Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

үлесін қосты [3]. Түркі, ұлттық дереккөздерінің рөлі артты. Жаңа концепциялар ұсынылды. Дегенмен М. Бұлұтай ғалым ретінде посткеңестік жағдайға дұрыс баға берді.

Ғалымның өзі айтуынша, еркіндік орнаған соңғы жылдарда осындай рухани мәселелеріміз өзіміздің ұлттық және діни тарихымыз тұрғысынан қайтадан анықтау, зерттеу қылу талабы туды. Ислам діні Орта Азия аумағына келгенде, осы өңірде көптеген діндердің және наным-сенімдердің болғаны ақиқат. Осы діндердің мүшелері, өкілдері мен миссионер ұйымдарының, сондай-ақ саяси және әскери билік иелерінің, мүдделес топтардың кері және жаппай қарсылық көрсетуіне қарамастан, Ислам тарихи бәсекелестікке төтеп беріп, көптеген діндердің жарыс алаңына айналған Жібек жолы бойындағы мекендердің барлығында үстем болып, бірегей дін ретінде өзінің орнын бекітті [1, 6 б].

Бұлұтай зерттеуінде біз исламға дейінгі түркілер туралы құнды материалдар мен ғылыми тұжырымдар таба аламыз. Орталық Азияны мекендеген байырғы қауымдардың, олардың ішінде түркілердің ертеде қандай наным-сенімді ұстанғанын анықтау бұл халықтардың өткенін білудің негізі болып табылады.

Ғалым М. Бұлұтай дінтанулық тұрғысынан, тәңіршілдік дүниетанымы бойынша, бір құдайға сеніммен бірге әр түрлі рухтардың да болатынына сенушілік орын алды. Рухтарға сенушілік бірқатар ырымдарды орындаумен қатар жүрді. Солардың ішінде ең негізгісі ата-баба аруағын қадір тұту, қасиеттеу. Мұның өзі ата-баба рухтарының о дүниеде өмірін жалғастырады деген сеніммен туындады.Бұл нанымқазірде өзініңмаңызынжоғалтпаған,өйткені сол уақыт пенкеңістіктіңөзара байланысын, өмірдің мәні мен мақсатын айқындай отырып терең философиялық және рухани адамгершілік қуатқа ие.

Қорыта айтқанда, посткеңестік кезеңде ғалым-дінтанушы М. Бұлұтай еңбектері Қазақстан тарихнамасындағы ислам тарихына қатысты «ақ таңдақтарды» зерттеп, объективтік әдістемесін қолдану ісіне белгілі еңбек сіңірді және шет елдік, «өзге» немесе баламалық көзқарасты, сыни позицияны таратуға үлес қосты. Сонымен бірге, ұлттық тарихнамада М. Бұлұтайдың іргелі монографиясынан кейін де ислам тарихы одан әрі зерттеліп, айтулы жетістіктерге қол жеткізілді.

__________________________

Бұлұтай М.Ж. Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды? – Алматы: Білім, 2000. – 504 б.

Мұхатова О. Тарихнама ғылымы: теориялық-методологиялық негіздері және зерттеу үлгілері. Оқу құралы. - Алматы, 2009. -186 бет.

Муминов А.К. Новые подходы к исламизации // К новым стандартам в развитиии общественных наук в Центральной Азии. Материалы международной научной конференции. – Алматы, 2006. – С. 77-91. Муминов А.К. Ислам в Центральной Азии: особенности в кочевой среде // Урбанизация и номадизм в Центральной Азии: история и проблемы. Материалы конференции. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – С. 108 – 116.

Муминов А.К. Казахские ходжи // Shygys (Восток). – 2004. – № 1. – С. 229-235.

Жандарбек, З.З. «Насаб–нама» нұсқалары және түркі тарихы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 168 б. Жандарбек З. Йасауи жолы және қазақ тарихы. – Алматы: Ел Шежіре, 2006. – 256 б.

Нуртазина Н.Д. Ислам в истории средневекового Казахстана (историко-культурологическое исследование). – Алматы: Фараб, 2000. – 312 с. Нуртазина Н.Д. Распространение ислама. Алматы, 2016358 с.

Султангалиева А.К. Ислам в Казахстане: история, этничность и общество. – Алматы: Казахстанский институт страт. исследований при Президенте РК, 1998. – 188 с.

МустафинаР.М.Бытовойисламуказахов(XIX–XX вв.) (историко-этнографическоеисследование).Дис.докт.ист. наук: 07.00.07 – Алматы, 2006. – 309 с.

Молдабекова Р.М., Тұрсынқожин Д.Қ.

Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ БІРІ - М. ТЫНЫШБАЕВ

ХІХ-ХХ ғасыр бас кезеңінде Ресей империясының толық отарына айналуына байланысты ұлттық рухы әлсіреген, туған халқын саяси, рухани және экономикалық тұрғыдан қайта түлету қажеттілігін түсінген ұлтжанды зиялылар қауымы қалыптасты. Туған жерінің тағдырына араша түсіп, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен зиялы қоғам қайраткерлері арасында қазақ жастары арасынан тұңғыш техникалық жоғары білім алған теміржол инженері әрі тарихшы, ірі қайраткерлердің бірі – МұхамеджанТынышбаев болды. Ол туралы көптеген мақалалар мен зерттеу жұмыстары жазылды. Солардың бірі Г.С.Жүгенбаеваны атауға болады, оның «Мұхамеджан

231

Тынышбаевтың өмірі мен қызметі (1879-1938)» атты зерттеуі М. Тынышбаевтың өмірі мен оның Қазақстанның аяғынан тұрып, өсіп-өркендеуінде қосқан үлесі жайында жан-жақты жазылады

[1,17б.].

Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірбаянына келетін болсақ, ол 1879 жылы 12 мамыр күні Жетісу облысы Лепсі уезі, Мақаншы – Садыр болысына қарасты Жыланды тауының баурайында мал бағумен күнелткен Әлдекеұлы Тынышбай отбасында дүниеге келген. Қазір бұл өңір Алматы облысы, Сарқанд ауданы, М.Тынышбаев ауылы (1993 жылдан бастап) деп аталады [1, 17б.]. М.Тынышбаевтың әкесі - Әлдекеұлы Тынышбай Лепсі уезінің биі болған. Ол ел ішінде беделді, қайсар мінезді жан болған. Азамат соғысы жылдарында, қарт Тынышбай қызылдар қолынан қаза табады. М.Тынышбаевтың анасы Мәдиям да (кейбір деректерде Шахизадабану депте көрсетіледі) туралы нақты деректер аз. Ол кісі 1932 жылғы аштықта қайтыс болса керек. М.Тынышбаевтың өзімен бірге туған бауырлары да көп болған. Алайда, М.Тынышбаев әулетінің басындағы зобалаң, олар туралы нақты мәліметтер табуды қиындатып отыр. Бір адамның өміріндей салтанат құрған Кеңес үкіметі, бұл әулетті жоқ қылады.

Сол кезде он бір жасар Мұхамеджан 1890 жылы Верный (Алматы) қаласындағы ер балалар оқитын гимназияның 2 жылдық дайындық сыныбы бар, негізгі оқу курсы 8 жылдан тұратын осы бір білім ұясына оқуға түседі. Ол гимназияға түскен күннен бастап бар ықыласын білім алуға жұмсап, он жыл бойы өз қатарластарының арсында алды болып, сыныптан сыныпқа бірінші дәрежелі мақтау грамотасымен көшіп, аталған гимназияны 1900 жылы алтын медальмен бітіріп шығады. Мұхамеджан Тынышбаевтың білімін көтеруде, жетілдіруде парасатты ұстазы М. В. Вахрушевтің көмегі зор болады. Ұстазының қолдауымен Мұхамеджан Санк-Петербургке келіп, байқау емтихандарын жоғары бағаларға тапсырып, өзі қалаған Александр-І атындағы Петербург Жол Қатынасы инженерлерін даярлайтын жоғарғы оқу орнына 1900 жылы студент болып қабылданды.[2,25б.].М.ТынышбаевПетербургқаласында1900-1906 жылдарыболды.Бұлжылдар нағыз тарихи оқиғалар толы болумен ерекшеленеді. Осы жерде әр түрлі мәдени-әдеби кештерге, салтанатты жиындарға, саяси жиналыстарға қатысып, білімін толықтырып, шын мәніндегі зиялы азамат болып қалыптасып, рухани дүниесін байтады. Әсіресе, институттың соңғы курстарында оқып жүріп қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, туған халқының ауыр тұрмысын, мүшкіл қалдерінің нашарлығынна алаңдап баяндамалар жасайды, мақалалар жариялайды, патша өкіметінің жоғарғы орғандары мен әкімшілік басшыларына арыздарда жазады. М. Тынышбаевтың саяси көзқарастарының қалыптасуына 1905 жылы басталған бірінші орыс революциясы айтарлықтай әсер етті. Осы Ресейдегі І – буржуазиялық-демократиялық революция кезеңінде М. Тынышбаев 1905 жылы автономистердің І-сьезінде «Қазақтар және азаттық қоғалыстары» деген тақырыпта баяндама жасап, патша тарапынан жүргізіліп отырған отарлау саясатының тонаушылық сипатын ашып көрсетіп, соның салдарынан қазақ халқының жағдайының қиындап бара жатқанын ашына айтады [2, 26]

1905 жылы желтоқсанда 28 жасында Оралда Кадет партиясының мүшесі Ә. Бөкейхановтың ұйымдастыруымен «Қазақстанның бес обылысы» өкілдерінің бас қосуы арқылы Ресейлік Кадеттер партиясының үлгісімен қазақтың ұлттық саяси ұйымы құру әрекеті жасалады. Осы мәжіліске Жетісулықтар атынан М. Тынышбаев келеді. Бостандық пен демократия идеясын бұқара халықпен зиялы қауым ішіне таратып, қолдау тапқан бұл саяси ұйым өкілдері үлкен іс тындырады. М.Тынышбаевтың бұдан кейінгі қоғамдық-саяси қызыметінің бірі ол 1907 жылы ақпанның 20-сы мен мамырдың 16-сы аралығында бар болғаны 112 күн өмір сүрген. Ресей ІІ-ші Мемлекеттік Думасына Жетісу обылысының қазақ, қырғыз, ұйғыр, дұңған халықтарының атынан сайлануы, оның ел ішінде танымалдылығын көрсетеді. Оған жалпы саны 518 депутат қатысып (оның 35-і ған мұсылман депутаттары болды) бұның жетеуі Қазақ елінің атынан сайланды [3, 84 б.]. Ал Дума таратылғаннан кейін орта Азиялық теміржол құрылысына ерекше нұсқаушы инженер қызыметіне орналасып, Әмудариядан өтетін көпір құрылысына қатысады. 1911 жылы Урсатевк-Андижан теміржол құрылысыныңбас инженеріжәне басқарушысы болыпқызыметістейді.1914жылы Қазақ жеріне оралып Жетісу теміржол құрылысында бөлімше басшысы болып және Арыс-Әулиеата бөлімшелерінде бас инженер болып қызыметтер істейді. Өз өмірінің осы тұсы жайында 1931 жылдың 5-қарашасында тергеу хаттамасында бір қызықты жайтқа тоқталып өтеді. Онда: «М. Тынышбаев 1915жылы мен ЖетісутармағыныңТүлкібас стансасы маңындағы құрылыста болдым. Жазда ауылға орналастық. Ауыл тұрғындары Алматы округінен аластатылған Рысқұловтың туғантуысқандары екен. Бір қазақ Түлкібас кентінде оқуға барғалы жүрген, бірақ қалтасында көк тиыны жоқ Рысқұлдың ұлын кездестіргенін айтты. Мен жасөспірімді алып келуін өтіндім. Сөйтіп, Рысқұловты тұңғыш рет көрдім. Оның жоқшылық құрсауында жүргені бірден аңғарылды.

232

Сондықтан мен ақша жинастырып, есімде жоқ, 150 ме әлде 100 рубль, қалтасына салдым. Басынан сипап, сенен бірдеңе шығады, қаражат қажет кезінде қысылмай хат жаз 30 рубль жіберіп тұру мен үшін қиындық туғызбайды, дедім. Содан мен 1920жылы солтүстік майданнан кеңес үкіметінің жағына шыққан тұста Рысқұловтың бір кездері танысқан боз баланың СНК (Халық Комисарлар кеңесі) төрағасы екенін естідім» дейді [4, 5 б.].

М. Тынышбаев алғашқы жалпыұлттық «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде «қазақ инженері» деген бүркеме аттармен ағартушылық сипаттағы мақалалары жарық көреді. Әсіресе ол «Қазақ» газетінің бағыт-бағдарын жақтап, осы басылымды халық арасына таратуға ат салысады. Олардың қатарында «Соғысушы мемлекеттердің армиясы», «Темір жол һәм Европа», «Аспанда ұшып жүретін машина һәм Европа соғысы» «Сугір қайық», «Соғысушы мемлекеттердің қаружарақтары» және алдыңғы қатарлы интелегенция өкілдері жайындағы «Садуақас Шілімбеков», «Барлыбек Сырттанов» атты мақалалары жарияланады [3, 152]. 1906-1914 жылдар аралығында Верный (Алматы) обылысын басқарған С.Н. Велецкий кезіндегі заңсыздықтардың ашық түрде жүзегеасқандығынбұлтартпайтындеректермендәлелдегенМ.Тынышбаев1916жылғыкөтерілістің бастысебебіпатшаныңжергіліктіхалықтыңер-азаматтарынмайданныңқаражұмысынаалутуралы 25 маусымдағы жарлығы емес, әлеуметтік және ұлттық езгінің бірінші дүниежүзілік соғыс барысында барынша күшейгендігі болғандығын баса көрсетеді. 1916 жылғы патшаның маусым жарлығы көтерілістің басталуына түрткі ғана болғанын айтады. М. Тынышбаевтың «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 24-маусымындағы санында жарияланған мақаласында Қытай жеріне кеткен (Құлжа мен Қашқар жерлеріне) босқын қырғыз, қазақтардың саны 164 мыңға адам екен. Содан үстіміздегі жылдың (1917) июльдің 1-не дейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың адам деп мәлімет берген [5, 31, 124 б. ].

Тынышбаев бүкіл қазақ тарихының арғы бергі деректерін Шығыс, батыс саяхатшыларының, парсы деректерінен, сонымен қатар орыс ғалымдарының және бұған дейін жазылған қазақ ғалымдары мен аңыздарды салыстыра отырып қарастырады. Сол жылдары Ташкенттен шыққан қазақ тарихына, қазақ хандарына, ескі қалалардың орындарына, қазақ шежіресіне, үш жүздің құрамына кіретін үлкен-үлкен рулардың таңбаларына және көптеген еңбектерін жариялаған. Қазақ тарихындағы ең үлкен белестерінің бірі ол Түркістан-Сібір темір жолының салынуында бірден бір ұйымдастырушы, әрі бас инженер болған кездері қамтылған. Тынышбаев қазақтың ел басқарған хандарының атқарған қызыметін сол кездері осы хандарға байланысты шыққан географиялық атаулардың шығуында толық келтіреді. Оның одан кейінгі жылдарда жазылған бірақ жарыққа шықпай мұрағат қорларында қалып қойған еңбектерінде саралайды [1, 116-117 б.]. Сонымен қатар Шоқан Уалихановтың еңбектеріндегі қазақ тарихына байланысты еңбектерді саралайды соның ішінде «қазақ» сөзінің ер жүрек, батыр деп айтқанын, сондай-ақ қазақты алаштан яғни ақарыс, жанарыс, бекарыстан таратады [2, 54 б.]. Мұхамеджан Тынышбаевтың бүкіл шежіреге қатысты деректерін зерттеп-зерделеп жүрген Әбділдабек Салықбай түп деректерді қарап онда бүкіл қазақтың үш жүзінің яғни ұлы жүз, орта жүз және кіші жүздің бүкіл руларының қайдан шыққанын олардың қай кезде кімдермен араласқандарына дейін саралап өз ана тілімізге аударылған. Онда бүкіл қазақ руларының еш жақтан ауып келмегенін олардың осы жерде бұрыннан автохонды халық екендігіне тағыда нықтай түседі. Онда Тынышбаевтың шежірені жазған кезінде бұған дейінгі еңбектердің барлығын саралап қорытып жазған дейді. Өзіне дейінгі жазылған Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарихи-Рашидин», Захираддин Бабырдың «Бабырнамасын», Әбілғазы Бахадурдің «Түрік Шежіресін», Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресін», Бейбарыс пен Халдунның «Қыпшақ шежіресін» сонмен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қырғыз, түрік һәм хандар шежіресінің» барлығын талдап сараптап жазған деп көрсетеді.

М. Тынышбаев Уақытша Үкіметтің 1917 жылғы 6-сәуіріндегі қаулысымен Түркістан өлкесін (Самарқанд, Сырдария, Ферғана, Закаспий, Жетісу обылыстары мен Хиуа, Бұхара) басқаратынТүркістан комитетіне мүше болыптағайындалды.Төрағасы кадет партиясының мүшесі Н.Н. Щепкин болған бұл үкіметтің құрамында сонымен қатар Ә. Бөкейханов, С. Мақсудов, В.С.Ельпатевский, А.Л.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский және А.А.Дәулетшин болды. Түркістан комитеті құрылған күннен бастап өлкедегі ең негізгі мәселенің бірі – Жетісуда қалыптасқанауыржағдайдышешугекірісті.Бұлмәселеніалғашкөтеріп,оныіскеасыруғабарынша күш салған М. Тынышбаев болды. Жалпы, М. Тынышбаевтың 1917 жылғы қоғамдық-саяси қызыметіөтекүрделі,сан-салалыболды.ОлЖетісуөлкесіндеіссапардажүріп,соныменбіргеақпан төңкерісі әкелген әлеуметтік саяси өзгерістерді өмірге енгізуге зор үлес қосты [1, 43 б. ].

1917 жылы қарашада Қоқанда барлық саяси қозғалыстар мен партиялардың бүкіл түркістандық конгресі өткізіліп, бұнда Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылғанын

233

жариялайды. [1, 55 б.]. Бұл автономияның тұңғыш басшысы әрі ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланады. Түркістан халықтарының Ресей империясы қол астына қарағаннан бергі тарихында, тұңғыш рет ұлттық-демократиялық мемлекетке ұмтылысы 1917 қараша айында іс жүзінеасырылғанеді.Оныңтөрағасы– МұхамеджанТынышбаевболғанбұлмемлекеттікқұрылым, тарихта «Түркістан автономиясы» деген атаумен белгілі. Бірақ М. Тынышбаев Түркістан автономиясының басында не бары екі ақ апта болады. Кейін бұның басшылығына қазақ елінің бір тума таланты қайраткері Мұстафа Шоқай сайланады. Алайда бұл автономияның бастама болатын негіздерінің болмауы, автономия басшылары арасында алауыздықтың кең өріс алуы, ұлт зиялыларының қызметті атқарудың қолайсыз екендігіне көз жеткізеді. М.Тынышбаев сондықтанда ол көп уақыт өтпей үкімет басшылығынан кету жайында шешім қабылдайды.

1920жылы М.Тынышбаевазаматсоғысы жылдарыныңнәтижесінде қирағанелді мекендерге, ашаршылыққа ұшыраған халыққа көмек көрсетуге ат салысады және осындай шараларды ұйымдастырушылардың бірі болады. Осындай шаруашылықты ұйымдастыру сияқты қызыметімен қатар жиырмасыншы жылдардан бастап «Қырғыз өлкесін зерттеу» қоғамына мүше болып сайланады. 1920 жылы сәуір айында Түркістан Автономиялық Республикасының орталығы – Ташкент қаласына шақырылады. Ал бұл қоғам 1925 жылдан бастап Қазақстанды зерттеу қоғамы болып қайта құрылады. М.Тынышбаевтың шаруашылықты ұйымдастырушылық қызыметі Түркістан Автономисының Орталық Атқарушылық Комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлов тарапынан бағаланады. Сонымен қатар Түркістан республикасының Жер шаруашылығы Министірлігінің су шаруашылығын басқарғандығы жөнінде мәліметтерді білеміз. Сондай-ақ Орталық Азиядағы ұлттық териториялық межелеудің жүзеге асырылуына байланысты Тынышбаев Орталық атқару Комитеті жанындағы ерекше комиссия құрамындағы көшпенді шаруашылық мәселесі бойынша бас инспектор болып тағайындалады және техникалық кеңестің құрамына мүше болып кіреді. 1920 жылғы қазан айында Ташкент қаласында Қазақ Халық Ағарту институты өмірге келеді. Бұл біздің ресми түрде ашылған ұлттық тұңғыш жоғарғы оқу орны болатын. Негізінен Институт 1917 жылы құрылған қазақ педагогикалық училищесінің негізінде ашылған болатын. Институтың бес жылдық негізгі курстан басқа тәжірибе мектебі, балалар бақшасы, бір жылдық дайындық курсы, сондай-ақ жанында балалар жататын интернаты болды. Училищенің институт болып ашылуына көп көмегін тигізген Х. Досмұхамедов пен М.Тынышбаев болды. Тынышбаев институт үшін ел арасын аралап жүріп қаржылай көмек ұйымдастырады. Ол оқу орнында байланысты математика, физика, түрік, моңғол, әдебиет сияқты бірнеше пәндер бойынша лекция оқып, әрі физика кабинетінің меңгерушісі болады. [1, 114 б.]. М.Тынышбаев пен Х.Досмұхамедовтың ерекше ұйымдастыруының мен, көп күш жұмсауы арқасында шыққан «Сана» атты ғылыми-көпшілікке арналған, әдеби-көркем, тарихи-этнографияляқ, қоғамдық-саяси, яғни аңсаған елге, алақтаған жас мұғалімдерге, жасөспірім шәкірттерге көмек бола алатын журналға көмек қосты. 1923 жылы журналдың алғашқы саны жарық көреді. Бұнда «Сананың» бағдарламасы жарияланады. Оны педагогикалық құрал ретінде де сипаттауға болатындығы көрінеді. Осындай міне көтерген жүгі ауыр «Сананың» беттеріне М. Тынышбаевтың «Түркі-моңғол тарихы», «Мырза Едіге батыр» аттты ғылыми мақалалары жарық көреді. М.Тынышбаев қазақтарға ғана емес, бір кездері Алтын Орда құрамында болған халықтардың барлығына ортақ, тарихи-әдеби мұра – «Едіге батыр», «Едіге би», «Едіге мырза», «Мырза Едіге» туралы тұңғыш зерттеу жүргізген болатын.

М.Тынышбаевтың «ХІІІ ғасырға дейін түріктің ежелгі тарихы», «Шыңғысхан және оның империясы», «Қазақ-қырғыз тарихы» және тағы басқа осындай тарихи тақырыптарда зерттеулер жазды [1,79-80 б.]. М.Тынышбаев 1924-1927 жылдар аралығында, әрқайсысы жеке ғылыми зерттеу жұмысы деп айтарлықтай тақырыптардан баяндамалар оқыған еді. Олардың арасында «Көксудағы қираған үйінді және Қойлық қаласы», «Қазақ руларының шежіресі», «Қазақ хандығының құрылуы», «Қырғыз-қазақтардың шығу тегі», «Сырдария, Жетісу губернияларындағы ескі қала, қамал-қорғандардың орны», «Қазақ ханы Тәуке мен оның батыры Алдияр туралы аңыз», «Атбасар уезіндегі ежелгі ескерткіштер», «Қызылөзендегі қираған үйінді және Баласағұн қаласы» және тағы басқа бар. Ол археологиялық, затай деректерді жинаумен де айналысқан. Мәселен, оның Шахрисабздағы «Көк-Сарайдың» және Өзгенедегі мұнараның ескі суреттерін, мыс теңгебақыларды табыс еткені туралы мәлімет.БұлОрыс Географиялық Қоғамыныңқұжаттары арасынан табылады[1,81б.].Бірөкініштісі МұхамеджанТынышбаевтыңөзініңтуғанөлкесітуралыжазылған соңғыеңбектері«ШыңғысханжәнеЖошыұлысы»,«Шыңғысханкезіндегіқазақтар»,«Шыңғысхан және оның империясы» «ХІІІ ғасырға дейінгі түріктердің ежелгі тарихы», «Қазақ халқының тарихы», атты зерттеулері бізге жетпей қалған [2, 88 б.].

234

Мұхамеджан Тынышбаевтың атақты Түркістан-Cібір темір жолын салудағы еңбегі өлшеусіз. Кеңестік индустрияландырудың бастамасы болған – осы бір үлкен құрылыстың салынуы, тікелей М.Тынышбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1926 жылы 3желтоқсанда КСРО Еңбек және Қорғаныс КомитетіТүркістан-Сібіртеміржолынсалутуралы арнайы қаулықабылдайды.Онда осы жалпы одақтың құрылыстарының ең маңыздыларының бірі – осы Түркісіб магистралы екендігі көрсетіледі. 1927 жылы көктемнен бастап Түркісіб құрылысын салу басталды. Осы құрылыстың жобалаушысы, негізгі маманы болады. Тынышбаевтың кәсіби шеберлігі Түркістан – Сібір темір жолы құрылысын салу барындасында айырықша танылды. Бүкіл кеңестік индустрияландырудың алғашқыұлыжеңістерініңбірі – Түркістан– Сібіртеміржолыіскеқосылып,бүкілхалықболыпосы қуанышты тойлап жатқанда, негізгі инженер басшысы М. Тынышбаев тұтқынға алынады. 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, жер аударылды. Мұхамеджан Тынышбаев Воронежге зайыбы - Әмина Ибрагимқызы ШейхАли және кішкентай ұлы – Дәулетпен келеді.Мұнда ол,Москва-Донбас темір жол басқармасының өндірістік-техникалық бөлімі тобының жетекшісі және жобалау бөлімінің инженері болып істейді. Тынышбаевтың жер аударылу мерзімі 1935 жылдың жазында аяқталады. Ол қуғын-сүргіннің мұнымен тоқтамайтынын жақсы түсінеді де. Баласы мен зайыбын Қазақстаннан тыс жерге, Уфа қаласына Әмина Ибрагимқызының туыстарына жібереді. өзі Батыс Қазақстанның территориясы арқылы Ташкентке, үлкен қызы Фатанад-бануға келеді. Бірақ Ташкентте көп болмай, Қандығаш-Гурьев (Атырау) темір жол құрылысына жұмысқа орналасады. Бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты Ташкенге қайтып оралады. Мұндада ол Ішкі Істер Комиссариятының қармағынан құтылмайды. Ақыры оны 1937 жылы 21 қарашада Өзбек ССР-і Ішкі Істер Халық Комисариаты тұтқынға алады. Бұнда оған тағылған басты айып 1917 жылы Қоқан қаласындағы Түркістан Автономиясын басқарғандығы болды. Осы жаланы арқалаған М.Тынышбаев 1938 жылы 20 сәуірде атылады.

Міне, осындай қазақтың бір туар атпал азаматтары саяси қуғын сүргін көрсе де қазақтың аяғынан тұрып, өз мемлекетінің туын көтеру үшін, болашақ ұрпақ үшін жанын аямады. Олардың өмірі мен қоғамдық қызметі кім-кімге болса да үлгі-өнеге және патриоттық рухын көтереді деп ойлаймыз. Олай болса, Ұлы даламыздың тарихи тұлғаларын ұлықтай білейік!

__________________________

1. Жүгенбаева Г.С. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызыметі (1879-1938). – Алматы: ҚазККА, 2000. - 228

б.

2. Тулбасиева С.Қ. Мұхамеджан Тынышбаевтың ғылымға келген жолы және шығармашылық мұрасы. (Тарих ғылымдарының кандидатық ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы)– Алматы: 2004. -141 б.

3.Өмірзақ Озғанбай, 1905-1912ж.ж. Ресей Мемлекеттік Думасы. Алматы: 1996. -374 б.

4.Нұрпейіс К. Бетпе-бет // Егемен Қазақстан. -2001. – 26-қыркүйек

5.Қазақ газеті. -1917 ж. № 236

235

МАЗМҰНЫ

 

У.Х. ШӘЛЕКЕНОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

 

ҚЫЗМЕТІ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР

 

Төлеубаев Ә.Т. Профессор Шәлекеновтің 95 жасқа толу мерей тойына байланысты

 

ойлар.............................................................................................................................................

3

Шалекенов М.У. Мой отец-ученый, наставник......................................................................

6

Қалшабаева Б.К. Қазақ ғылымының жанашыры, ұлағатты ұстаз У.Х. Шалекенов...........

7

Ақымбек Е.Ш. Қаламы мен күрегі мұқалмаған ғалым-ұстазым ..........................................

9

Ерсариев А.М. У.Х. Шәлекеновтің қазақ тарихын зерттеуге қосқан үлесі..........................

12

ҰЛЫ ДАЛА АРХЕОЛОГИЯСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Шәлекенов Уахит Антикалық өркениет орталық азияда да болған.....................................

15

Толеубаев А.Т. Культурогенетические параллели по геродотовым рассказам о скифах...

22

Қожа М. Хантағы атауын тану мәселелері ..............................................................................

28

Досымбаева А., Бондарев М. Символические маркеры тюркских священных земель.....

31

Талеев Д.А. Ортағасырлық Қойлық (Қаялық) қаласы: деректер мен зерттелу мәселесі.......

34

Кдырниязов М.Ш., Кдырниязов О.Ш. Великий Шелковый путь и цивилизация

 

средневекового Хорезма.............................................................................................................

37

Шабашов А.В. Тюркская гидронимия Буго-Днестровского междуречья...........................

42

Сапатаев С.А., Слам Б.Ә. Арыстанбаб кесенесі – ортағасырлық сәулет өнерінің

 

ескерткіші.....................................................................................................................................

47

Тобылов А.С., Амиров Е.Ш. Распределение Казахстанских памятников археологии по

 

регионам.......................................................................................................................................

49

Есенов С.Г. Ақмола облысы целиноград ауданы ескерткіштерінің зерттелу тарихы.........

53

Салгараев М.Т. Новые исторические подходы при изучении хронологии и прародины

 

скифов...........................................................................................................................................

56

Күлеш Қ. Алтай-тарбағатай өңірлеріндегі Құлажорға мәдениеті ескерткіштерінің

 

зерттелуіне шолу.........................................................................................................................

59

Әбілбекұлы Ә. Қазақстан археологиясындағы үш өлшемді визуализация: бүгіні мен

 

болашағы......................................................................................................................................

61

Букешева Г.К. Ерте Алакөл археологиялық мәдениеті: аумағы, ескерткіштері.................

64

Жылысбаев М. Ортағасырлық Тараз қаласының қорғаныс жүйесінің ерекшеліктері.......

66

Букешева Г.К. Материальная культура эпохи бронзы Сарыарки на основе открытий

 

последнего десятилетия..............................................................................................................

69

Жорабекова Б.Қ. Ұлы Жібек жолындағы киелі жер – Жанкент...........................................

71

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ:

 

БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ

 

Тоқтабай А.У., Карамендина М.Ө. Ташкент қаласындағы киелі жерлер – Зеңгі баба мен

Шопан ата бейіттері....................................................................................................................

75

Шалекенов М.У. Историография изучения зарубежными этнологами этнографии

 

казахов..........................................................................................................................................

82

Қалшабаева Б.К. Қазіргі ғылымдағы этногенез мәселелері мен этногенетикалық

 

үдерістердің түрлері....................................................................................................................

94

Қалыш А.Б. Этнодемографические процессы в г. Тургае во второй половине ХІХ –

 

начале ХХ столетий....................................................................................................................

98

Тұрғынбаев Е.М. «Манас» эпосындағы қазақ ру-тайпаларының көрініс табуы....... .........

100

Шашаев Ә.Қ. Шығыстанушы, библиограф және этнограф Н.Сәбитов................................

104

Жүзтаева Б.Н., Тұрсынбай А. Қазақ шежірелері және оның қазақ қоғамын біріктірудегі

 

тарихи рөлі...................................................................................................................................

111

Егізбаева М.Қ. XIX ғ. аяғы-XX ғ. тарбағатай өңірі қазақтарының өлік жөнелтуге

 

байланысты әдет-ғұрыптары......................................................................................................

114

Ибраева Г., Хурметбек А. ҚР ұлттық музейі «этнография» залы хақында.........................

122

236

 

Йулдошев С.В. Роль народных игр и обрядов в гармонизации межэтнических отношений

(по материалам Ферганской долины)........................................................................................

125

Исаева А.И., Баудиярова Қ.Б. Қазіргі кездегі отбасы тұрақтылығына рухани

 

құндылықтың әсері. ....................................................................................................................

127

Байсарина Қ.Қ., Исмагулова С.Ж. Ырғызбай Досқанаұлының әулиелік қасиеттері........

134

Ermekbayeva A.Sh. Historical background of creation and interpretation of living history

 

museum.. ....................................................................................................................................... 137

Қоңырбаев Н.Ө. Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі дәстүрлі қазақ шаруашылығының

 

мәселелері (қызылтау болысы негізінде).................................................................................

139

Қанайбекова Э.Т. Прозалық шығармалардағы қазақ халқы этнографиясы

 

ерекшеліктерінің көрінісі.. .........................................................................................................

144

Нургожина Б.Е. Скифо-сакский звериный стиль и его стилистические особенности.......

149

Бірлесбек С. Лиро-эпостық жырларағы қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көрінісі.......

153

Балчих А.Ө. Қазақ әдебінің құндылығы..................................................................................

157

Қалшабаев А.Ж. Қазақ қоғамындағы бақсылардың әлеуметтік орны.................................

160

Кенжебаева А.А. Қазақ этнографиясы: өткені мен бүгіні......................................................

162

Қалиасқарова М.С. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және көші-қон саясаты....

164

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН ТҰЛҒАЛАРЫ

 

Шәлекенов Уахит Қазақ тарихына жаңа көзқарас (тұжырымдама).....................................

169

Омарбеков Талас Кир мен томиристің соңғы шайқасы қайда болған?.. .............................

174

Мәшімбаев С.М. А. Закарин – мемлекет қайраткері, ғалым ұстаз, ректор..........................

178

Кәрібаев Б.Б. Мүсірәлі сопы (1638/1639 – 1721 жж.) және оның заманы............................

179

Нұрымбетова Г.Р. Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы...........................................................

183

Төлебаев Т.Ә., Әбікенова Г.Е. Дәстүрлі методологиялық бағыттар және

 

прототүріктердің лингивистикалық географиясы: тарихнамалық аспект.............................

186

Мұхатова О.Х. Жеке архив қор құжаттары өлке тарихы деректерінің бір бөлігі... ............

189

Ескекбаев Д. XX-ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстандағы шаруашылық

 

экономикалық ахуалдар туралы архивтік деректер (микоянның сталинге жазған

 

хаттары)........................................................................................................................................

195

Саркенова К. Прорва мен сарықамыс атауларының этимологиясы.....................................

205

Арынов Ж.М., Рахимжанова М.Д. Қазақстан тарихын кезеңдеудің методологиялық-

 

теориялық бағыттары..................................................................................................................

212

Тоқсанбаев А.Қ. Орталық азия көшпелілерінің мемлекеттік билік атрибуттары

 

мәселесі.............. ..........................................................................................................................

217

Арыстанбекова Қ.Д. XVI ғ. – XVIII ғ. басындағы қазақ-қалмақ қарым-қатынастарының

 

зерттелуі. ......................................................................................................................................

221

Боздақова Ш.Ә. Орал Таңсықбаев...........................................................................................

224

Бекзатқызы И. Ақмола өңірі тарихының жер-су атауларындағы көрінісі.........................

226

Шалбаев Е.Е. Түркілердің ислам дінін қабылдауы: мұртаза бұлұтайдың пәнаралық

 

зерттеулері...... .............................................................................................................................

230

Молдабекова Р.М., Тұрсынқожин Д.Қ. Ұлы даланың тарихи тұлғаларының бірі -

 

М. Тынышбаев.............................................................................................................................

231

237

Ғылыми басылым

У.Х. Шәлекеновтің 95 жылдығына арналған

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ АРХЕОЛОГИЯ МЕН ЭТНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

МАТЕРИАЛДАРЫ

17 мамыр 2019 жыл

ИБ № 112809

Басуға 15.05.2019 жылы қол қойылды. Формат 60х84 1/16. Көлемі 19,9 б. т. Тапсырыс № 3072. Таралымы 70 дана.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспа үйі.

Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. «Қазақ университеті» баспа үйі баспаханасында басылды.

238

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]