Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

қатыспайды. Егер де бөлініп шыққан ешқандай енші мал алмаған болса, ол қыстауға келіп қосылады. Ал, егер еншісін алып қойған болса, қабылдамайды. Қыстауды тастап кету әдетте тек қана бай, ауқатты адамдарда ғана кездескен. Ал кедейлер, шаруалар уақытша жұмысқа жалданып кеткенде ғана тастап кетуге мәжбүр болған. Әдетте, еншісін алған ұзақ мезгілге кетеді, ал еншісін алмаған қайтып келуіне болады [6, 146 б.].

Қарашы. Кедей қырғыздар (қазақтар – Қ.Н.) байлардың маңында тұрады. Көбіне сол байлардың туыстары, кейде арасында ғана басқа рулардан келгендер кезедеседі, көбіне өз руларының адамдары орналасқан. Қарашы (қараша) әлеуметтік мәртебесі төмен, экономикалық жақтан тәуелді, қара кедей, жалшы. Дәстүрлі қоғамда, сондай-ақ хан, сұлтандарға бағынышты қара қалықтықарашынемесеқарашадепатаған[7,412б.].Кейбірсырттанкелгенкірмелерсаныкөбейіп, бір қауым ел болғанымен, бәрібір кірме болып саналады. Бірақ, мұндай оқиғалар сирек кездеседі. Өйткені қазақ халқындағы жүзге бөліну осы территориялық байланыстарға қарай болды.

Өріс. Өріс деп малдың жайылымдық жерін айтамыз. Өрістер жалпы күзеу, көктеу, қыстау, жайлау болып бөлінеді. Бірақ барлығы қыстаудан ұзап кетпейді және атадан балаға мұраға қалып, пайдаланып отырған. Жыл маусымына қарай пайдаланылатын жайылымды экологиялық, санитариялық,шаруашылық талаптарына сайұтымды тұтынуүшіноны шартты түрдесегменттерге бөледі. Бұл табиғи ортаны тиімді игерудің тәсілі ретінде жыл маусымына сәйкес жайылымдағы шөптердің малазықтық қуатын «есептеуден» туындаған үрдіс. Қой түлігі басқаларға қарағанда аса үлкенжайылым аумағынталап етеді. Өріс ұғымы,ең алдымен, қойға қатысты жиі айтылады [3, 753 б.]. Оған егер баласы болмаған жағдайда, әйелі басқаға тұрмысқа шықпаса әйеліне мұраға қалдырылады. Ал, әйелі тұрмысқа шықса, туыстарына мұраға қалдырылады. Егер қызы болып, ол қызы тұрмысқа шыққан болса, онда күйеу баласы қайын енесі жағына көшіп келіп, жерді мұрагелікке өзі дүниеденөткенше пайдалануға рұқсатболған.Бірақ өзі келгенсоңбалаларына емес әйелі мен атасының туыстары жерді және қыстауды тең бөлісіп алады. Кей кездері, бір атаның балалары,екі-үшағайындыжігіттереншіалыпшықпағанболса,өрістібірігіппайдаланады.Өрістер жалпы алғанда көлемі жағынан біркелкі болып келеді. Бірақ билердің, бай ауқатты адамдардікі шаруалардан әлдеқайда үлкен болатыны белгілі. Нақты екі аралық белгісі бұл үйілген топырақ немесе арнайы қазылған ор болады.Қыстық малға азық шөпшабутамыздыңбасынан басталып, бір айға созылады.

Қора. Қора мал қамауға арналған орын-жай болып табылады. Қыста жылы күндері күншуақ, күн түсетін жақты ашық ұстап, суық күндері, батыс жақты қымтап жабуға тырысады. Көшпелі ортада төбежабыныныңбар-жоқтығына орайқораныңашыққора жәнежабық қора дегеннегізгіекі түрі кең тараған. Ауа-райының жауынды, боранды, аязды кездерінде малдың қоңын жоғалтпауына жабық қора ерекше ықпал етеді. Қора салуға жергілікті қолжетімді материалдар пайдаланылады. Қабырғаларының жасалынған (тұрғызылған) материалына қарай тасқора, соқпақора, кірпішқора деп аталады. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ағаштан, қамыстан, шиден де қора тұрғызу кең тараға [8, 737 б.]. Кедей ауылдар да мүйізді ірі қара мен қойларды бірге баға береді. Бай ауылында екеуін бөлек жаяды. Үйде қолда тұрған тоқтылар мен жабағылар күніне екі рет жемшөп жейді. Жабағыларды жылы күндері сыртта шөппен қамтамасыз етсе, суық күндері малмен бірге ұстауға тырысады. Сиырдың бұзаулары мен жылқының жабағы құлындарына таңертең және түс ауа күніне екі рет шөп салады. Бір мезгілде басқада малдарға да солай шөп салынады. Жылы күндері қар еруі мүмкін, егер жер қатты лай болмаса малды тұзды жерге айдайды. Ал, жер қатты, лай болса тұзды үйге әкеліп малға береді.

Жылқы малы, биелер ақпан айының ортасына таман құлындайды. Жаппай құлындау сәуір айында өріс алады. Кейде жыл бойына жалғасуы мүмкін, яғни тамыз айына дейін құлындайтындар да кездеседі. Егер бие күзеуде алыста құлындаса, құлын жоғалып кетуі мүмкін. Жылқышы буаз биенің құлындау мерзімін жақсы білсе, дереу қыстаудағы қораға айдап әкелуге тырысады. Көктем ертешығып,күнжылыболсажылқынықыстауғаайдамайды,биесолдаладақұлындайдыжәнеоған ешқандай көмек көрсетілмейді. Бай қырғыздарда (қазақтарда) арнайы жылы қора болады. Бие құлындау мерзімі жақындаса дереу айдап сол қорада ұстайды. Көп жағдайда биелер қыстауда құлындайды, сирек жағдайда ғана далада болуы мүмкін. Кейде осы жылқының арасында басына құрық түспеген шу, асау биелер болады. Олар тек далада ғана құлындайды. Егер бие суық күнде құлындаса, биені күн жылынғанша ауылда қорада ұстайды.

Бие сауу. Жылқы малы биелерді сауу жиырма бесінші сәуірден басталады. Қалғандарын майдың жиырмаларына сауады. Ел жайлауға шыққан кезде сауылатын биелерді бөле бастайды. Алдымен желі тарту үшін қазықтар қағылады, бірінші қазықты жылда арнайы қазық қағып жүрген тоқпақтыңсабынаақматабайлап,үлкенақсақалдардыңбіріқағушарасынжасайды.Желітартқанда

141

әрбір бес құлынның ортасына бір қазық қағады [4, 677 б.]. Желі маңы биебау деп аталады. Кеш құлындағандарды жиырма-отыз күннен соң сауады. Жас байталдарды (бірінші құлындап отырғандарды) ешқандай саумайды. Тіпті кедейлердің өздері бірінші тума билерге тиіспейді. Мұндай биелерді сауса бие қалпына келе алмай арықтап, көтерем болып және құлыны өспей қалуы мүмкін.Онбесбиеденонынсауады,алқалғандарынкөшіпжүргендесаууымүмкін.Күнінетөртрет сауады. Бұдан артық сауса бие арықтап құлынына сүт шықпай қалуы мүмкін. Кедейлер, шаруалар күніне алты-жеті рет сауады. Он биеден бір шелек қымыз шығады. Көшіп-қону кезінде биені сауа бермейді. Егер екі-үш күн бір жерде тұрақтаса, онда күніне бір-екі рет ғана сауады. Сүт мөлшері уақыт өте келе жем-шөпке байланысты өзгереді, сондай-ақ құлыны күнен-күнге есейіп тамақты көбірек қажет ететін болды. Бір айдан соң сүт мөлшері айтарлықтай азайып кетеді. Себебі, тамыз аяқталасалысыменшөпқурап,өзініңқұнарлылығынжоғалтады.Биесауымтамызайындатолықтай тоқталады. Енді осы бие саууға байланысты Сәрсен Қодарға тоқталсақ:

Сәрен Қодар. Үш биені саууды майдың соңына таман бастады. Бір апта бойы күніне үш-төрт рет сауса, кейін күніне алты рет, бұдан кейін қырық күн бойы күніне бес рет сауып отырған. Бірақ күн ыстық күндері мүлдем саумайды. Салқын күндері бие сүтті мол береді [9, 68-69 б.].

Сиыр. Қазақтың төрт түлігінің бірі, мүйізді ірі қараға жатады. Қазақ жерінде сиырдың қай кезден көбейе бастағаны туралы түрлі пікірлер ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушілерінің еңбектерінде кездеседі. А.И. Левшиннің мәліметіне қарғанда, ХVII ғ.-ға дейін қазақтар сиыр малын ұстамаған, тек кейінірек көрші қарақалпақтардан және қазақ жері арқылы 1771 жылы Ресейден Жоңғарияға көшіп бара жатқан торғауыттардан олжалап алған дейді. Л.П. Майер қазақтарға сиыр малы Сырдарияның арғы бетіндегі қарақалпақтардан, ал қырдағылар қалмақтардан алған деседі. Ал, этнографХ.Арғынбаевмалшаруашылығындаертекезденбасқатүліктүрлерінеқарағандасиырдың үлес салмағы аз болса да қазақ даласының барлық өңірлерінде қазақ сиырының өсіріліп келгенін, оған ХХ ғасырда Қазақстанның әр аймағында жүргізілген архелогиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері дәлел болатындығын атап айтады [10, 165 б.]. Сиыр малы бұзаулауды наурыз айының басында бастайды. Наурыздың жиырма бесінен сәуірдің онына дейін бұзаулау мерзімі болады. Кімде бес сиыр бар дәл осы уақытта сол бесеудің үшеуі бұзаулайды. Сиырды күніне екі мәрте сауады,албұзауыесейіпкеткесін,яғни3-4немесе5айлықболыпкетсе,бірретқанасауатынболған. Сәуірдің онынан бастап жаппай сауу басталып, шаруалар сегіз айға дейін сауа береді. Күн ысыған кезде мүйізді ірі қаралардың арқасында көбелек ұрықтары пайда болады. Мұны қырғыздар (қазақтар – Қ.Н.) оқалақ дейді. Мұндай кезде сиырлар барынша құтырады, яғни тері мен еттің арасындағы құрттар жыбырлап, сиырды бір орында тұрғызбайды. Бұл кезде сиыр малы адамдар үшіндеқауіптілеуболады,өйткеніжолдақарама-қарсыкележатқанадамғаасаусиырлартурақарсы шабуы мүмкін.

Қой сауу. Қой – дәстүрлі көшпелі ортада кең тараған төрт түліктің бірі. Қазақтың төрт түлігінің ішіндегі ең момыны. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы барлық түліктің 59,9 %-ын қой түлігі иеленген екен. Әр малдың сауылу мерзімі мен тәсілі әртүрлі. Қой – үш ай, ешкі – 5 ай, бие – алты ай, сиыр – 7-8 айға дейін, түйе он екі ай сауылады. Қой сауатын адам дөрекі мінез көрсетпейді [8, 686-687 б.]. Қой саууды майдың он бестерінен бастайды. Осылардың ішінде кәрі және жас қойларды саумайды. Кәрі дегеніміз бұл алты-жеті рет қозылағандар, ал жас дегендер бұл бірінші төлдеп отырған жас тоқтылар. Тек арасында ірілерін ғана саууы мүмкін. Кімде екі жүз бас болса, сол жүз жиырмасы қозылаған соң қой саууды бастай береді. Қалғандарын сүттің мөлшеріне қарай сауады. Себебі, жас қозының әлділігіне байланысты. Қозысын емізбей тұрып саууды – үріптеу сауудесе. Қозысын емізіпбарыпсаууды жебей сауу, жебу, идіріп сауудейді. Жалпы қойды күніне бір рет сауады. Күн жылы кездері екі рет сауады түске дейін және кешке. Елу қойдан бір шелек сүталады.Бұлтөрт сиырдыңбергенсүтіментеңкеледі. Көшіп-қонукезінде майда малды бір түндік қонатын жерде саумайды. Егер екі үш күн тоқтар болса, сол жерде ғана саууы мүмкін. Кедейлер (шаруалар) егер сиырлары жоқ болса, қозыларды енесінен аулақ ұстап, қойларды сауады. Сауынның соңғы кездері елу бастан жарты шелек сүт алынса, кейін бұл мөлшер азайғанда қой сауу тоқтатылдады. [6, 89 б.].

Несие. Несие - бұл малдарды жалға қарызға беру түрі. Жылқыларды қарызға алады. Мысалы егер жылқы отыз рубль (2,5 рубльге – бір тоқты келеді) тұрса, келесі жылы үстіне он рубль қосып, қырық қылып төлейді. Қой осы жылы үш рубльге бағаланса, келесі жылға төрт рубль төлеп қайтарады. Осы арқылы байлар кедейлерді пайдаланады. Тайыншаны бағалағанда екі бұзауға теңейді. Егер уақытында төлей алмаса, екі есе, екі қой және бір тұсақ қосып береді. Кедейлер байлардан семіз соғымға арналған қой алады. Сирек болса да кедейлер байларға жыл бойы төлеп тұруға да келіседі. Көктемге таман қой азыңқы болады, ал еркек мал семіздеу келеді.

142

Етікші. Етік, кебіс, мәсі тігумен айналысатын, қолы шебер адам. Егер тапсырыс үш-төрт сыңар етікке немесе кебіске түссе, онда сол тапсырыс берушіге жұмыс жасайды. Тек бір аяқ киімге ғана тапсырыс түссе, онда өзіне жұмыс жасайды. Етік тігу науқаны кезінде етікшілер орта есеппен 60 сыңар етік дайындаған. Тапсырыс берушілер етікке қажетті тері, таға, шұға, жіп, шеге сияқты заттарды өзі әкліп берген. Ал кейде шеге, ұлтарағын етікшілер өздері сатып алған. Етіктің бір сыңарын екі жарым күндей уақытта дайындаған. Сарыла отырып, ұзақ тігетін етікшінің ісмерлігін, еңбекқорлығын құрметтеп, көтермелеп отырған. Ал, тілі шақпа, мінезі қиқар келетін етікшілер туралы «етікшіге жолама – бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе» деген нақыл сөз қалған [5, 234-235 б.]. Етікші өзімен бірге қосымша қайыстар, бігіз, таға мен жіп тағы басқа керек жарақтарын алып жүреді. Етіктің бағалары екі рубльден бес рубльге дейін (2,5 рубльге – бір тоқты келеді). Кебістің бағасы бір рубль сексен копейкаға дейін барады. Еңбекақысы кейде келісімге қарай заттай, яғни малмен, астықпен төленген. Көбіне бағалы етіктерді бай, дәулетті адамдар сән үшін киеді.

Ұсталар. Темірден, ағаштан неше түрлі бұйым жасайтын қолы шебер адам. Ұсталар көбіне тұрмысқа қажетті заттар жасайды. Мысалы, ат әбзеелдеріне қатысты: үзеңгілер, құйысқандар, тебінгі, жүген, шықыршық, тартпа, ер тұрман, кісе, пышақтар және пышақтың қынын жасайды. Ұсталар барлық әшекей зат болсын, басқа да ер тұрман болсын күмістейді. Қару жарақтан ұзын немесе қысқа қанжарлар жасайды [11, 63-66 б]. Ағаш ұсталары сиректе болса есік терезе жасайды. Олар есіктің босағасын сонау Баянауылдағы жәрмеңкеден сатып алады. Ал, уық, кереге, шаңырақ секілді киіз үйдің басқа да бөліктерін, Ақмола облысындағы жәрмеңкеден сатып әкеледі. Кедейлер мұндай заттарды Баянауылдағы байлардан сатып алады. Сегіз қанатты киіз үй қырық рубльге бағаланады. Қанат бір-екі рубльге бағаланады. Шаңырақ екі мен алты рубльдің арасында бағаланады. Металмен жұмыс істейтін ұстаны түркі халықтарында ақ ұста, қара ұста деп ажыратқан. Қара ұста деп қара темірден (кейде мыс пен жезден) бұйым жасайтын шеберлерді, ақ ұста деп қара ұстаның әдіс-тәсілдерін түгел меңгерген және алтын-күмістен көркемдік бұйымдар жасайтын, шеберлік шыңына көтерілген адамдарды атаған. Қолөнердің кез келген саласының ұстасы немесешебері-құрметті,қасиетті,ал олардыңқұрал-саймандары киелісаналған[10,554-555

б.].

Тас қалаушылар. Лай-батпақты илеп кірпіш құйып, оны қалайтындарды тас қалаушылар дейді. Тас қалаушылар көбіне жаз айларында қыс мезгіліне қыстауларды дайындайды. Кірпіш қалаудың да өзіндік жасалу жолдары бар. Мысалы қабырға биіктігі төрт жарым аршын, ұзындығы төрт аршын, қалыңдығы бір кірпіш болса, бағасы бір қой тұрады. Егер мың кірпіш құйып берсе, үш рубль немесе қозылы қойға бағаланады, бұл қазіргі күнмен салыстырғанда, осы бағамен шамалас болады.

Көшіп қону. Бір жерден екінші жерге ауысу, қоныс аудару. Бұны бұрындары осы елдің ақсақалдары мен билері көшіп-қону уақытын анықтап, кішкене ауылдарға шармандар хабарлайды. Бұрын малды көп туысқан бірігіп ұстаған. Себебі, сырттан келетін барымтадан қорыққан. Барымтада алынатын негізгі мал жылқы айдап әкету. Бір-екі жылқы әкетілсе ол барымта емес, 8-10 жылқыдан көп, яки үйірімен әкетсе ғана барымтаға жатады. Барымташылықпен ауылдың қарулы жігіттері айналысқан. Көбіне орта тап өкілдерінің балалары [4, 551 б.]. Бүкіл туысқан рулар бірге көшпейді,текжекелегеншаруашылықиелерікейдетоптасып,бірнешеауылкөшеді.Жаздабірнеше ауыл бірігеді. Қыстаудағыдай емес, бұл кезде бірнеше ауыл бір құдық суын пайдалануы мүмкін. Егер кедейлер басқа көшіп қонушылардан қалып қойса, онда құдықтан айырылады. Көктемгі көшу кезінде әркім өз жағдайына қарай көшеді. Баратын жерді анықтап алған соң ғана көшуге дайындалады. Көшу кезінде жол-жөнекей құдық сулары мен қардың еріген суларын пайдаланады. Біререкшелігібірауылкөшіпөткенжерденекіншіауылдакөшіпөтеді.Әрбірүлкенруөзініңкөшіп қону аймағына барады. Мысалы, Құлұйық малын жазда Өлеңті өзенінен Қара Оңғырға дейін, одан ары Ақшайға, Шідерті өзенінен ары Қолыбай шадқа дейін барады. Кедей ауылдар арттағы қалған құдықтарды жайлапқалса,байауылдарарықарайкөшуінжалғастырабереді.Ауқатты руларәдетте өтежақсыжерлердіиемденіпқалады.Кедейлерболсаолардыңқасынажақынқонбайды,себебішөп жетпеуімүмкін.Егердекедейауылжақсыжергекеліпорналасса,артынанкелгенбайауылыоларды ары қарай ығыстыруға тырысады. Содан келіп кедейлер ол жерден ығысып, басқа жаққа бай ауылынанұзақтауотыруғатырысады.Алғашқыкүндерімалдыауылғажақынжердедөңгелекжасай отырыпжаяды.Шөпазайғансайынбұл айналымдыұзарта береді.Осы айналымменмал кейкездері жеті верстьке (1-версть 500 құлаш, метрге тең) дейін өріске шығатын кездері болады. Бұрындары Құлұйық Қарамолаға дейін, одан Бота қара мен Шарман қарасуға дейін баратын. Ұрманшы ұрпақтары Өлеңті өзенінен бала кескенге дейін жайласа, Құйуық өзінің көшіп-қону қашықтығын Өлеңті мен Шідерті өзенінен қайтарады. Ұрманшы ұрпақтары Арқалықтан ары қарай көшуді

143

доғарды дейді. [11, 139-146б.].Жайлауға кетіпбара жатып,қыстауды жатақтарға қалдырыпкетеді. Оларға бірнеше сауын сиыр да қалдырады. Қыстауды күзетке бермейді.

Жалпы мақалада ХІХ ғасырдың аяғындағы Қызылтау болыстығы қазақтарының әлеуметтік мәселеллері мен бірнеше шаруашылық түрлері қамтылған. Осы аумақтарды жайлаған ру аттары, өзен мен көлдердің топонимикалық атаулары және қазақтың төрт түлік малына қатысты бірнеше еңбектер сараланды. Қазақ ұғымындағы еншіге қатысты бірнеше салыстыруларды да айтуға болады.Ондаәкесібаласынаеншібөлгендемалменбіргематериалдықдүниені жәнесоныменқатар қыстауларды да белгілеп, бөлетін болған. Дала заңы бойынша көшіп-қону шегарасын анықтауда, жайлаудан қыстауға көшуде, өзгенің жайылымдық жерін рұқсатсыз, келісімінсіз пайдаланған жағдайда мұндай түйткілді мәселені, тек үлкен ру ақсақалдардың көмегімен ғана шешетін. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының арасындағы бірнеше тап өкілдері баяндалды. Бір рудыңарасынасырттанкеліп,қосылатынкірмерулардаайтылады.Төрттүлікмалдыңжайылымдық түрлеріне де қатысты бірнеше өріс түрлерін сараланды. Өріс ұғымы жалпы қойға қатысты көбірек айтылады. Төрт түлік малды қыстың күні қолда ұстау үшін міндетті түрде қора керек. Қораның жасалу немесе тоқылу түрлері де сипатталады. Төрт түлік малдың төлдеуі және олардың сауылуы туралыайтылды.Ондамалдықаншауақытсауады,қандаймалдардысаумайды,төлдердіенелерінен ажырату. Мал сауу кезіндегі әр түрлі ырым-тиымдар. Қазақтың төрт түлік малын жалға алу және айырбас саудалары баяндалды. Халық арасындағы темір мен ағаштан түйін түйетін шеберлер. Шеберлердіңжасаған заттарына қарайеңбек ақылары мен ұсталық мектептері. Сонымен қатар лайбатпақтардыилеп,онықалайтынтасқалаушылар.Бұлкәсіпқазірдежазайларындакездеседі.Көшіп қону жер ыңғайына қарай болады. Онда көктемде көктеуден, жазда жайлауға көшетін уақытта ел ақсақалдарының кеңесі өтіп, солар шешеді. Көшіп баратын жерді барлау жұмыстары, қарапайым шаруаларды басқа жерлерге ығыстыру. Бірақ көбіне барлық рулар өзінің көшіп қону аумағына барады.

___________________________

1.Бөкейханов Ә. Н. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: Сарыарқа, 2009. 2-том. - 566 б.

2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005. - 656 бет.

3.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017. 4-том: Қ-Ө - 832 бет (иллюстрацияланған).

4.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017. 1-том: А-Б - 856 бет (иллюстрацияланған).

5.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017. 2-том: Г-З - 848 бет (иллюстрацияланған).

6.Бөкейханов Ә. Таңдамалы. (избронное) /Гл. Ред. Р. Нургалиев. – Алматы. «Қазақ энциклопедиясы», 1995. - 480

бет.

7.Қазақстан тарихы. (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. Алматы: «Атамұра», 1998 жыл. 637 бет, суретті, карталы.

8.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017. 3-том: З-Қ - 856 бет (иллюстрацияланған).

9.Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1-том. Құрастырған Әжіғали С. – Алматы: Арыс, 2009. -

328 б.

10.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017. 5-том: П-Я - 816 бет (иллюстрацияланған).

11.Бөкейханов Ә. 7 томдық шығармалар жинағы. – Астана. 2010. 2-том. -758 бет.

Қанайбекова Э.Т.

Қазақстан Республикасы ұлттық музейі

ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ЭТНОГРАФИЯСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КӨРІНІСІ

Этнографияныңәдебиеттегі рөлінқарастырғанда этнос болмысыныңруханиәрі материалдық құндылықтарыерекшеназарға алынады.ЕлбасымызН.Ә.Назарбаевтың«Болашаққабағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей ұлттық бірегейлігімізді сақтап қала отырып ұлттық сананы жаңғырту міндеті – қазақ этносының шығу тарихынан бастап дәл қазіргі кезеңге дейінгі даму жолына негізделеді. Рухани жаңғыру жолында тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдарының тоғысу негіздері арқылы этностық болмыс-бітімімізді одан әрі зерттеу мақсаты айқындала түсері анық.

144

Рухани өнеріміздің алтын діңгегі саналатын дүниелердің бірі – көркем шығармалар өзіне тән тілдік байлығымен, көркемдік тәсілдердің үйлесімділігімен, оқырманға салар ұтымды да мәнді танымдық-эстетикалық әрі тәрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Көркем шығармаларда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен ежелгі тарихы, мәдениеті, ата-бабадан қалған ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, діні мен ділі, сенімі мен ұлттық құндылықтары терең мағыналы көркемдік стильдермен, бай да құнарлы тіліміздің айшықтарын әспеттеумен астастырылып беріледі. Қандай да бір туындыны алсақ та, онда түрлі кезеңдерді қамтыған қазақ ұлтының бет-бейнесі, халқымыздың өткені менбүгіні көз алдымызда әсем суреттеулер мен теңеулер, тілдік бірліктермен басқа да тілдік құбылыстар арқылы оқырманды өзіне тартып, баурап алатыны жасырын емес.

Қазақтың көркем туындыларындағы ұлттық нақышты әспеттеп баяндау қай жазушыны алсақ та, онда өзіндік стильмен көрініс тапқанын байқаймыз. Әрбір жазушының оқырманға ұсынар идеясыментақырыптыашудағыбеталысы,ондағынегізгіойменкейіпкерлердіңмінез-құлқын,түр- сипатын, тұлғалық белгілерін келістіріп беру әр түрлі болып келеді. Көркем шығармалардағы этнографиялық сарындарға, ұлттық нақышқа келетін болсақ, әдебиеттің этнографиямен арақатынасы әдебиеттің өзіндік даму тарихымен өзара байланысты келеді. Қазақ жазушылары өз туындыларында қазақ этносының барлық даму тарихын үндестіре өрнектегеніне әр кезеңде жазылған туындылар арқылы куә боламыз. А.Құнанбаевтан бастап, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, С.Көбеев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезовтың, т.б. прозалық туындыларына қазақ халқына тән этнографиялық үлгілерді арқау болды. Одан кейінгі жарыққа шыққан көркем шығармаларда да бұл сипат жалғасын тауып, ұлттық ерекшеліктерімізді насихаттауда үлесін қосып келеді.

Әрбір қазақ қаламгерлерінің көркем туындыларында этнографиялық сипаттар, ұлттық өмір сүру ерекшеліктері қандай мақсатпен, қандай ұстанымды алға тартып бағытталса да, қазақтың ұлттық құндылықтары бір шығарманың ішіне кірігіп, өткенімізді көзалдымызға келтіріп,көнемізді тірілткендей әсер беретіні бар. Мақалада баяндалатын қазақ қаламгерлерінің шығармаларындағы этнографиялық сарындар, ерекшеліктер жан-жақты тұрғыда, көркемдік, стильдік, баяндау тәсілінің алуандығымен, тарихи және кезеңдік сипатымен, қазақ халқының образын ашудағы қыр-сырымен сабақтастықта қарастырылады.

Ғалым Т.Тебегенов: «Әдеби шығарма – өткен мен бүгінді, болашақты тұтастай елестететін өзекті мәселелерді қамтитын көркемдік-эстетикалық тағылымы мол халық дүниетанымының айнасы»[1], – деп атағандай, әдеби шығармалар арқылы халықтың дүниетанымы мен мәдениетінің ықпалдасу үрдісін аңғаруға болады.

Жалпы этнографиялық белгілердің көркем шығармалардағы көрінісін сипаттау ежелгі тасқа қашалып жазылған жазба ескерткіштерден бастау алып, қазақ фольклоры: ертегілер, эпостық жырлар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар мен нақыл әрі шешендік сөздер, мифтік туындылар мен аңыз әңгімелер, әпсаналар мен айтыс өнерлерінде көрініс тауып, одан әрі қазақ прозасы мен поэзиясында жарасымды жалғасын тапты. Солардың бірқатарына мысал келтіріп өтейік. Мәселен, Мәди Айымбетовтың «Кәрі жыланның азасы» атты әңгімесін алып қарастырсақ, шығарманың өн бойында қазақтың ұлттық танымы мен салты жатыр. Қазақтың киелі киіз үйінен бастап, төстік тарту салты, қазақ мақал-мәтелі мен қасиетті туып-өскен жердің бағасына деген ұтымды ой, үйге жылан кірсе ақпен шығарып салу және үй жығу дәстүрі көркемдік әдістермен сипатталған. Қазақтың ескі танымындағы ырым мен киеге деген ой түюлер де әсерлі орын тапқан. Ырым мен кие арқылы адамгершілік ізгілікті сақтап қалудың мән-жайы әңгімеленген. Науқас болған баланың қойнына кіріп шығып, емдеген жыланның құдіреті негізінде жыланға деген көзқарасты, танымды жаңарту бары аңғарылады. Ордалы жыланның мекені болған ортаны «Жыланды» деп атауда да аңыздық сарын байқалады. «Көз алдын бұлдыр-бұлдыр келегейлеген сағым-мұнар әлдеқайда, алысқа көшіп, ғайып бола бастағандай, әне, шаңырақты, жартылай ашылған түңліктен көкшіл аспанның бір шетін көріп жатыр» [2, 24], – деген сөйлем жолдарынан қазақ этносының киелі шаңырағы мен түңлігін көгілдір аспанмен сабақтастықта бедерлейді. Қазақтың киелі шаңырағы – киіз үйді құрайтын бөлшектер де шығармадағы ұлттық бейнемізді ашуғаарқауболған.«Ерқанат-ай,көсеуменалып,басынааққұйыпшығарыңдаржарықтықты,– деді Сәдірхансықырлауықтанкөзіналмағанкүйі.– Адамғазалалжасамағасын-ақкиеліғойжарықтық...» [2, 25], – деген жолдардан сықырлауық пен уыққа асылған жыланды қазақтағы ескі наным-сенім бойынша ақ құйып шығарып салу дәстүрімен ұштастырады. «Жыланды ақ құйып шығарып салу салты басқа жыландарды өшіктіріп алмау үшін жасалатын шара болу керек. Бұлай деуге негіз бар. Өйткені қазақ арасында, әсіресе, ордалы жыланды өлтіруден қатты қорыққан» [3, 191], – деп Әділ Ахметов «Түбі түркі өркениет» атты еңбегінде дәлелдей түседі.

145

Әңгімеде киіз үймен қатар, туып-өскен жерге дегеныстық сезім мен салт-дәстүріміздің үзігін мына сөйлем жолдарынан анық аңғарамыз: « – Хым-м, ия, – деп жөткерінген Сәдірхан шал бірдеңе айтқысы келгендей Нәдірге қарап жалтақтай берді. Мұны сезген ол: – О, не, ақсақал? – деді құлағынан фонендоскопты алып. – Күн өтсе төбесіне қара қойдың төстігін тартушы еді ғой, соны қайтеміз деп... әрі өзіңнің қонақасың. – Сәдірхан дәрігердің қас-қабағын бағып жалтақтай сөйледі.

– Қонақасына бола әуре болмаңыз. Ал төстік тарту мәселесіне мен ақылшы емеспін. Медицина тәжірибесінде ондай ем сырқат адамға әзір қолданыла қойған жоқ»[2, 24]. Осындағы қысқаша ғана диалогтан қазаққа тән қонақжайлық айқын көрінеді. Жоғарыдағы мәтіндегі адам басына күн өтсе төбесіне қойдың төстігін тартатын ескі ырым, халықтық ем мен келген қонаққа арнап табақ ұсынуды сабақтастыру сөзіміздің дәлелі. Шығарманың бас кейіпкері Қайдасбек пен әкесі Сәдірбек образдары арқылы қазақы танымдағы ырым мен кие деп саналған дүниелерге ізгілікпен қарап, шаңырағында өлген жыланға зияны тимегенін айтып, дәстүрлі түсінікке сенген олар шаңырағында жылан өлген үйлерін жығып қоныс аударулары ескі көзқарастағы ырымдарды ұстануларынан мәлімет береді. Әңгіме желісінде ұлтымыздың фольклорлық туындылары мақал-мәтелдер де үйлесім тауып, кейіпкер образын ашуда қолданыс тапқан.

Келесі бір шығарма – Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» туындысы. Әңгімеде баяндалатын апасына деген сағынышты суреттеу барысында, уақытында бағалай алмаған құндылықтардан ақпарат береді. Мұнда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің исі аңқып, ұлттық танымы тілдікбайлықпенкөмкеріледі.Ата-бабамыздыңұрпақ тәрбиесінде назарғаалғанкүнделікті тіршілікте атқаратын іс-әрекеттер арқылы ұлттық құндылықтарға, ұлттық өнерге баулуға деген ұстанымды шығарманы оқу барысында тереңінен аңғарамыз. «Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған əдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақшалмаған қара бұйра шашқана... менің көз алдымда: қандауырын қайрап, басының қаны тасыған еркек-ұрғашының кеудесіне мініп, арам қанын ағызып тұрған; немесе тері илеп, көн тігіп отырған; жүн түтіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіпотырғанАпам; ертеректе қазақ əйеліне істеукерек болса, түгелқолынанкелетінАпам; қазақ əйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам» [4, 6]. Осындағы жолдардан кимешек киген бүкіл қазақ әйелдерініңбейнесі бірмәтінніңішінен табылып,қазақ әйелі атқарған тері илеп, көн тігіп, жүн түткен, алаша мен сырмақ тіккен тұрмыс-тіршілік көз алдыңнан қатар тізіліп өтеді. Әңгіме желісіне арқау болған теректен ойып жасалған апасының астауы қиынқыстау кезеңде асыраған аса қымбат әрі қасиетті зат ретінде келтіріледі.

«Өзгені қойып, мықтымсып жүрген мына менің өзім сол Апамнан тірі кезінде неге ғана бəрбəрін: киізбасып,үйтігуді,арқанесуді,тері илеп,өңдепкиімтігуді,алаша тоқып,өрнектепсырмақ тігуді,саба,сүйретпе,торсықістеудітəптіштепжазыпалмадым.Енді,міне...қолымыздымезгілінен кеш сермеп отырғанымыз. Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз» [4, 8], – деп өзегін өртеген өкініштің ізін аңғартады. Ұлттық нақышты айқын бейнелейтін этнографиялық белгілеріміз – киіз басу өнері, арқан есіп, тері илеп, өңдеуді, киім тігуді, алаша тоқу мен сырмақ тігу, ыдыс жасап үйрету ата-кәсіп екені, атадан-балаға мұра болып қалатын рухани әрі мәдени қазынамыз екендігі назарға алынады. Сол мұраны келешек буынға бағыштап, ұлттық ата кәсіпке машықтандырып, жалғастырып отыру үлкеннің міндеті ретінде ескеріледі. Ал, сөз болған этнографиялық сарынымызды жете түсініп, ұлттық өнер ретінде игере алу, әрине, әр жас буынның жеке қарым-қабілетіне байланысты екендігі анық.

«Апам етегін дөңгеленте белін қынап тігіп берген, қарағайдың қабығына бояған қызыл тонымды,теріқолғабымды,елтірі тымағымды,табандатқанақ пимамдыкиіп,қолшанамды (оны да қайыңнаниіпшабақ салып,апамістепберген) сүйрепойнауға шығамын»[4,9].Келтірілгендейтері мен қайыңнан иіп жасалған киім үлгілері халқымызға тән этнографиялық құндылығымызды шұрайлы сөз иірімдерімен үйлестіріп, шығарманың ажарын аша түскен. Әңгімеде бала тәрбиесінде ескерерлік дәстүрлерде келісті өрбітіледі.Мәселен: «Қорықпа, ұлым, – деді Апам. – Əйел адам мал бауыздамайды.Сен– азаматсың!Кəне,мықтапұста»[4,14],– деп ұл тәрбиелеудегібасымдықтарды алға тарта суреттейді.

Салт-дәстүрімізде өзіндік орын алатын қыз жасауы да тақырыпты ашуға негіз болып, қолдан жасалған бұйымдардың дайындалу барысынан сыр шертеді. «Əкем мен шешем алғашында оң жақтағы тұла бойы тұңғыш қызынан айырылып қалғанына намыстанып қатты ашуланғанымен, артынан «кетер қыз кетті», – деп, жасау-жабдығына кіріскен. Əрине, жасау дегенде сырмақ, алаша, көрпе-жастық секілді үй жиһазының ол-пұлы ол кезде тек қана қолдан тоқылып, тігілетіні белгілі. Апам Шолпанның мұқым тең-тең жасауын бір айдың ішінде дайын етті де, шанаға тиеп, маған

146

аттың делбесін ұстатып, құдаларға аттанды» [4, 15]. Әңгіме желісінде апасын ақтық сапарға сырмаққа орап, зузаға салып шығарып салу салтындағы ұлттық бұйымдар мен жоқтау салты да қатар көрініс табады. Жоғарыда келтірілген этнографиялық көріністерден бөлек, қыз ұзату, сыңсу сияқты тұрмыстық салт-дәстүріміз бен соғым сою, сонымен қоса, қазақ тіліндегі тұрақты тіркестеріміз де келтіріліп отырады.

Оралхан Бөкейдің «Терісаққан» әңгімесінде ескі ғұрыптық дәстүрлерде кездесетін тасаттық ырымы баяндалады. «Бұл елдің сән-салтанаты бейне мынау өзеннің өзіндей әмбебабында тұрған шағытынқыстайсуық сорыпжүдегенжұрталғашқы шуақ,алғашқыкек,алғашқыкүркірегенөзенге алақанын жая табынып, жаратқан иесіне тасаттық арнап жалбарынады» [5, 120]. Мұндағы сөз болған тасаттық ырымын келісті сөздермен өрбітіп, сол оқиғаны көз алдыңа келтіреді. Жалпы, тасаттық ырымы жайлы мәліметтерге келетін болсақ, «Қазақ халқы этнографиясының мәселелері» атты Ә.Т.Төлеубаевтың еңбегінде былайша түсіндіріледі: «Салт-жоралық дастарханды дайындау кезінде және аяқталғаннан кейін де жастар суға түсіп, бір-біріне, жиналған адамдарға су шашқан, бұл жауынды шақырудың нышаны болған. Ел тамақтанып алған соң, қайтадан Құраннан дұға оқылған, ол: «Ей, Алла, мына халықтың садақасын қабыл алып, жауын бере гөр!» деген тілекпен аяқталған. Соңғы 40-50 жылда «тасаттықты» қиын қыстан, табиғат апаттары, індет аурулардан соң да жасаған. Жалпы жауынды шақырудың салт-жорасы генетикалық тұрғыда табиғатқа табынушылықпен және шамандықтың жауын шақыру (жада) салт-жорасымен байланысты ежелгі түрік әдет-ғұрпына да ұқсаған» [6, 283]. Сонымен қатар ауыл аймағындағы ақ отаулардың тігілу салты да суреттеледі.«Алты қанат, тоғызқанатақ отаулар тігіліп, әр тұстанжер ошақ қазылып,мал сойылғанда, күн тас төбеге көтерілді» [5, 120]. Ұлттық ойындарды шығарма өзегіне арқау етіп, сауық-сайранды тіршіліктің жайынан оқырманды хабардар етеді: «Жастар жағы күркіреген өзеннің жағасына алтыбақан құрып, от жағып, кеше ғана құлазып жатқан өңірді сауық-сайранға бөледі» [5,

121].

Ұлттық нақышқакелетін,халықтыңтұрмыс-салтынанмәліметберетінұлттық салт-дәстүрлер де айтылған. «Алты сан алаштың басын қосып былтыр өлген Ырысбайдың асын өткерді, келін түсіріп, қыз ұзатты; күнде бәйге, күнде көкпар, күнде күрес, күнде айтыс, әйтсе де күнде тартыс» [5, 124]. Осындағы ас беру, келін түсіріп, қыз ұзату салты мен ұлттық ойындар бәйге, көкпар, күрес ойындары,сөзөнеріайтыстаәсемсөзбенойыстырылады.Текқанаұлттықдәстүрғана емес,ұлттық тағам түрлері де келтіріледі: «Сөйткенмен ұзамай қоңыр күз туып, қылышын сүйретіп қыс келерін іштей сезеді ғой, қымызға қызған сауықты бөкін-шүкін шаруаға айырбастау сыңайлы..» [5, 124]. Тұрмыс-тіршілікті көрсетуде бейнелеу тәсілі әспетті суреттеледі: «Иін тіресе қожырқайланып, алыстанболжағанда: найза,садақ ұстағанбатырға,жұтболыпжаппайқырылып,аққар,көк мұздың астында тырапай асқан малжанға ұқсайтын [5, 131]».

Ғ.Мүсіреповтың «Этнографиялық әңгімесі» қазаққа тән этнографиялық ерекшеліктерді шығарма кейіпкерлері, олардың мінез-құлқы, киім үлгісі, кескін-келбеті, тұрмыс-тіршілігі арқылы адамға тән жан құбылыстарын аңғартуда шоқтығы биік тұратын туынды. Әңгімеде адам баласына тән қарапайымдылық та, тәкаппарлық та қатар сипатталып, атам заманнан қабылданған ежелгі дәстүрді көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан ауыл тұрғындары жасап келе жатқан ауыр тұрмысына қарамастан ата салтын жоғалпағанынан сыр шертеді. «Біз еркектердің қасына келіп тоқтап, сәлем бердік. Күн жылы болса да тымақтарын тастамаған бастар аз ғана еңсесін көтерді де, тіл қатқан жоқ. Жыртық төбелерінен жүн жұлынып шығып тұрса да тымақтарда бір тәкаппарлық бары аңдалады» [7, 273], – деп текті ұрпақтан тараған қаны қазақ жұртымыздың өн-тұлғасын бір шолып өтеді. Тұрмыс-тіршіліктің нашарлығына қарамастан, қоғамдағы барлық келеңсіз жағдайлардан биік тұратын адамгершілік қасиеттерге, тұлғалық даму сипаттарының алуандығына шолу жасап өтеді: «Алдақашан тысы оңып бозарып кеткен тымағының төбесіндегі жыртығынан суырылып шыққан түйенің жүні де тәкаппар шошаятын сияқты» [7, 275]. Үлкенді сыйлап, оған көрсетілетінқұрметпенежелденқалғанқоғамдыққағиданыңарасындағыайырмашылықтабірғана сөйлемнен айқындалады: «Енді түсіндім, бұл ауыл атам заманнан да әрі бір кезде қабылданған дәстүрді бұзбай келеді екен. Үлкен біреуі айтқан бір сөзді, үлкен орнатқан бір дәстүрді ешқайсысы бұзбайды да, өзгертпейді. [7, 275]. Шығарма желісіндегі оқиғалар қазақ халқының ұлттық санасы, дүниетанымы, этнографиялық және мәдени болмыс-бітіміне, ер адам мен әйел адамның ісәрекеттері мен міндеттеріне, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсететін, келген қонағын барымен қарсы алып, шығарып салатын әдет-ғұрпына ой жүгіртеді.

Әңгімеде баяндалатын ауыл адамдары, олардың мінез-құлқы, барлық бейнесі мен олардың күн көріс жағдайын бір ғана киіз үйдің ішінде анықтап, киіз үйдің жасау-жабдығымен, ыдысаяғыменқорытындылапберебілгенжазушыныңшеберлігінетаңқалмасқаболмайды.«Еңалдымен,

147

бұл мен көрген киіз үй біткеннің ішіндегі ең жыртық-тесігі көп үй. Мұндай көп жыртықты, мұндай үлкен тесіктерді мен қойшының қосынан да көрген емеспін. Қойшының әйелі мына қара құрымды да жамап қойған болар еді. Бес-алты уығы алақандай жалпақ, бір кезде сырланғандығы, зерленгендігі байқалады. Өзге уықтары қырық ру – бірі жіңішке, бірі иінсіз, шаңыраққа тік тіреліпті» [7, 276]. Жазушының қарапайым халықтың шаңырағындағы үйреншікті көріністі сипаттап беруіндегі тәсілі ондағы жандардың кіршіксіз де аңғал, кейде тосыннан тәкаппар болып көрінетін бейнесін сипаттауда кедергі келтірмейді. «Оң жақ босағада аласа жүкаяқтың үстінде темірмен белдеуленген аруақты бір ескі сандық, бетінде екі-үш жерде ғана сүйектелген өрнектің ізі қалған ескі кебеже... Көрпе-жастық дегеннің ізі байқалмайды. Екі басы қайықтай қақырайған ағаш төсектің үстінде сырмақ сияқты, құрамыс көрпе сияқты бірдемелер қоқып жатыр. Төр алдында тай, тайынша, ешкі, лақ терілері шикі күйінде төселген. Бір кезде көк сауырлатқан, күмістеткен үйрек бас ер осы үйдің төріне мың жыл бұрын ілінген күйі қала бергендей, қаусап тұр. Таралғылары қырқылып, күмістеткен үзеңгілері үзілігі түскелі тұр» [7, 276], – деп сөз тізбектеген жазушы көз алдымызда қазақтың ұлы отауы – киіз үйінің ішіндегі оң жақ босағадағы жүкаяқты, ескі тартқан кебежені, ағаш төсектің үстіне қойылған сырмақ пен құрамыс көрпені, төрге төселген тай мен тайыншаның,ешкіменлақтыңтерілерін,ілінгенүйрекбасердіәсемнақыштауменауылшаңырағын бір шарлап өтеді. Ұлттық тұрпатымызды одан әрі айшықты етуде ыдыс бұйымдарын тізбектеп, астан ары аттамаған дәстүрімізді өрнектей өрген Ғабит Мүсірепов осы әңгімесі негізінде көркем шығармалардағы этнографиялық ерекшелігімізді өзге де қылқалам шеберлері секілді бояуы мәңгілікөшпейтіндейетіпжалғастырабаяндады:«Қалайыменноқталанғаншәйнеккееріп,әрүйден жиналғаны көрініп тұрғаноншақты шынаяқтаркелді.Көпжамалған,көпкірсіңгенсіреудастарқан жайылды. Біз дастарқанның үстіне өзіміздің орамалымызды жайып, қаладан алып шыққан нан, қант,майымыздытөктік.Осыкездеәлідеауылсыртындақалғанеркектердеүлкендердеүйгекірді»

[7, 277].

Жоғарыда келтірілген шығармалардан бөлек, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің айнасы болған ұлттық сипатымызды басқа да қазақ жазушылары өз туындыларына негіз етті. Мәселен, Асқар Сүлейменовтың «Қара шал», «Ақ кемпір», «Сүйеніш», «Адасқақ» атты туындылары, О.Бөкейдің «Қар қызы», «Жетім бота», «Алтыбақан» атты шығармалары, Т.Ахтанов пен А.Алтай шығармалары, М.Айымбетовтың «Адыраспан» және т.б. көптеген туындыларда этнографиялық ерекшелігімізбен қатар,этнопсихологизмбелгілері, ұлттық өнеріміз бенежелгі ауыз әдебиетіміздің озық үлгілері сөз болды.

Қорыта айтқанда, қазақ жазушыларының көркем шығармаларына арқау болған этнографиялық сарындар халқымыздың эстетикалық, тәрбиелік-тағылымдық, тарихи-мәдени биіктігін көрсетуде, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, ырым жоралғылар мен санада қалыптасқан ескі сенімдерімізді сипаттап беруде ерекше қызмет атқарады. Осы негізде көркем туындылардағы этнографиялық сарын көріністері дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жеткізуден бастау алып, жас буынды Отанын, отбасын, туған жері мен ұлтын, өз халқының ұлттық құндылықтарынсанасынасіңдіріп,насихаттаудаадамментабиғат,әке менбала,ана менқыз,үлкен мен кіші, қарапайымдылық пен тәкаппарлық, адамгершілік пен сенім арқылы ұлттық ерекшеліктерді суреттеуден тұратынына дәлел болды. Көркем шығармалардағы этнографиялық сарындар әр дәуірге, әр кезеңге қатысты баяндалса да, ұлттық сипатымыздың, ұлттық бейнеміздің шығу тегі бір арнадан таралғанына күмәніміз жоқ.

___________________________

1.Тебегенов Т. С. Халық ақындар шығармашылығы жөніндегі әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы: Ғылым,

1997. – 472 б.

2.Айымбетов М. Таңдамалы шығармалары.Т.1. Әңгімелер. – 426 б.

3.Ахметов Ә. Түбі түркі өркениет. – Алматы: Арыс, 2009. – 344 б.

4.Оралхан Б. Шығармалары. Əңгімелер. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. 4. – 384 б.

5.Оралхан Б. Шығармалары: Повестер, әңгіме-хикаяттар, пьесалар. – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013. Т. 5. – 384 б.

6.Төлеубаев Ә.Т. Қазақ халқы этнографиясының мәселелері. Т.2. – Алматы: Service Press, 2013. – 496 б.

7.Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Қазақпарат», 2012. – 1120 б.

148

Нургожина Б.Е.

Национальный музей Республики Казахстан

СКИФО-САКСКИЙ ЗВЕРИНЫЙ СТИЛЬ И ЕГО СТИЛИСТИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ

Резюме В данной работе предпринята попытка сравнительно-сопоставительного анализа памятников Передней Азии и Казахстана, а также определение того, что скифо-сакский звериный стиль зародился гораздо раньше датируемой даты зарождения в Передней Азии. Во-вторых, путем анализа стилистики изображения животных в Передней Азии и Казахстане мы обнаружили сходство и различия технических и художественных приемов изображения того или иного животного. Путем комплексного рассмотрения предметов художественной культуры, происходящих из коллекций сакского времени на территории Казахстана, основное внимание уделено характеристике орнаментальных мотивов в искусстве древних кочевников региона. Высказывается мнение о том, что произведения художественной культуры раннего железного века несут на себе отпечаток, накладываемый особенностями ведения хозяйства, задававшего определенный ритм, улавливаемый в орнаментальных композициях изучаемой эпохи.

Ключевые слова: Сравнительно-сопоставительный анализ скифо-сакской эпохи, художественные формы, территория распространения скифо-сакского звериного стиля.

В 1 тыс. до н.э. обширную территорию, охватывающую Северную Индию. Афганистан, Среднюю Азию и юг Казахстана, заселяли многочисленные племена, носившие собирательное имя сак. Сакские племена были современниками скифов, обитавших в Северном Причерноморье и савроматов - в нижнем Поволжье и Южном Приуралье, современниками персов Кира и Дария 1 и греков эпохи Александра Македонского. Они находились в тесном контакте с древними персами и даже входили в 6-5 вв. до н.э. в состав империи Ахеменидов [1].

На вторую половину 1 тыс. до н.э. приходится расцвет художественной культуры номадов казахских степей и сопредельных территорий. Они представлены выдающимися образцами, выполненными в традициях скифо-сибирского звериного стиля, характеризуемой такими комплексами, как Иссык, Каргалы, Бесшатыр - в Жетысу; Берел - на Бухтарме: Лебедевка, Сынтас, Бесоба - в Западном Казахстане; Байкара - в Северном Казахстане; Чиликты - в Восточном Казахстане.

Искусная стилизация и обобщение природных форм создают четкий силуэт. Его ясность и простота вместе с гармонией линий рождают в высшей степени выразительный образ. Необычная живость и выразительность изделий, чувство меры в стилизации и тонкий вкус свидетельствуют о существовании высокоразвитого искусства у древних номадов Евразии.

Скифское время, следуя определениям Ф. Энгельса, это эпоха военной демократии, эпоха непрерывных варварских воин, порождавших народных героев, эпоха небывалого для своего времени экономического подъема, а также небывалого расцвета искусств. Зарождается и развивается героический эпос, достигает изумительного блеска изобразительное искусство, так называемый скифо-сибирский звериный стиль [2].

В 1 тыс. до н.э. на обширных степных просторах Евразии распространяется своеобразное искусство «звериногостиля».Онохарактеризуетсяизображениемфигурживотныхвопределенных канонических позах и своеобразными приемами художественного исполнения. Звериный стиль, в формировании которого на территории Азии основную роль сыграли племена саков, ярчайшее явление в истории мирового искусства. Политическая стабильность сакских, савроматских и скифских конфедераций в 7-3 вв. до н.э. обусловила расцвет скифо-сакского звериного стиля. Триада зооморфных образов (птица-копытное животное-хищник) отражала идеи тождества мира (космоса) и общества [3].

В ходе многочисленных исследований создалось устойчивое мнение о том, что скифосакскский звериный стиль происходит из Передней Азии и многие ключевые стилистические особенности, по мнению ученых такие как: явно заимствованные из арсенала мотивов иранского искусства, зооморфные образы: лев, грифон, крылатые звери и животные, мотив древа жизни - священного дерева. Оттуда же происходят, усвоенные саками, технико-стилистические приемы и манеры воспроизведениядеталей тела зооморфных образов.Типично для искусства ахеменидского Ирана подчеркивание мелких деталей тела, контуров мускулов линией в виде «стежка», «полуподковками», «точками», «запятыми».

149

Само собой разумеется, нельзя было ожидать, чтобы на такой огромной территории отдельные племена не отличались одноотдругогорядомособенностей,которые мы всвою очередь попытаемся выявить путем изучения стилистики уникальных находок, в частности предметы украшения в которых наиболее ярко выделяется образ барса [4].

С. И. Руденко отмечает, что, приходя в соприкосновение с чуждыми скифо-сакским по культуре и по происхождению различными племенами, они частично могли заимствовать отдельные элементы ихкультуры,частичноассимилировалиэтиплемена.Темне менее,помнению ученого, в совокупности все скифо-сакские племена обладали общностью таких этнических признаков, которые позволяют относить их к одной общей скифской, или скифо-сакской культуре

[5].

Под непосредственным влиянием ассирийского искусства находилось искусство маннов и урартов. имевшее и свои самобытные особенности. Маннейское искусство отличалось своеобразной стилизацией фигур, пристрастием к изображениям животных и наличием элементов так называемого «скифского звериного стиля». Годар в своей работе, посвященной сокровищам Зивийе, доказывает, что «скифский звериный стиль» - маннейско-мидийского происхождения и сложился он во время пребывания скифов в Передней Азии [6].

Тем не менее, можно интерпретировать это высказывание иначе, опираясь на не менее достоверные источники, где говорится что: по технической оснащенности, по уровню знания технологии металла и по развитости художественного мышления евразийские племена стояли на высокой ступени прогресса и интеллектуально и технически были готовы к созданию высокохудожественных образов в зверином стиле. А с другой стороны, при наших современных знаниях было бы примитивом считать все предметы, так называемого скифо-сибирского звериного стиля, найденные на территории Евразии, происходящим из одного центра, например, из Передней Азии. Также на территории Евразии в эпоху палеометалла и раньше известны предметы, выполненные в зверином стиле. Евразийским племенам (в частности андроновским племенам Сибири и Казахстана) были хорошо известны резьба звериных образов по кости (возможна и по дереву), техника плавкиилитья меди ибронзы, искусно обтянуты листовымзолотом[7].Самобраз жизни скифов определял характер и назначение создаваемых произведений: это были украшения человека, оружия, конской упряжи. Причем все эти произведения не только служили украшениями, но и выполняли магическую роль, выражали религиозно-мифологические представления скифов. Большое внимание в скифском искусстве уделялось образам фантастических животных, например грифонам – зверям с телом льва, головой и крыльями орла. Звери обычно представлены в канонических позах, выражающих напряженное состояние или борьбу. Кроме целых фигурок мастера нередко делали только головы, клювы, копыта, лапы тех или иных зверей и птиц. Закреплено было и расположение многих изображений на определенных местах: так, на псалиях (деталь уздечки) часто встречаются лошадиные копыта или птичьи лапы, на рукоятках кинжалов – головы или клювы птиц, рыб гравировали только на конских налобниках или небольших бляшках. Обладателю вещей стремились придать качества, присущие изображенным животным, а также защитить его. В произведениях звериного стиля реалистичность соединялась с декоративностью, стилизацией.

Из этого следует вывод, что именно во время пребывания скифов на территории Передней Азии и сложился уникальный в своем роде скифо-сакский звериный стиль и можно предположить, что скифо-сакские племена пришли уже со своим довольно хорошо сложившимся стилем, именуемым как звериный, который в последующем и развился окончательно на территории Передней Азии. Поэтому, исходя из ниже следующих высказываний, мы можем убедиться, что гипотеза о происхождении скифо-сакского звериного стиля на территории Передней Азии может быть не достоверной.

Когда же это произошло? Основные положения о происхождении скифов и скифской культуры, о развитии культур скифо-сибирского типа хотя и неоднократно дискутировались, но до последних дней оставалось незыблемым общее представление о том, что скифская культура возникает в Причерноморье во второй половине 7 в. до н.э., что на восток, в Сибирь, достижения скифской культуры проникали с запаздыванием и в измененном виде. А.А. Иессен, собирая материал по памятникам предскифского времени, показал, что в степях Причерноморья 8-7 вв. до н.э. были начальным этапом в развитии скифской культуры в широком понимании этого термина. Значит, скифская культура формировалась еще в 8 в. до н.э., т.е. задолго до легендарных походов скифов в Переднюю Азию. Что еще раз доказывает высказанную выше гипотезу о том, что скифо-

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]