Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих экзамен ответы.docx
Скачиваний:
1062
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
372.78 Кб
Скачать

33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.

Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистік Германия жағында  Финляндия, Франция, Испания, Словакия, Хорватия, Босния, Косово, Румыния, Венгрия, Украина, Латвия, Литва, Эстония елдерінен және Ресейден шыққан ірі ұлттық жасақтар қызмет етті. Солардың бірі- Орталық Азия және Қазақстаннан шыққан азиат нәсіліндегі жауынгерлерден құралған Түркістан Легионы болатын.

Түркістан ұлттық комитеті немесе Түркістан ұлттық бірлігі ұйымының негізі Түркияда қаланып, жұмысы 1924 жылдан Парижде жүрді. Оны азамат соғысынан жеңіліс тапқан орталық Азия елдерінен қашып келген ұлтшыл, түрікшіл саяси эмигранттар құрды. Түркістан ұлттық комитетінің мақсаты Орталық Азияда Кеңес билігін құлату болатын. Комитетті кейіннен М.Шоқай басқарды. 1930 жылдары комитет жұмысы біршама тоқырауға ұшыраса да, М.Шоқай «Жас Түркістан» газетін шығарып отыруға қаржы тауып отырды.  Екінші дүние жүзілік соғыс басталысымен Түркістан ұлттық комитетінің қамқоршысы пайда болды. Ол фашистік Германия болатын. Тұтқынға түскендерден Түркістан Легионын құруға кіріседі. Оған басшылық жасауға Мұстафа Шоқайды лайықты деп тауып, оны 1941 жылдың жазында Парижден Берлинге шақыртады және өз мақсаттарына пайдаланғысы келді. М.Шоқайдан кейін легионды өзбек ұлтының өкілі Уәли Каюмов басқарды. Оның орынбасары болып Баймырза Хайтұлы сайланды. Ал Стамбулдағы саяси эмигрант башқұрт Заки Валиди өзін Түркістан легионының басшысымын деп санады. Ол У.Каюмовты Германиядағы менің өкілім деп есептеді. Ал У.Каюмов Заки Валидидің бұл талабын орындай алмады. Легионды жасақтау жұмысы 1941 жылдың тамыз айынан басталып, 1942 жылдың соңына қарай аяқталды. Легион құрамын негізінен Орталық Азия халықтары құрады. Түркістан легионы фашистердің арнайы қызметінің қатаң бақылауында болды. Сонымен қатар, КСРО ның НКВД сының назарына іліккен болатын. Белгілі тарихшы Көшім Есмағамбетов «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Соғыс тұтқындары» атты зерттеу мақаласында мынадай деректерді келтіреді: «Түркістан Легионын басқарған Баймырза Хайт өзінің «Түркістан ХХ ғасырда» деген еңбегінде: Германия жағында 181.402 түркістандық соғысты» десе, неміс тарихшысы Иоахим Гофман «Шығыс легиондары» атты кітабында «неміс формасын киген кеңес түріктерінің саны 250 мыңдай болды деп жазады». Ал қазақтардың легиондағы санының қанша болғандығы анықталмаған.  1942 жылдың жазынан бастап Түркістан легионы өзінің басты әрекетіне көшті. Азиат нәсіліндегі соғыс тұтқындарын легионға арбау және дайын-даумен айналысатын бірнеше арнайы лагерлер жұмыс істеді. Солардың бірі, Варшава қаласының түбінде орналасқан «Легиново» лагері мен Бреславл қаласы маңындағы «СС-20 жазғы лагері» болатын. Лагерлерде барлау-диверциялық мектептер жұмыс істеді. Кеңес-герман майданына төрт зондеркоманда аттандырылды. Олар тұтқындарды тергеу, арбау және лагерге аттандырумен айналысты. Сонымен қатар, команда агенттері Орталық Азияға да жіберілді. Олар ел арасында тыңшылық, антикеңестік арандату, бандиттік-бүлікшілікпен айналысты. Бірақ жергілікті халықтың қырағы көмек көрсетуі арқасында олар анықталып, арнайы қызмет, милициялар тарапынан көзі жойылып отырды. Польшадан Түркістан легионының алты ротадан тұратын бірінші батальоны 1942 жылы жазда Сум облысына партизандармен соғысу үшін аттандырылды. Батальонның  күз айларында Калмақ жері арқылы Қырымға өтуге қолдары жетті. 1943 жылы қыркүйекте 130 адамнан тұратын екі рота Макеевка қаласында қызыл Армия қатарына өз еріктерімен өтіп кетті. Олар сол мезетте ақ гитлершілдермен шайқасқа жіберілді. 1942 жылдың шілдесінде Уәли Каюмов 300 тұтқынды таңдап алып, олардан легионның жетінші батальонын жасақтады. Польшада дайындықтан өткен соң желтоқсан айының соңында кеңес-герман майданына жіберілді. Батальон 1943 жылы 27-қаңтарда Касторное ауданында шайқасқа түсіп, жеңіліс табады. Тірі қалған 46 жауынгері тұтқынға түседі.

Түркістан Легионының фашистік Германияға барынша адал мүшелері Дрездендегі тыңшылық жоғары мектебінде тәлім алды. Оларды СС гауптштурманфюрері доктор Ольцша басқарды.  Дегенмен, 1943 жылы неміс әскери барлау ісінің басшылығы Түркістан легионына сенімін жоғалта бастады. Легионды кеңес-герман соғысына жіберуін тоқтатып, басқа мақсаттарға қолдануды шешеді. Олар Каспий маңына, Түркменстанға диверциялық жұмыстар үшін жіберілді. Соғыс аяқталған соң Түркістан легионының жауынгерлері ағылшын және американдықтарға өз еркімен беріле бастайды, бірақ оларды одақтастар КСРО ның әскери әкімшілігіне қайтарады. Аман қалғандары Түркияға қашты. Кейіннен олардың кейбіреулері «Азаттық Радиода» жұмыс істеп, антикеңестік үгіт-насихат жүргізді. КСРО-ға қайтарылған легионшылардың ішінде Хамза Абдуллин, Мәулікеш Қайбалдин, Хәкім Тыныбеков секілді ақын-жазушылар болды.  «Түркістан легионында» құрамында болғаны үшін оларға кеңестік билік аяушылық танытпады. Айта кететін жәйт, М.Шоқай 1941 жылдың тамыз-қазан айларында Польша жеріндегі Просткен, Сувалки, Деба, Ярослау, Лемберг лагерлеріндегі тұтқындардан 1941 жылдың алғашқы айларында майданға аттанған түркістандықтардың оннан тоғызының винтовканы қалай ұстауды білмейтіндігін және көпшілігі орыс тілін меңгермегендігі, яғни команда тілін білуден мақрұм болғандығына көз жеткізеді. Қазақ, өзбек, қырғыз т.б түрік-мұсылман халықтардың өкілдері қару-жарақпен жауынгерлердің ең соңында жабдықталғанын, көп жағдайда аңшы мылтығы да жетпей қалып отырған. Шовинист орыс және басқа да славян текті офицерлер түркістандық жауынгерлерді ауыр да қиын әскери операцияларға әдейі жіберіп отырған, жарақат алғандарына дер кезінде медициналық көмек көрсетіле бермегендігі туралы М.Шоқай Уәли Каюмовқа қазан айында жазған хатында көрсеткен.

М.Шоқай қазақтардың және басқа да түрік тектес халықтардың өкілдерінің тұтқынға қалай түскенін үнемі сұрап отырған. Олардың басым бөлігі өз еріктерімен емес, мәжбүрлік жағдайда түскендігін айтқан. М.Шоқай Дебиса лагеріне барып тұтқындармен сөйлескенде ондағы 40 мың түркістандықтардың ауру мен аштықтан шамамен 25 мыңдайы ғана қалғандығын анықтайды. Ол желтоқсан айында неміс генералы С.Иоахимге «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты ұлыларды туған ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отырып, мен Түркістан легионын басқару туралы қызметтен және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын....» деп жазған хаты өзіне жасаған үкімі еді. М.Шоқай 1941 жылы 27- желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады. Түркістан легионындағы қазақтар, түркмендер, қырғыздар және басқа да түркістандықтарды «ақтаудың» да, даттаудың» да керегі бола қоймас. Бірақ, олар жөнінде бүгінгі ұрпақтары білуі тиіс және ол түркістан тарихының тұтастығы үшін керек деп ойлаймыз.