Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дєрістік кешен СОС Желілік операциялық жүйелер.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Интернетпен байланыс орнату.Интернеттегі қауіпсіздік және деректерді сүзгілеу. Firewall-ды баптау.

Жоспар:

  1. Іnternet туралы жалпы мәліметтер.

  2. Іnternet маршруттау және адрестеу.

  3. Маршрутизаторды баптау әдісі - бастапқы скрипт

  4. firewall/routingбаптаудағы скрипті құру

  5. Кіріс байланыстарға рұқсат ету

  6. Маршрутизация - негіздері

Интернет – дүние жүзіндегі ақпараттар қоймасы. Мүмкіндік функциялары:

  1. ақпараттық;

  2. байланыс және коммуникациялық;

  3. кеңесу функциясы;

  4. коммерциялық функция;

  5. жарнама (қазіргі кезде СПАМ-ға қарсы үлкен күрес жүргізілуде);

  6. ойын-сауық;

  7. компьютерлік.

ARPANET интернет негізі, Пентагон құзырында болды, 1969 жылы пайда болған. Қарулы күштер үшін пайдаланылды. MILNET ->ARPANET орнына келді. ARPANET+басқа да желілер=интернет.

Интернет қоғамы ISOC (Internet Socienty) – бұл қоғамдық бастамамен құрылған. Мақсаты: интернет арқылы глобальды ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Бұл қоғам «қазылар алқасын» сайлайды. Оның міндеті интернеттегі техникалық немесе ұйымдастырушылық басқару шараларына жауап беру. «Қазылар алқасы» (IAB – Internet Architecture Board) – интернет архитектурасы кеңесі. Бұл кеңесте өз еркімен жұмыс істеуге келіскен адамдар болады. Олар тұрақты жиналыс өткізеді және стандартты бекітеді. Сонымен қатар интернет қорларын үлестіреді.

Интернет стандартын IAB бекітеді. Жасаушылары инженерлік компаниясы IETE – Internet Engineering Tact Force болып табылады. Мысалы: құжат дайындаудан бастап, интер пен пайдаланушы қарым-қатынасын реттейді.

Интернетте заңдылық құқық сақталуы керек.

Интернеттің негізі ретінде жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істейтін телекоммуникациялық магистарльды желілер болып табылады. Магистарльдық желілерге желілік қатынас құру нүктелері арқылы NAP (Network Access Point) автономдық жүйелер қосылады. Бұл жүйелерде өзінің басқарушы әкімшілігі ішкі маршруттарды анықтайтын хаттамалары болады.

Интернетке қосылған жергілікті немесе желілік компьютерлер хост-компьютерлер деп аталады.

Интернеттің негізгі сипаттамасы – желінің жұмыс істеу жылдамдығы. 19 кбит/сек-тен 56 кбит/сек-ке дейін болады.

Интернетке қалай қосылуға болады?

  • Бөлінген бір арна арқылы қосылуға болады. Сонда интернетпен жұмыс істеу жылдамдығы жоғары болады;

  • Провайдер арқылы, бірақ жұмыс істеу жылдамдығы төмен болады;

  • Бөлінген линия – 256 кбит/сек жылдамдық, максималды жылдамдығы 2 Мбит/сек, кейде тіпті Гбит/сек болады, әсіресе спутник арқылы.

Қалаушы ұяшықтары – жергілікті желі. Интернет құрылымы «клиент-сервер».

Интернет хаттамаларының негізі ретінде екі хаттамалар пайдаланылады:

  1. Internet немесе IP – бұл желіарақыл хаттама болып табылады және OSI моделінің желілік деңгейінің функцияларын атқарады;

  2. TCP хаттама – бұл тасымалдауды басқаруға арналған, OSI моделінің транспорттық деңгейінің функцияларын орындайды.

IP – хаттама электрондық хабарларды пакеттерге бөледі және жіберілген пакет маршруттарын анықтайды. Сонымен қатар, қабылданған пакеттерді өңдейді.

TCP – деректер ағымын басқарады, қателерді өңдейді және ақпараттық қабылданған пакеттер ретімен жиналғанына кепілдік береді. Осымен қатар, интернетте UDP (User Datagram Protocol) қолданушылардың датаграммалық хаттамасы. Бұл – қарапайым дұрыстығына кепілдікті талап етпейтін деректерді тасымалдауға пайдаланылады.

FTP – файлдық.

Telnet – алыс қашықтықтағы компьютерге қатынас құруды ұйымдастыру үшін және осы компьютерде қашықтықтан қомандаларды орындау үшін керек.

SMTP – электрондық почтаны ұйымдастыру хаттамасы.

HTTP – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы.

Гипермәтін – интернетте web-беттерде орналасады, сілтеме ретінде қолданылады.

NNTP – жаңалықтарды тасымалдау немесе телеконференцияларды орналастыру. Бұл хаттамалардың барлығы желіде өздеріне сәйкес қолданбалы процестерді қалыптастырады, ал TCP протоколы міндеті – осы процестер арасында деректердің тасымалдануын қамтамасыз ету.

Процесс – жұмыс программасы.

Бір мезгілде желіде бірнеше процесс орындалуы мүмкін. TCP хаттамасы оларды тану үшін бұл процестерге номер береді. Бұл номерлерді порт номері деп атайды. Мысалы: 21-порт файлды тасымалдауға FTP процесіне, 23-порт Telnet процесіне тағайындалған.

Порт номері IP адресс желідегі орындалып отырған процесті бір мәнді анықтайды. Осы екі жиынды: порт+IPадресс=coket.

Желіні интерне шабуылдан қорғау үшін негізгі сервер ретінде UNIX операциялық жүйесі мен екі абоненттік станция қажет.