Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Стандарттау учебник.doc
Скачиваний:
551
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.04 Mб
Скачать

3.3 Сәйкестікті растау сұлбасы

Сәйкестікті растау сұлбасы – объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативті және техникалық құжаттаманы талдау және т.б.) сипаттай отырып айқындау тәсілдері.

ҚР МТРЖ-нің сәйкестікті растау саласында қолданылатын сәйкестікті растау тәсімдері 3.1-кестеде келтірілген.

Сәйкестікті растау сұлбасын таңдау туралы ұсыныс.

  1. Сәйкестікті растаудың 1 – 6 және 10 – тәсімдері сериялы түрде өндірілетін өнімнің, ал 7,8,9 – тәсімдері өндірілген өнімнің сәйкестігін растағанда қолданылады.

  2. 1- сұлба шекті, алдын ала мөлшері келісілген өнімнің сәйкестігін растауға ұсынылады.

  3. Сәйкестікті растаудың екінші сұлбасы ұзақ мерзімді келісімдер немесе сериялы түрде өндірілетін өнімді тұрақты түрде жеке келісімдер арқылы шетелден жеткізіліп тұратын өнімнің сәйкестігін растауға қолданылуы мүмкін (көкөніс, жеміс дақылдары,астық және оның өнімдері, мал азығы, майлы және бұршақ дақылдары үшін ұсынылады).

3-сұлба сериялы түрде өндірілетін, өндіріс тұрақтылығына күмән келтірмейтін өнімнің сәйкестігін растауға қолдану ұсынылады (көкөніс, жеміс дақылдары, астық және оның өнімдері, мал азығы, майлы және бұршақ дақылдары үшін ұсынылады).

Кесте 3.1 - Сәйкестікті растау сұлбасы

Тәсімнің р/с

Сәйкестікті растау

тәсілдері

Өндірісті тексеру

Инспекциялық

тексеру

Сертификаттың әрекет -ті мерзімі

(аспайтын)

Ескертпелер

1

Түрді

сынау

-

-

6 ай

Таңбаланбай

ды

2

Түрді сынау

өндіріс жағдайын талдау

Сатушыдан іріктелген сынамаларды сынау, өндіріс жағдайын талдау

12 ай

Осы түрдегі

барлық өнім таңбаланады

3

Түрді сынау

өндіріс жағдайын талдау

Сатушыдан іріктелген сынамаларды сынау, өндіріс жағдайын талдау

12 ай

Осы түрдегі

барлық өнім таңбаланады

4

Түрді сынау

өндіріс жағдайын талдау

Сатушыдан іріктелген сынамаларды сынау, дайындаушыдан іріктелген сынамаларды сынау, өндіріс жағдайын талдау

18 ай

Осы түрдегі

барлық өнім таңбаланады

5

Түрді сынау

СМЖ немесе өндірісті сертификат

тау

Сатушыдан іріктелген сынамаларды сынау, дайындау шыдан іріктелген сынамаларды сынау, өндірісті(СМЖ)** тексеру

36 ай

Осы түрдегі

барлық өнім таңбаланады

6

Түрді сынау

СМЖ сертификат

тау

СМЖ ** тексеру

36 ай

Таңбаланбай

ды

7

Топты сынау

-

-

Топтың жарамды мерзімі

Таңбалан

байды

8

Әрбір бұйымды сынау

-

-

Белгіленбейді

Әрбір

бұйым таңба

ланады

9

Берілген құжаттармен сәйкестік туралы декларацияны қарау

-

өндіріс

жағдайын талдау

өнімнің жарамды мерзімі, тек 16 айдан аспауы керек

Таңбаланбай

ды

10

Берілген құжаттарын

сәйкестік туралы декларацияны қарау

өндіріс жағдайын талдау

өндіріс

жағдайын талдау

16 ай

Таңбалан

байды

* - Сынаудың қажеттілігі мен көлемін сертификатталған СМЖ – ін

(өндірісті) тексеру нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растаған орган анықтайды;

** - СМЖ-ін немесе өндірісті сертификаттаған СРЖО

4-сұлба өнімнің сипаттамаларының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болғанда қолданылады (көкөніс, жеміс дақылдары, астық және оның өнімдері, мал азығы, майлы және бұршақ дақылдары үшін ұсынылады).

6) 5 және 6- сұлбалары:

- сынау үшін іріктелген сынама көлемнің өндірілетін өнімнің сипаттамаларын объективті түрде бағалауға мүмкіншілігі жеткіліксіз болғанда;

- технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал болғанда;

- өндірілетін өнімнің сипаттамаларының тұрақтылығына жоғары талап қою қажет болғанда;

- өнімнің жарамды мерзімі сынау жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қажетті мерзімінен кем болғанда;

- өнімге құрам бөлігі жиі өзгертіп тұруы тән болғанда;

- өнім тек тұтынушының кәсіпорнында монтаждалғаннан кейін ғана сыналуы мүмкін болғанда қолданылады.

5-тәсім көкөніс, жеміс дақылдары, астық және оның өнімдері, мал азығы, майлы және бұршақ дақылдары үшін ұсынылады. 6-тәсім дайын бұйымның сәйкестігін растау үшін емес, қосалқы бөлшектердің сәйкестігін растау үшін қолдануға ұсынылады.

6-тәсімді шетелден әкелінетін өнімді жіберушінің сапа менеджменті жүйесінің сертификаты болғанда қолдануға ұсынылады.

7) 7-сұлба көкөніс, жеміс дақылдары, астық және оның өнімдері, мал азығы, майлы және бұршақ дақылдарының сәйкестігін растауға ұсынылады.

7 және 8- сұлбаларын осы өнімнің өндірілуі мен сатылуы бір жолғы сипатта (топ, бір дана) болғанда қолдануға ұсынылады.

8) 9-сұлба шетелден әкелінетін өнімге келесі жағдайларда қолдану ұсынылады:

- шағын, орташа кәсіпкерлікте және жеке кәсіпкерлерге;

- өнімді өз мұқтаждығына және өндірісіне арнап әкелінгенде (жинаққа кіретін, үйлесімділік өнімдері, өндіріс шикізаттары, технологиялық жабдықтар, өндіріс аспаптары мен саймандары, қондыру жабдықтары және т.б.);

- басқа кәсіпорындарға сатуға әкелген өнімді сынайтын сынау зертханалары болмаған жағдайларда.

10- сұлба отандық өнім өндірушілердің өндірілуі тұрақты емес немесе аздаған көлемде ұзақ мерзімде өндірілетін өнімдерінің сәйкестігін растау үшін қолдану ұсынылады.

Тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдері 1 айға дейін сақталынатын тез бұзылатын өнім және 1 айдан артық сақтауға болатын өнім деп бөлінеді. Бұл сәйкестікті растау тәсімін таңдауға әсер етеді.

Жарамды мерзімі немесе сақталу мерзімі 1 айға дейін болатын, тез бұзылатын өнімдердің сәйкестігін егер ол өнім түрлерінің сәйкестігін растау тиісті нормативтік–құқықтық актілерде қарастырылса 2,3,4,5 және 9,10 сұлбаларымен растауға болады.

Жарамды мезімі мен сақталуы бір адам артық тағам өнер кәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің сәйкестігі 8-сұлбасынан басқа, кез келген тәсім бойынша расталуы мүмкін.