Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

50

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.7 Mб
Скачать

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

бірінші рет Климент Александрский 200 жылы Мысыр жазуына қатысты қолданған. Ең көне Мысыр иероглифі б.з.б. 4 –мыңжылдықта пайда болған. Иероглиф тек көне Мысыр жазуы деген мəнде ғана емес, басқа жазулар жүйесіне (қытай,крит, т.б.) қатысты да қолданылады. Иероглиф деп лотографиялық (бір сөз) мəндегі, аз да болса сурет сипатын сақтаған жазу таңбалары аталады. Ол пиктографияға (сурет жазуына) да, дыбыстық жазуға да жатпайды, бірақ ол нағыз сурет бейнесін сақтамағанымен, алғашқы суретке ұқсастығы аңғарылады. Иероглиф жазуының əр таңбасы жеке тұрады, таңбалар бір-бірімен қосылмайды. Жазудың бағытын таңбадағы адамның, жануардың беті мен аяғы көрсетілетін болған. Адамның, жануардың беті қарап тұрған жақтан бастап оқу керек екені байқатылған. Иероглиф жазуының екі түрі болған: иератик (гиератик) жазу – папирусқа жазудан пайда болған жазу үлгісі. Бұл кейін тек діни жазуға айналған: демотик жазу – иератиктен дамыған тез жазу, мұнымен іс қағаздары, көркем шығармалар жазылған, ертеде шыққан кітаптар көшірілген, сондықтан да ол халықтық жазу деп аталған.

Əрбір иероглифтік белгі бірнеше таяқшалық элементтерден тұратын графикалық құрылым болып табылады. Жалпы таяқшалардың саны сегізді

құрайды. Олар нүкте ( ), көлденең таяқша ( ), тік таяқша ( ), оң жаққа бағытталған таяқша ( ), сол жаққа бағытталған таяқша ( ), көтеріліп келе жатқан таяқша ( ), сынық таяқша ( ), ілгек таяқша ( ). Бұрын адамдар калииграфияны жасау барысында иероглифын («мəңгілік» мағынасында) мысал ретінде алатын болған. Берілген иероглиф сегіз таяқшаның барлығын қамтиды деп есептеген.

Кейбір таяқшалық элементтердің басқа да нұсқалары бар. Нəтижесінде жалпы жиырмаға жуық негізгі таяқшалық элементтер бар екендігі анықталды. Канси сөздігінде 50-ден астам таяқшалардан құралатын иероглифтар да бар. Заманауи сөзідіктерде 20 немесе одан да көп таяқшалардан тұратын иероглифтар да жиі кездеседі. Г.П.Сердюченконың айтуы бойынша, жалпы орта есеппен алғанда жиі пайдаланылатын 2000 иероглифтың əрбір екіншісі 11 таяқшадан құралады [4, 152 б.].

Қытай иероглифтарының құрамына кіретін негізгі таяқшалар айтарлықтай оңай, ал олардың иероглифтағы бір-бірімен сəйкес келуі – қиын мəселе болып табылады. Бұл жерде жазылу реті графикалық элементтерді арнайы ереже бойынша реттейді. Жазу барысындағы негізгі ережелер:

1)иероглиф жоғарыдан төмен қарай жазылады: , ;

2)иероглиф солдан оңға қарай жазылады: , ;

3)алдымен көлденең сызықтар, содан кейін тік сызықтар жазылады: , ;

4)алдымен көлденең таяқша, содан кейін сол жаққа бағытталған таяқшалар жазылады: , ;

5)алдымен сол жаққа бағытталған, содан кейін оң жаққа бағытталған таяқша жазылады: , ;

231

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

6)бірінші сол жаққа бағытталған таяқша, одан кейін көлденең сызық жазылады: (бұл ереже 4-ережемен салыстырғанда, сол жаққа бағытталған сызық тік сызықтан ұзын болған жағдайда қолданылады);

7)алдымен иероглифтың сыртқы бөлігін құрайтын сызықтар , одан кейін

оның ішінде орналасқан сызықтар жазылады: ; сөздің төменгі бөлігінде орналасқан таяқша соңғы болып жазылады: , ;

8)ортасында орналасқан жəне иероглифтың соңына дейін баратын тік таяқша соңғы болып жазылады: ; егер де тік таяқша оның соңына дейін жетпейтін болса, ол бірінші жазылады, содан кейін шеткі бөлігіндегі таяқшалар жазылады: , ;

9)алдымен шетіндегі, содан кейін орта бөлгіндегі таяқшалар жазылады – ,

;

10)оң жақтағы немесе əріптің ішіндегі нүкте соңғы жазылады: , ; жоғары жақтағы жəне сол жақтағы нүкте бірінші жазылады: ;

Жоғарыда иероглифты жазудың тек негізгі ережелері аталғандығын ескеру қажет. Жазу ережелерін меңгеру иероглифтарды қатесіз дұрыс жазу үшін қажет. Иероглифтың таяқшалық белгісі екі түрге бөлінеді: жай таяқша жəне күрделі таяқша. Əдетте жай таяқша оңай таяқшалардың нақты

құрылымынан тұрады. Мысалы: , , . Ал, күрделі таяқша одан бөлек əрбір бөлігі бір мағынаға ие қиындатылған таяқшалардан құралады. Иероглифтардың мұндай маңызды бөліктері графемалар деп аталады. Графемалардың көп бөлігі жеке иероглифтар ретінде (мысалы: , ) жəне күрделі иероглифтың құраушы бөлігі ретінде де қолданылуы мүмкін. . Иероглифтардың маңыздылығын айта отырып, иероглиф кілттерін ескермей кету мүмкін емес.Қытай тілінде 300-ге жуық графема бар. 214 кілттен тұратын тізімге жалпы 300 графемадан барлығы кірген жоқ. Кілттер иероглифтардың тақырыптық жіктеушісі не топтастырушысы ретінде көрінуі мүмкін жəне сөздіктен немесе анықтағыштан иероглифті іздеуде қажет болады.

Фоноидеографикалық таяқшалар қытай жазбасындағы бір топ белгілерді құрайды. Бұл топтың иероглифтары əрқашан да екі бөліктен құралады. Семантикалық кілт деп аталатын бөлігі иероглифтың семантикасы жағынан туыс, заттар мен құбылыстардың класстарын білдіретін белгілер тобына кіретіндігін көрсетеді. Мысалы, «жүрек» кілті адамдардың сезімдері мен уайым-қайғыларын білдереді. Олардың қатарына келесі иероглифтар

кіреді: si (ойлау), xiang (сағыну), fen (ашулану), nu (ашулану), kong(қорқу), bei (қайғылы), chou (көңілсіз) жəне т.б.

Екінші бөлігі фонетикалық көрсеткіш немесе фонетик деген атауға ие. Ол фоноидеограмманың оқылуын көрсетеді. Қытай тілінде графема pian pang (əріп.қисық+шеткі), кілт – bu shou (əріп.бөлік+бас) деп айтылады. Кілттер қытай тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының иероглифтік іздеу жүйесінің əмбебап каталогтары ретінде қолданылады.

232

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

Кілттердің пайда болу тарихы иероглиф сөздіктерінің пайда болуымен байланысты. Шығыс Хан дəуірінде Сюй Шен жасап шығарған «Шовэн цзенцзы» деген қытай иероглифтарының ең алғашқы сөздігі 9353 иероглиф пен 540 кілттен тұратын болған. Мин дəуірінде Мэй Ин деген ғалым 214 иероглифтан тұратын «Цзыхуэй» деген сөздікті жасап шығарды. «Шовэн цзенцзы» сөздігі пайда болғаннан кейін екі мың жыл бойы иероглифтарды жіктеу иероглифтар сөздіктерінде тек қана кілттер бойынша жүргізіледі. 1958 жылы латын тілі негізіндегі əліпби бекітілді. Сонымен, кілттер жəне əліпби қытай тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарында иероглифтарды іздеу жүйесінің каталогы ретінде қолданылады. Осы жерде кілттердің маңыздылығы жəне қажеттілігі көрінеді. Қытай жазбасын өзгерту комитеті 1983 жылы 201 белгіден тұратын иероглифтық кілттердің жалпы нормативті тізімін қабылдады. Қытай тілінің сөздіктерінде кілттердің реті кілттегі таяқшалардың санына байланысты анықталады [5, 55б.]. Неше сызықтан тұратынына қарамастан, иероглифтар шаршының ішіне сыю қажет. Иероглифтарды əр белгіге кішкентай төрт шаршыдан құралған бір үлкен шаршыға, тор көз дəптерге жазған дұрыс. Сонымен қатар, иероглифтарды жазу ережелерін де сақтаған жөн. Əрбір иероглифтың кілттерін, таяқшаларын салмастан бұрын барлығын жақсылап жоспарлап алу қажет. Осылайша, қазіргі қытай иероглифтары бір немесе одан да көп арнайы таяқшалардан тұратын құрылым болып табылады. Графемалардың көп бөлігі жеке иероглиф ретінде де, күрделі иероглифтың құраушысы ретінде де қолданылады.

Б.з.д. XVI-XI ғ.ғ., яғни Шан-ин дəуірінде, jia gu wen (əріп. тері+сүйек+жазу) пайда болды. Ол кезде таяқшалар үшкір заттармен бассүйкетерге жəне жануарлардың терісіне жазылатын болған. Кейінірек, Чжоу дəуірінде ( б.з.д. ІІ ғ.-ІІІ ғ.аяғы) хат, жазба құралдарына көптеген өзгерістер енгізілді. Патшаның жарлығы сияқты маңызды құжаттар қымбат жібек матаға жазылатын. Б.з.д. І мыңжылдықтың аяғында матадан, ағаш діңдерінен жəне бамбуктан қағаз жасауды əлемде алғаш болып қытайлықтар үйренді.

Бұрынғы уақытта fang si bao (əріп.бөлме+төрт+қазына) Қытайдағы сауатты адамның белгісі болған: хат жазуға арналған қылқалам, қатты сия, қағаз жəне сияны өшіруге арналған өшіргіш. Иероглифты жазу үшін қылқаламды сияға батыратын. Қытай сиясы күйе мен желімнен жасалатын болған. Сия ыдысының пайда болуы өте ерте кездермен байланысты [6]. Хучжоудан алынатын материалдардан жасалған «hu bi» қылқаламы, Хучжоуда өндірілетін «hui mo» сиясы, Сюанчэн қаласында жасалатын «xuan zhi» қағаздары жəне Дуанчжоу қаласының «duan yan» тастан жасалған сия ыдыстары Қытайдағы ең сапалы заттар болып саналады.

Қытай жазба иероглифтарының əлемдік дамуда үлкен тарихи рөл ойнағандығы анық. Ол тек қытай мəдениетінің ғана емес, сонымен қоса Азияның басқа мемлекеттерінің – Вьетнам, Корея, Жапония халықтарының мəдениетінің дамуына өз əсерін тигізді. Ол əлемдік мəдениеттің қазынасына көп үлесін қосты.

233

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

Қытай тіліндегі қытай жазбасы пайда болғалы əлемдік мəдениеттің үздік туындыларының қатарына кірген көптеген əдебиет туындылары жарық көрді. Олардың қатарына shi jing «Кітаптар əні», shi ji «Тарихи жазбалар», xi you ji «Батысқа саяхат», san guo yan yi «Үш патшалық», hong long meng «Қызыл сарайдағы түс» жəне т.б. туындылар кіреді.

Қытай иероглификасы тек қытай əдебиетіне ғана емес, сонымен қатар қытай өнеріне, оның ішінде қытай каллиграфиясы мен көркемөнеріне де өз ықпалын тигізеді.

Каллиграфия өнері ерте заманда-ақ қатарына əдеп, музыка, садақпен ату, атпен жүру жəне есептеу өнері сияқты «алты өнердің» қатарына кіретін болған.

Қытайдың ұлттық сурет өнері сурет, каллиграфия мен поэзияның бірлігінен тұрады. Қытай суретшілері бір уақытта каллиграфтар, ғалымдар болған. Сонымен қатар, олардың əдебиеттен, поэзия мен философиядан хабары бар болатын. Осы ретте Сун əулетіндегі Суши, Цин əулетіндегі Чжэн Банцзяо сияқты ғалымдарды атап өткен жөн.

Қытайдың ресми жазбасына айналған қытай иероглифтарын Шығыс Азияда – Корея, Жапония мен Вьетнамда қолдана бастады. Шығыс Азия мемлекеттеріне иероглифтармен бірге қытай мəдениеті де (конфуцишілдік, қытай буддизмі, қытай ғылымы мен тахникасы жəне т.б.) тарала бастады. Соның нəтижесінде «қытайлық мəдени орта» құрылды. Қазіргі уақытта Шығыс Азия мемлекеттерінде өздерінің жазбалары бар. Дегенмен, олардың иероглификаның көмегімен құрылғанын ескеру қажет. ХІХ ғасырдың ортасында батыс өркениеті шығысқа көшпестен бұрын қытай иероглифтары Шығыс Азияда кең таралған жазба түрі болып табылды. Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінде əлі күнге дейін қытай иероглифтарын қолданады (жапон тілінде 1945 қытай иероглифтары пайдаланылады). Қытай иероглифтары жазбаның ең танымал түрлерінің бірі болып табылады. Жапонияда қытай каллиграфиясының туындыларын ерекше бағалайды.

Қорыта айтқанда, қытай тілінің фонетикасын қытай пиньин əріпімен, қытай тілі лексикасы ретінде қытай иероглифтері ( hanzi) құрайтын таяқшаларынан, одан соң басты бөліктері арқылы қытай иероглифтеріне (hanzi) қол жеткізсек сөз қорын дамытсақ ары қарай грамматикалық білім тұрғысынан қытай сандық сөздерінің қытай тілін үйренуде өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар екенін анықталды. қытай тілін үйренуге оқытушының көмегіне сүйене отырып, білім алушының алдына мақсат қойып, табандылық жəне жауапкершілік көрсетсе аталмыш тілді белгілі деңгейге толық меңгеруге болады деген ойдамыз. Тіл үйрену, соның ішінде қытай тілін үйрену көрші ел болған Қазақстан үшін өте маңызды. Тіл үйрену үшін біріншіден, орта; екіншіден, тіл үйренуге қызығушылық, əуестік керек; үшіншіден, тіл үйренудің əдіс-тəсілдерін меңгеру қажет.

234

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

Əдебиеттер

1.Мəсімхан Д., Мамытан Қ. Қытай тілі фонетикасының негіздері. – Қазақ Университеті, 2001. – 67

б.

2.Найман С., Қытайша-қазақша үлкен сөздік – «Han-Ha da cidian». – Үрімжі: Шыңжаң Халық баспасы, 2006. – 147 б.

3.Садырова М. Əлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. – 78 б.

4.Кондрашевский, А.Ф. Практический курс китайского языка: пособие по иероглифике. – Ч.І. –

М.: Муравей, 1999. – 152 б.

5.Сердюченко Г.П. Китайская письменность и ее реформа. –М.:Издательство вост.литература, 1959. – 55б.

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ƏДЕБИЕТІНІҢ ҚЫТАЙҒА ЫҚПАЛЫ

Абдырақын Н. Əл-фараби атындағы ҚазҰУ, PhD доктор.

Қазақстан, Алматы.

E-mail: abdurakyn.nurhalyk@gmail.com

Бұл мақаламызда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қытай əдебиетінің жаңару себептері қарастырылады. Мың жылдықтарда қалыптасқан дəстүрлі қытай классикалық əдебиетінің мүлде жаңа бейнеге ауысуы, шетелден аударылған 160-тан астам кітаптың қытай тілінде сөйлеуі, Қытайдың идеологиясын тас-талқан етіп, қаламгерлердің, зиялы қауымның өз ұлтының құндылықтарына үрке қарауы, соның негізінде қалыптасқан жаңа əдебиет, сонымен бірге Ресейдегі «Қазан төңкерісін» көзімен көрген Ли Дажаудың 8 мақаласы «жаңа жастар» журналында жарияланып, 1919 жылғы 4 мамыр отаншылдық қозғалысы қытай əдебиетін түбірінен жаңартқаны сөз болады.

Кілт сөздер: Қытайдың жаңа заман əдебиеті,шетел əдебиет, Жуң Хуа минго.

Влияние зарубежной литературы на Китай в первой половине XX века

Аннотация: В этой статье рассматриваются причины возобновления китайской литературы в первой половине XX века. Изменения тысячилетней китайской традиционной классической литературы в новом виде, более 160 книг в направлении на китайском языке не только изменили идеологию писателей, а так же взгляд интелегенции на национальные ценности, оснаванная на этом новая литература, и публикация в газете "Новая молодежь" 8 статей написанная Ли Даджао об "Октябрьской революции" в России, дал толчок для основания а гражданское движение в 1919 году 4 мая в корне изменил китайскую литературу.

Ключевые слова:Китайская литература в новое время, миссионерская литература, ветер коммунизма, Чжун Хуа Минго.

Influence of foreign literature on China in the first half of the 20th century

Abstract:This article discusses the reasons for the resumption of Chinese literature in the first half of the 20th century. Changes in the thousands of years of Chinese traditional classical literature in a new form, more than 160 books in the Chinese language not only changed the ideology of writers, as well as the intellect's view on national values, equipped with this new literature, and the publication in the newspaper "New Youth" 8 articles written by Li Dazhao about the “October Revolution” in Russia, founded, and the civil movement in 1919 on May 4 radically changed Chinese literature.

Keywords:Chinese literature in modern times, Missionary literature, Communism is network, The Wing Hua mingo.

235

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

Қытай миссионерлік əдебиетінің басталуы Қытайдың Циң империясының ( 1796) Жия Чиң патшасының алғашқы жылынан ( ) Дау Гаң патшаның 20-жылына дейінгі (Апиын соғысы туылғанға дейін) ширек ғасырда Қытайдың феодалдық қоғамы гүлдеуден құлдырауға бет алды. ( ) Чиян Лоң патшаның соңғы жылдары, ел құлдыраудың ең төменгі шегіне жетті. Алайда буржуазия табының күшейіп, феодалдық хандықты құлатып тастайтын деңгейге жеткен жоқ, сондықтан да əдебиетте алғабасар демократиялық идеяны бейнелейтін шығармалар болмады. Əліде феодализмдік иделогиялық формация үстем болды [1,402-б].

1807 жылы Қытайдың Гуаңжоу қаласында «Инжіл»-ді қытай тіліне аударды, сонымен бірге қытайша түсіндірме сөздігі баспадан бірге шығып, ел ішіне кең көлемде тарады. Бұл уағыз-насихат жұмыстарды ағылшындық «Ост-Индия» компаниясының аудармашылары атқарды, Лондон протестанттық миссионерлік қоғамының мүшесі Роберт Моррисон белсенді жұмыс жасады[2,188-б].

1840 жылғы апиын соғысынан кейін, Қытайда протестанттық миссионерлік ұйымдардың саны күрт өсті. Бұл христан діни миссионерлерінің Қытайға төртінші реткі үлкен көлемде дін тарату ісі болды[2,187-б].

1860-1867 жылдары 48 протестанттық миссионерлік ұйым ашылды. Бұлардың 90 пайызы Англия мен АҚШ-тан келгендер болды. 1860 жылдың соңында 20 ағылшын миссионерлік ұйым жұмысын бастады. Моррсонн көрнекті шəкіртінің бірі, Йельс медициналық метебінің түлегі Питер Паркер 1838 жылы Гуаңдұңда офтольмологиялық клиникасын ашты[3,211-б].

Цин династиясының Гуаң Шүй патша кезінде 1875 жылы Қытайдан 120 студент шетел асып батыс мəдениетін, ғылымын игере бастады. Ендігі кезекте миссионерлер мен шетелде оқыған қытай студенттері батыс кітаптарын жан сала аударуға кірісті. Осылай қытайдың дəстүрлі мəдениеті соққыға ұшырап, тоқырау күйінде болды, қытайлардың ойлау, дүние танымында өзгеріс пайда болды. Яан Фу (1854-1921) бастаған шетелде

оқыған аудармашылар

англиялық ойшылдар

Thomas Henry

Huxley-тың

« Біртіндеп даму

теориясы» Adam

Smith-тың

« Ұлттар

байлығы» John Stuart Mill-дың « Топтық салмақты теория» John Stuart Mill-дың « Логика жүйесі» William Stanley Jevons-тың

« Логикалық логика», « Саясат тарихы» « Əлеуметтануды зерттеу» қатарлы бірталай батыс кітаптарын аударды.

Лин Шу (1852-1924), Alexandre Dumas.fils-тың« Камелия ханымы» атты романды аударып елді елең еткізді. Жалпы осылай 160-тан астам шығарма қытай тіліне аударылды. Əсіресе « біртіндеп даму теориясы» қытай халқының санасында төңкеріс жасады. Бірнеше мың жылдық тарихқа ие Күң Зының (Конфуцийдің) «Ру Жия» ағымы өздігінен əлсіреді. Демек, бұл қытай қоғамының астан-кестеңін шығарып, əдебиетті жаңартып, қытайларды өз түбірінен алыстатты [4].

236

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

Осылай Қытайдың үш мың жылдық жазба классикалық дəстүрлі əдебиеті тұйыққа тіреліп, басқа шыт жаңа күйге өтіп, батыстық құндылықтармен суарылған жаңа əдебиетке еріксіз өзгере бастады.

Жаңа қытай əдебиетінің басталу кезеңі (1898-1916). Бұл кездегі қытай əдебиетінің тілі түсініксіз болды. Кейін «Бай Хуа » қозғалысы қытай тілін аздап тазартты. 1895 жылдың қысында Лиң Чичау (1873-1929), Шия Сыңю қатарлы қаламгерлер Бейжіңде бас қосып, өлеңді жаңарту мəселесін талқылады. Бұнда олар шеттен кірген кірме сөзден өлеңді тазарту жағын баса айтты. 1890 жылы жазылған Хуаң Зунчиян(1848-1905) аузымнан не шықса соны жазамын деп ең алғашқы болып еркін өлең жазуды дəріптеді, оның « бүгін қоштаспа » атты өлеңі ең алғашқы жаңа өлең үлгісі саналады.

1902 жылы Лияң Чүйчау Жапонияда «жаңа проза» журналын ашып 42 сан шығарды, жаңаша проза жазудың жолын жан-жақтылы көрсетті. Осыдан кейінгі жеті жылда əдеби журналдардың саны 20-ға жуықтады. Барлығыда жаңа демократиялық бағытты ұстанды. Бұның арты мəдениет реформасына ұласып, қытай қоғамы жаңара бастады. Уаң Гоүй (1877-1927) жаңа заман əдебиет теориясын қалыптастырды. Артынша «көбелек прозалық» тобы жəне «сенбі күн прозалық» топтары құрылып шығарма жаза бастады. 1911 жылы Чиң Хай төңкерісі қытайдың бірнеше мыңдаған жылдарға жалғасқан феодалдық түзімін тас-талқан етті.

1913жылы қытай уақытша үкіметі Жуң Хуа минго білім министірлігі барша қытайлық фонетика мамандарын жинап үлкен бас қосу жасады, онда олар иероглифтердің оқылуын бірлікке келтіру мəселесін жан-жақты талқылады. Лиң Чүйчау-дың «жаңа демократия» деген ұранымен əдебиетте заманауилық бағыт көрініс берді. Осы кездерде Қытайда үлкен-үлкен саяси өзгерістер пайда болды, əдебиет реформасы жүргізіліп Лияң Чүйчау «өз ұлтының өзгін қайта табу, батыс философиясына тойтарыс беру» қозғалысын бастап, өз ұлтын құтқару жұмысын жүргізді [4,88-92-б].

1914 жылдан кейін көтерілген Қытай буржуазиясы мен өсіп келе жатқан пролетариатқа түгелдей жаңа формадағы əдебиет қажет болады.

1915 жылы қыркүйекте «Жаңа жастар» журналы өз оқырманын тапты. Батыстың философиялық ойларын аударып, елге батыстық демократия мен батыстың қоғамдық ой-санасын, құндылықтарын енгізуді дəріптеді. Осылайша зиялы қауым көңілінен шықты. 1917 жылы Ху Шы «Жаңа жастар» журналында бас мақаласын жазды жəне осы арқылы «жаңа əдебиеттік бағытты» ұсынды.

Нақтырақ айтқанда, осы мақалада əдебиетке 8 түрлі бағыт ұсынды: -Жаңа заман əдебиетін жазуда прототип дегенді негізге алу керек;

-Көне заман адамдарын дəріптеуді қою керек, тарихи тұлғаға еліктеудің еш қажеті жоқ; -Əдебиеттің өз тілін табу керек, əдеби этикаға жат емес тілді таңдау;

-Бір-бірімізге сын айтқанда жау көзқараспен емес, достық тұрғыдан қарауымыз керек;

237

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

-Жаттанды, мылжың сөздерді қолданбау керек, мағыналы əрі санаға қонымды сөз табуы керек; -Ескі, көне, өлі иероглифтерді қолданыстан шығару керек;

-Идиома жəне сол сияқты қиындатылған тіркестен аулақ болып, олардың орнын жеңіл тіркестер басуы керек; Қорытындылай келе, 2 түрлі тоқтамға келді:

Əдебиет мазмұн мен формадан тұруы тиіс. Мұнда əдеби тіл басты орында тұруы керек деді. «Ескі жазуды күшінен қалдырып, жалпыхалықтық - ға көшуді ұсынды. Бұл ақын Ху Шының əдебиетке енгізілуі тиіс болған сегізінші бағыты.1917 жылы ақпан айында «Əдебиет реформасының теориясы» атты мақаласын жазды. Мұнда ол əдебиетке 3 түрлі идея, реформа ұсынды.

«Жалтақтап, қорқақтап, тапсырыспен шенеуніктерге арнап шығарма жазуды біржолата жояйық» деді [4].

1917 жылғы Қазан қоғамдық революциясы Қытай интеллигенциясын дүр сілкіндірді, Қытайға Қазан революциясынан бастап марксизм желіесті. Бұл əдеби революция кезеңі, сонымен қатар марксизмленинизмнің Қытайға келу кезеңі болды. Марксизм-ленинизм еңбектері Қытайда үлкен сұранысқа ие бола бастады.

Марксизм – ленинизм ... Қытайлар ақиқат жолын тапты, марксизмді олар орыстардың қолдануы практикасынан соң иеленді ».

Коммунисттік идеяны қытайға алғаш таратушы - Пекин университетінің профессоры, қытайда Коммунисттік партияның негізін салушылардың бірі, «4 мамыр» қозғалысы мен əдебиет революциясының

белсенді қатысушысы Ли Дажау болды. [5,55-58-б] Сол кездегі қытайдағы басты басылым жаңа жасатр журналына ( бұл журнал қытайдағы зиялыларды, ұлтшылдарды, байларды жанына жинай білген Чын Душудың 1915 жыл ашқан басылымы) 1916 жылы қыркүйекте Ли Дажаудың «Қытайдағы ұлттық революцияға марксисттік көзқарасым», «Қазіргі тарихи ғылымындағы тарихи материализмнің орны» «Маркс жəне Ι Интернационал », «Қазан революциясы жəне қытай халқы», «Халық жеңісі», «Большевизм жеңісі», «Жер жəне шаруашылық» атты мақалалары бірінен кейін бірі жариялады. Қытайда марксизм – ленинизмнің таралуына тікелей себепкер болды. [16,55-58-б]Ол жастарды өткен мен байланысын үзіп, ескі шіріген ғылымды жойып, оған батыл тойтарыс беріп, қараңғыдан алшақтап, жарыққа ұмтылуға шақырды. ''Қарапайым халықтың жеңісі'' атты мақаласында ол Қазан революциясы бұл – əлем революциясының бірінші қадамы деп жазды. ''Большевизм жеңісі'' атты мақаласында Қазан революциясын большевиктік идеяның жеңісі - əлемдегі барлық жұмысшыларының жеңісі деп қарастырды. Оның көптеген жазбалары қытай қоғамын ''4 мамыр қозғалысына'' дайындады.

Атақты мəдениет қайраткері, Қытай Коммунистік партиясы басшыларының бірі Чүй Чюбай, И.В. Сталиннің «Ленинизм негіздері жайлы» еңбегін алғаш

рет қытай тіліне аударады. Ақын Қу Шы қытайға марксизмді таратуға

238

«БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» ЖƏНЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ»

қарсы болады. 1919 жылы Қу Шы '' '' журналында ''Принцип жайлы аз сөйлеп, мəселені көп зерттеу керек'' атты мақаласын шығарды. Ол осы мақаласында саяси теорияның мəні төмендететін, Қытай интеллигенциясының назарын марксизм-ленинизм идеясына бас тартуға шақырды. Кейін, ол коммунисттік идеялар мен социалисттік идеяға қарсы шықты. Алайда сол кездері жаңа мəдениет революциясы мен марксизм идеясын қабылдау қозғалысына жақтаушылар, ''4 мамыр қозғалысынан'' кейін, марксизмді зерттейтін қоғам құрылды. 1920 жылы мамырда

Шаңхай Тиянжин Нанжиң Ухан жəне тағы басқа

қалаларда марксистік үйірмелерді көптеп құрды[6,85-91-б].

 

Байхуа-ны қолданысқа енгізу ұсынысы 1919жылы

''4 мамыр

қозғалысында'' көтерілді. Онда ''ғылым мен демократияны'' насихаттаудан марксизмді насихаттауға пайдалы деген кезде, қарсылық көрсетушілер бірден өздерінің наразылығын білдірді. Алайда жастардың басым бөлегі сол кездегі феодализмге қарсы бағытты ұстанып, оған қатты мəн бермеді. Жас интеллигенттер феодалдық жəне империалисттік күштер жағынан күштеуге тап болды. ''4 мамыр қозғалысына'' дейін, жастар антифеодалдық, буржуазиялық реформатор жастар мен революцияның демократиялық бағытындағы жастар болып екіге бөлінді [7,158-165]. Деседе жастардың арасын бір нəрсе ұстап тұрды, ол Қытай классикалық романдары болды, сонымен бірге əлемдік əдебиет өкілдері Байрон, Ибсен, Тагор, Диккенс, Уайлд қатарлы жазушылардың шығармалары осы екі бағыттағы жастарды байланыстырды. Деседе Ресейдегі Қазан төңкерісінің əсері Қытайды жаңашылдыққа сүйреді, тек мəдени революция емес, сонымен қатар сол кезең, қоғамның, əдебиеттің жаңаруын қажет етті. Жаңашылдық батыстың лебімен қытайға келді, кітапхана сөрелері батыс классиктерінің туындыларына тола бастады[8,103-105].

Буржуазиялық интеллигенция арқылы, Қытай Ұлы жазушысы мен айналасында топтасқан революциялық жастар, əдеби революциялық ұранды тастап, олар əдебиет пен ескі феодалдық компрадор жəне чиновниктік бюрократияға қарсы шықты. Олардың əдеби майдандағы күресі Қытай жастарының құрметіне ие болды. Əдеби революцияға көптеген əдеби мектептер, ағымдар мен топтарды қалыптастырды. Олар идеологиялық бояуы бойынша əр түрлі ағымдар түрлі қоғамдық топтардың көзқарасын жырлады.

Жаңа қытай прозасының басын 1916 жылы маусым айында Чын Хыңжы (1890-1976) атты Хунəн өлкесінің жазушысы «Ша Фи» деген қалам атпен жазған қытай жаңа заман əдебиетіндегі ең алғашқы Бай Хуа тілімен жазылғын «Бір күн» атты əңгімесінде Америкадағы студенттердің бір күндік өмірін өте тамаша суреттеген. Бұл жазушы ел есінде таныс емес, ол кісінің «себезгілеген жаңбыр» атты əңгімелер жинағы да бар.

1918 жылы «Жаңа жастар» журналы редакциясы Ли Дажау, ЛюБанноң, Ху Шы, Жоу Зорын, ЛуШүн, Шүй Жымо жəне т.б қатарлы жазушылармен толықты. Осылайша «Жаңа жастар»

239

«THE BELT AND ROAD INITIATIVE»

журналы сол жылдың 18 мамырында халықтық тілге көшті. Ең алғаш Лу Шүнның 4-ші, 5-ші сандарында халықтық тілде « Есалаңның естелігі», « Күң Ижи»,« Дəрі»атты əңгімелері жарияланды.

Бүкіл Қытай қоғамындағы зиялы қауым бұл шығарманы өте жақсы бағалады. Осы журнал төңірегінде 3 түрлі зиялылар: коммунист зиялылар, байлар – аристократтық зиялылар, сонымен қатар буржуазиялық зиялылар келді.

«Жаңа жастар» журналы «кісілік құқық, теңдік, еркіндік» деп ұрандатумен болды. Дəл осы зиялылар 1919 жылы 4 мамыр күні жастарды -ға алып шықты. Олар империалистік қимылды жойып, жаңа мəдениетпен əдеби төңкерісті жандандыруды алға тартты. Осыдан бастап, Қытай əдебиеті мен мəдениеті пролетаризмнің қажеті үшін жұмыс жасау керек деген демократия мен кісілік құндылықтар мəселелерін көтерді. Артынша жаңа əдеби ұйымдар, газет – журналдар арт-артынан жарық көрді[4].

1920 жылы наурыз айында Ху Шы қытай жаңа заман əдебиет тарихындағы алғашқы « сынау, байқау» атты жыр жинағын жарыққа шығарды. Бұл жаңа стилде жазылған өлең, басқа ақындарды тамсандырды, осыдан кейін Жоу Зорын, Каң Байчиң(1896-1958), Лю Дабай (1880-1932) қатарлы ақындар жаңаша өлең жаза бастады.1919 жылы Го Мороның «Самұрық жыры», «Қарақшының əні» қатарлы жаңа өлеңдері оқырманға жол тартты. 1920 жылы «Жаңа өлең жинақтары» деген кітап баспадан шықты, бұған Ху Шы, Лю Банноң, Жоу Зорын, Каң Байчиң, Го Моро қатарлы 15 ақынның 102 өлеңі енді. 1922 жылы Үй Пиңбоның «Қысқы кеш» Каң Байчиңның «Шөптер» атты жыр жинақтары жаңа өлең үлгісімен жазылды, осылай « сынау, байқау» атты əдеби ағымы қалыптасты [5].

1917-1927 жылдарда батыс əдебиетін аудару ағымы қалыптасты, отандық поэмалар, эсселер, əңгімелер мен бір актілі пьесалар ''жаңа мəнерде'' жазылды. Жаңа əдебиеттегі екі басты бағыты пайда болды. Бұл реалистік жəне романтикалық бағыт, Қытайдағы қазіргі əдебиеттің даму тарихында негізгі рөл атқарды. Оның ең басты өкілі Лу Шүн, Го Моролар болды. Лу Шүн қарапайым халық өмірінен жазуды алға тартты. Жаңа бағыт – реалистік, яғни шыншылдық бағыттағы əдебиетті қалыптастыруымыз тиіс деді. Романтикалық бағыттағы əдеби топтың аты «Тапқырлау» деп аталды. Бұл топ 1921 жылы Шаңхайда құрылып, басшысы Го Моро тағайындалды. «Тапқырлау» тобының мүшелері қалған феодалдық идеология мен дидактизмге қарсы күресіп, жаңа əдебиетті құрды. «Тапқырлау» тобының мүшелеріне əскери романтизм тəн болды. ''Əдебиетті зерттеу қоғамы'' секілді «Тапқырлау» тобы басқарушы таптың езгісіне қарсы күресті. Осы екі əдеби топтардың мүшелері арасындағы арпалысты – пікір-сайыстарды, əдеби көркем-өнердегі реалистік жəне романтикалық ағымдарды көруге болады.

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап қытай əдебитінде Бай Хуа - ны негіз еткен жаңа қытай əдебиеті қалыптаса бастады, Ун Ян -ды негіз еткен көне қытай əдебиеті де болды.

1931жылы құрылған солқанат жазушылар одағы, 1947жылы жазушылар одағы болып өзгерді. 1949 жылдан кейін қытайда өте үлкен саяси

240

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]