Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

тыра алған. Абайдың ойын қайталамаған. Абайдан өзі үйрене отырып, өзгеге ұлықтатуды мақсат еткен.

Осы екі қоғам қайраткері өмір сүрген кезең, сол уақыт талабы екі ақынға да бірдей ой айтқызып тұр. Қоғамдық сананың саяси әлеуметтік жағдайларға қатысты ой қорытуы да мәндес, мазмұндас болып келгенін аңғарамыз. Әрине, «қазақ әдебиетінің асылдануына әсері күшті болған – Абай сөздері» (А. Байтұрсынұлы). А. Байтұрсынұлы өзінің алдындағы қазақ поэзиясы дәстүрлерін (Дулат, Абай), өз кезеңіндегі демократтық-ағарту- шылық әдебиет үлгілерін жаңғырта, жетілдіре түсіп, әдебиеттің адамгершілік, тәрбиелік нысанын нықтайды. Тілдің қоғамдық қызметін арттырады.

Ақын І. Жансүгіров тақырып пен идея сабақтастығын Абай поэзиясының тіл кестесі мен мазмұн-нақыштарын шебер игере отырып, әрі қарай дамыта түседі. Әр құбылыстың ішкі сырын терең түсініп, әр сөздің мағыналық салмағын дәл таразылай білген ақын өз кейіпкерлерінің іс-әрекетін, психологиялық жайкүйін шынайылықпен суреттейді.

Дәуір даусына кейіпкерлер харекетімен үн қосады. «Бейсембек болысқа» деген өлеңінде «Қыдырат, қыз-қырқындайт, қымыз іздейт», – деп елінің емес, өзінің күйін күйттеген болыстың әлеуметтік ортадағы сатиралық портретін сомдайды.

Бұл мәнмәтіндегі қымыз әлеуметтік, лингвомәдени таңба қызметінде келіп, бос жүріс, мағынасыз тірлікті қуып жүрген «қымыз іздеушінің» басты нысанына айналған. Адам мінезі суреттелген. Осы сөздің семантикалық мәнін, стильдік қолданысын нақтылауда мәтіндегі өзге бірліктердің ықпалы зор болғаны назар аудартады. Мысалдағы қыз-қырқындайт деген окказионал сөз қыз-қырқын, ойын-сауықты ермек ету мағынасын танытады. Автор етістіктің тұлғасын (қыз-қырқынға бару) ықшамдап, (қызқырқындайт) окказионалды туынды етістік сипатына түсірген, сөйтіп, сөз үнемдеген әрі ойды әсерлі жеткізген. Ок-казионал сөздің мағынасы – «қыз-қырынды төңіректеу». Бұл мәнмәтіндегі мағынаны басқа индикатор сөздердің көмегімен оңай анықтауға болады («қыдыру, қымыз, іздеу»). «Қымыз іздеу – болыстың басты міндеті емеседі»... дегенимплициттіуәжді ұғуғаболады.

Қорыта келгенде, талдауға түскен мәтіндерде «бие сүтінен ашытылып жасалған тағамдық және емдік қасиеті күшті сусын

171

әрі ұлттық ерекшелікті айқындайтын тағам түрі – қымыз» –

әлеуметтік сарын, қоғамдық мазмұн иеленген лингвокогнитивтік таңбаға, мәдени-қоғамдық ақпарат көзіне айналып отырғанына көз жеткіздік.

Сөйтіп, Абай шығармалары дискурсында «Адам» концептісін ашуда ол өмір сүрген қоғамдық ортадан бастап, тұтынған заттары, пайдаланған тағамдарына дейін таным дерегіне айналған. Тіл тек өз ішінде, өз шеңберінде ғана емес, «тіл шекарасынан асқанда ғана» толық қызмет көрсетіп, антропоцентристік бағдарынан жаңылмайды (Караулов). Әрине, сөздің денотат мағынасы (негізгі мәні – әр қазаққа қадірлі ас) өзінің жағымды мәнін сақтай отырып, коннотациялық реңк иеленген. Мәтін кейіпкерлері қымызды, яғни өзінің ұлттық тағамын ұнататын, жақсы мағынадағы қымызшыл, қымызқұмар адам бейнесінен ауысып, макромәтінде, бүкіл шығарма контексінде әлеуметтік сипат иеленуі – көркем өмір шындығы. Ол шындық Абай поэзиясы арқылы ашылған.

4.3Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні

Абай шығармаларындағы кейбір этномәдени бірліктердің мәні арқылы кодқа салынған ақпараттар мазмұны ашылады. Шығармадағы тілдік таңбаның денотативті, коннотативті мағынасын білдіру үшін рухани мәдени дереккөздерді саралауға, экстралингвистикалық барлау жасауға тура келеді.

Тілдік таңбаның мән-мағынасын жете түсіну үшін халықтың рухани дүниесінен, өмір тарихы мен мәдениетінен жеткілікті ақпарат иеленгенде ғана түсінік толымды болатыны сөзсіз. Ол үшін тіл тұтынушының тілдік санасындағы аялық білім үлкен мән атқаратыны белгілі. Ал аялық білім тілдік ұжымның (яғни халықтың) өмір жолында, ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі негізінде қалыптасады. «Сөз авторы өзінің санасында қорытылып, өңделген ақпаратты кодқа салады. Тілдік ұжым мүшелерінің когнитивтік санасындағы білім қорының құрылымы күр-

делі болып келеді. Олар тілдік білім, тілдік емес білім, аялық білім деп үлкен үш топқа бөлінеді... Тілдік таңбалардың

172

мағынасы адресат-сана мен адресант санада бірдей ұғынылуға тиіс» [25, 12]. Ақын шығармасы тілін талдамас бұрын оған қатысты аялық білім деңгейін бір саралап алған жөн.

Экстралингвистикалық мәліметтер халықтың ғасырлар көшінде қалыптастырған болмысын, ұлттың тілдік санасын айғақтайды. Тілдік социумның уақыт көшінде жинақтаған тәжірибесі негізінде туған ұғым-түсініктердің тіл мен мәдениет арақатынасын байыптауда ықпалы зор [85, 149]. Сонымен қатар, ежелден аңшылық пен саятшылық – көшпелілер үшін «үйірімен үш тоғызды» байлатар молшылық белгісі және ат құлағында ойнаған ептілігін де, талай жаугершілікте мұқалмаған төзімін, мергендігі мен әдісқойлығын да сынайтын «майдан» болып табылады. Шетсіз аспан мен шексіз дала сырына одан әрі қаныға беру сәттері саятшылық барысында жүзеге асатыны және белгілі.

Саятшылықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күнкөріс көзі санамаған. Бұл жөнінде академик Әлкей Марғұланның мына пікірінен үзінді келтірген жөн:

... «Саятшылықтың қазақ халқының тарихында, мәдени дамуында маңызы зор болғаны белгілі. Саятшылық – ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Оның тарихи ескерткіш екеніне ешқандай күмән жоқ. Өйткені бұл туралы деректерді біз түркілердің ҮІ-ҮІІ ғасырдағы жазбаларынан, М. Қашқаридың, Ра- шид-ад-Диннің, Әбілғазының, орыс саяхатшыларының еңбектерінен көреміз, ХҮІ-ХХ ғасыр жазушылары да көп жазған. Ол халық жүрегіне жол тапқан көптеген әдеби, мәдени және музыкалық шығармалар тудырды».

Автор қыран құстың күтімі мен келіскен бабына аса мән береді.

Шығарма дискурсында Абайдың «Қыран құс не алмайды, салса баптап» дегендегі «баптау» мәні құсбегілік өмірдің тәжірибесінен алынған, сондықтан авторлық бақылау-қорытынды онымен тікелей байланыс табады. Сөйтіп, Абайдың тілдік тұлғасы қансонардың қызығын қуып, саятшылық өнердің сұлулығына сұқтанып қана қоймай, оның байыбына барып, құстың «тілін тауып», дұрыс баптай білуге де назар аудартатын ақпарат жеткізеді. Мәтіндегі қосымша мәлімет әрі қарай талдауға түседі.

173

Суреткер ақын «Қыран құс не алмайды салса, баптап?» деген жолдардағы баптау лексемасының денотаттық мағынасын әрі қарай жетілдіре, сигнификативті мағынасын үстемелей көрсетіп, когнитивтік мазмұнын ашады. Мәнмәтіндегі ой: «бабы ке-

ліскен, күтімі дұрыс құс болса, ілмейтін (аң-құс алу) нәрсесі бол-

майды» дегенді білдіреді. Сигнификат мағына – құсты бағыпқағуда көп мән бар екеніне мегзейді. Өлеңдегі кодқа салынған ақпаратты алу үшін, алдымен «баптау» лексемасының мәнін ұғынып алу керек. Ол үшін сөз дефинициасын анықтап аламыз.

Қазақтың төл-тума өнерін (күйшілік, жыршылық, қолөнер, саятшылық, аңшылық) ғылыми негізгі салып, ғылыми пайыммен қараған – этнограф ғалым А. Сейдімбек еді. Ол қазақ құсбегілерінің құсын әр кезде әртүрлі бапта ұстайтындығы және өзі қалаған бір бабына келтіру үшін белгілі бір жем түрлерін беретіндігі туралы былай дейді: «Құсбегілер қолындағы құстың жай күйін тамыршыдай бағып отырады да қажет болса, бүркітке «ақ жемді» – жүдету үшін, «тартпаны» – шынықтыру үшін, «қансоқта мен қызылды» – семірту үшін, «сар бөртпені» – құсты бір қалыпта ұстап тұру үшін береді...» [86, 138]. Осы аталған құс жемінің сапа-қасиетін былайша сипаттауға болады. Мысалы:

Жем атауы

Дайындалуы

Мақсаты

ақ жем

майдалап турап әбден аппақ шүберектей

жүдету үшін

 

болғанша, суға шайып, сығымдап бар

 

 

маңызынан айырған ет;

 

тартпа

малдың немесе аңның желкесі,

семірту үшін

 

толарсағы, шандыры сияқты құнары аз,

 

 

сіңірлі жері;

 

қансоқта

туралмаған, қаны сорғалаған кесек ет;

 

қызыл

құстың қылғып қақшауына оңтайланып

 

 

туралған қызыл ет

 

сары бөртпе

Туралған соң суға екі-үш рет шайып,

 

 

сығып, қан-сөлінен арылтқан ет

 

Бүркітті баптап ұстаудың бір шарты – тұғыр, томаға, балақ бау, желі бау сияқты оған қажетті мүліктердің дұрыс жасалуына да байланысты. Абай өлеңінің мәнмәтініндегі қыран құс не алмайды, салса баптап деген жолдар осындай баптау

174

түрлеріне (құстың жемі және оның қимыл-қозғалысын реттейтін заттардың ыңғайлы болуына) байланысты қолданылған, бірақ имплицитті, астарлы мәнді білдіреді деп айта аламыз. Оған әрі қарайғы талдау барысында тоқталамыз.

Сол заттардың біреуінің қызметі мен қажеттілігін атап өтсек, құстың бабында болу мәнісінің бірін түсінеміз. Мысалы, «балақ бау, біріншіден, қолдағы құсты тұқырта ұстап, орнықты отырғызу үшін керек. Екіншіден, тұғырда мазасыз болмау үшін, үшіншіден, желі бауды өткізу үшін қажет. Дұрыс баулыған, жақсы бап көрген бүркіт түлкі, қарсақ, қоян алады. Кейбір өжет қырандар қасқыр, киік, арқарға да түседі» [86, 140] .

Таблицаларда көрсетілген саятшылықта қолданылатын құрал-жабдықтар атауларын мына еңбектер бойынша [86, 138б.; 87, 55] ұсынып отырмыз.

Атауы

Түсінік

1.

Томаға

Бүркіттің екі көзін саңылаусыз жауып тұратын бас

 

 

киім

2.

Жезтұяқ

Бүркіттің саусақ кемтарлығын толықтыру

 

 

мақсатымен жезден жасалған тұяқ

3.

Аяққап

Бүркітті саусақтарын түлкі шайнап тастаудан сақтау

 

 

үшін әр саусаққа жеке-жеке кигізілетін теріден

 

 

жасалған саусаққап

4.

Балақ бау

Құстың аяқтарына тағылатын қайыс бау

5.

Аяқ бау

Құстың балақ бауына жалғанатын ұзындау жіңішке

 

 

жіп

6.

Ірге бау

Аяқ бауды ұзартуға арналған тиегі бар қайыс

7.

Тобаршық

Ірге баудың бір ұшындағы ағаш тиек

8.

Шыжым

Құстың қашып кетпеуі үшін жасалған арқан

9.

Биялай

Бүркітшінің оң қолына киетін қолғап

10.

Балдақ

Құсты ат үстінде алып жүруге арналған тіреу

11.

Тұғыр

Құсты қондырып қоятын орын

12.

Жемсауыт

Бүркітке жем беретін ыдыс

13.

Жем қалта

Аңға шыққанда құстың шақыру жемін салатын қалта

14.

Түтік

Құстың ішіне су және басқа сұйық құюға арналып

 

 

жасалған аспап

15.

Ырғақ

Асау құсты көндіруге арналған орнықсыз, ырғақты

 

 

тұғыр

175

Қыран бүркіт не алмайды салса баптап? – дегендегі баптау мәні нені білдіреді? Біріншіден, ол құстың күтіміне байланысты. Ол үшін тағы да құсбегінің сырына құлақ түрген жөн: «Қырандардың әрқайсысы күніне 1 келі ет жейді екен. Ал бүркіттің бүйірі бұлтиып, тойып тұрмаса ешуақытта түлемейді. Түлемейді деген сөз, спортшылардың тілімен айтсақ, «формасында емес» дегенді ұқтырады. Мәселен, құсбегілердің сөздік қорында былайғы адамдар біле бермейтін кемтүлек деген сөз бар. Мысалы, қыран құс тоғайып тұрған кезінде «жүр, құсыңды аңға салайық» дегендер көп болады. Ондайлар шыжып тұрған ыстыққа да қарамайды. Сол кезде бүркітті көлікпен ары-бері алып жүруге тура келеді. Бүркіт машинаға салып жүргенді көтере алмайды. Соның салдарынан бүркіт «бұзылады». Бұзылу, яғни бабын жоғалту. «Бұзылған» бүркіттің түлеуі қиындайды. Міне, соларды кемтүлек деп атайды».

Баптау мәні бір қарағанда осылай танылуы тиіс. Ал өлең идеясы одан мәнді ой ұсынады. Шығармадағы ұлттық болмыс, ұлттың рухани моральдық өлшем-дәрежесі белгілі бір жағдайға байланысты сөз етіледі. Мысалы, адами құндылықтардың сапасы имплицитті (жасырын) берілген «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» деп басталатын өлеңде астарлы аз сөзге, көп мағына сыйған. Өлеңдегі ой өрісінің өзегі метафоралық құбылту қалтарысында тұр. Бір қарағанда, саятшылық-аңшылық өмір қалпына толықтай сәйкесетін жағдаяттық (ситуациялық) сурет мазмұнының жеткізері басқа, яғни өлең өзегінде өзге ой тұр. Өлең «Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ», босқа далақтап жүрген қайран елдің жайынан хабардар етеді. Оның мысалы ретінде не өзі алмайтын, не қыранға алдырмайтын қарға мен күйкентайдың күйкі тірлігіне, соған мәз болған иесінің ессіздігіне күйінеді. Болымсызға риза болған, болмасты медет еткен бос дарақы, даңғойлыққа бой алдырма! деген қаупін Жиырма алтыншы Қарасөзінде де білдіреді:

«Қыран бүркіт не алмайды, / салса баптап? / Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап.

...Қыран шықса қияға жібереді / Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан / Өзі алмайды, қыранға алдырмайды. / Күні бойы шабады бос салақтап.

Тиіп-шығып, ыза қып, ұстатпаса, / Қуанар иелері сонда ыржақтап.

176

Не таптық мұныменен деген жан жоқ, / Түні бойы күпілдер құсын мақтап. Басқа сая, жанға олжа дәнеме жоқ, / Қайран ел осыменен жүр далақтап».

Мәтіннің соңғы екі жолында ақын танымының түйіні тұжырымдалған. Бос мақтанға салынып, парықсыздықтан шаршамайтын пенденің күлкі баққан қылығына бағалауыштық лексика мазмұны арқылы мінездеме жасайды. Өлең – құс салу өнеріне берілген баға емес, өмір мәнін парықтай білуге үндеу сияқты. Ол – прагматикалық функция иеленген синтаксистік тұтастық.

Құс салып, аң аулаудан философиялық «астар іздеген» шығармашылық мәнмәтін ақиық ақын М.Мақатаевқа да тән:

«Көзді арбап қызықтырған бұл фәниді, / Түлкі деп бұрынғылар шын айтады. Жұтынған құмарыңды жояр алдап, / Жалт беріп сайқал түлкі қояр арбап, Сонардан қасқыр да емес, түлкі де емес, / Қайтасың бірді-екілі қоян аулап»...

(М. Мақатаев «Сонарда»).

Мәнмәтіннің айтары: түлкі бұлаң тірлікте өзіңе лайық үлесіңді ала алмай, босқа қармануың да мүмкін екендігіне меңзеу.

Аллегорияға алынған түлкі-дүние образы көзді арбау, құ-

марыңды алдау, жалт беру, сайқал түлкі, арбап қою сияқты синтагмалар арқылы қу түлкінің қылығындай өте дәл, шынайы сомдалған.

Екі мәнмәтін мазмұнындағы ой ортақтығы, екі ақын дүниетанымындағы ой үндестігі, дүниенің тілдік бейнесінің таңба-

лануындағы сурет ұқсастығы таным→тіл→мәдениет сабақ-

тастығын айғақтайды. Алғашқы мәтінде босқа алданып жүру («басқа сая, жанға – олжа жоқ») мәні басым болса, екіншісінде алданып қалу («жұтынған құмарды жояр алдап») мәні басым тұр. Бірінде іс-әрекет созылыңқы, екіншісінде іс-әрекет тез өте шығады. Басқа өзгешелік жоқ деуге болады.

«Қыран» концептісінің мәні

Абайдың тілдік тұлғасындағы «қыран бүркіт» концептісінің мәні толықтай ашылу үшін оған қатысты танымдық деректер толымды болу керек деп есептейміз. Әрине, құсбегілер қауымы

177

мен қыран бүркітті жеті қазынаның біріне санаған қазақ этномәдени ортасының білетін мағұлматы мол. Ұжымдық санадағы құнды ақпаратты Абай тілдік тұлғасы мәтін семантикасында кеңінен пайдаланған, оның объективті уәжі «тілдік ұжым мүшесі өз тіршілігінің әр сәтін ой елегінен қайыра өткізіп, өзінше ой түйіп, қорытынды жасағанда өзі өкілі болып отырған тіл иесі халықтың (этностың) ғасырлар бойы сұрыптап жинаған білімдерінің жиынтығын санасына өлшем етуімен» [88, 199б.] байланысты болатыны ақиқат.

Жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйреткен қазақ дәстүрінде ең бір қасиет тұтқаны – қыран бүркіт. Текті құстардың бірі саналған қыран қиырдағыны тез шалатындығына, қалт еткенді қаза жібермейтін көргіш-қырағылығына байланысты ерекше құрметтелген. Қазақ құс бегілері құстың сырт-бітіміне, мінезіне, мекен-жайына, тегіне қарай ат қояды: «Ақиық», «Кекшіл», «Жаяу Мұсаның көк мойыны» т.б. Мысалы, «Тулақтың шолағы» – бұл құсты Абай ақын бес құлынды бие беріп алған екен дейді.

«Қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай атайды. Жас ерекшелігіне қарай бүркіт былай аталады: бір жас – балапан құс», екі жас – түбіт, үш жас – тірнек, төрт жас – тас түлек,

бес жас – мұз балақ, алты жас – көк түбіт, жеті жас – қана, – деп ...осылайша он бес – жиырма жасқа дейін атала береді

[86, 140].

Қазақтың рухани әлемінде жеті қазына қатарына: ер жігіт сұлу әйел, ақыл, білім, берен мылтық, жүйрік ат, жүйрік тазы жататыны белгілі. Сол қазына байлығының барша қадір-қасиетін білетін қазақ танымы қыран бүркіт жайлы былай дейді: ... «алты жастан асқаннан кейін бүркіттің обалына қалмай, еркіне жіберу керек, өйткені оның жаны мен тәні де ұрпақ өсіргенді қалап, аңсайды. Оның да өсіп-өніп, ұрпақ жаюға құқы бар. Сондықтан қыран бүркіттің дер шағында еркін самғап қалғаны жақсы, әйтпесе күнәсі ауыр болады». («Е.Қ.», 26.09.07 ж.)

Шындық болмыстағы белгілі бір құбылысты айқындап отыратын халық даналығы – мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымында да осы ойлар сақталған. Мысалы: «Қыран қияда өледі», «Қыран қияда түлейді» т.б.

178

Қазақ сөзінің зергері ұлы Ғабит Мүсіреповтің қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының классикалық үлгісі болып танылған «Қыран жыры» туындысы барлық адамзат атаулыға ортақ ізгі мақсат – ұрпақтар сабақтастығын түйіндеп берген... Салихалы ойға, философиялық толғанысқа тұнған осы шығармада ғибратты тағылымы, эстетикалық әсері күшті мынадай жолдар бар: ...

«Аңшы көзі ғана шалар биік аспанда екі қыран сайыс салып жүр екен. Қыран құс көкте шағылысады. Оның алды ұзаққа созылатын үлкен сайыс. Болашақ ана, болашақ әкенің бар тауқыметін танып болмай, бойына дарытпайды оны. ...Қыран баласына дүние әрі кең, әрі тар. Достары да аз емес, жаулары одан да көп. Азияның аязына, Африканың ыстығына шыдар ұрпақ керек. Қарны тойса қалғып сала бермейтін ұрпақ керек. Қыран баласы осыны ойламай біледі. Қыран баласы осыны ойламай істейді. Оның аты – табиғат тылсымы» (270).

«Қансонарда бүркітші шығады аңға» шығармасына фрейм-

дік талдау Фрейм-сценарийлер нақты бір лингвомәдениеттанымдық

ақпаратты жүйелі түрде қабылдауға ыңғайлы болып келеді, сондықтан осы өлеңді лингвокогнитивтік талдау барысында фреймдік жіктемені басшылыққа аламыз.

Алдымен «фрейм» ұғымына қысқаша сипаттама беру орынды болмақ. Мәдени мазмұны толымды, мол ақпарат жиған динамикалық фреймдер халықтың этникалық мәдениетінен құнды мәлімет береді. Когнитивтік құрылымдар аясы өте ауқымды болып келетін, ой бейне, схема, фреймдер – әртүрлі мәдени ақпараттар мен «мәліметтердің» жиынтық қоры болып есептеледі. Сонымен қатар, белгілі бір социумды уақыт пен кеңістік шеңберінде алғандағы дүниенің тілдік бейнесі немесе лингвомәдени танымдық ақпараттар жүйесі деп тануға болады. Концептілік құрылымның когнитивтік бірлігі болып табылатын фреймдерде реалды дүние жайлы мол ақпарат жинақталады. Когнитивтік санадан орын алған бұл «ақпараттар жүйесі» дүниенің тілдік бейнесінің динамикалы бір көрінісі болып таңбаланады. Фреймдер – бір-бірімен жүйелі, логикалы байланыста сабақтасқан тіл мен мәдениеттің ұлттық сипаттағы көрсеткіші, немесе әлеуметтік мән иеленген іс-әрекеттердің тізбекті байланысы. Автор қандай да бір жағдаятты таныту үшін бұрыннан мәлім

179

мәліметтерді өз таным-түсінігіне қарай сүзгіден өткізе қолдану

– фреймдерге тән қасиет екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденуде

[88, 152].

Абай шығармаларындағы фреймдер 1) қазақ халқының өмір сүру салтындағы дүние бейнесін танытуға мүмкіндік береді; 2) ұлттың мәдени-тұрмыстық, қоғамдық когнитивтік санасынан ақпарат береді; 3) ұжымдық санада стеоретип, этикет түрінде қалыптасқан мәдени семиотикадан хабардар етеді. Бұларда бүтіндей бір ұлт мәдениеті бейнеленген. Нақты мысал:

«Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдағанға. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші – тау басында, қағушы – ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда. Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда. Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға...

...Қанат, құйрық суылдап, ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда»

Өлең мәтінінің құрылымы мынадай тезаурустар тізбегінің мағыналық байланысынан түзілген фреймдерден тұрады: Қансо-

нарда, жақсы ат, ыңғайлы ықшам киім, тату жолдас, із шалу, бүркітші, іздің бетін түзеу, томағасын тарту, қыран құс, қанды көз қайқаң қағу, қанат-құйрығы суылдау, құсы да, иесі де қораздану, алпыс екі айлалы түлкі алу, «үйірімен үш тоғыз», жанына байлау, көңілі жайлану, құс салу. Осы динамикалық фреймдер саятшылық, құс салу сияқты тұрмыстық салт-дәстүр- ден көзбен көргендей, қолмен ұстағандай етіп анық та дәл этномәдени ақпарат береді. Фрейм-сценарий бірнеше ірі көріністерден тұрады және когнитивтік құрылымына қарай тағы да іштей ұсақ, бірақ мәнді бөліктерге ажыратылады. Мысалы, 1) Әуелі қансонарда бүркітшінің аңға шығуы: а) оның жақсы аты; ә) ықшам киімі; б) жақсы жолдасы болуы – аңшылықтың сәтті өтуінің бір кепілі. 2) Баптаған құсын аңға жібереді: а) бүркітші

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]