- •1 Дәріс. Кiрiспе. Жалпы мәлiметтер, арнайы крандардың сыныпталуы және конструкциясы
- •1 Сурет. Арнайы крандардың жіктелуі
- •2 Дәріс. Арнайыландырылған көпірлі кран. Жалпы мағлұмыт және конструкциялық ерекшелігі
- •2 Сурет. Арнайыландырылған көпірлі кран:
- •3 Сурет. Домен пеші үшiн арналған сақиналық кран
- •4 Сурет. Сақиналық кранның бағанасын көтеруi тетiгінің схемасы
- •5 Сурет. Бағаналы көпірлі кранның сұлбасы
- •6 Сурет. Магнитті көпірлі кран
- •7 Сурет . Домалақ пішіндегі жүккөтергіш электромагниті
- •8 Сурет. Магнитті көпір кранды арбаша
- •9 Сурет. Магниттi кранның кабелдiк барабанын ерiксiз келтiрудiң схемалары
- •10 Сурет. Солқылдақ аспалы траверстің схемасы:
- •11 Сурет. Грейфер көпірлі кран
- •12 Сурет. Бір еселі грейфердің сұлбасы
- •13 Сурет. Екі арқанды грейфердің сұлбасы
- •7 Кесте
- •14 Сурет. Магнитті-грейферлі көпірлі кран
- •3 Дәріс. Металлургиялық крандар: құйма және соғуға арналған, олардың түрлері, арналуы және орындайтын операциялары.
- •18 Сурет. Стриппер механизмнің есептiк сұлбасы
- •21 Сурет. Жүк көтергіштігі 125-30 т құйма краны:
- •1 Және 2 – негізгі және көмекші арбашалар; 3 – ақырғы арқалық.
- •22 Сурет. Соғуға арналған кранның негізгі көрінісі
- •23 Сурет. Шөмішті кранның қысқышымен көтеру сұлбасы
- •24 Сурет. Босату құрылғысы бар механизмнің кинематикалық сұлбасы
- •25 Сурет. Шөмішті кранның көтеру механизмінің босату құрылғысының сұлбасы.
- •26 Сурет. Қақтайтын кранның көмкерушiсiнiң схемасы
- •4 Дәрiс. Төрт тағанды крандар. Құрылысының ерекшеліктері, қолданылуы және жіктелуі
- •27 Сурет . Төртағанды кранның жалпы көрінісі:
- •28 Сурет. Төрттағанды крандарының екi арқалықты арқалықтарының қимасы
- •29 Сурет. Тiрек. Төрт тағанды кранның екi арқалығы
- •30 Сурет. Көпiрдегі арбаның көтеру және жылжу механизмдерін орнатудағы арқанының схемасы
- •31 Сурет. Көпірдегі жетектің орналасуына байланысты арбашаның жылжудағы механизмінің сұлбасы
- •32 Сурет. Төрттағанды крандардың орын ауыстыруындағы механизмнің схемалары:
- •33 Сурет. Ерiксiз келтiру жетегіндегіндегі басып алу қорғауышы
- •34 Сурет. Ұрлаудан қорғағыш басып алу айдаушысы
- •35 Сурет. Ұрлаудан қорғағыш басып алудағы есептiк сұлбасы
- •36 Сурет. Өзі құрастырылатын төрттағанды кранның схемасы
- •37 Сурет. Төрт тағанды крандармен контейнерлерді қармау тәсілдері
- •8 Кесте
- •38 Сурет. Төрт тағанды крандардың тірегіндегі жүктемені және көлденең кран жолын есептеу сұлбасы
- •39 Сурет. Төрт тағанды кранды тұрақтылыққа есептеу сұлбасы
- •5 Дәріс. Штабелдеуші крандар, құрылысы және кранның негізгі параметрлері
- •40 Сурет. Қоймада орнатылған сөрелі штабелдеуші крандардың сұлбасы:
- •41 Сурет. Көпірлі және сөрелі штабелдеуші крандар
- •42 Сурет. Жүк қармау құрылғыларының құрылысы
- •6 Дәріс. Көпірлі қайтатиегіштер және мұнаралы крандар
- •45 Сурет. Көпірлі қайтатиегіш
- •46 Сурет. Грейфер арбасымен төселген көпірлі қайтатиегіш
- •47 Сурет. Аударып тиегіш көпірлі кранның есептеу сұлбасы
- •48 Сурет. Жағалаулық контейнерлік тиегіш
- •9 Дәріс. Жебелі өздігінен жүретін крандар, құрылысының ерекшеліктері мен есептері
- •65 Сурет. Автомобиль шассиіне орнатылатын кранның металл құрылымының қаңқасы:
- •66 Сурет. Өздігінен жүретін крандардың мұнаралы-жебелі жабдықтары
- •67 Сурет. Ак-75 автомобилді кранның механизмдерінің жетегінің сұлбасы
- •68 Сурет. Механизмдері топтық жетекті к-161 пневмодөңгелекті кранның сұлбасы
- •69 Сурет. Шынжыр табанды механизмның схемасы
- •70 Сурет. Шынжыр табанды кранның грунтiне қысымның анықтауына схемалар
- •10 Дәріс. Жүзгіш және кемелік крандар. Жіктелуі, құрылысы және негізгі параметрлері
- •71 Сурет. «Витязь» кранының сұлбасы Қалқымалы кран
- •72 Сурет. Жылжымайтын колоннасы бар кемелік кранның сұлбасы
- •73 Сурет. Жылжымалы рамасы бар кемелік төрттағанды краны:
Дәрiс жұмыстарының конспектiсі
1 Дәріс. Кiрiспе. Жалпы мәлiметтер, арнайы крандардың сыныпталуы және конструкциясы
Тиеп-түсіру, қойма, технологиялық, орнату және басқа да жұмыстарды
механикаландырудың бірден-бір құралы арнайы крандар болып табылады. Арнайы крандар көтеру-тасымалдау немесе технологиялық операцияларды
орындауға арналған, мысалы, ірі тонналық контейнерлерді тиеу, сөрелі қойма ұяшықтарына жүктерді орнату, балқытылған немесе қыздырылған металдарды, жарылатын немесе өртке қауіпті заттарды тасымалдау, мартен қорытпаларын шешіндіру және т.б.
Арнайы крандарды құрылысы бойынша көпірлі және жебелі түрдегі крандар деп шарты түрде бөлуге болады.
Көпірлі түрдегі арнайы крандарға: көпірлі, төрт тағанды, жартылай төрт тағанды, арқанмен тасымалдаушы, кабелді және көпірлі-кабелді крандар, кран-штабелерлер, көпірлі қайта тиегіштер жатады.
Жебелі түрдегі арнайы крандарға: жебелі, мұнаралы, порталды, жартылай порталды, мачталық, ванталық, қатаң аяқты, консолды және жүзгіш крандар жатады.
Көпірлі арнайы крандар өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Көбіне грейферлі және магнитті-грейферлі крандар кеңінен қолданылады.
1 Сурет. Арнайы крандардың жіктелуі
Металлургиялық крандар металлургиялық заводтарда және машина жасау заводтарының металлургиялық цехтарында қолданылады. Бұл крандарға қызмет көрсету үшін стропальщиктер қажет емес.
Төрт тағанды крандар дара және төкпелі жүктердің қоймаларында, гидроэлектростанцияларда, кеме жасауда және т.б. жұмыстарда пайдаланылады. Төрт тағанды крандардың көпірлі крандардан айырмашылығы олардың көпірлері тіректік тіреуіштердің көмегімен кран жолына тіреледі, ал көпірлі кранның көпірі жер үстіндегі жолға немесе арқалыққа бекітілген кран жолына тікелей тіреледі. Төрт тағанды кранның құрылысы әртүрлі болып келеді. Тек қана металл құрылысының түрі бойынша олар төрт тағанды және жартылай төрт тағанды, консолды және консолсыз, аспалы немес тіректі арбашалы және т.б. болып бөлінеді. Орын ауыстыру мүмкіндігіне қарай олар тұрақты және қозғалмалы болып бөлінеді.
Штабелдеуші крандар көбінесе дара жүктерге арналған қоймаларда қолданылады. Олар көпірлі және сөрелі штабелдеуші крандар болып бөлінеді.
Қайта тиегіш крандар көпірлі қайта тиегіштер құрылысы бойынша төрт тағанды крандарға ұқсас болып келеді. Оларды көбінесе дара және төкпелі жүктерге арналған қоймаларда қолданады. Қайта тиегіштер кран жолы бойынша жүретін екі тірекке тірелетін көпірден тұрады. Төрт тағанды крандарға қарағанда көпірлі қайта тиегіштердің пролеті 100м және одан да жоғары келеді. Оларды көбінесе консолды етіп жасайды. Жоғарғы температуралық деформацияларға байланысты қайтатиегіштердің көпірінің бір тірегі көбінесе «иілмелі» болады, яғни бұл тіректі цилиндрлік немесе шарлы топса көмегімен көпірге жалғастырады.
Жебелі түрдегі арнайы кранның қолдану салаларын қарастырайық. Бұл крандардың көптеген топтарын порталды крандар құрайды, олар дара және төкпелі жүктерді тиеу үшін көбінесе көлдермен өзендердегі порттарда, сонымен қатар құрылыста, кеме жасауда қолданылады. Порталды крандар - толық бұрылатын жебелі крандар, бұрылмалы бөлігі порталда орнатылып, кран рельсімен қозғалады. Порталды крандардың иін өзгерту траекториясы кезінде жүк қозғалысы горизонталға жақындайды.
Жебелі өздігінен жүретін крандар қоймаларда, темір жол мен порттарда, құрылыста, сонымен қатар темір жол станцияларында тиеу және түсіру жұмыстары үшін қолданылады.
Вертикалды орналасқан мұнараға бекітілген жебелі мұнаралы крандар құрылыста, сонымен қатар қоймаларда қолданылады.
Қалқымалары бар жүзгіш крандар порттардағы құрылыста, мұнай және газ қазбалары және т.б. үшін бұрғылау қондырғыларында орнату, тиеу жұмыстарында қолданылады.
Әдебиет: 1 нег.[12-18], 2 нег.[20-25].
Бақылау сұрақтары:
1. Арнайы крандардың арналуы.
2. Арнайы крандардың ерекшелігі.
3. Арнайы крандардың классификациясы.