Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

байланысты екіұштылық сонау Монтень заманынан жалғасып келетінін атап өтеді: «Ол өзінің тәлім-тәрбиелік-философиялық мәні бар очерк жанрында жазылған үш кітабына «Las Essais» – Опыты» деген атау берді. Жанрлық «қате анықтама» сол эссе, яғни тәжірибе деген сөзден басталды», – деген тұжырым жасайды [134, 98-99]. Сонымен қатар, эссе және очерк бір жанрдың әр түрлі атауы деп те белгілейді.

Орыс кеңес әдебиетінде эссе жанры кең сипат ала қоймады, эссе стилі мен жанр үлгісі А.И.Герцен («Сол жағалауда»), Ф.М. Достоевский («Жазушы күнделігі») шығармаларынан бастау алады. ХІХ-ХХ ғасыр межесінде Л. Шестов, В. Розанов, А.В. Луначарский, И.Г. Эренбург, Ю.К. Олеша, Б.Л. Пастернак, М.И. Цветаева, К.Г. Паустовский шығармашылығында бұндай әдеби-философиялық ой-толғамдар айтарлықтай көрініс береді

[135; 136].

Эссе жанрының белді ортасында Ф.М. Достоевскийдің «Жазушы күнделігі» де бар. Негізгі мағынасындағы күнделік дегеніміз – құжаттық мәні басым болып келетін, мәлметтерді күнбекүн, әрі жүйелі жазып отыруды талап етсе де, жазушының ой әлеміндегі түйіндер белгілі бір нақтылыққа (күн, ай, жылы көрсетіліп) сүйенбесе де, эссе жанрына жақын әдеби туынды қатарына Ф.М. Достоевскийдің «Жазушы күнделігін» қосуға болады. Сан алуан тақырыпты қамтыған, шырайы шынайы шығармада ойшылдың терең даналығы мен публицистің қызу шабыты керемет үйлесім тапқан. Эссенің назар салып, талдауға алатын нысаны – саясат пен сыннан, мораль мен эстетикадан, философия мен идеологияға дейінгі аралықты құрайтын барлық ой деңгейі. Эссенің осы сипаты – Ф. Достоевский еңбегінен де көрінген [137].

Эссе жанрының қазақ әдебиетінде зерттелуі.

Белгілі әдебиеттанушы ғалым С. Негимов эссе жанрына барынша толымды әрі жан-жақты анықтама бере отырып [138, 712], бірқатар белгілерін көрсетеді:

Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қы-

рынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқ-

пақтардан бөлек,тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын

философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.

291

Әдебиеттегі эссе соны пікірлерге көбірек мән беріп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыс-

тарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе сипатында туған туындыларға батыл-болжамдар мен

өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын ойлар, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар

тән.

Қазақ әдебиеті мен тіл білімі бойынша эссеге қатысты өзге теориялық тұжырымдарды кездестіре алмадық.

Эссеге қатысты осы ой-пікірлерді қорытындылай келе, оның жанрлық ерекшелігін анықтау үшін әуелі эссенің мазмұн-

дық-құрылымдық сипатын анықтап алып, содан соң, қарасөз табиғатымен іргелестігін анықтауды мақсат еттік. Эссе жанрын айқындайтын сипат-белгілерге Қарасөздің болмысбітімі қаншалықты сәйкеседі? Нақтырақ айтқанда, Абай Қарасөзінің табиғатына эссе жанрының мазмұн-сипаты үйлесе ме? Біздіңше, үйлес-үндесім бар.

Біріншіден, «дағдыдан», «әдеттен» бөлек, өзінше толғау бар. Екіншіден, эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің түйіндеуге құрылған жанры десек, бұл мазмұнның бәрі де Қарасөздердің табиғатынан табылады. Үшіншіден, ой-сезімге әсер етіп, өткір қабылданады; экспрессиялық қуаты мықты, «тіл өрнегі айрықша» әсерлі, эстетикалық бояуы айқын; Төртіншіден, Сөз иесінің интеллектуалдық деңгейі жоғары, танымы терең, ойы биік. Бесіншіден, пікір жарыстыру мен талас тудыруға бағыттайды. Алтыншыдан, терең түйіндеулер ұтымды ұштасқан.

Біздің пікірімізше, эссе жанрының мазмұн бірлігі мен Абай Қарасөздерінің ішкі табиғаты осылайша үндестік тауып, сабақтасады. Осы аталған сипат-белгілерді айқындау арқылы Қарасөздің эссе жанрына қатыстылығын айқындап, қаншалықты дәрежеде сабақтастығы бар екенін нақтылаймыз. Эссе жанрының күрделі табиғатына сәйкес оның айырым белгілерін ажырату да аса күрделі. Әр құрамдас бөліктері автономды әрекет етпей, өзара сабақтаса байланысады, бір-бірімен тығыз бай-ланыс- ты сипаттар бірлігінен тұрады да, бірі екіншісінің логикалық қисынды жалғасындай қабылданады.

292

Эссенің теориясы мен стильдік сипаты жайлы ғылыми топшылауларды жинақтай келе, былайша жіктеме жасадық:

1.Әдетте, бірінші жақтан жазылады. Эссе – жазушының жеке өзіндік және шығармашылық келбеті, ойы, күмән-күдігі, арман-қиялы. Эсседегі жеке тұлға қоғамдық ой иесі ретінде де қабылдануы әбден мүмкін. Онымен тығыз байланысты басты ерекшелігінің бірі – индивидуалдық немесе дара тұлғаның өзін-

дік пікірі. Эссе – автордың өзі, оның ой-сезімі, қоғамға қадалған жанары, әлемге тастаған назары. Алдыңғы орынға автор тұлғасы өзіндік үнімен, өз толғанысымен шығады. Ол өз Сөзімен елең еткізеді, ой тастайды, соған назар аудартады, яғни бірінші жақтан сөз алады.

Индивидуалды авторлық даралық эссе жанрының талабы, бұдан автор ұстанған бағыт (автор позициясы) айқын аңғарылады. Эссенің құрылымын құраушы негізгі бөліктердің (детальдың) бірі – жетекші орын иеленетін де автор тұлғасы болып табылады.

2.Эсседе автордың өзін толғандырған мәселе туралы ойтолғауы ең басты рөл атқарады. Ал автордың ой толғамы және ондағы ой қазығы (мысль) – эссенің құндылығы болып табылады.

Абай өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді... «Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл тазалық жолдар, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады» [2, 131]. Біздіңше, ұлы Әуезов нұсқаған осы бағдар Абай эссесінің негізгі мазмұнын құрайды, сондықтан Абайдың ой-толғамын эссе көздейтін құндылыққа балап, өзіндік сипатын айқындаушы факторлар қатарына нық сеніммен қоса аламыз.

3.Эсссенің композициялық байланысы еркін болады. «Қатаң заңға», тәртіпке бағынбайтындықтан да эсседегі ой тасқыны белгілі бір жүйеде келе бермейді. Ондағы ой динамикалы. Логикалық жүйесі, яғни ой қисыны сол ойдың келуіне орай, сонымен қатар автордың ой толқынының құбылуына қарай алуан мәнерде, түрлене береді. Ал ойдың берілу (реті) жүйесі толқымалы: сол төңіректе бір ой қылаң беріп, екіншісі тереңдеп барып, басқа арнаға ауысып, ол өз кезегінде тағы бір ой тізбегін

293

тудыруы ықтимал. Ендеше, эссе – сол ойдың көрінісі, толқыпшалқып, кейде тұңғиығына тартып, қайта арнасынан асып жататын ой арпалысы болуы әбден мүмкін.

Осы аталған ерекшелік эссенің сюжетсіз шығарма болғандығына тікелей байланысы деп санауға болады. «Бұлар сюжетті шығармалар емес» – деген кесімді пікірді кезінде М. Әуезов берген болатын [2, 218].

4. Бұл айтылғандармен сабақтасатын тағы бір тұсы – эссенің «ұжымдылығы», «икемділігі», үйлесімге, іштей өзара сенімге құрылып, бірлесе ой бөлісуге шақыруы. Біздің ой семантикасына екпін түсіре айту себебіміз: эссенің сипаты – ой толғақ, мақсаты – ойласу, міндеті – ойландыру. Автордың тікелей өзін толғандыратын мәселелер ой қазығына айналады. Бұл жанр арқылы қаламгер бірқатар мәселелерге байланысты ой толғамын білдіреді, ол көкейкесті болмауы да мүмкін, ең бастысы, өзін толғандыратын мәселелер болуы керек. Алайда эссе көтерген мәселе «көкейкесті болмауы мүмкін», «өзін ғана толғандыруы мүмкін» деген мінездемелер салыстырмалы, шартты түрде алынғаны есте болғаны абзал. Әр өнер туындысы (оның ішінде әдебиет) адам мен қоғам рухының тамыршысы екені белгілі. Сол турасында автор оқырманмен, тыңдаушысымен ой бөліседі, ақылдасады. Абай дана да өз пікірлестерін сөзге тартып, өз сырын ашып, бірде мұңын шағып, олардың да наза-на- ласын тыңдауға әзір екендігін білдіреді.

Енді осы айтылған сипаттардың Абай Қарасөзінің бойынан табылуын, эссемен үндестігін мысал-деректері арқылы та-

ғы бір анықтап көрейік. Мысалы, Абайды толғандырған мәселенің бірі – бос күлкі. (Біз бұл мәселенің бір қырын «күлкі» концептісіне қатысты қарастырғанбыз). Автор «күлкі туралы ойлаған ойын, сынын» (М. Әуезов) Төртінші сөзінде көп кеселдің бірі ретінде өткір сынап, кесіп айтады. Осы төңіректе ой бөліседі. «Шешен, шебер, тапқыр етіп түйген» сөйлемдері афоризм аясына еніп, ел ескере жүрер сөзге айналады. (Эссенің мақсаты да сол! Түйінді сөзді көптің көкейіне қондыру). Мысалы, Әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаннан күл, ызалы күлкі өзі де – қайғы. Немесе келесі бір тұжырымның прагматикалық қуаты үгіт-насихат емес, үміт пен сенімге бастар нұсқау-жол іспетті (регулятив қызметте) әсер

294

етеді: Орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен азайт!

Он бірінші Сөзде ұрлық төңірегінде ой қозғайды. Автор өзін толғандыратын мәселе туралы жан ауыртар сыр бөліседі. Бір қарағанда, көкейкесті емес, қарапайым «үй ішілік» деңгейдегі мәселенің қоғамдық індетке айналу қаупіне алаңдаушылық білдіреді. «Эссенің сипаты – ой толғақ» десек, толғантатын түйткілдердің көптігі – заман шындығынан туып отырғанына Сөз иесі өз тыңдаушысын иландырады. Бұл да – эссенің бір мақсаты. Мәтінде ұрлық семантикасының концептуалды мәні тереңдеп негізгі семасының ауыспалы мағынасы өзектене түседі. Мы-

салы, «Ұлықтар «алып берем» деп даугерді жеп; «құтқарам» деп ұрыны жеп жүр» – дегенде ұлықтың өзі ұры образына иеленген, яғни автор адамның сенімін алдауды ұрлықпен пара-пар санап, оның әрекетін ұрының тірлігіне балайды. Ұлық «тауып берем» деп малын жоғалтқан адамды бір алдаса, «мен сені құтқарам» деп ұрыны екі алдайды. Сөйтіп екі жақтан да өтірік ақы алып жүрген ұлықтың өзі ұры болып шыға келеді. Автор осы жайттан түңілтеді.

Автор әңгімелесуші кейіпкерін ойланту мақсатында мәтіндегі әр сөзіне екпін түсіре отырып, мына сұрақты қояды: «Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кет-

кені ме?». Бұл фразадағы ілік септігіндегі бірыңғай номинатив атаулар – ұрыдан жеңіліс тапқан, соған жем болған субъектілер... Адам бойында осы қасиеттердің болмауы – ұрлықтың ұлғайып, өршуінің кепілі. Эсседегі ойдың өзегі – осы. Бұдан эссе жанрының қарапайым мәселені этикалық категория дәрежесіне көтеріп, ой тастау – ойласу – ойландыру мақсатындағы предикаттық қызметін көре аламыз. Қарасөз мазмұны «эсселік» бұл міндетті атқара алған.

5. Эссені әдеби жанрға тән десек те, ол тек қана әдеби туынды аясында қарастырылмайды. Қай стиль тармағына қатысты болса да, тіл көркемдігімен ерекшеленеді. Әрине, сөз өнерінің барлық көркем мәнерлілік «құралдары» – метафора, эпитет, теңеу, символ, аллегория және аңыз бен мысал – бәрі көркемдік пен ой дәлдігіне қызмет етеді. Эсседе осының барлығы қолданылады. Абай эссесінің тіл көркемдігі зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ.

295

... «Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол – Абайдың осы қара сөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді» [2, 229] – деген пікір, сөз жоқ, бұл жанрдың тіл көркемдегіне ден қоюға нұсқағаны белгілі.

6.Эссенің стильдік бір ерекшелігі: бейнелілік, көркемдікпен қоса, афоризмдік байыптама сипатының басымдығы. Эссе сарынында жазылған шығарма құрылымында афоризмдер өте мол ұшырасады, сондықтан да оған «афоризмдік мәні басым» деген баға беріліп жатады [139, 58-60]. Дәл осы талапқа да Абай Қарасөздері толық жауап береді. Эссе жанрының құрамдас элементі ретінде афоризмдік айшықтардың доминанта ретінде болуы – Абай Сөздерінің де басты көрсеткіші. Бұл мәселелер «Абай афоризмдерінің сипаты» деген тараушада арнайы сөз етіледі . Эссе көлемі, негізінен шағын болғанымен, бірнеше кітаптан тұратындай кең ауқымға ұласуы әбден мүмкін.

Абай эссесінің көлемі әр түрлі. Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші Сөздері қысқа, шағын болып келсе, көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені «Ғақлият – тасдиқат» деген атпен Отыз сегізінші Сөзі белгіленген. Бұл – Абай мұрасын зерделеп жүргендерге белгілі жайт. Эссе жанрының негізін қалаған Монтень шығармашылығы үш кітапқа арқау болған.

Л. Толстой «Круг чтение» еңбегінде өзіне дейінгі ойшылдардың даналық әлемін (ойын) бір жүйеге түсіріп, бірнеше кітап етіп ұсынғаны белгілі.

Қазақ рухани-мәдени әлемінде эсселік дүниенің қадасын қадаған Абай өлеңдерінде айтылған ойларды Жаңа Сөзбен жалғастырады. Қазақы болмыспен «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» (шартты түрде, қырық алты жүйеге – сөзге сыйдырып) береді.

7.Эссе жанры шығармашылық еркіндікті, әралуандықты қолдайды. Оның ерекшелігі сонда, ол кез келген тақырыпқа, кез

296

келген стильде жазыла береді, немесе жаның қалаған тақырып-

та, өзің таңдаған стильде ойыңды айтып бере аласың, өйткені эссе – өзің көрген, естіген, байқаған мәселе туралы сенің ойың. Жазушының (автордың) жанын жадыратып, әлде жабырқатқан жағдайлар жасырынбай сыртқа төгіліп, сыр болып ақтарылып жатады. Осыған байланысты эссе жанрының құрылымында өзге стиль элементтері араласа жүруі – оған тән негізгі сипаттардың бірі.

ЭССЕ ЖАНРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СТИЛЬДЕРМЕН ОРТАҚ ТҰСЫН БЫЛАЙША БАҒАМДАУҒА БОЛАДЫ:

Қарасөз – эссенің ауызекі сөйлеу стилімен арақатынасы.

Эссе – күтпеген шешім, алдын ала болжап біле бермейтін иірімдер, қызықты қабысулар, шәлкем-шалыс байланыстар, тың ой, шешен баяндаулармен тартымды бола түседі, сонысымен айқындалады.

Эссенің сөйлем құрылысы, сөйлеу интонациясы мен лексикалық қабаты ауызекі сөйлеу стилімен сәйкес келуі – өзіне тән бір белгісі.

Қарасөздің лингвостильдік табиғатынан да осы сипат анық байқалады.

Абайтанушы ғалым Р. Сыздықованың ғылыми сараптамасында дұрыс көрсетілгеніндей, «сөйлеу тілі стилін автор өзі әдейі таңдаған, бұған «Қарасөздерінің» жазылу себептері мен сөз арнаған адресаттары мәжбүр еткен» [4, 531].

Адресант өз пікірлесімен (адресатпен) емен-жарқын, ашық әңгіме құрып отырғандықтан (сол стильді таңдаған автордың өзі), өзінің «қарсы алдындағы» әңгімелесуші адаммен тікелей пікірлесудің өзіне тән тәсілін қолданады, яғни ауызекі сөйлеу тілінің мынадай тілдік белгілерін ескеріп отырады: а) сөйлеу еркін, «автоматты» жүзеге асырылады; ә) диалог-сұхбат түрінде жүреді; б) автор тілдік құралдарды іріктеп, бағындырып жатпай, бірден қолданады, яғни ойдың ықпалына қарай, сөз формасының өзі сұрыпталып шығады.

Қарасөздердің мәтініндегі ауызекі сөйлеу нормаларының басым бағыт таныту уәжі мен оның (нормалардың) сипаттарына абайтанушы Р.Сыздықова «Қарасөздердің тілі қалай өрілген» [4, 533-546] деген теориялық талдамасында ғылыми негізде жүйелі әрі толымды түрде сараптама жасағандықтан, оны

297

қайталауды артық санаймыз. Өз тарапымыздан ойдың дұрыстығын кейбір қосымша мәліметтермен бекіте түсеміз.

Негізінен, ғалым жүйелеген сол терең талдауға жалпы шолу жасап, концептуалды негізде кейбір тұстарын толықтыруға ниет етеміз.

Сонымен, ауыз екі сөйлеу стилінің ерекшеліктері қалай көрініс тапқан? Р. Сыздықова өз зерттеуінде ең алдымен, ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонациялық ерекшелігі сақталғанына баса назар аударады [4, 533]. 1) Сол ерекшелікті біз эссе жанрының табиғатымен сабақтастыра қарастырдық және тілдік тұлғаның прагмалингвистикалық сипатымен бірлікте алдық. Мысал ретінде, Абайдың Бірінші Сөзінде интонацияға құрылып, ауызша айтуға, тыңдау арқылы қабылдануға лайықталған ком- муникативті-прагматикалық қызметтегі мына синтаксемаларды (нақты сөйлеу жағдаятынан туындайтын референция мен номациялар қатынасын) келтірейік. «Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? ... Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ.

...Софылық қылып, дін бағу?»... Мәнмәтіндегі сұраулық шылау немесе сұраулық есімдік қатыстырылмай, сұрау мәнін тек дауыс ырғағымен қабылдауға болатын, интонацияға құрылған, мүшеленбеген сөйлемдер, сөз жоқ, ауызекі сөйлеу нормасына «бағынған». Дауыс ырғағына құрылған сөйлем түрлері осы Бірінші Сөздің де, өзге сөздердің де құрылымынан орын алған. Бұл әдістәсіл – қазақтың билері мен жыраулары қолданған риторикалық сұрақпен сөйлеу тәсілі Сондай-ақ, Абайдың қарасөздерінде де ой мен сезімді білдірудің басты тәсілі ретінде алынған. Нақты айтқанда, қарасөздердегі өзгеше сөйлем құрылымы да ауызша шешендіктің үлгісіне негізделгендігі анық байқалады.

Ауызекі стильдің ерекшелігі сақталғанына бұдан басқа да мысалдар бар: 2) Түрлі моральдық реңктерді (таңдану, күйіну, өкіну т.б.) дауыс ырғағы арқылы жеткізу тәсілін Қарасөз диалогына түскен субъектілер ұтымды пайдаланған. 3) Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы жалғаулық шылауларды түсіріп айту – ауыз екі сөйлеу нормасына сыйымды тәсіл екендігі де зерттеуші Р. Сыздықова назарында болған [4, 535].

Бүгінгі синтаксистің талабына сай жалғаулықтармен келетін сөйлем құрылымдары ауызекі сөйлеу стилін басшылыққа алған мәтінде өзгеше құрылған, яғни жалғаулық шылау қолданылмай,

298

оның орнына интонация (дауыс ырғағы, дауыс тоны-реңкі) «көмегі» пайдаланылған. Мысалы, Бағар едім, (бірақ) қалайша ба-

ғудың мәнісін де білмеймін; Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, (ал) бұлар тозақтан да қорықпайды т.б. Стильдік тәсіл ретіндегі дауыс ырғағының өзі әртүрлі прагматикалық-стилис- тикалық семантикамен астасқан: (бірақ) білмеймін – шарасыздық танытуды білдірсе, (ал) бұлар қорықпайды – күюінуді білдіріп, түрлі модальдық мән иеленгеніне де назар аудартамыз.

4)Ауызша қарым-қатынаста, ауызекі сөйлеу стилінде тек жалғаулық шылау ғана емес, тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелер де түсіріліп айтылады. Абай прозасындағы бұл құбылыстар жөнінде Р. Сыздықова мына уәжді келтіреді: «Абай тілдік бірліктерді» әдейі түсіруді көздеген жоқ, автордың бұл жерде өз ойын ұсынудың жалпы стилі (мәнері) осы тәртіпке әкеліп тұр. ...Ал табиғи түрде сөйлеу (әңгімелесу) барысында «үнемдеу» деп аталатын тілдік заң әрдайым күшінде болады» [4, 535], осы заңдылықты шебер жазушы ұтымды пайдалана алған.

5)Бұлардан басқа ой екпініне басымдық беру мақсатында

сөйлем мүшелерінің орны ауысып келетін инверсия тәсіліне де иек артады. Мысалы, «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын деп; Әрбір байқаған адам білсе керек күлкі өзі бір мастық екенін» ... т.б.

Бұл тәрізді ауызша сөйлеу тәртібінің жазба әдеби тіл талабына сай келмейтін тұстарын «көркемдігі кемдеу» деп кей зерттеушілердің дұрыс қабылдамағаны немесе «Абайдың проза жанрын алып жүре алмағандығы» – деп бағалаған.

Абайтанушы ғалым Р. Сыздықова өзінің пайымды теориялық дәйегін келтіре отырып, бұған қарсы объективті пікір ұсынады. Абайдағы бүгінгі жазба әдеби тіл нормаларына сай келмейтін ауытқулардың орын алу себебін көрсетеді: «бірі – проза саласында, оның ішінде, қоғамдық публицистика мен ғылыми баяндауда жазба әдеби нормалардың енді-енді қалыптаса бастауы, екіншісі – автордың осы туындыларды ұсыну мәнері, оқырмандарымен санасу қажеттігі, яғни бетпе-бет отырып, ауызша әңгіме – дүкен құру тәсілін таңдауы. ...Қарасөздерге баға берушілердің кейбірі осыны ескермеген» [4, 539], – деген қисынды әрі ғылыми негіздегі уәжін білдіреді. Эссе жанры мен

299

оның бір үлгісі болып табылатын Қарасөзде осындай «ауытқу» болуы – стильдік тұрғыда қалыпты жағдай, «нормаға сай» көрсеткіш деп есептейміз. Біздіңше, сөз өнерін жетік меңгерген Абайдай сөз зергері екінші себепті басшылыққа алған, яғни ауызша сөйлеу мәнерінде бола беретін «тәртіпсіздікті» мақсатты түрде таңдаған. Әйтпесе, өлеңнен «сұлу сарай соққан», небір шығармашылық жаңалық енгізген, «қиыннан қиыстырған» «сөз данасына» қарасөзді сауатты түзудің, еш қиындығы болмасы аян. Қалам ұстағандар, әдетте, прозадан поэзияға ауысудың ауырлығын (ырғақ, ұйқас, көркемдік үйлесім үндесімге жету) бастан кешіп жатады.

Шешендік шеберлікті меңгерген Абайдың поэзиясында (тілдік тұлғасында) төгілген сөздердің прозалық баяндауға келгенде «кібіртіктеп» қалуы екіталай. Өйткені Қарасөздерді жазуда Абай іздене білген, іздене отырып жалпақ жұртқа арнаған Сөзінің тез әсер ететін тәсілін де қарастырған деп есептейміз. Соның бірі – ауызекі сөйлеу тәсілі.

Дәл осы тұста да Қарасөздер сипаты эссе жанры табиғатымен толық үйлеседі, өйткені, олардың екеуінің де басты сипатының бірі – ауызша сөйлеудегі еркіндік. Сондықтан, Сөз құрылымындағы «нормаланбаған еркіндік» – стиль ерекшелігі, «эсселік» тәсіл деп бағалану керек. Оған негіз бар екенін жоғарыда көрсеттік.

Ұлы Әуезов Қарасөздерді эссе деп таңбаламағанымен, оның болмыс-бітімін сипаттағанда, эссе табиғатына сәйкес келетін ерекшеліктер айтылып қалады. Мысалы, «сюжетсіз шығармалар», «жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат», «жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады» [2, 219-220] деген анықтауыш детальдар эссе жанрының айқындамасына дәл келеді әрі Қарасөзді эссе табиғатына сыйыстыруға тағы бір дәлел болады. Және осы әдіс-тәсілдер Қарасөздің эсселік болмысын бекіте түседі деп есептейміз. Олай болса, ауызекі сөйлеу нормасы шеңберінде ұсынылған (айтылған) Сөздер оның стильдік кемшілігі емес, Эсселік өзгешелікті ұстанғанын білдіреді.

Қарасөз – эссенің публицистикалық стильмен арақатынасы.

Эссенің тағы бір маңызды ерекшелігі уақытпен үндестігі, сонымен бірлікте қаралатын келесі мәселе – көкейкестілігі. Эссе

300

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]