Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1064
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

111. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.

Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.  Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. «Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.

112. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ытымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында екі күнге созылған «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» атты ІІ халықаралық көліктік-логистикалық форум өз жұмысын аяқтады. Оған Еуроодақ пен ТМД-ның 300-ден астам ірі көліктік-логистикалық компанияларының басшылары қатысты.

Бұл форумның маңызын түсіндіру үшін әңгімемізді аздап та болсын көне тарихтан бастағанымыз жөн секілді. Осыдан үш жарым мың жылдай уақыт бұрын пайда болып, басын Қытайдан алып, бірнеше бағыт бойын­ша Орталық Азия жерін көктеп өтіп, Парсы, Византия, Иран, Кавказ, Еуропа елдерімен халықаралық сауданың өрістеуіне өлшеусіз әсер еткен көне Жібек жолы біздің өңірдің дамуында да басты қозғаушы күштердің бірі болғаны анық. Жолдың қазіргі Қазақстан аумағын басып өтетін сілемдерінің бойында басында көптеген бекеттер пайда болып, артынан олар қалаларға айналған еді. Жол ғасырлар бойы Орталық Азия халықтарын басқа өңірлермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарып тұрды. Алайда, ХІV-ХV ғасырларда Батыста, соның ішінде Испания, Португалия, Ұлы­британия секілді құрлықтың шетінде, теңіздің өтінде орналасқан елдерде компас пен картаның ойлап табылып, кеме құрылысының өркен жаюына байланысты құрлықтарды бір-бірімен байланыстыратын су жолдары ашылды да, осы құбылыс көне Жібек жолына өз көлең­кесін түсіре бастады. 1453 жылы түрік­тер Константинопольді ба­сып алды да, олар құрған Осман империя­сы енді Еуропадан Азияға баратын құрлықтағы сауда жолдарының барлығына өз бақылауын орнатты. Осы жағдай Осман империясымен қырғи-қабақ қарым-қатынастағы еуро­палықтарды басқа өңірлерге теңіз және мұхит арқылы шығатын жолдарды іздестіруге мәжбүр етті. Бұл үдерістің соңы әлемде Пор­тугалия мен Испания секілді жаңа теңіз дер­жаваларының пайда болуымен аяқталды. Қандай жол болмасын, ол – өмір өзе­гі. Сыртқы әлеммен жол қатынасын қалып­тастыра білген ел қашанда болмасын өзге­лерден озық дамиды. Мәселен, қазіргі күні 10 млн. адамды құрайтын португалдардың тілінде үш құрлықтың – Еуразияның, Африканың, Оңтүстік Американың 200 миллионнан астам адамы сөйлейді. Бұл ненің әсері? Бұл Португалияның осыдан 5-6 ғасыр бұ­рын үлкен теңіз державасына айналып, сая­хатшыларының жаңа теңіз жолдарын ашып, Америка мен Африкадағы көптеген елдерді отарлауының және сол елдерден алтын тасып, баюының әсері. Біздің қазақта «Біреудің бағы – біреудің соры» деген мақал бар. Осы мақалды көне Жібек жолына да қатысты қолдануға болар еді. Жаңа теңіз жолдарының ашылуы оның бойындағы тіршіліктің саябыр тартуына көп әсер етті. Әйтпесе, осыдан мың жылдай бұрын біздің Қазақстан аумағында 200-ге тарта сауда жолындағы қалалары болғандығын, олардың басым көпшілігі Жібек жолының бойында орналасқандығын біз басқа елдерге әлі де белгісіздеу болып келе жатқан өзіміздің көне тарихымыз арқылы жақсы білеміз. Тіпті, жоғарыдағы фактінің қазақ-кеңес энциклопедиясында тіркелгендігін айта кетсек артық болмас. Кеңес өкіметі кезінде басқа елдерге қарағанда Қазақстан аумағында көне қазба ескерткіштерінің молынан табылуы, қазір де осындай үдерістің жалғаса түсуі соның тағы бір айғағы. Енді, міне, сол көне Жібек жолын қайта қалыптастыру мәселесі қайта бастау алды. Тәуелсіз Қазақстан оның үлкен іздеушісі болып отыр.