- •1.1905-1907 Жж. Алғашқы орыс революциясы жылдарындағы Қазақстан.
- •2. Столыпиннің аграрлық реформасы және оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы.
- •6. Іі Мемлекеттік Думадағы қазақ демутаттарының қазақ халқының өзекті мәселесі бойынша ұстанымы. Б. Қаратаевтың баяндамасы.
- •7.Хх ғ. Басындағы қазақ әдебиеті мен баспасөзі. Оның қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ықпалы. («Айқап», «Қазақ» және т.Б.)
- •8. Бірінші Дүниежүзілік соғыс тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1914-1918 жж.)
- •9. 1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс. Көтеріліс көшбасшылары – т. Бокин, б. Әшекеев, а. Жанбосынов, ұ. Саурықов, а. Иманов, ә. Жангелдин, Кейкі батыр т.Б. Бұл мәселеге жаңаша көзқарас.
- •10. Қазақстанның 1917 ж. Ақпан төңкерісі тұсындағы қоғамдық-саяси ахуал.
- •11. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •12. Қазақстан 1917 ж. Қазан төңкерісі тұсында. Өлкеде кеңес билігінің орнау ерекшеліктері.
- •14. Қазақстан Азамат соғысы жылдарында.(1918-1920жж.)
- •15. Қоқан автономиясы. М. Шоқайдың қызметі.
- •16. Түркістан кеңестік социалистік республикасы. Оның өлке тарихындағы орны.
- •17. Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы.
- •18. Хх ғасырдың 20-жылдарындағы қазақ жерлерінің ҚазАкср-нің құрамына бірігуі.
- •19. «Әскери коммунизм» саясаты: мақсаттары мен нәтижесі.
- •20. 1921-1922 Жж. Жер-су реформасы. 20-жж. Аштық және оның салдарлары.
- •1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:
- •22. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: мазмұны мен салдары.
- •24. Қазақстандағы ұжымдастыру: қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары.
- •26. Қазақ кср-нің құрылуы. 1937ж. Конституция.
- •27. Сталиндік қуғын-сүргін. Қазақстандағы гулаг жүйесі.
- •28.Хх ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстан: мәдениет, ғылым және білімнің қалыптасуы.
- •29. Хх ғ. 30-40 жж. Қазақстанға халықтарды күштеп қоныс аударту ксро-дағы тоталитаризмнің көрінісі ретінде.
- •30. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ксро-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
- •31. Қазақстан экономикасының Ұлы Отан соғысына жеңіске қосқан үлесі. 1941-1945жж.
- •32. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.(1941-1945жж.)
- •33. Түркістан легионы. Ақиқат пен аңыз.
- •34. Қазақстандық паризандар Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстандықтардың Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •35. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ кср-ның білімі, ғылымы және мәдениеті.
- •36. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.(1946-1953жж.)
- •37. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.(1946-1953жж.). Тоталитарлық жүйенің соғыстан кейінгі қуғын-сүргіні. Бекмаханов ісі.
- •38. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің құрылуы. Семей әскери-сынақтық полигоны мен «Байқоңыр» ғарыш айлағының іске қосылуы.
- •39. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Республикадағы білім, ғылым және мәдениет. (1946-1953 жж.)
- •40. Елдегі десталинизация кезіндегі қоғамдық-саяси үдерістер.(1953-1964жж.).
- •41. Хх ғ. 50-60 жж. Қазақстан экономикасын басқару саласындағы реформалар.
- •43. Хх ғ. 60-70 жж. ҚазКср-дағы аумақтық мәселелерді шешудегі қиындықтар.
- •44. Қазақстан экономикасында шикізаттық бағыттың тереңдетілуі. (хх ғ. 60-80 жж.)
- •45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
- •46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.
- •47. 1965 Ж. Экономикалық реформа: себеп, салдары.
- •48. ҚазКср-дағы аөк пен төк-нің қалыптасуы: міндеттері, мәселелері, қорытындылары.
- •49. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақ кср-нің әлеуметтік-экономикалық саласында тоқырау құбылыстарының белең алуы.
- •50. Хх ғ. 70-80 жж. Қазақстандағы экологиялық мәселелер: себептері мен салдарлары.
- •51. «Қайта құру» саясаты: алғышарттары, себептері мен кезеңдері.
- •52. «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси үрдістер.
- •53. «Қайта құру» кезеңіндегі экономикалық реформалар және олардың нәтижесі.
- •54. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себептері, тарихи маңызы мен сабақтары.
- •55. Ұлттық сананың өсуі. Алаш қозғалысы қайраткерлерін ресми ақтаудың басталуы. (хх ғ. 90ж.)
- •56. Тіл туралы Заң (1989 ж. Қыркүйек). Еліміздегі қазақ тілінің мәртебесі.
- •57. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклаорация: мәні, маңызы.
- •58. Ксро-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (тмд) құрылуы. Алматы декларациясы.
- •59. Президенттік институттың енгізілуі. Н. Ә. Назарбаевтың республика тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі.
- •61. Қр мемлекеттік рәміздері. Олардың Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы орны.
- •62. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлект ретінде қалыптасу және дамы стратегиясы» еңбегінің маңызы. (1992ж.)
- •64. Қазақстан қоғамындағы нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі жаңаша ойлаудың қалыптасуының қиыншылықтары.
- •Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
- •Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
- •Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
- •Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
- •Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
- •67. Тәуелсіз Қазақстанның несиелік-банктік жүйесінің қалыптасуы. Ұлттық валютаның енгізілуі.
- •68. Қазақстан Республикасында ұлттық-мемлекеттік қауіпсіздік жүйелерінің қалыптасуы (армия, құқық қорғау органдары).
- •69. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанда көші-қон процесі (1992-2000жж.). «Нұрлы көш» бағдарламасы.
- •70. Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайы. Оның егеменді Қазақстанның тарихындағы орны.
- •71. 1995 Ж. Конституция, оның Қазақстанда демократияны қалыптастыру мен дамытудағы орны.
- •72. Қр демократиялық саяси жүйесінің қалыптасуы және Қазақстандық парламентаризмнің дамуы.
- •73. Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет шекараларын демаркациялау және демилитациялау бойынша саясаты: мәселелері мен оны шешу жолдары.
- •74. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары.
- •75. Астана – тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орны.
- •76. Тәуелсіз Қазақстандағы демографиялық үрдістер. (1191 ж.-қазірге дейін).
- •78. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық мелекеттілігінің бастауы.
- •79. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» еңбегі. Оның жастар тәрбиесіндегі орны.
- •80. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі. Оның халықаралық сахнадағы Қазақстанның орнын айқындаудағы маңызы.
- •83. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы.
- •84. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері. Қр-дағы жекешелендірудің 4 және 5 кезеңі.
- •85. Қазақстанның инвестициялық саясаты.Оның қорытындылары.
- •86. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының агралық саясаты(2002-2017жж.)
- •87.Индустриалдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және оның Қазақстан экономикасындағы орны.
- •89. 2011 Ж. 28 қаңтардағы Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!».
- •90. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты. Оның Қазақстанның дамуы үшін маңызы.
- •92. Мемлекеттің спорт және дене шынықтыруды дамытудағы саясаты. Салауатты өмір салты болашақ ұлтты қалыптастырудың негізі.
- •93. «Экспо – 2017» және оның Қазақстанның болашағы үшін маңызы.
- •96. Егеменді Қазақстанның ұлттық саясаты. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы: оның республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі орны.
- •97. Қазақтанның ұлттық бірлік доктринасы. «Қазақстан халқының бірегейлігі және бірлігі тұжырымдамасы»: міндеттері мен қағидаттары.
- •98. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: жаппай еңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласы.
- •99. Азаматтық қоғам. Оның Қазақстандағы институттарының дамуы.
- •100. Қазақстан Республикасында қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметі.
- •101. Қазақтан Республикасындағы Әлемдік діндер көшбасшыларының съездері және олардың орны. Қр-ның «Дін туралы» заңы.
- •102. Қазақстанда жаңа діни ақиқаттың қалыптасуы. Жастар арасындағы діни лаңкестік туралы мәселелер.
- •104. Халықаралық саясаттағы Егеменді Қазақстанның орны. Н.Ә.Назарбаевтың Нью Йоркте (қыркүйек, 2015 жыл) бұұ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі.
- •105. Қр жастар саясаты, негізігі бағыттары. Хабтық маңызы бар қалаларды құруға Қазақстан жастарының қатысуы.
- •106.Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінің қазақ ұлтының тарихи сахнасының қалыптасуындағы орны. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы.
- •107. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: мақсаттары, міндеттері, тарихи маңызы.
- •109. Қр тмд елдерімен мәдени, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы.
- •110. Егеменді Қазақстандағы мәдениет пен ғылымның дамуы.
- •111. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, оның мазмұны мен маңызы.
- •112. Жібек жолын қайта жаңғырту бағдарламасы халықаралық ытымақтастықты тереңдетудің көзі ретінде.
- •113. Астанадағы еқыұ (обсе) саммиті: міндеттері, қорытындылары және мәні.
- •114. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. Ххі ғасыр» манифесті.
- •115. Егеменді Қазақстандағы Конституциялық реформалар (1195 ж. Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулер).
- •116. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
- •118. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік саясаты.
- •119. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»курсының мақсаты мен міндеті.
- •120. Қр Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы: жағдайы, мәселелері мен жетістіктері.
45. Д. А. Қонаевтың кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993 ) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді. Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды. Дінмұхаммед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның 70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-цинк және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты. Кемеңгер тұлға металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
46. Хх ғ. 60-80 жж. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен білімі: жетістіктері мен қайшылықтары.
Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді. 1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ” елді мекендер жойылып, шағын комплектілі қазақ мектептері жабылды. 1950-1970 жылдары орыс тілінде оқытылатын мектептер 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577- ге азайды. 1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды. Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті. Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і – ғылым докторы, 650-і – Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар. Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды. 1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым – қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми еңбектерін əкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дəреже беруді Мəскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады. Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.Қазақстан жерiне өзге ұлт өкілдерін мейлiнше көп әкелуге қарамастан, 1960 жылдары жергiлiктi ұлт өкiлдерi қоныстанған ауылдарда қазақша тiлдiк орта сақталып келген едi. Осы жағдай қазақ әдебиетiне жастардың әлi де болса ынтызарын аударып, әдебиетте серпiн туғызды. Әдебиет көк жиегiнде жыл сайын ондаған тың есiмдер пайда болып, жыл сайын жаңа романдар,повестер, поэмалар жарық көрiп жатты.Республика жазушыларының iшiнен қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлi, танымал сөз шеберi Ғабит Мүсiрепов сол кездегi ең жоғары Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болды. “Қан мен тер” трилогиясының авторы Ә. Нұрпейiсов, майталман ақын, көптеген эпикалық поэмалардың авторы Жұбан Молдағалиев КСРО Мемле кеттiк сый лығын ал ды.Iлияс Есенберлиннiң романдары бұқара арасында кең танымал болып, қолдан-қолға өтiп жүрдi. Аса ауыр саяси қуғындардан кейiнгi кезеңнiң өзiнде, таптық идеологияның өктемдiгi жағдайында жазушының хан Кенесары Қасым ұлы туралы тарихи шындықты ашып жазуы әдебиет тарихындағы батыл қадам едi. Шығармаларын орыс тiлiнде және екi тiлде бiрдей жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келдi. Олардың көрнектiлерi Ә.Әлiмжанов, О.Сүлей менов, Б.Мо мыш ұлы болды. Әнуар Әлiмжанов сыршыл повестерiнде қазақ ауылынан шыққан өз замандастарын шынайы бейнелесе, тарихи романдары арқылы бұқараның санасына ас қақ отаншылдық сезiм ұялата бiлдi. Әсiресе оның Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазған “Ұстаздың оралуы” романының маңызы зор болды. Бұл шығармасы үшiн автор Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Б.Момышұлының соғыс та қырыбына жазған шығармалары оқырман көңiлiнен шықты. 1961 жылдың сәуiрi ақын Олжас Сүлейменовтiң шын мәнiндегi үлкен шығармашылық жолға бетбұрыс алған күндерi болды. Айналасы бiр аптаның iшiнде тұңғыш ғарышкерге арналған “Адамға табын, Жер, ендi!” поэмасы дүниеге келiп, бiрден Одаққа танымал шығармаға айналды. Бұдан кейiн де ақын шынайы көркем, терең мәндi, сыршыл шығармаларымен әлемге әйгiлi болды. Тiлi орысша болса да, оның шығармаларынан нағыз ұлттық реңк айқын сезiлiп тұратын едi.Ұлттық мәдениеттiң келешегiне қатты алаңдайтын қайраткерлер отаншылдық сезiмдерiн оқырманына жеткiзу үшiн небiр көркемдiк амалдарды қолданып бақты. Олардың кейбiр алдыңғы қатарлы өкiлдерi қазақ ұлтының тарихынан сыр шерту арқылы ұлттық мәдениеттен ауытқып бара жатқан жастарға ой салу әрекеттерiн жасады. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдердi бейнелеп, бiрегей жекетұлғаларды кейiптеген Т. Ахтанов, Қ. Жұмадiлов, М. Мағауин, Ә. Кекiлбаев,С. Сматаев, т.б. шығармалары қазақ оқырмандарының көңiлiнен шықты. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресi көркем әдебиетте елеулi орын алды.1981 жылы “Қазақкiтап” бiрлестiгi бойынша республика баспаларынан қазақ тiлiнде шыққан кiтаптар 6 млн 051 мың сомға сатылса, 1985 жылы сатылған кiтаптар iшiнде қазақ тiлiндегiсi 2 млн 171 мың сомға түсiп, орыс тiлiндегi кiтаптардың сатылу сомасы 3 млн 599 мың сомға жеткен. Сонымен республика баспаларынан шығып жатқан кiтаптар iшiнде қазақ тiлiндегi туындылардың үлесi 1981 жылғы 37,95%-дан 1985 жылы 13,7%-ға дейiн құлдыраған, ал орыс тiлiндегi кiтаптардың үлесi осы мерзiм iшiнде 61,4%-дан 85,4%-ға дейiн артқан. Бұл жылдары Қазақстанда тұратын орыс жазушылары И.Шухов, Д. Снегин, И. Щеголихин, ұйғыр жазушысы З.Самади, немiс жазушысы Г.Бельгержемiстi еңбек еттi. М.Лермонтов атындағы Орыс драма театры, Ұйғыр музыкалық драмалық және Корей драма театрлары мәндi шығармаларымен және актерлiк шеберлiктерiмен көпшiлiк қауымның көңiлiн өздерiне аудара бiлдi.
Өнер.
Бұл кезеңде классикалық музыка жанрындасазгерлер Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, К.Күмiсбеков, ұйғыр сазгерi Қ.Қожамьяровөнiмдi еңбек еттi. Әншi Ә. Дiнiшевтiңесiмi әлемге әйгiлi болды. Н. Тiлендиев этно графиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды. Музыка мәдениетiнде әлем эстрадасының деңгейiндегі туындылар мен көркемөнер ұжымдары дүниеге келiп жатты. “ДосМұқасан” ансамблi, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева сынды әншiлер халық аралық сайыстар лауреаты атанып, шетелдерге танылды. Әуел баста эпостық шығармаларды сахналаумен бұқара арасында едәуiр бедел жинаған ұлттық театр өнерi де 1980 жылдары деңгейiн төмендетiп алды. Бұл тұстағы қазақ театрының беткеұстар қойылымдары ендi белгiлi романдар мен повестердiң сахналық үлгiлерi болды. Олардың арасында Ш.Айтматовтың “Құс жолы” повесi мен Ә.Нұрпейiсовтiң “Қан мен тер” романының сахналық үлгi лерiн жасау театрға уақытша бедел сақтау мүмкiн дiгiн әпердi.Ш.Айма новтың “Атаманның ақы ры”, С.Қожықовтың “Қыз Жiбек” фильмдерi халық арасында iлтипатпен қабылданған шын мәнiндегi көркем таспалар болатын. Бұл жылдары қазақша кино драматургияның тапшылығынан, қолда бар репертуардың тақырып ауқымының тарлығынан ортақол қойылымдар шығып жатты. Цензурадан өтпей, көпшiлiкке жолдама ала алмай қалған қойылымдар да болды.