Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2023 BAZA EKTU / философия экзамен жауабтары.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
22.09.2023
Размер:
123.75 Кб
Скачать

«Мен», «Асқан-мен», «Ол» дегеніміз не? Бұл ұғымдарды философияның қандай бағыттары қолданады?

Асқанадам — (нем. Übermensch, немесе суперман, Бірегей), неміс философы Фридрих Ницшенің негізгі философиялық идеяларының бірі. Асқанадам дегеніміз адамның арман үлгісі, дегенмен бұл идея көбіне қате түсіндірілуден көз ашпай келеді.[1]Ол "Құдай өлді, дәстүрлі моральдық мәдениетті қайта таразылау керек" деген негізде жаңа дүниетаным, жаңа өмірсенім ретінде Асқанадам делінетін құндылық идеалын ұсынады. Асқанадам идеясы — ұқсамаған дәстүр мен дағдылы этиканы ең арғы тұсынан жаңалау сынағы. Асқанадам тіршілік еркін, Үстемдік еркін, жарату еркін ең толық әйгілеген, шығармашылық шабыты тасыған, өмірдегі егей тұлға. Батыстың дәстүрлі құндылық өлшемдері жеміріле бастаған тарихи сәтте адамның тұрмыс мұратын қайта бастан орнықтырып, жаңа өмір мәнділігі арманын қалыптастыру керек болды, Асқанадам дәл осы сұраныстың Ницше тарапынан берілген сынақ жауабы.[ Жинақтап айтқанда, Асқанадамның 7 қасиеті бар:

1) Асқанадам – тіршілік дамуының ең жоғары шоқысы, адамзаттың ең асылы. Ол бүкіл адам баласынан биік шығып, тобырлық топалаңға былғанбайды, ол адамзат, қоғам, ұлт еркінің ең жоғарғы деңгейдегі әйгілеушісі.

2) Асқанадам – кемеңгер, ғажайып жаратылыс ретінде үстемдік еркінің биік көрінісі; ол күшті, құдіретті, дербес, жүректі. Шыңғысхан және Наполеон секілділер Асқанадамның төмен деңгейі.

3) Асқанадам бәрін игереді, бәрін иелейді, бәрін басқарып, бағыттайды. Ол қорқыныш пен жасандылықтан ада. Ол жақсылық-жамандық өлшемі сыртына шығып кеткен. Оның ар-намысы оны айыптамайды.

4) Асқанадам – ұлы сынақшы, ғажайып тәуекел иесі, ол тәуекелшіліктен рақат алады. Асқанадам тек Асқанадаммен бәсекелеседі, өздерінің ең жақын достарынан ең сұрқия жау іздейді.

5) Асқанадам – бір түрлі жоғары этикалық арман; Асқанадам – ақиқат пен этиканың таза нұсқасы, ереже мен құндылықтың жаратушысы. Ол заң шығарады, оның еркі, оның сөзі – заң. Олардың өлшемі "Мен істеймін" дегенге құрылған, олар әркез "Менің істеуім керек" деп айтып жүрмейді.

6) Асқанадам толық еркін, кемел, өзімшіл. Ол тәкаппар және жалғыз. Олар биікте тұрып бағалайды, тобырлардың топалаңына қосылмайды, қыран бүркіт секілді жемін биіктен аулайды, жеке келіп, жеке кетеді, ешкіммен шындап ортақтаспайды. Өзінің жеке адамдық оқшаулығын бастан-ақыр сақтайды.

7) Асқанадам азап пен қиындыққа ең төзімді, ол қайғы-қасірет ішінде тік тұрады, ең ауыр сынақтарда шынығып шығады, оның ерік қуаты тек қауіп-қатерді жеңуге бағытталған. Қасіреті қалың жанның ғана бірегей болуға үміті бар.

Ницше айтқан Асқанадамы қазақтың ежелгі батырларына әрі жақын келеді, әрі толық ұқсап та кетпейді.

Ницшенің айтуынша, Асқанадам дегеніміз адамзаттың ең ұлы жаңа құндылық мұраты. Ендеше, Асқанадам қалай қалыптасады? Қалай Асқанадам болуға болады?

Алдымен, Асқанадам болу үшін үйлесімді орта керек. Аталмыш үйлесімді орта дегеніміз Асқанадамды қалыптастыратын қауіп-қатерлі орта. Орта қанша жайсыз болса, Асқанадамның тууы да сонша мүмкін болады, "жайлы бесікте батыр бала өспейді"Ф.Ницшенің айтуынша, Асқанадам қара жерге адал хауымның арасында пайда болады, бірақ ол барлық адамның біртұтас эвалюциясының жемісі емес. Бейне адам барлық маймұлдың эвалюциясы емес болғаны секілді. Адамзат құмырсқа секілді, келеді, кетеді, көбі бірдеңгейлі қозғалыс дағдысынан ұзамайды. Тек аз санды батырлар, жасампаз күштілер, Үстамдік еркі тасқындаған күрескерлер, сапалы туылғандар ғана сол бір шыңырау бетіне керілген арқаннан жүріп өтіп қарсы жағаға даңықпен жете алады. Асқанадам болады.

Соседние файлы в папке 2023 BAZA EKTU