Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1064
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

17. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы.

Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды.

Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

  1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.

  2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

  3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.

  4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.

  5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.

  6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары. "Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.

18. Хх ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына бірігуі.

1925 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу аяқталды. Осы кезде Қазақ АКСР-нің құрамына Сырдария және Жетісу облыстары, Қара-Қалпақ автономиялы облысы және көптеген уездер қосылған болатын. Осындай қиын жағдайда қазақ халқының тарихи жерлері өз иелігіне қайтарылды, жерлердің қосылуынан республика халқының саны өсіп, 1926 ж. санақ бойынша 6,6 млн. адам болса, оның 3,6 млн. қазақтар еді, яғни, қазақтар республика тұрғындарының -61 %, орыстар – 1,2 % млн. (18 %), украиндар – 0,8 млн. (12 %) құрады. Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу аяқталғанына қарамастан, одан кейінгі жылдары да Орта Азия республикалары арасында шекара сызығын анықтауға қатысты тартыстар мен келісімдер жалғаса берді. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасын анықтау мақсатында Әулие-Ата уезінің аумағы, табиғи және тарихи, ұлттық бөлінісі анықталуы қажет болды, уезд батысында Ташкент уезінен Арабик өзенінің сағасына дейін, бұл арадан Арық бел өзенінен Көк саймен түйісетін жеріне дейін созылып барады. Шекара сипаттамасы 1926 ж. Әулие – Ата уезі арқылы жүргізіліп, Қазақстан мен Қырғызстан үшін картаға енгізілуге ұсынылды. 1926 ж. БОАК жиналысы өтіп (онда төрағалықты М.И. Калинин және хатшы С. Асфендияров жүргізген) қабылданған қаулы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық сызығы анықталды. Оңтүстік Қазақстанның Жамбыл облысы жерімен шектескен жеріндегі Сусамыр жайлауы Қазақ пен Қырғыз АКСР-ларына (шекара сызығы бойымен) жалпы пайдалануға шешім қабылданды. 1927 ж. соңы мен 1928 ж. басындағы Қазақстанның әкімшілік- аумақтық құрылымындағы өзгерістер елді жалпы әкімшілік-құрылымдық аудандасты-рудың бір бөлігі болатын. Республикадағы жаңа әкімшілік-аумақтық құрылым жобасы бойынша губерния, уезд, болыстар таратылып, үш сатылы: округ-аудан-қала, село, ауыл жүйесі енгізілді. Бұл жерде жалпы ортақ шаруашылық және аумақтық экономикалық тиімділігін қамтыған округ, белгілі нүктелерге, айналадағы байланыс және транспорт құралдарын оңтайлы пайдалану сияқты маңызды факторлар ескерілді.