінде барынша толық ашады. Иттік пен адамгершілік – екі кереғар ұғымды, бір аяда алып, биік парасатқа үндейді: «Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған ... ешбір қазақ көрмедім» т.б.

Кей тұста ит семасын пайдаланбай-ақ, иттің әрекетін беру арқылы да адам бойынан ит мінезді таба алғанын байқаймыз: «Арсыз адам арсылдайды, Әр жерден-ақ керегеге таңылса да».

Адам бойындағы пенделіктің басымдығы байқалған тұста (сол ойды сыртқа шығару керек болғанда), тілдік бейне ретінде ит сөзіне қатысты жағымсыз коннотация тілге тез үйіріледі.

Себебі, ит болмысы халықтың тұрмыс тіршілігіне етене таныс: Мал баққан шаруа мен ит жүгіртіп, құс салған саятшылықта иесі итінің бар мінез-құлқына әбден қанық болған, сөйтіп, халықтың танымдық көзқарасы қалыптасып, санасында сәулеленген бейне-құбылыс тілдік тұрғыда – киноморфизмдер (ит семасы) арқылы көрініс тапқан.

Иттің қимыл-әрекетін танытатын, бейнесін көрсететін итке тән әрекетті халық тілінде (иттей) итше жұлқысты, итше сүйреді, итше талады, итше тепкіледі, итше ұлыды, итше ырылдады, итше таласты деген компортивтер арқылы дүние суретін дәл сол қалпында көзге елестетеді. (Әрине, иттей мен итше семантикасының стильдік реңкінде айырмашылық бары ескерілу керек).

Қазақ халқы өз тұрмысында ит жүгіртіп, құс салған саятшылықта, мал қайырған тұрмыс-тіршілігінде «ит мінезін, сырын» жете білгендіктен де, оның ұжымдық санасында және тілдік құрылымында ит семасының коннотациялық мәні терең. Ит семасының мәнін ашатын бейнелі сөздер, тілдік бірліктер

138

қазақ тілінің сөздік қорынан қомақты орын алған. Сондықтан да лексикографиялық дереккөздер: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Фразеологиялық сөздік, Мақал-мәтелдер жинағы, Синонимдер сөздігі ит туралы негізгі мәліметтермен қатар, қосымша коннотациялық мазмұндағы ақпаратты мол қамтыған: иттің негізгі денотаттық мағынасы – «қасқыр тұқымдас, сүт қоректі үй хайуаны болса», ауыспалы мағынасы – оңбаған, жауыз немесе жасы кіші бала-шағаға, қатар құрбыға өзімсініп айтатын сөз. Сонымен қатар, қазақша жыл қайырудың он бірінші жылы – ит жылы.

Сезімтал да сергек, көкірегіне тылсым әлем құпиясын сыйдырған дала баласының таным көкжиегінде дүниенің тілдік бейнесі аса бір дәлдікпен кейіптеледі. Мысалға жүгінсек, көлік малының бір қалыпты баяу әрі өнбейтін жүрісін – ит бүлкек десе, онша биік емес дөңестеу жерді – ит жон деп нақтылаған. Ауыр тұрмыс тауқыметін тартқанда ит қорлық; ит өмір; ит жығыс; ит байласа, тұрғысыз; итке бермесін деген байлам жасайды.

Діңкесі құрып титықтағанда, тұралап шаршағанда – ит сорпасын шығарды немесе ит сілікпесі шықты, ал азап тартып, қиыншылық көргенде – ит қорлығын көрсетті; ит кешуге салды деген коннотациялық бағалаудан ұжымдық сана тарапынан құбылыс пен затқа берілген мағыналық реңктің имплицитті мәнін (нашар сапаны немесе ауыр тұрмысты) түсінеміз. Иттер жас ерекшелігі мен «қабілет-қасиеттеріне» қарай бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы: 1) үлкен арлан итті – төбет; 2) аң алатын жүйрік итті – құмай тазы; 3) бойы аласа, кішкене келген итті –

қанден;

4) шәуілдек қанден ит пен мегежін қанден иттерді итаршы;

5)иттің күшігін итақай; 6) ұрғашы итті қаншық деп атаған. Сыртқы әлемді тану, игеру құралы ретіндегі метафоралану

процесі ұлттық таным дүниесін байқалады. Метафоралар семантикасында қабылданған ұғым-түсінік мейлінше дәлдікпен өсімдік атауына ауысқан. Субъект танымы ұлт тілімен, ойлау дәрежесімен үйлесетіндіктен, метафораланған сөздер әр өсімдіктің тікелей өзіне тән белгі-бағасымен ажыратылады. Мыса-

лы, Итқоға, итмия, итқұлақ, итмұрын, иттабан, итқонақ, ит шомырт, итсигек сияқты ботаникалық терминдер, (атаулар)

139

ұжымдық санада қалыптасқан (итке тән) белгілердің өзектенуінен (актуальдану) пайда болған.

Сөз болып отырған құбылысқа адамның жағымды, жағымсыз көзқарасын білдіретін бейнелегіш қасиеті айырықша, эмоционалдық сипаты басым, тұрақты сөздердің бір тобы ит компонентін негізге алған. Мысалы, Ит тұмсығы батпайтын

(қалың), ит ырғын болды (молшылық), ит мініп, ирек қамшылау

(азап тарту), ит терісін басына қаптады (жер-жебіріне жете ұрсу) сияқты тіркестер халықтың күн көріс амалынан, нанымсеніммен көңіл-күйінен хабардар етеді.

«Кез келген халықтың алыс заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары – сол халықтың ғұмыр жолының айнасы» [67, 220], – деген пікірдің ақиқатын, өмір мен өнер туындысы – халықтың мақал-мәтелдері де растайды. Мысалы: Балықта бата жоқ, ит-

те ата жоқ; Ит арық болса, ауылдың намысы; Итін жамандасаң, иесіне тиеді; Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды; Ит әлі жеткенін талар т.б..

Қазақ мақал-мәтелдерінің мазмұнына қарағанда, итті қанша жерден «жеті қазынаның бірі» дегенмен, танымдық сипаты, модальдық реңкі көбіне пейротив мәнде қолданылады. Тек бірен-сараны ғана жағымды реңкті білдіреді. Төмендегі мәнмәтіндегі ой астары соған мегзейді: Жақсы ит өлігін көрсетпейді;

Түлкі алған итте сын болмас; Итті иесімен қина деген фра-

земалар иттің өзінің «тәртібіне» қарай егер ит жақсы болса ғана

– ісі жақсы деген имплицитті мән үстейді.

Түйіндей келгенде, тіл – өз халқының тұрмыс-салтының көрсеткіші ғана емес, мәдени талғамы мен дүниетаным ерекшелігін де танытатын дүние бейнесі. Тіл – қоғамдық сана көрінісі. Дүниенің тілдік бейнесінен әр ұлттың өз болмысы, өз әлемі, мәдени танымдық ерекшелігі айқын көрінеді. Соның бір көрінісі Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейінен байқалады. «Ит» семасы жағымсыз (пейоратив) мәнде қолданылған. Гуманист, ойшыл Абай «Адам деген даңқты» иттіктің көлеңкесінде қалдырмауды мақсұт етеді: «Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы. Иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қысымның аты» (36-Қарасөзінен), деп, «Иттей қор боп», өзіне сөз келтірмеуді ойлайды; «Жаны аяулы

140

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]