Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

1.БейсеновА.З.,ВарфоломеевВ.В.,КасеналинА.Е..Памятникибегазы-дандыбаевскойкультурыЦентрального Казахстана. Алматы: Институт археологии им. А. Х. Маргулана, 2014. 192 с.

2.История Казахстана с древнейших времен до наших дней в пяти томах. Т. 1. Алматы: Изд-во «Атамұра», 2010.

543 с.

3.КукушкинИ.А.,ДмитриевЕ.А.ИтогиработнамогильникебронзовоговекаБесоба//Археологическоенаследие

Центрального Казахстана: изучение и сохранение. Алматы: Научно-исследовательский центр истории и археологии «Бегазы-Тасмола», 2017. С. 196-210.

4.Кукушкин И. А. Металлические изделия раннеандроновского могильника Ащису (Центральный Казахстан) //Российская археология. 2011. № 2. С.103-109.

5.Кукушкин И.А., Ломан В.Г., Кукушкин А.И., Дмитриев Е.А. Погребение с металлическим сосудом в могильнике Нураталды – I (Эпоха бронзы) // Уральский исторический вестник. 2016. № 4 (53). С. 85-92.

6.Умиткалиев У., Айтбаев А.Б., Адельчанов К.С. Археологические работы на могильнике Кырыкунгир в 2016 году (Восточный Казахстан) //Вестник ЕНУ. 2017. №1 (116). С. 277-280.

Жорабекова Б.Қ.

магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ КИЕЛІ ЖЕР – ЖАНКЕНТ

Тарихи-мәдени мұраның әрбір ескерткіші, әрбір көне қалалары – тарихи және мәдени маңыздылығы бірегей және қайталанбайтын «адамзат тарихын танудағы өмірлік маңызы бар» тарихи тұтастықтың тізбегі болып табылады. Сондықтан мәдени мұраны сақтау - бұл әрбір ұлттың құқығы мен міндеті, өйткені қоғамдағы тұлғаның бейнесі жасампаздықтың, жаңа қоғам құрудың қайнар көзі құндылықтар арқылы көрінеді.

Бұл ретте,«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихқа көз жүгірткен елбасының Ұлы Жібек жолының маңыздылығына ерекше тоқталғанын айтып кетуге болады.

Ұлы Жібек жолы–көне өркениеттің ең табысты әрі маңызыды жетістіктерінің бірі. Шығыс пен Батыс мемелекеттерді байланыстырған.

Ол халықтардыбіріктіріп,экономика,сауда – саттықты бір ізге салып,саясат пен түрлі мәдениеттерді тоғыстырған халықаралық жол болған.Қазақстанның аумағын басып өтетін Жібек жолының тармағы өз бастауын Қытай шекарасынан алды. Аспан асты елінің саудагерлері кең байтақ қазақ далалары арқылы Еуропаға жібек,қару-жарақ, дәрі – дәрмек пен азық –түлік өнімдерін тасмалдады. Саудадағы басты тауар жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарыз жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б. болған .

Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мəдениет жəне дипломатиялық қарым-қатынас орнаған.Ұлы Жібек жолы арқылы тауарлармен қоса өнер, архитектура, мəдениет, музыка мен би өнері, қызықты қойылымдар, орта ғасырдың өзіндік «эстрадасы» тарады. Иран, соғды, түркі өнерпаздары Қытайдың би мəдениетіне үлкен үлес қосқан.

А. Тойнби атап өткендей, кез келген мәдени құрылымда шығармашыл немесе басқарушы элита, ішкі және сыртқы пролетариат бар. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің элитасына отырықшы империялардағы билеуші топтармен қатар, Іле, Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендердегі көшпеліотырықшылардыңтұлғалары дажатты.Солардыңкөпшілігі туралыдеректерқазір Тянь-Шаньтауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Бұл жерде Ислам Ренессансы өкілдерімен қатар, қолдары алтын зергерлер мен құмырашыларды, әскербасыларды, діни қайраткерлерді айтсақ та жеткілікті.

Ұлы Жібек жолы мәдениетінің бастапқы кезеңінде, І мыңжылдықтың алғашқы жартысында, Орталық Азияда оншақты қалалардың ғана аттары аталса, Тан империясы мен Ислам Ренессансы уақытында, ҮІІІ-ХІІ ғасырларда бұл өңірде болған саяхатшылар жүздеген мәдениет орталықтары туралы дерек береді, мысалы Сюань Цзян Жетісудың өзінде осындай ондағанқалалар бар екені жөнінде айтқан. Марко Поло, Ұлы Жібек жолы әрекет етіп тұрғанда Орталық Азияда болған сирек саяхатшының бірі, моңғолдар шапқыншылығынан кейін бұл жердегі қалалық мәдениеттитықтатып,күйдіруге жеткізгенімен, Оңтүстік Қазақстанмен Жетісуарқылы өтетін Ұлы

71

Жібек жолынан керуен арылғанжоқ дейді. Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куəсі болған.[1-43б].

Сауда дәлізіСайрам,Яссы, Отырар,Тараз, Сығанақ, Жанкент(Янгикент)сындыкөнеқалалар арқылы өтетін болатын.

Жібек жолы бойындағы қалалар қатарына кірген - ЖАНКЕНТ. Кезінде Еуропа мен Азия арасын байланыстырған бұл шаһар жүз жыл бойы оғыздардың астанасы болған. Оғыз патшалары осы қаланы мекен етіп, билік жүргізген. Көне Жанкент қаласы киелi жерде орын тепкен, киелi дейтiн себебiмiз, Жанкент орта ғасырдың ұлы ойшылы, кемеңгер Қорқытты дүниеге әкелген жер, Қорқытбабаменқатараталатынқобызқазақтанбасқаұлттыңқобызтартпайтынынескерсек,Қазалы жерi қазақтың музыка өнерiнiң туын тiккен жер деуiмiзге болады. Бір кездері бұл қаланы Жаңа Гузиядепатаған.Осыжердеоғыздардыңбилеушілерініңрезиденциясыболған.Хорезмменжасалған тығыз қарым-қатынастар Янгикентті ірі сауда орталығына айналдырды.Алыс Мавераннахрден мұнда тек тауарлар ғана әкелінген жоқ,хорезмдік құрылысшылар Жанкентте көптеген құрылыс орындарын салды.Қорғаныс қорғандарының қирандыларын қазірдің өзінде байқауға болады,бұл құрылыс орны да осында келген шеберлердің қолынан шыққан болуы керек.

Қыпшақ-қимақ тайпалары мыңдаған малдарын айдап, Карлан өткелі арқылы Жанкентке келіп,саудажасапотырған.Қаланыңшеткөшелеріқұмыражасаушылардың,ұсаққолөнершілердің, зергерлердің,қару-жарақжасаушыұсталардыңбалшықтансоққансабанүйлеріменұстаханаларына толы,ал шаһарорталығындағыгүлзарбаққа оранған,хауыздары мөлдірсуға тұнғанқала бектерінің биік дуалмен қоршалған үйлері болды. Қала сырты суға толтырылған орлармен қоршалды. Шаһардың төрт қақпасы болған.

Әрбір жұма күні шаһар орталығындағы базар алаңында сауда қызу жүріп отырған. Жанкенттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолы бойындағы тоғыз жолдың торабына орналасуы қаланың географиялық, экономикалық маңызын арттыра түсті. Қытай жібектері, Үнді маталары мен жемістері, араб елдерінің құрмасы, науаты осы қалада сатылымда болған. [2-64 б].

Оғыздарда қалалық мәдениет жоғары дамыды. Х ғасырда Жанкент бойының оғыздары Жайықтағы тайпалармен және башқұрттармен 34 жыл жауласады (922-956ж.ж). 956 жылдан соң бұл алауыздық түркімен және қыпшак оғыздарының арасында өтеді. Негізінде ұлыстың түбіне жеткен де осы қайшылық болып саналды.

ХІІІ ғасырда моңғолдар шабуылы басталғаны белгілі Шыңғысхан және оның нөкерлері Түркістан,Сырдария мен Әмудария,Хорезм т.б жерлердегі гүлденген мәдениет ошақтарын,қалаларды қиратып,жермен-жексен еткен.Сондықтан да академик В.В Бортольд «монғол шапқыншылығы монғолдарға қарағанда түріктердің тағдырына көп ықпал етті»деп дұрыс бағалаған болатын.

1219 жылдың күзінде Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары моңғол шапқыншылығы салдарынан күл талқан болып қирайды. 400 жыл бойы қалалық мәдениет жасаған оғыз-қыпшақ тайпалары тағы да көшпелі өмірге түседі. [3-93б].

Мамандардың айтуынша бұл тайпалардың отаны Қытайда,Моңғолияда болған.Орта ғасырдыңбаскезіндеоғыздарАралбойыменСырдарияөзенініңсағасынакеліпорналасқан.Шығыс тарихшысы әл-Идирисидіңхабарлауынша: «Оғыздардыңсансызкөпқалалары біріне-бірі жалғасып Сырдарияның бойымен солтүстік және шығысқа қарай созылып жатыр.Олардың қорғаныс бекіністерібар.Ондакнязьдаржасырыныпотыратынжәнеазық-түліктерінсақтайтын» Түркі– оғыз тайпаларының шаруашылығы әртүрлі болған,бірақ негізінен мал шаруашылығы: қой,жылқы,түйе,ірі қара мал.Қорғаныс бекіністерінің арғы жағында дәнді дақылдар,көкөністер өсірген.Қаланың ішінде сауда және қол-өнері дамыған. Ортағасырлық шығыс зертеушісі Жувейни Жошы ханның әскерлерінің Сырдария бойындағы барлық қалаларды қарсылықсыз алғанын атап айтқан.Оғыздардың қаласы ерлікпен бір жұма қарсыласып,жеңіліске ұшыраған. Қанды кек алу нәтижесінде тұрғындардың барлығын бауыздаған. [ 4-102б]

Х ғасырдың орта кезінде оғыздардың патшасы мен киевтік князь Святослав хазарларға қарсы әскери пакт жасасқан.Келісімшарттың саяси тиімділік жағы және экономикалық мәні болған.Киев Русі Византияның одақтасы хазарларлардың күйреуін асыға күткен.Бұл ежелгі орыс мемлекетінің бай Шығыс базарларына шығуына жол ашатын еді.Дәл сол кезде сауда жолдары хазарлардың бақылауында болған,бұл Святославтың көпестігін дамытуына кесірін тигізген.

Оғыздарға Маңғыстау мен Үстірт арқылы Еділге шығу қажет болатын.Оғыздар мен русичтердің стратегиялық жоспарлары іске асып:965 жылы Святослав хазарларды талқандаған.Бұл

72

жеңіске русичтер оғыздардың хазарларға тоқтаусыз шапқыншылық жасап титықтандырғандығы нәтижесінде жеткен болуы керек. [ 5-48 б]

Оғыздардың жерлеу рәсімдері ерекше болатын.Түркілердің салты сияқты қорғандардың астына мініп жүрген атымен, қару-жарағымен,күнделікті қолданатын заттарымен көмген. Ал дұшпандарының сүйегін өртеп,күлін желмен ұшырып жіберген.Көшпендінің көзінің тірісіндегі қанаты болған аты,басқа дүниеде де өзімен бірге болуы керек деп есептеген. Түркі тайпаларына жататын оғыздар пұтқа табынған.Әйтседе VII-ХI ғасырларда Сырдарияның бойындағы қалалар ислам дінін қабылдаған. Аспан денелері – Тәңір Күн, Жер және жануарлар – қасқыр, бұғы, арқар, қырандардың тотеміне сенумен қатар жүрді.

Оғыздардың рухы берік болған.Сондықтан да барлық ортаазиялық мемлекеттерге қарақайшы келіп,исламды қабылдамаған.Жанкент қаласын «бөтен діннің қожалығы» деп атаған. ХII ғасырда оғыздардың көпшілігі мұсылман дінін қабылдаған.Исламның шарттары бойынша ер адамдар айрықша құқыққа ие болған.Керсінше әйелдер өздерінің бұрынғы бас бостандығының едәуір бөлігін жоғалтқан. [ 6-313б]

Оғыздардыңқоғамдағыорныменшаруашылығынатоқталсақшетелдікшығыстанушылардың мән бергенін байқаймыз. Советтік тарихшылар А.Ю. Якубовский А.А. Росляков ІХ-ХІғғ оғыздардың шаруашылығы кең көлемдегі көшпелі шаруашылығы болғандығын айтып кеткен. С.П. Толстовтың айтуынша Сырдария мен Арал маңындағы оғыздар малшаруашылығы, ауылшаруашылығы, балық аулаумен, сауда саттықпен айналысқан делінген. Толстов Х ғасырдың басы мен ХІ ғасырдың соңында Сырдариядағы қала тұрғындарының басым көпшілігі оғыздар болғандығын да айтып кеткен.Яғни Янгикент Жент қалаларында тұрғылықты оғыз халқы болған.

[7-122б].

Жанкент шаһарының үйiндiсiнiң орнын алғаш рет 1867 жылы П.Лерх пен М.Приоров кiшiгiрiм қазба жұмыстарын жүргiзiп, қаланың жобасын қағазға түсiрген, жұмысты 1867 жылы В.Верещагин жалғастырады, ал нағыз кешендi қазба жұмыстар 1946 жылы академик С.Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының арқасында жүрген. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологиялық экспедициясының ізімен Жанкентте, Кескен-Күйік қалаға және Күйік қалаға экспедиция жүргізілді.

Бұл зерттеулердің және нәтижесінде Жанкент қаласының өз заманында өркениеттің ошағы болғаны дәлелденді. [8-52б]

Жанкентті зерттеген ғалымдардың пайымдауынша, бiр ғана қазаққа тән үй салу өнерi Жанкенттен табылған бiр, екi немесе үш бөлмелi тұрғын-үйлер б.з.д. I мыңжылдықтың аяғынан бергi елiмiздiң оңтүстiк өңiрiне тән құбылыс болып табылады, Жанкенттегi қазба баспананың негiзгi ұясы – дәлiздi немесе түнектi бөлме, академик К.М.Байпақовтың айтуына қарағанда, отырықшы қазақтың үйлерiне ұқсас. Қазба жұмыстарының барысында қаланың орталық бөлiгiнен ауқатты тұрмысқа тән ХII ғасырда Иранда жасалған әйнек ыдыстар мен Қытайда жасалған жасыл түстi қыш құмыралар табылған. [9-188б]

Жанкент қаласынан табылған осындай археологиялық құндылықтарды экспонат ретiнде қойса,тартымдылығыментарихимаңызынарттырып,Қазақстандағыортағасырлықөркениеттiңiрi орталығы болғанын дәлелдеумен қатар, туризмнiң iрi орталығына айналдыруға мүмкiндiк туар едi.

Қазір Жанкент деп аталатын Янгикенттің қирандылары Сырдарияның оң жақ жағалауында орналасқан ,Қазалы қаласынан қашық емес. Осы жерде жүздеген қорғаннның үйінділері бар.Жергілікті тайпалар тумаластарын І ғасырдан бастап ХVІІІ ғасырға дейін осы жерге жерлеген.Орасан зор ортағасырлық мазарлар.Бұл жағы түсті майоликамен жабылған.

Жанкент қаласы Ұлы жібек жолының бойында ортағасырларда дамыған қала ретінде, әрі Түркі ұлыстарының орталығы ретінде киелі жерлер қатарына кіреді.

Қазіргі таңда ұлтымыздың ұмытыла, жоғала бастаған рухани құндылықтарын іздеп, ғылыми айналымға енгізу жолында игі қадам басталды. Осыған орай 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Ресей Ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институты, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының біріккен зертеу жұмыстары жүргізілуде.

Жанкент қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары өз жалғасын тауып, болашақта аспан асты мұражайға айналып, көрем деген қызығушыларды өз тарихымен, қорған дуалдарымен, тұрмыстық бұйымдарымен қызықтырады деген ойдамын.

Болашақта түйелiкеруендер,атақтысаудагерлердiңтабанытигенҰлы Жiбекжолының,оның бойында жатқан Жанкент қаласының даңқы қайтадан шартарапқа тарайтынына сенгiмiз келедi.

73

____________________________

1.К.Байпақов А.Нұржанов «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» Алматы-1992 ж

2.Хамит Маданов «Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы-1998 ж

3.Ә.Қайдаров М.Оразов «Түркітануға кіріспе Алматы-1992ж

4.С.Г.Агаджанов «Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІвв Ашхабад -1969г

5.Ж.Артықбаев ,Ә.Пірманов «Қазақстан тарихы» Алматы-2013ж

6.Хамит Маданов «Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы-1998 ж

7.С.Г.Агаджанов «Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІвв Ашхабад -1969

8.Қазақстан тарихы І-том Алматы-1996ж

9.Диолог культур Евразии в археологии Казахстана // С.Ө.Біләлов «Ортағасырлық Жанкент қалашығында 2013 жылы жүргізілген археологиялық жұмыстардың қысқаша қортындылары -187бет \\ -Астана-2014

74

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Тоқтабай А.У., Карамендина М.Ө.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР – ЗЕҢГІ БАБА МЕН ШОПАН АТА БЕЙІТТЕРІ

Яссауидің сопылық ілімі өз кезінде «Хал ілімі» деп те аталған екен. Мұның мағынасы адамның жан-дүниесінің, рухының кіршіксіз, таза, Аллаға деген ерекше махаббатқа толы халіне жеткізетін ілім дегенді білдірсе керек (Қартабаева, 2013). Малым – жанымның садағасы, жаным – арымныңсадағасы»дегенмақалқазақхалқыныңұлттықменталитетініңруханисипатын,исламмен суфизм этикасының терең ықпалын дәлелдеп тұр (Нұртазина, 2002:79). Қазақтың төрт түлігіне қатысты ғибадат (культ) оның әдет-ғұрыптарында кеңінен тарады.

Әулие жеке адам емес, шынымен де рухани-энергетикалық дәнекерге айналып кеткен сана иесі,бейнебіркөпір(Нұртазина,2002:114).АллаһТағала тақуалардыңғанаамалдарынқабылетеді. Қазақтар «Хал ілімін» терең меңгерген тақуаларды, дінді уағыздаушыларды пір тұтып, әулие көрген. Қыдыр атаның басты «қызметі» - адамдарды ислам жолына түсіру. Басында тақуа, діндар адамдардың молаларын – әулиелерді, киелі жерлерді, ата-бабаларды сыйлап, құрметтеуден басталған әдет-ғұрып уақыт өте оларға табыну сияқты рәсімдерге айналды. Әулиелерге табыну рәсімінде дұға ғана ресми исламға сәйкес келеді (Мұстафина, 2005:33). Ал табиғат болса адамзаттыңоқукітабы,баспаорны,білім-ғылымүйренуорныболыптабылмақ.«Ғылым– Алланың бір сипаты» дейді қазақ мақалы. Шығармашылық сезімді де оятатын тек табиғат емес пе? Табиғаттың қыр-сырын білмейтін, оны тамашаламаған пендеден не үміт не қайыр? Халықтың табиғатпен жанымыз бір деп сүйіспеншілігінен өрбіген табыну ғұрыптары - экологиялық мәдениетінің көрсеткіші.

Зеңгі баба, Шопан ата кесенелеріне қатысты мәліметтер 2018 ж Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының экспедициясы Өзбекстанға арнайы барып, зерттеу жұмыстарын жүргізгенде жиналды. Әулиелерге табыну мәселелеріне қатысты деректер Ш. Уәлиханов, Р. Мұстафина, Н. Нұртазина еңбектерінен алынды. Ғұрыптарға қатысты мәліметтер Ибн Рузбихан, А. Тоқтабай, Ж. Сейтқұлова, Б. Қанарбаева еңбектеріне сүйеніп жазылды. Сондайақ тақырыпқа қатысты Х. Арғынбаев, Ә. Марғұлан, М. Қадырбаев, А.Марьяшев, С. Сейфуллин, Н. Мыңжани еңбектері пайдаланылды.

Іссапармен Ташкент өңіріндегі Зеңгі баба, Шопан ата кесенелері фотоға түсірілді. Табиғатқа табыну ғұрыптарына қатысты жергілікті тұрғындармен сұхбаттасқан мәліметтер қағазға түсірілді, әкелінгенэкспедицияматериалдары жазбадеректерменсалыстырылазерттелінді.Әулиелертуралы мәліметтер арнайы еңбектермен шендестіріле зерттелді.

Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Түркия ғалымдары Тәңірлік дінді «табиғат діні» деп дұрыс көрсетеді (Нұртазина, 2010: 26). Ислам діні көшпелі қазақ қауымы арасында «ескіні жойып, жаңаны орнату» жолы арқылы емес, ескі мен жаңаны өзара үйлестіріп, жаңғырту жолымен жүрді. Ислам діні көшпелі қазақ қоғамының жағдайына жанаса бейімделіп, бұрынғы шамандық нанымдарымен араласып кетті. Оның басты бейнелері – табиғат құбылыстарына табыну, атабабаларының аруақтарына сыйыну болған (Мыңжани, 2017:96). Алтын Орданы билеген Өзбек хан ислам дінін (Яссауи ілімі) мемлекеттік дін етіп жариялаған болатын. Қазақтардың «Өзбектен дін қалды» деген мақалы мұның дәлелі еді. Яссауия ағымының уағыз-насихаты сол кезеңге дейін мажусилік дінді – шаманизмді тұтынып келген қазақ даласының көшпенділеріне үлкен ықпал жасады. Яссауи ілімі мұсылман догматикасының, тіпті кейбір әдет-ғұрыптарының жергілікті мажусилік сенімдерге бейімделуінің мысалы болыптабылады. А.Яссауидің «хикметінде»Алланың есімі түріктердің мажусилік құдайының есімі – тәңірмен жиі ауыстырылды (Қазақ ССР тарихы, 1983: 117). А.Машанов: «Әл-Фараби сынды исламды ғылыми тұрғыда танушыларға қарсы шыққан діндарларды софылық бағыт деп атауға болады. Арабша оны Тасууф, яғни суф кигендер деген мағынада. Ал суф – малдың жүні немесе сонан жасалған түкті (жүндес – барақ) жамылым немесе тоқыма киім. Софылықтың түрлерінің бәрі кейін Орта Азия мен Қазақстан жеріне кең тараған. Бәлкім жердегі «Зеңгі баба», «Қошқар ата», «Баба түкті әзіз» деп келетін әулиелер сол софылар

75

болар деген ой келеді. «Түкті-шашты» деген сөз сол кебенек кигендер болар», - дейді (Машани,

2005: 121).

Шежірелер Өзбекханның өмірбаянына Баба түкті шашті әзиз, Зеңгі баба, Сейіт ата т.б. әулиелерді қатыстырады (Утемиш – хаджи, 1992: 106). Қазақ қауымы Қожа Ахмет Яссауиді «Бабай түкті шашты әзиз» деп атап, оның мазарына келіп құрбандық шалып, тәуеп ететін болған (Сейфуллин, 1932:184). Аңыз-әңгімелерде сиыр түлігінің пірі Зеңгі баба ислам дінінің қағидасымен

– Қожа Ахмет Йассауидің ізбасарларының бірі – Хәкім атаның шәкірті, әйгілі түрік шейхының есіміне, дәлірек айтқанда, лақап атына ие болған. Ислам дінін кіргізу барысында, қой малының пірі Шопан ата да Қожа Ахмет Йассауидің шәкірттерінің бірі болуына әкеп соққан (Қазақстан тарихы,

1998:599).

«Мал адамның бауыр еті» деген халық мәтелінен төрт түліктің қазақ өміріндегі орнын анық байқауға болады (Арғынбаев, 1969: 3). Ең негізгі кәсібі – мал шаруашылығы болған қазақтың түсінігінде «киелі мал иелі», әр түлік малдың атасы, пірі өз түлігіне қамқорлық жасайды-мыс. «Жылқыатасы– Қамбарата,сиыратасы– Зеңгібаба,түйеатасы– Ойсылқара,қойатасы– (Қошқар) Шопан ата, ешкі атасы – Шекшек ата» дейді қазақ.

Шопан ата – семантикасы, жалпы қазаққа тән қой түлігінің пірі. Шопан сөзінің түп-төркіні парсының «чупан» сөзі. Ол екі мағынада: 1) қойшы, шабан болса; 2) Чупан - ер адамға берілетін есім (Нұрмағамбетұлы, 1998:198). Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде – Шопан қой бағатын кісі, қойшы мағынасында айтылады (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1986:256). С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың еңбектерінде бұл жайлы былай жазылған: «Для обозначения пастухов овец мусульманские авторы средневековья обычно употребляют персидско-тюркское слово чупан или чабан(указаховболее употребительно слово қойшы) (Кляшторный, 1992:326). СоныменШопаната сөзі осы еңбекте келтіргендей парсы-түрік сөзі.

Қойдыңпірін– қырғыз,өзбек,қарақалпақ тілдерінде Чопаната десе,түрікмендерде Мұса деп атайды (Оразов, 1995:272). Сонымен қоса, Маңғыстау аймағының қазақтары да қой пірін Мұса деп атауды Х.Арғынбаев (Хозяйство казахов.., 1980:128) пен С.Е.Әжіғалидің (Генезис традиционной.., 1994:24)еңбектеріненкездестіреміз.ҚазақстанныңөзгеаймақтарындақойпірінМұсаатамауыжәне тек Маңғыстауда кездесуі, бұл аймақтық ерекшелік, түрікмендер мен Маңғыстау аймағын мекендейтін қазақтардың қойдың пірін Мұса атауының төркіні көршілестікте дейміз.

Мұса атауының этимологиясының негізі, Інжілдегі Моисей, мұсылмандар оны пайғамбар Мұса десе, еврейлер оны көбінесе ұстаз деп атайды (Бұлытай, 2000:130). Мұса мен Шопан атаның іс-әрекеттерінің ұқсастығы, мұндағы параллельдік бар екені анық.

Зеңгі баба қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде,сиырмалының иесі, пірі делінген (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974:176) және бұлай атау жалпы қазаққа тән нәрсе. Ә.Нұрмағамбетұлы өз еңбегінде Зеңгі баба атауының тарихына шолу жазғанда: «Қазіргі түркі тілдері ішінен сиыр малының Зеңгі баба деп аталған пірін қырғыз тілінен ғана көре аламыз» дей келе, К.К.Юдахиннің құрастырған «Киргизко-русский словарь»-дан мыналарды оқимыз: 1) Зеңгі баба, айтылуда Үзөңгү баба жиірек кездеседі; Мүйізді ірі қара малының иесі: 2) мүйізді ірі қара мал (ауыспалы мағынасы); 3) зеңгилер – мүйізді ірі қара мал (Нұрмағамбетұлы, 1998:170) - деп жазады.

Зеңгі баба атауының ертеректегі жазба ескерткіштерінің бірінде «Зәңгі һәвэни» тіркесі негізінде беріліп, оның аудармасын «эфиоп, қара өңді» деп түсіндіреді. Зеңгі парсы тіліндегі қазақша қара түсті адам мағынасын береді және бұл тұжырым В.В.Радловтың да еңбегінде «зангі» - эфиоп, негр деп берілген (Нұрмағамбетұлы, 1998:176; Қаз.т.түсінд.сөздігі, 1999:240; Радлов, 1911:887). Информаторлар да өзмағлұматтарындаосы мағынаны қайталайды (IV,IX,XII,XV). Сиыр малының пірін өзбектер Зеңги ата десе(Снесарев, 1983:87), түрікмендер – Зенги баба (Оразов, 1995:272) деп атайды.

Төрт түлік малдың қасиеттерін сипаттағанда «Жылқы – желден, қой – оттан, түйе – сордан, сиыр – судан» деп айтылуының өзі бірталай нәрсені аңғартады, себебі бұрынғылардың көзқарасы бойынша әлем (жер, су, от, ауа) төрт негізден тұрады (Карамендина, 2017:21). Бизнес әлеміне танымал Р. Кийосакидің пікірінше: белгілі бір жетістікке жету үшін адам баласында осы төрт элемент қамтылуы қажет екен (Кийосаки, 2008:410).

Адамды адам қадірлеу – діннің рухани іргетасы, шариғаттың өзегі (Нұртазина, 2002:115). Өркениеттің негізгі көрсеткіші – адам. Адамзат мәдениетінің тарихы түгелдей демесек те, көбінесе «адам образы» (немесе «адам үлгісі») тарихына келіп тіреледі. Сондықтан да ислам діні пайда болғанғадейінгікезеңжәне исламдініқабылданғанға дейінгікезеңдегіадамүлгісінебәріненбұрын дене күші дамыған адам жатқызылса, ал әлемдік діндер жаңа, жан-дүниесі бай адамды (ғалымды, әулиені) идеал, яғни пір тұтты (Нұртазина, 2010:75). Қазақтың «Бір түлікке бай болғанша, төрт

76

түлікке сай бол» деген мақалының сырына үңілсек, онда жан-жақты, сегіз қырлы болу ұғымы жатыр. Сегіз саны симметрия заңында жетекші орын алады. Симметрия-гармония-өлшемдес- үйлесімділік ұғымы мәндес (Карамендина, 2009:25). Мұсылман дәуіріндегі ең мықты болып оның бойындағы табиғи күші ғана бар сарбаз емес, рухы мықты, жан-жақты дамыған, «сегіз қырлы, бір сырлы» адам саналды.

Ертеде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Күннен басқа ғаламшарлар ертеде «Ай» деп аталса, Бабылдықтар ғаламшарларды құдайлар деп түсінген (Марғұлан, 1966). Қазақтың қариялары ай жаңа туғанда оған қарап тағзым етіп: «Ай көрдік, аман көрдік. Бақытты байлық заман көрдік. Амандықпен осынша жасқа келдік. Ескі айда – есіркедің! Жаңа айда – жарылқа!»депбетінсипап,тілек етеді.Халық арасында «құдайдың,аруақтардыңкиесі соғады» деп ырым етіп «Айға қарап дәрет сындырма», «Жұлдызды санама», «отқа түкірме» деген тыйым салған әрекет-қылықтары көп кездеседі. Ибн Рузбихан: «XVI ғасырда Бұқар дінбасылары қазақтардың Күнге табынуына байланысты оларды «кәпірлер» деп есептеп, оларға қарсы ғазауат соғысын жариялаған»дейді (Рузбихан, 1976: 108). Күн мен Ай + бес ғаламшар (жеті шырақ) – Жеті қат көк. Көк Тәңірі жаратқан әлем – құттылықтың ордасы (Ежелгі көшпенділер дүниетанымы, 2005). Осыдан құтты «Ай» - құдай болып кеткен. Мұсылмандардың жаңа айды көргенде айтатын дұғасы: «Аллаһ ұлы. Ей, Аллаһ! Бұл жаңа айды бізге есен-амандық, иман-саулық, сондай-ақ Ислам айыеткейсің.ЖәнеӨзіңжақсыұнататынәріӨзің разыболатыністергежолдайтынсәттіайеткейсің (Ей, Ай!) Біздің Раббымыз да, сенің Раббың да Аллаһ» (Әл-Қахтаний, 2002: 168).

Әр түрлі халықтардың аңыздарында құдай алғашында зооморфтық бейнеде, яғни белгілі бір жануар түрінде ұғынылса, кейінірек ол ұғым антроморфтық (адам тәріздес) бейнеге ауысты, ал сол жануар оның серігі әрі ең басты құрбаны ретінде болды. Осы ұғымның сарқыншақтары, тіпті дамыған діндерде де сақталып қалды (Кузьмина, 1986:118). Күнге табынудың өзі алғашқы ататек – тотем, ол барлық тотемдердің тотемі дегендей ғарыш құдайларының синтезі іспеттес(Ақатаев, 1993). Тарихи дәйектер бойынша, өзінің ата тегін Күн сәулесінен шығару ежелгі гүндерде, үйсіндерде, Орхон түріктерінде ерекше орын алған (Марғұлан, 1959). Бабылдықтар толған айды және күнді сәулелі – шашты-түкті деп сипаттайды. А.Машанов: «Бабылдықтардың «шашты-түкті» дегендеріне сәйкес келетін бұл теңеулер аспан шырақтарының толған кездерін баяндайтын түсініктерден алынған», - дейді (Машанов, 1978: 70). Ертеде Күн – оттың қожасы, ал Ай – судың билеушісі деген ой қалыптасқан. Ш. Уәлиханов дерегі бойынша: құрбандыққа сиырдан ай мүйізді, аша тұяқты,қойданбосқасқажәнесарыбас қойтөлді шалған(Уәлиханов,2010: 181).Мифбойынша күннің сәулесінен жаралған, тұқым таратушы деп текелерді құрбандыққа шалған (Қанарбаева, 2004). Ежелде өгіздің, текенің және түйенің ғибадаты (культі) өсімін арттырып, ұрпақ жалғастыру ұғымымен де тығыз байланысты болған (Қадырбаев, Марьяшева, 1977:215).

Қазақтар «Тәңір иелерімен тілдесуші, кей иелерге тілін алғызушы – бақсылар» деп сенген (Сейфуллин, 1964: 56). Қазақ бақсылары: «барлық бақсылардың арғы атасы – пірі» деп Қорқытқа сыйынған. Зерттеушілердің басым көпшілігі Қорқыт есімін түркілік рухани мәдениеттің діңгегі – «құтпен» байланыстырады (Ежелгі көшпенділер дүниетанымы, 2005: 469).

Суфизмде «пірге қол беру» дегеннің мағынасы әулиенің берекесінен, бойындағы құтынан үлес алу (Нұртазина, 2002: 43). «Құт» - қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымының семантикалық ядросы болып табылатын басты ұғым (Нысанбаев, 1997:13). Құт аспаннан, тәңірлерден келеді. Исламкелгенсоңқұтсөзі«береке»сөзіменбірге,кейдесинонимретіндеқолданылабастады.Береке

– арабтың барака(т) сөзі, мағынасы – рухани қасиет, рухани күш, бүгінгі ғылыми тілмен айтсақ, психикалыққуат,космостықэнергия.ОлАлладан,ғарыштанкеледі.Пайғамбарлар,әулиелер,тақуа адамдардыңбойына дарып,сосынолардыңбатасыменбасқа адамдарға дакөшеді.Құт – береке рух, нұр түсінігімен біртектес,себебі, бәрінің де мағынасы – киелі, саналы энергия, киелі от (физикалық от емес, одан миллион есе нәзік рухани от. Құтты, киелі энергия кейде Қыдыр образымен де байланыстырылады (Нұртазина, 2002:43).

Ежелгі адам табиғатқа табыну арқылы оны өзіне жақын етті, ретке келтірді. С.А. Плетнева Құдай көшпенділерге ұқсас атты адам кейпінде бейнеленеді деген тұжырым жасайды (Плетнева, 1967. ). Жеті шырақ барлық әлемді айналып жүреді, сондықтан оларды жүргінші планета немесе қазақша аттар – саяқ аттар деп атаған (Машанов, 1978:15). «Ат – ер қанаты» дейді халық. Батырлар мінгенжелденжаралған(ауа)тұлпарларЖерменКөктіңарасынқосқан,алыстыжақындатқан.Орта ғасырмұсылмандарыныңсуреттеуіндеҚыдыр– ақбозатмінгенадамекен(Осак,1985).КөкТәңірге табынудың астарында Күнге табыну сабақтасып жатыр. Ибн Рузбихан: «қазақтар көктем келіп қымыз ашытылғанда оны ыдысқа құйып ішерден бұрын, одан дәм татпастан бұрын бетін күнге бұрады... бәрі басын жерге жеткенше иіп, күнге тағзым етеді» деп жазады.

77

Халықта «Аллаһ салған отты ақымақ өшіре алмас» дейтін мақал бар. Қазақтар исламға дейін Күнге оттың рәмізі ретінде табынған, отты әулие деп есептеген (Уәлиханов, 2010:180). Қазақта келін келіп түскеннен кейін ата-енесінің босағасын аттағанда, оң тізесін бүгіп, алдымен жанып тұрған ошақтағы оттың алдына келіп сәлем беретін ғұрып бар. Б.Қанарбаеваның пікірінше: «Бұл оттың иесіне табыну ғана емес, соны өмірге әкелген күн әкеге жасаған құрмет. Келіннің оң жақ тізесін үш рет бүгіп сәлем етуі жоғары, ортаңғы, төменгі әлемді мекен ететін ата-бабалар аруағына, өмірден озған бабаларына бас иіп, өзін сол отбасының ұрпағын көбейтуші, жалғастырушы ретінде таныстыруы». Сондай-ақ бабалар аруағына табыну ғұрпы әулие ағаштардың басына барып түнеуден балалы болуға болады деген мифтік ұғымдарды қалыптастырған. Ағаштарда қасиет бар деген сеніммен мал сойып құрбандық шалған. Бұл адам мен табиғаттың жаны бір деген тотемдік нанымның негізі (Қанарбаева, 1999:91).

Әр халықтың тарихында бүкіл адамзатқа тән ортақ заңдылықтармен қоса, өзіндік ұлттық ерекшеліктердің, қайталанбас ерекше белгілердің, сол халық қана басынан өткізген ала бөтен жағдайлардың нәтижесінде қалыптасқан салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың болатыны белгілі. Мысалы, ауыл қоныс тебетін жерге келген бетте әдетте оның үстімен бір отар қойды айдап өтетін еді. Бұл ежелден қалыптасқан ғұрып. Оның киелі мағынасымен қатар тұрмыстық мәні де бар. Қой шөппен бірге бүйі, сарышаян, қарақұрт сияқты улы жәндіктерді жейді, оның иісінен жыландар қашып кетеді, бір сөзбен айтқанда «ең таза, оттан жаралған» жануарлар маңайды санитарлық жағынан тазартудың ең бір қауіпсіз түрін іске асырады (Арғынбаев, 1969). Ибн Рузбизан қазақтардың қонақтарды қойдың басымен сыйлайтын әдет-ғұрыптың бар екенін жазады (Рузбихан,

1976:103).

Географиялық орта мен заттық дүние нысаналарының киелі болу белгілерінің бірі олардың антропомофтануы болып табылады, яғни оларға адам қасиеттері беріледі, сондай-ақ аталатын нысаналармензаттарғажанбітіруболыптабылады(Керімбаев,2007).Пір,әулие туралыдастандық аңыздар тотемдік ұғыммен байланысты. Адам әлем мен құдайларды адамиландырды (антропоморфтау арқасында). Әруақ сыйлайтын қазақтардың ұғымында әулиенің рухы кейде жануарлардың бейнесіне еніп, ауру-сырқауларға көмектесіп, жәрдем береді екен. Қазақтарда байлық пен табыс сыйлаушы, қайырымды және мейірімді адамдардың, еңбекқор жандар мен жолаушылардың қорғаушысы, пірі – Қызыр (қазақша Қыдыр) болып саналады. Кейбір жерлерде ДиқанбабаменҚыдырдыбірдепсанайды(Қазақхалқыныңсалт-дәстүрлері,2005:76).Қыдыркейде тіпті бала немесе жануар (қоян, құс) бейнесінде де көріне береді. Қазақтарда сақталған сенім бойынша Қызыр пайғамбар да жыланның бейнесіне еніп, түнде үйдің ішін аралап, ауырып-сырқап жатқандарға көмектеседі екен. Өзбек халқында да ақ жыланның образы қасиетті Қызыр пайғамбардың бейнесі деген сенім бар екен (Снесарев, 1969:115). Құт-нұр – ғаламат күш, саналы күш, нақты көрініс бергенде құт біреуге жігер, батырлық болып, екінші біреуде дарын, білім т.б. болып дари береді (Нұразина, 2002:43). Көшпелі мұсылманның идеалы (пірі) қазақтың батырлық эпостары мен тарихи жырларындағы батырлар мен хандар образдарынан көрініс тапты.

Өзбекстан топырағында Көктерек, Қарағашты, Жыланды сияқты т.б. әулие аталар жерленген зираттар бар. Қазақтардың зиарат етуге баратын осындай киелі орындарының қатарына Шопан ата мен Зеңгі баба кабірлерін де ерекше атап өтуге болады.

Жалпы қазаққа белгілі аңыз бойынша, Шопан ата Қазақстанда суфизмнің түркі дәстүрінің атасы, йассауийа (султанийа) орденінің негізін салған Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті болып саналады, ол ХІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген.

Аңызбарысында,дәрісінаяқтағаннанкейіншәкірттеріАхметҚожаЙассауиданбатасұрайды. Ұстаз шәкірттеріне: «Мен мына аса таяғымды шаңырақтан лақтырам. Соны кім бұрын барып, алып келсе, сол шәкіртіме батамды берем»-дейді. Аса таяқты лақтырған бойда шәкірттер атаулы тұра жүгіріпсыртқа кетіпті.ҮйішіндежалғызШопаната қалыпқояды.«Сеннеге отырыпқалдың? – деп сұраған ұзтазына ол: «Аса адам жетер маңға түспеген шығар?» - деп жауап беріпті. Кешікпей шәкіртіжолғашығыпайлапжолжүріп,Маңғыстауғакеліп,таяқтыңүстіненшығады.Алсолорынға Шопан ата мешіт салдырып, қасиетті мекенге айналыпты. Бұл аңыздың сарынындағы Шопан ата салдырған мешіттің орны, Маңғыстаудағы Қарақия ауданына қарасты Қызылсу елді мекенінен бес шақырым жердегі қазіргі Шопан ата қорымы (Хозяйство казахов.., 1980:128; Аджигалиев, 1994:24; Нығметуллаев, 2000:12).

Шопан ата аңызының екінші варианты Маңғыстау қазақтары арасында былай өрбиді. Ертеректе Мұса атты жігіт, құдықтың тас қақпағын аша алмай жатқан екі қызға жолығады. Жігіт қыздарға көмектесіп, олардың қойларын суғарады. Сосын қыздар оны үйлеріне шақырып, үйдегі соқыр әкесіне Баян байға ертіп әкеледі. Баян бай Мұсаны қой бағуға өзіне қойшы етіп жалдайды.

78

Тоғыз жыл өткеннен кейін, Мұса кеткісі келетінін айтады, бірақ шал одан тағы бір жыл қалуын сұрап, келер жылғы төлдердің ақ түстілерін беретіндігін айтады. Келер жылы қойлардың барлығы ақ түсті төл туады. Шал қойшыны тағы бір жылға қалдырып, келер жылғы төлдердің ала түстілерін беретіндігін айтады. Келер жылы тағы да, өңшең ала түсті төл туылады. Содан шал қойшыны кіші қызына үйлендіріп,оғанШопанатақойдыңпірі депатақ бергенекен.СоданШопанатақойпірідеп аталыпты (Хозяйство казахов.., 1980:128; Аджигалиев, 1994:24). Осы аңыздардан, әсіресе соңғысынан Шопан ата аңызының шығу тегін, ислам дінінің негізінде реконструкцияланған еврей халқының діни ұстазы Моисей-Мұса аңызымен дәл келетіндігін көреміз.

Шопан ата кесенесі Ташкент қаласы, Чиланзар ауданы, Ғафур Гулям көшесіндегі «Қазақ мазар»бейітінде орналасқан.Шопан ата кесенесі туралы айтылатынаңыздың бір нұсқасында: Әмір Темір оны Ташкент қаласының сыртында «Қазақ мазар» деген жерге салғызыпты, мұнда ол кезде қалмақтар тұрыпты. Аңыздың желісіне үңілсек, айтушы Әмір Темірден бастап, Ташкентті қазақтар билеп тұрған кезін, одан соң жоңғар (қалмақ) тұрған кезеңіне дейін бәрін араластырып баяндайды. Аңыздың екінші нұсқасында: Ұлықбектің түсіне Шопан ата кіріп, өзінің бейітінің елеусіз қалғанын ескерткен. Ұлықбек Самарқандтан ұсталарды құрылыс материалдарымен қоса аттандырып, Шопан атаның бейітінің үстіне құрылыс салуға бұйрық берген. Аңыздың үшінші нұсқасында:Шопан ата осы жерлердің негізін қалаған, таяғымен жерді шұқи отырып Қатарталдан Махаллаға дейін арық тартқан.Аңыздардағы байқалатынбіршындық - Әмір Темір мен Ұлықбектіңзамандарындаәулиелі жерлерді, тарихи орындарды шығыс дәстүрімен жөндеп, жаңалап жасаған жұмыстарының сорабы көрінеді. Шын мәнінде Шопан ата көне ықылым замандардан келе жатқан қойдың пірі, қой шаруашылығының атасы. Мұндай әулиені елемеу, ескермеу кез келген патшаға, билеушіге сын болған,яғнихалықтыңбетінбері қаратуүшінолармұндайкиелі жерлерге арнайы қаржы бөлдіртіп, жөндейтінін жаңалап отырған. Шопан атаның Қазақ мазарында тұруы бекер емес. Мал пірлеріне арналғандықтан, мейлі ол Шопан ата не Зеңгі ата бола ма, бәрі де төрт түлік мәдениетінің кейіпкерлері болып табылады.

Құрылыстың сәулеттік сипаты: бір бөлмесі пештоқты – күмбезді, тік төртбұрыш жобалы мазар. Пештоқтың екі жағында екі мұнара гүлдесте (гулдоста) жапсырыла салынған, бастары фонарь түрінде үшкірлене біткен. Пештоқтың арғы жағында қабырғалары бірдей тік төртбұрыш – квадрат зал, төрт жағында аркалы текшелер – нишалармен көмкерілген. Зал бір қабатты сүйір күмбезбен жабылған, күмбез төрт жағынан желкендікке отырғызылған. Мазарға батыс жақтағы қабырғадан шығарылған терезеден жарық түседі. Күмбездің барабаны, пештоқтың қабырғалары, гүлдестер (жартылай бағаналар) кірпіштері алма-кезек тік және көлденең қалана отырып тұрғызылған. Пештоқ құм-балшықпен сыланған әрі ағартылған. Мазардың ішкі-сыртқы қабырғаларының еш жеріне ешқандай сылақ жүргізілмеген, кірпіштерінің қалануы мен өрімдері көрініп тұр. Мұны құрылыста «қара» күйінде қалдырылған дейді. Мазарда бір-ақ қабір тұр, зал ортасында – сағана тұр. Мазар түгелдей тік төртбұрышты (24,5 х 3,5 – 4 см) күйдірілген кірпіштерденқаланған.Қабырғаларынабалшық,аркаларменкүмбезгеғанышсылағықолданылған. Мазардың өлшем жобасы - 4,6х5,6; биіктігі - 7,2 м, күмбездің ішкі диаметрі – 2,6 м. Археологиялық зерттеулер құрылыстың XVIII ғ аяғында салынғанын көрсетеді. Шопан ата кешеніне көне мешіт кіреді. 1950 ж мешітті зерттеген Өзбекстан сәулетшілерінің қойған сұрағына тұрғындардың жауабы: XVIIғ ортасында бұрыннанкеле жатқанқасиеттіжерге (өзбектер«қадамжай»-депатайды) мешіт салынған.

Зеңгі атаның шын аты Айқожа, әкесі – Тәтіқожа, Арыстанбабтың тұқымы, Қожа Ахмет Йассауидің шәкірттерінің бірі, бесінші мүриді деп саналған. Тірі кезінің өзінде Зеңгі ата деген атқа ие болған, Шаш қаласында туған, өмір сүрген уақыты ХІІ ғ соңы мен ХІІІ ғ басы, кейбір тарихи деректерде хижраның 656 ж (1258) қайтыс болды делінген.

Аңыз бойынша Зеңгі ата мен әйелі Амбар бибінің басына Әмір Темір мазар салдырған. Аңыздың түбі шындыққа келеді, Ташкент өте күшті қамал болған, Темір 1361, 1363-1367 жылдары Ташкентте болып әскерлерін жасақтап, жаттығулар өткізіп, жорықтарға дайындалған. 1391 ж қыпшақтарға қарсы соғыста Темір көп ауырып, Ташкентте төсек тартып қалған. 139? ж Темір Ташкент арқылы Шыназға барып, Моғолстан ханының қызы болашақ жары Тәуекел ханымды қарсы алған. Осы жолы Қожа Ахметтің басына әйдік құрылыс салып жоспарын ойластырып, Қожа Ахметтің ұстазы Арыстан бабтың басына тәу етеді. Демек Темір Ташкентте болған кездерде Арыстан бабтың тікелей тұқымы және Қожа Ахметтің шәкірті Зеңгі атаның басына бармай, зиарат жасамай өтуі мүмкін емес. Сол уақыттарда Зеңгі ата мен Амбар ханымның басын көтерген деп нақты айтуға болады.

79

Зеңгі ата мазары VI ғасырдан бері келе жатқан сәулет ансамблінің негізін құрайды. Зеңгі атаның жанына қазақтың көп адамдары жерленген деген сөз бар. Зеңгіата мазары екі күмбезді, екі мұнаралы,көпбөлмелі,алдыңғыжағындағы– пештоқтан,зиратханаменкөрханадантұрады.Үлкен зиратхана мен кішілеу көрханалардың жобасы тіктөртбұрышты, қабырғаларында аса терең емес текшелер (ниша) ойылып жасалған. Ішіндегі бөлмелердің үлкен-кішілігін мазардың сыртқы тұрпатынан байқауға болады, екі бөлме де аркалы паруатермен бекітілгенкүмбездермен жабылған. Зиратхананы жауып тұрған он алты қырлы арматура біртіндеп күмбездің астында тұрған барабанға ұласады, көрхананың күмбезі он екі қырлы барабанның үстіне қойылған, күмбездер екі қабатты. Құрылыстыңіргетасытіктөртбұрыштыкірпіштердің(25-26см)арасынабалшықсалыныпқаланған, қабырғалары күйдірілген тақта кірпіштерден (25-26х5,5-6,5) жабысқақ сор топырақпен (лесс) бекітілген, іші ғаныш ерітіндісімен сыланған. Мазардың ою-өрнек әшекейлері пештоқтың бетінде, күмбездің барабанында сақталған. Пештоқтың ішкі жағы көк, көгілдір терракота тақталермен Әмір Темір, Ұлықбек заманына тән мәнерде әшекейленген, Ромбы және төртбұрыш фигуралар гирихтарды толтырып, куфалық жазулармен астасып мазоликалы зертастармен әсемделген. Кірер есіктің маңдайшасы геометриялық жұлдызша орнаменттермен – он екі бұрышты гирих өсімдік оюөрнегімен толтырылған. Көрханада Зеңгіатаның ақ мәрмәрдан кесілген ұзынша параллелипипед пошымды қабіртасы тұғыртастың үстіне қойылған. Әдемі ойма жазулармен діни мазмұнда Зеңгіатаның мәңгілік орны екені жазылған. Пештоқты қоса есептегендегі жалпы өлшемі 18х13 м, зиратхананы қоса есептегендегі көлденеңі – 9 м, зиаратхана күмбезінің биіктігі 18,3 м, пештоқтың биіктігі – 10 м, пештоқ аркасының ара қашықтығы – 6,6 м, зиаратхана 6,2х6,2 м, 3,7х3,7 м. Зеңгіатаның қабіртасы 2,55х1,05 м, биіктігі тұғырды қоса есептегенде 1,3 м. XIV ғ соңында Әмір Темірдің кезінде екі бөлімнен тұратын Зеңгіатаға арнап мазар салынған. XV ғ І-жартысында Ұлықбектің заманында екі қанаттас құрылыстары бар – пештоқ, халимқана сияқты т.б. ғимараттар салыныпдіни-ғұрыптық кешенге айналған.1868жболғанзілзаладанпештоқтыңаркасы,күмбездер бірталай зардап шекті. 1887-1888 жж жөндеу жұмыстарында «орыс кірпіші» пайдаланылып ескерткіштің бұрынғы пошымына айтарлықтай зиян келді. Кеңес заманында ескерткішке толықтай сәулет-археологиялық, инженерлік зерттеулер жүргізіліп, реставрация жасалды (Б.Н .Засыпкин, А.И. Виноградов, Т.С. Смирнова, В.М. Филимонов).

Амбар бибі мазары Зеңгіатанікінен көп алыс емес, қатарлас деуге болады. Амбар бибі – Амбар-ананың бірінші күйеуі – Сүлеймен Хакім ата Бақырғани қайтыс болған соң, ол Зеңгі атаға тұрмысқа шығады. Сүлеймен Бақырғани Қожа Ахмет Йассауидің ілімін жалғастырушы, екінші жағынан Зеңгіатаның ұстазы болып саналады. Амбар бибі образы исламға дейінгі өте көне аналық культі мен құнарлылық ғұрпымен байланысты. Аңыз бойынша Амбар бибі мазары да Әмір Темір бұйрығымен тұрғызылған. Шынында да сәулет формасы Темір дәуірінің құрылыстарынан айнымайды, соғылған кірпіштері мен сылақтары ХIV-XV ғасырлардікі екені дәлелденіп отыр.XIVXX ғ бас кезінде қалыптасқан ғұрыптық-мемориалдық кешен үш аумақтан: үлкен бақ, XIV-ХІХ ғғ. салынған сәулет құрылыстардан және Амбар бибі мазары мен бейіттен тұрады. Көне көз Ташкент тұрғындарының айтуынша онда Зеңгі ата ауылы мен маңайындағы ауылдардың қазақтары көп жерленген көрінеді.

Ислам дінінің ықпалына түскендіктен Зеңгі бабаны Айтқожаның лақап аты десе, кейде оның атын Имин баба деп те келтіреді (Хозяйство казахов.., 1980:128).

Ә.МарғұланөзеңбегіндеӘ.Диваевтыңдеректеріннегізгеалаотырып,Зеңгібабаныңшынаты Айтқожа дей отырып, былай жазады: «Айтқожа ол – Самарқант, Бұқара, Үргеніш халықтарының өкілі ретінде көрсетілген. Бұл қалаларда VIII ғасырдан бастап, Орта Азияда ислам туын тіккен жерлер. Аңыз бойынша толығымен Айхожа – Қарахан дінінің Орта Азияда ислам дінін таратушы, түсі қара болғаннан соң оны көбіне Зеңгі ата, Зеңгі баба деп атаған. Зеңгі баба Айхожаның лақап аты.Сондай-ақАйхожаҚараханәулетіментуыстаскісі.Аңыздардыңбірвариантындаолөзініңөгей қызы Айша бибіні, сол кезде Талас өлейетін билеген Манастың әкесі Жақыптың туысы, әулие Қараханға берген десе, келесі аңызда Айхожа Хәкім ата Сүлейменнің шәкірті. Сүлеймен ақын қайтыс болған соң, оныңжұбайы Амбар анаға үйленіп, одан Айша бибі туған екен. Сөйтіп, Айхожа ойдан шығарылған ат емес, ХІІ ғасырда жасап, ислам дінін таратуда Қарахан ұрпағына белгілі, қызмет істеген адам» (Марғұлан, 1985:110).

Ә.Диваевтың дерегінде: «Зеңгі атаның қазіргі аты – Иман баба» - дей келе, ол да зәңгі деген атқа ажарсыз болғандықтан, лақап атқа ие болған деген. Зәңгі ата Шаш мекенінде туған. Ол Тәжі қожаның баласы және Әзірет Арыстанбабтың немересі. Зәңгі ата әулие Қожа Ахмет Йассауидың (1166 жыл) 5-ші мүриді (ізбасары) болған. Йассауи Түркістан қаласында жерленіп, қабірінің үстіне Темір зор ғимарат салғызған. Осы жағдайларға қарап, Зәңгі ата шамамен 800 жылға жуық өмір

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]