Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

табынушылар мен онымен экстаздық тылсым дүниеге кіре алатын бақсылар да ер адам болуы қадағаланған. Алғашқы діндер пайда болған тұста да ер құдайлар дәріптелген. Кейінгі монотеистік дінді таратушы пайғамбарлардаерадамдардантаңдалған.Бұл патриархатдәуірініңтолық үстемдік орнатқандығын дәлелдейді.

Шамандық дінді, яғни бақсылықты жүйелі түрде мәдени жүйемен бірге тұтас зерттеген ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. "Шамандық дегеніміз – әлемдік дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат және өлгендердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау. …Шамандық сенім табиғатқа бас иеді [4, 198]. Қоғамдағы шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: "Шамандар аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған. Шаман (бақсы – Р.Х.) сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан мәртебесі жоғары: ол ақын да, күйші де, сәуегей және емші, сегіз қырлы бір сырлы адам болған"[4,

171-175 бб.].

К.Ш. Шүлембаев "Шаманизм революцияға дейінгі Қазақстанда кең тараған діни нанымсенімдердің айрықша формасы", - деп санайды. "Шаманизм анимизм мен магия элементтері басым "пұттық" діндердің күрделі қоспасы" деп бағалайды [5, 52 б.].

Қазақтың бақсы-балгерлері туралы белгілі фольклоршы, этнограф Ә.Диваев бірнеше еңбектер жазды. Оның жинап жариялаған материалдары осы уақытқа дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Ә.Диваевтың қазақтың фольклоры, оның ішінде бақсылар туралы жинаған материалдары мазмұны жағынан терең де құнды. Ол бақсының өзімен тікелей сөйлесіп, оның біз білмейтін құпия сырларын алдымызға жайып салады. Ол жинаған материалдарда албасты, шайтан туралы өте мол деректер бар [6, 98-99 бб.].

Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Ә.Төлеубаев «бақсы» сөзін ауруды қарау, бағу, емдеу мағынасында қарастырады [7,291б.]. Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген атақты еңбегінде казақ даласындағы шаман дінінің халықтың түрмыс-тіршілігіне етене сіңісіп кеткенін айта келіп: «Бақсы-балгерлік жағынан, меніңше, моңғолдарға қарағанда қазақтар анағүрлым мол мүраға иелік етіп отыр» деп жазды. Бала кезінде ауылдағы бақсылар ойынын көріп, оның сырына қанық болған ғалым бақсы сөзінің моңғол тіліндегі мағынасы — ұстаз, ұйғыр тілінде — оқытушы, ал түрікмен халқы жыршыны бақсы деп атаған дейді [4, 175-176 бб.]. Негізінде, бақсы әр елде әртүрлі айтылғанмен де, оның мағынасы бір болған. Жалпы бақсы сөзі деректерде ХІҮ ғасырдан бастап кездеседі [8, 50 б.]. Демек, оған дейінгі кезеңдеде бақсылар болған және оларды «кам» деп атаған. Ә.Т.Төлеубаевтың пікірінше, бақсының атауы ретінде «кам» сөзі қазақта сақталмағанымен де, оның осы кәсіпке байланысты жаңғырығы қалған. Мысалы, «қам жасау», «біреудің қамын жеу», «біреудің қамын ойлау» деген тіркестегі «қам» ұғымы көмектесу, жақсылық жасау іс-әрекетін, ниетін білдіреді [7, 291 б.].

Бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылықты зерттеген қазақ ғалымдарының бір тобы оны адамның виртуалдық, тылсымдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі деп санайды. М.С. Орынбековтың пікірінше, бақсы адам мен әлем арасындағы ажыраған байланысты қалпына келтіреді. Мистикалық желігу, зікір салу практикасы арқылы адам мен әлемді біріктіріп, сананың тұтасуына ықпал етеді. «Бақсы дүние түйсінуінің негізі бұл дүниедегі сананың толымдылығы, үйлесімділігі, кең ауқымдылығы болып табылады. Ал сырқат - адам мен дүние арасындағы үйлесімділіктің бұзылуының салдары»

[9, 141 б.].

Бұл жерде Тәңір мен халықтың арасын байланыстырушы бақсы - харизмалық тұлға. Ол өз қоғамының элитасы. Оның басқалардан білімі артық. Ол ақын, музыкант, сәуегөй сонымен қатар дәрігер. Бақсылар ерекше жандар, олар өздерін өздері ерекше құтырынды жағдайға келтіре алатындай өнерге ие, ерекше «зікір» салу өнері арқылы адамдарды есінен адастырып, рухтармен тілдесе алатын, зікір салу кезінде аруақтарға өзінің жындарын тілдесуге жібере алатын қасиеті бар адам болып саналады [10, 3 б.].

Бақсыларисламдінітаралғанғадейінру-тайпалардыңсаяси-әлеуметтікөміріндеөтемаңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек. Бақсылар өз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет өмірін үйлестіріп отырған.

Орталық Азия мен Қазақстанда ислам діні таралу барысында шамандық көне наным - сенім ретіндешеттетілебастайды.Ендіоларжын-шайтандарменбайланысқатүсеалатынадамдарретінде қабылданады. Қоғамда бақсыларға қатысты екі ұшты ұстаным қалыптасады. Бір жағынан, олардан қорқады,өйткеніоларадамғакесіркелтіруімүмкін.БұлжөніндеӘ.Т.Төлеубаевбылайшакелтіреді: «халықбақсыларғасенген.Сондықтанолардыңәлеуметтікорныжоғарыболды.Халықбақсыларды

161

қорқып та сыйлаған болуы керек... Қазақ бақсыдан сескенетін еді. Бақсыны өкпелетсе, оның жындары қастандық жасауы мүмкіндеген сенім болған» [7, 292 б.]. Сондықтан бақсылар ауылдың шетіне оңаша қоныстанады. Күнделікті тұрмыста мұқтаждықсыздар оларға бара бермейді. Екінші жағынан,сыры беймәлімсырқатты тек бақсы ғана емдей алады деп саналады. Сондықтанбақсысыз аурудың алдын алу мүмкін емес. Ислам үстемдік еткен дәуірде бақсылар қоғам өмірін үйлестіруші, реттеуші қызметінен айырылып, тек бақсы-балгерлік қызметін ғана сақтап қалады.

Бақсылықтың әлеуметтік қызметі дәстүрлі қоғамда бірыңғай емшілік түрінде орнықты. Осы жөнінде Академик Әлкей Марғұланның сөзімен айтқанда: «Содан бері бақсылар азғындап, кішірейіп, өзінің ұлы бейнесін өзгертіп, енді қобыздың күйі мен сарын айтуымен тек кісі емдейтін емші болуға айналды. Бірақ мұнда қазақ бақсылары ауруға бар жанын салып, өліммен алысады. Аурудың алдында Қорқыт күйін тартып, өлімге дауа іздейді» [11, 101 б.]. Шындығында, Тәңірлік дүние танымның бақсылар сарынына өзек болған жын, албасты, марту деген қазақтар арасында тәңірлік діннің ұмытылмай, Тек ислам діні ғана көне түркі сенімдерімен іштей синтезделіп, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.

ЕларасындасақталғанаңызбойыншаҚорқыттыңшәкіртіҚойлыбайбақсыболған.Олтуралы Шоқан мен Марғұланныц еңбектерінде талай қызықты деректер бар. Мәселен Шоқан Қойлыбай бақсыны «бақсылардың бақсысы» деп жоғары баға береді. Сондай-ақ өзінің өнерімен халқының қүрметіне ие болған, аты аңыз етіліп айтылып жүрген «қара суды теріс ағызған» бақсылар да көп болған. Мәселен, Жетісуда Жетекбай бақсы-оташы, Қарағандыда Есжанов, Арқа да - Тіней бақсылар туралы ел арасында әлі күнге дейін жыр ғып айтады. Жамбыл облысындағы қазіргі ЖасөркенауылындареволюцияғадейінбақсылықөнеріменжұрттытаңдандырғанҚорғанбайбақсы болған. Ол алдына келген қандай ауру болса да жазбай қоймайтын керемет дарын иесі екен, тіпті оның зікіріне қатысушылардың айтуы бойынша есі ауысып, жынды болған талай науқастарды да емдегенге үқсайды. Кереметі сол: бір ат жарыста Қорғанбайдың қара қобызын үлкен дәу ағашқа байлап қойғанда ол ағашты тамырымен жұлып кетіп, бірнеше сағат бүрын мәреге жеткен дейді.

Осындай аңыздардан көретініміз, қазақ арасында шын мәнісінде бақсылардың орны ерекше болған. Бақсыға тек емші ретінде қарамай, оны әулие тұтып, қадірлеп, қастерлеген. Сондықтан да ел арасында әлі күнге дейін аты аңызға айналған әулие әнбиелеріміз мен бақсы балгерлеріміз жетерлік.

___________________________

1.Токарев С.А. Ранние формы религии.– М., 1964. - С.283.

2.Вдовин И.С. Заключения. Проблемы аборигенов Сибири. - Л., 1965.–С.267.

3.Ревуненкова Е.В. Народы Малайзии и Западной Индии.–М., 1980.–C.255.

4.Уалиханов Ш.Ш. Қазақтардағы шамандықтың іздері. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 2 бас. – 560 б.

5.Шүлембаев К.Ш. Маги, боги и действительность. – Алматы, 1975.–C.109.

6.Шүлембаев К.Ш. Маги, боги и действительность. – Алматы, 1975.–C.109.

7.Диваев А. Из области киргизских верованиий. Баксы как лекарь и калдунь. Этнографический очерк. – Казань, 1899. С.38.

8.Төлеубаев Ә.Т. Қазақтағы бақсылық // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Арыс, 2005. 1-том. 291-315 б.

9.Басилов В.Н. Шаманство у народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1992. – С.328.

10.Досумбеков Б. Табиби и баксы // Киргизская степная газета, 1894.- №16. - С.2.

11.Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр мен аңыздар. – Алматы: Жазушы. – 1985. 135 б.

Кенжебаева А.А.

магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ

Жер шарын мекендеген қаншама халық болса, сонша халықтың өзіне ғана тән мәдениеті бар. Әр халықтың тарихи даму жолы әр түрлі болады, бір халықтар кейбір тарихи оқиғаларға байланысты тарих саханасынан жоғалып, басқа халықтарға сіңісіп кетсе, енді бірі жеке мемлекет ретінде дамып, өркендеп, тамырын тереңге жаяды. Қазақ халқы түрлі тарихи соқтығыстарға төтеп беріп, бүгінгі таңға дейін, өзінің шығу тегін, мәденитін, салт-дәстүрін, тарихын сақтап келе жатқан халықтың бірі. Халқымыздың этнографиялық тарихы, ұлт болып қалыптасуы сонау түркі заманнан бастау алатыны туралы қаншама ғылыми зеріттемелер мен деректемелер дәлелдеп келеді. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Кеңістік-барлық

162

нәрсенің, ал уақыт-бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пе кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтармен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектерде жеткілікті»- деп жазған [1., 2 б].

Бүгінгі таңда Қазақстан тарих ғылымының зеріттелу бағыты жан-жақты даму үстінде. Әр жылда тарих ғылымы, археология және этнография, этнология бағытыда жаңа ізденістермен, жаңа мағұлматтарға толығуда. Бұған себеп тәуелсіздігімізді алған соң төл тарихымызды қайта жазып, жаңа ізденістер жүргізуге талпыныс беріп келе жатқан 1998 жылдан бастау алған «Халық бірлігі жәнеұлттық тарихжылы», «Мәдениетті қолдаужылымен», «Мәденимұра», «Бірмақсат,бірмүдде, бір ел», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мемлекеттік бағдарламаларды айтуға болады. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың барысында, тарих ғылымы, соның ішінде этнология саласы бойынша қытай, иран, парсы, түрік жазба деректерінде кездесетін, қазақ халқы туралы жаңа құнды мәліметтер мен толығуда. Бұл бағдарламалардың негізгі, қазақ мәдениетін, тарихын жаңғырту, сақтау және өркендету мақсаты қойылған. Жалпы этнология ( грек. ethos – тайпа, халық, logos – ғылым) халықтардың шығу тарихын, рулық шежірелерін, мекен еткен жерлерін, материалдық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін, ауыз әдебиетін, тұрмыстық жағдайын зерттейтін ғылым саласы екенін белгілі. Осы ретте егемендік алғаннан кейінгі, қазақ этнологиясының даму барысы қандай дәрежеде келе жатыр? Кеңес одағы кезіндегі ғалымдарымыздың бұл салада қалдырған ғылыми ізденістері қаншалықты өз жалғасын тапты?-деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек.

Сонымен тарих толқынына шегінсек, Қазақ этнографиясының қалыптасуына негіз болған тарихикезең,олРесейҒылымакадемиясының1733–1743жылдарыарнайыұйымдастырғанбірінші академиялық экспедицияның бастау алатынын тарихтан білеміз. Осы экспедицияда болған Г. Ф. Миллер, П. И. Рычков, П. С. Паллас т.б ғалымдар қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін этнографиялық тұрғыда терең зерттеген. Әсіресе П.И. Рычковтың кіші жүздегі қазақтар туралы «Орынбор топографиясы», «Орынбор тарихы» атты еңбектер жазып, онда қазақ тарихы мен оның шығу тегі, мемлекеттік басқарылымы, рулар мен тайпаларға бөліну жүйесі, ауыз әдебиеті, шаруашылығы, өнері, ұлттық киімдері, салт-дәстүрлері жайында этнологиялық сипаттамалары нақтылы деректер береді. Бұл қазақ этнографиясының алғашқы мектебінің қалыптасу кезеңі деуге болады. Келесі кезең XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырда қазақ этнология мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қазақтың шоқ жұлдыздары Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрімдердің халқымыздың өзіндік ерекшелікке толы, қазақ этнологиясы жайлы жазған жазбаларын айтуға болады. Әсіресе қазақ әдебиетінің ауызша таралған жыр-дастандардың қағаз бетіне түсіріп, өз сиясын кетірмей сол қалпында болашақ ұрпаққа қалдырған қаншама қол жазбаларын айтуға болады. Осындай ұлы ғалымдарымыздың жолын XX ғасырдың алғашқы ширегінде рухани өрлеуі жолында қалтқысыз қызмет еткен қоғам қайраткерлер, рухани-мәдени дамудың жаңа кезеңі қазақ ренессансының іргесін қалаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов,М.Жұмабаевтаржалғастырды [2]. Бұлғалымдардыңеңбектерінқазақ этнологиясын зерттеу жұмыстары кезінде, әліде болса негізгі қолданатын әдебиеттер тізімінен көреміз. Бұл еңбектер тарихи-этногрфиялық зерттеулерге негіз болады. ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі кезіңінің қазақ этнографиялық мектебінде Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров,И.Захарова,Р.Ходжаева,Е.Масанов,У.Шалекенов,Ө.Жәнібекғалымдар болды.Алайда тәуелсіздік алғаннанкейін қазақ этнография, этнология саласы жеке ғылыми-зерттеубағытында өз жұмысын бастағанмен жаңа толқын ғалымдардың саны азая бастады. Сондықтан бүгінгі таңда этнография, этнология саласындағы негізгі зерттелген кеңес заманындағы ғалымдарымыздың ізімен жүріп келеміз. Ал этнографиялық экспедицияларды ұйымдастыру күрт төмендей бастады. Сонымен қатар ауылдық жерде дәстүрлі мәдениет бойынша жиналған тарихи-этнографиялық жинақтарда азая бастады. Алайда бұл кедергілерге қарамастан, қазақ этнографиясында өз іздерін Ж.Артықбаев,Б.Төлеубаев,Ш.Тоқтабаев,С.Қасиманов, А.Калыш, Ү.Қыдыралин, Р.М.Мұстафина т.б. этнолог-ғалымдарымыз жалғастырып келеді.

Бүгінгі таңдағы этногафияның негізгі мәселелері жас этногроф ғалымдарымыздың далалық экспедицяларғадегенқызығушылықтарытөмендейбастаған.Ауыл-аймақтарданжиналғандалалық материалдармен әуестенбеуі, ақпараттық өрісті тарылтып, шағын ғана мәліметтерді ықшамдап, жалпы этникалық материалдар негізінде жалпылама қортындылар жасауы жас ғалымдардың этнология ғылымына деген салғырттығын тудыртуда. Тіптен қарапайым ғана мысал, жас мамандардың «далалық экспедицияда қалай жұмыс істеу керек, экспедицияның мақсаты қандай, жергілікті халықпен қалай қарым-қатынас орнату керек, өзіне керекті мәліметті қалай жинақтау

163

керек»дегентәжірибелікбағытдағыжұмыстардыңмаңызынбілмейді.Бізэтнографияныжалпылама теориялық бағытта оқығанмен, тәжірибе барысында ақсаңдап жатырмыз. Қазіргі таңда кез-келген аудан, облыс орталықтарында этнографиялық музейлер, архивтер бар, солардыңда қорындағы сақталып жатқан қаншама құнды деректер бар, соларды пайдалана білуіміз керек. Зерттеу жұмысының нәтижесінде зерттеу жұмысын жүргізген жергілікті ауыл-аймақтағы халықтың тұрмысын, әдет-ғұрпын, жалпы сол халықтың этногафиясы туралы ғылыми еңбегі жазылу тиіс. [3.,8б] Бірақ осындай ғылыми жұмыстардың нәтижесін көрсететін ғылыми конференциялар өткізуде аз. Этнология бағытындағы ғылыми-конференциялар әлі күнге дейін тарих және археологиямен бірлесіп ұйымдастырылып жүргенін мойындамасқа болмас. Мына цифрлық жаһандау заманда этноголия ғылымының алдына қойған мақсатының бірі ата-бабамыздан қалған салт-дәстіріміздегі, әдет-ғұрпымыздағы жойылып бара жатқан тағыттарын түгендеп, оны заманауи ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу болып табылады. Ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан дәстүрлерімізді заман талабына сай жаңғыртып бүгінгі ұрпаққа этномәдени құндылықтарды қалыптастыруымыз қажет.[4,.82 б]

Осы ретте тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.У.Шәлекеновтың мына жазбасын айтуға болады «Тәуелсіздік алған соң, төл тарихымыздағы бұрмаланып жазылған парақтардың дұрыс,бұрысын зерттеп,зерделеутек тарихшы мамандардың міндеті емес,елін,жерінсүйгенәрбір адамның ұлт алдындағы парызы. Сондықтан халқымызыдың этнографиялық, этнологиялық тарихын зерттеп, бабалар мұрасына жаңаша көзқарас орнықтырып, әліде зерттеуді қажет ететін тұстарыда жоқ емес. Соның бірі, бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді зерттеу маңызды болып отыр. Себебіқаншамағасырдан кележатқанұлттықкиімүлгілерімізжаңазаманғасайжаһандық,әлемдік ареналарда, түрлі сән әлемінде өз бояуын қалыптастырып келеді. Бірақ ұлттық киімдеріміздегі ұлттық құндылықтарымыз қаншалықты сақталып келе жатыр, соған көңіл аударуымыз керек» [5.,249б]. Қазіргі жастар арасында ұлттық киімге деген сұраныс пен қызығушылықтар артып келе жатыр. Күнделікті өмірде, қоғамдық жиындарда ұлттық нақыштағы киімдерді тұтыну, жастар арасында кең тарауда. Қазіргі таңда, осы киім саласы бойынша тек этнограф мамандар емес, дизайнер мамандардыңда зерттеуге қызығушылықтары артуда. Себебі бүгінгі цифрлы, дамыған заманда әлем халықтарына, қазақ халқының материалдық мәдениеттін, соның ішінде киім саласы бойынша көптеген елдерге ұлттық киімдеріміздегі ерекшеліктерімен, халқымыздың мәдениетін көрсетіп,дамытыпжүрген дизайнер мамандардыңда жұмыстарынайта кетукерек. Бүгінгі өсіпкеле жатқан жас ұрпақ, болашақты қалыптастырушы тұлғалар. Сондықтан еліміздің болашағын жарқын еткімізкелсе,бүгінгіұрпақтыңсанасынатарихымызбенмәдениетіміздібойларынасіңіруімізкерек. Бұл біздің өткен ата-бабаларымыздың алдындағы ұрпақтар сабақтастығымыздың парызы болып саналады.

___________________________

1.Нaзaрбaев Н.Ә. Ұлы дaлaның жеті қыры // Анa тілі гaзеті. – 2018. – №48. – 12 б.

2.Қыдыралин Ү.С. Қазақ этнографиясының зерттелуі, қалыптасуы. 2014 ж. 12 маусым., интернет. https://e-

history.kz

3.Шәлекенов У.Ш. Әлем халықтарының тарихы. Алматы, «Санат», 1994.-208 б.

4.Бикенов А.Х.Этнографиялық зерттеулердің өңірлік ерекшеліктері. 3 халықаралық археология-этнографиялық оқулары. – Астана: ЕНУ,2012.-197 б.

5.Шәлекенов У.Х.Түріктерді отырықшы өркениеті.- Алматы: Қазақ университеті, 2003.-289 б.

Қалиасқарова М.С.

магистрант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізген сындарлы саясатының арқасында тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізге бір миллионнанастамқандастарымызоралды.Оларосыжылдарішіндеатамекеніндешаңырақкөтеріп, уық тігіп, үй болып көбейе түсті.Сонымен қатар олардың көпшілігі қоғамда өз орнын тауып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүргені анық.[1, 3 б.]

164

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атажұрт пен шетелдердегі қазақтардың арасын жалғастыру мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Қауымдастықты көші-қон жұмыстарымен тікелей айналыспаса да, көші-қон мәселелерінен тыс қалды деп айтуға болмайды. Өйткені шеттегі қазақтардың атажұртпен бірінші байланысы осы қауымдастық арқылы болатындығы баршамызға аян. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Жарғысына сәйкес, алы және жақын шетелде тұратын қандастарымыздың атамекенге келіп кетуіне, қарым-қатынас жасауына, келген ағайынға ортақ шаңырағымызды көрсетіп таныстыру, құжаттарын жедел рәсімдеп көмектесу мақсатында республикамыздың 8 облысы, Астана, Алматы қалаларында қауымдастықтың филиалдары құрылып әлемнің 32 елінде осы қауымдастықтың мәдени орталықтары жұмыс істеуде [2, 51 б.]. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қоғамдық ұйым ретіндегі мақсаты, әлем картасына белгіленген жаңа егемен мемлекет – Қазақстанның халықаралық беделінің артқанын, мемлекеттік ұйымдарында отырған басшыларға қазақ диаспорасының мәселелерін, өзекті өртеген мұндарын, қазақтардың тарихи отандары атамекен жерлеріне оралуға деген тілектерін жеткізу [3, 4 б.] . Кезінде Көші - қон және демография агенттігі мемлекеттік мекеме болғандықтан, Қазақстан Республикасының көші – қон жөніндегі келісім – шартқа қол қойылған өзге мемлекеттердегі қандастарымызды елге көшіріп алуына құзыры жетеді. Ал, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы – қоғамдықмекеме.Оләлемніңтүкпір– түкпіріндегіҚазақстанғакөшіпкелугениетібарқазақтардың оралуына әртүрлі дәрежедегі келісім – шарт негізінде қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар. Бірақ Қауымдастық ықпалымен атамекеніне оралған қазақтардың «Көші-қон және демография агенттігінің» шақыртуымен келгендерден айырмашылығы – олар «оралман» ретінде мойындалмайды. Өйткені Қауымдастыққа шет елдегі қандастарымыз Қазақстанға келу жөнінде өздерін атамекенге көшіріп алуға қолдау жасау керектігін айта отырып, елге Көші-қон квотадан тыс қоныстануыларына жағдайлары жететіндігін туралы өздері берген өтініштерінде көрсетеді.

1992 жылы өткен тұңғыш құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Дүниежүзі қазақтарыныңтұңғышқұрылтайыныңбастымақсаты– бүкіләлемдегіқазаққауымының болашағы жөнінде ойлау, ұлтымыздың тарихындағы осынау ерекше белестің тұсында ендігі тағдыр-талайымыздың қалай өрілетінін талқылау болды [4, 11 б.]. Қауымдастық алыс және жақын шет мемлекеттеріндегі қазақ диаспораларымен мәдени әлеуметтік қоғамдық байланыстар орнатты. Сонымен қатар, көптеген конференциялар симпозиумдар, тіпті бірқатар мемлекеттерде кішігірім құрылтайлар өткізді. Бүгінде көшіп келуге ниеті бар қандастарымыз Қазақстан Республикасытарпынанқабылданғанзаңдарменжеңілдіктергесүйеніп,тарихиатамекенінеоралуға мүмкіндік алып отыр. Тұңғыш Құрылтайда қандастарымыздың елге оралатын ұлы көшіне қолдау көрсетіп, қозғау салып берді. Шетелдегі қазақтарды тарихи отанына қайтарудың алғашқы шарттары жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2002 ж. 23 қазанда қасиетті Түркістанда дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында сөйлеген сөзінде шетелдегі, отанынан тысжерлердегіқандастарымыздыңболашағытуралыбылайшаойтолғағанеді:«ҚазірҚазақстаннан сырт жерлерде қазақтардың саны бес миллионнан асады. Міне, осыны ойлағанда 40-тан астам шетелдерде тұратын бүкіл дүниежүзіндегі қазақтың үштен бірін құрайтын бауырларымызды ертең не күтіп тұр деген сауал көкірегімізде еріксіз оянады» деген еді. [5, 11 б.]

Елімізде жүргізіліп отырған Көші - қон саясаты экономикалық және тарихи тұрғыдан этникалық қазақтардың тарихи отанына көшіп келуі мемлекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және ішкі тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізді.

Сонымен бірге осы істі жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап, көші-қон саясатын реттейтін заң және құқықтық актілер шеңберінде қарастырылып, бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар арқылы жетілдіріп, кемелдендіру үстінде. Атап айтар болсақ: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, 1992 жылғы 26 маусымындағы «Имиграция заңы», «Халқымыздың көші-қоны туралы заңы (1997 ж.13 желтоқсан), ҚР көші-қон саясатының Тұжырымдамасы (2000ж. 5 қыркүйек), ҚР көші-қон саясатының 2001-2010 жж. арналған салалаық Бағдарламасы (2001 ж.29 қазан), «1996 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентініңм 1996 жылғы 24 сәуірдегі № 2959 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуір №622 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 3 сәуірдегі №3894 «1998 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 мамырдағы №128 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің №406 2000 жылғы 17 маусымдағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 628 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі № 945

165

Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығы, ҚазақстанРеспубликасыПрезидентінің2004жылғы27желтоқсандағы№1508Жарлығы,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 137 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 Қаулысы, мен «Нұрлы көш» Бағдарламасы және т.б.

Қазақ елі үшін сырттағы ағайындардың атажұртқа қоныс аударуы айрықша маңызды. Бұл мәселеден төңірегінде Қауымдастық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшылығымен бірге алыстан келген ағайындардың қатысуымен көші-қон жөніндегі «Нұрлы көш» бағдарламасын талқыға салынды. Осы жиыннан кейін Қауымдастыққа жүктелген жаңа міндеттерді шешуде бірсыпыра дөңгелек үстелдер мен конференциялар өтті. Осындай тақырыптар көлемінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақ диаспорасының жасампаз әлеуеті: тарихы және заманауи келбеті» деген республикалық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияда алыс және таяу шетелдердегі қандастарымыздың бүгінгі таңдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың атамекенмен байланысы, елге оралуы және тәуелсіз қазақ елінің демографиялық үлесін арттырудағы маңызы сияқты мәселелер қарастырылып, баяндамалар жасалды.

Қауымдастық этникалық көші-қон туралы түрлі дөңгелек үстел мәжілістерін өткізіп, бұл саланың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы баспасөз бетінде үнемі мәселе көтеріп келеді. Қазақстан Республикасының ең алдымен мемлекеттің ұйытқы ұлты – қазақ ұлтының бүгінгі мен болашағына баса назар аударып қарастыруда.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының жетістігі мен экономикалық дамуы ТМД елдерімен салыстырғанда алдынғы қатарлардан орын алады.Ең бастысы республикамыздың соңғы жылдардағы жетістігі, ол қазақ халқының үлес салмағының артуы болып табылады. Айта кетерлігі, қазақтардың өздерінің ата-мекен жерлерінде азшылықта болуы тәуелсіздікке қол жеткізген күнге дейін орын алып келген(1926 жылы 58,5% , 1939 ж. -37,8% , 1959 ж.-30% , 1989ж. 39,7% ) [6, 45-46 б.]. 20092011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Қазақстан

Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2007-2015 жылдарға арналған

көші –қон

саясатының тұжырымдамасына сай жасалған болатын.

 

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 20092011 жылдары жүзеге асырылып, мемлекеттік жәнежергіліктібюджеттен197миллиардтеңгеқарастырылған.Үшжылдабұлбағдарламабойынша 60 мың отбасын, орта есеппен 300 мың адамды көшіріп алу жоспарланған[7, 54-55б.б.].

Тәуелсіз Қазақстан демографиясын жақсартуда этникалық қазақтардың үлесін арттыру мемлекеттің басты стратегиялық саясаты, осы саясатты жүзеге асырубарысында Қауымдастықтың жүргізген жұмысы бағалауға тұрарлық. Оларды үймен, жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және таяу арада құрылған «Отандастар» қоры бірлесе отырып, бастапқы екі жобаны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуде. Екі жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан алғашқы жоба Ақмола облысының Аршалы ауданында Шымкент қаласында жасалған «Асар» жобасы сияқты, бірақ «Тұрғын үй және жұмыс» жаңа форматында жүзеге асуда.Нұр-Сұлтан қаласынан 10 шақырымжерде 42-ші разьездің қасынан ауыл шаруашылығына арналған 196 гектар жерді сатып алып, оның барлық қажетті құжаттарын дайындалып, бұл жер телімдерін 1282 отбасы иеленді[8, 3 б.].

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын қосуға үлес қосып, Елбасының бұл жөнінде алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда жемісті қызмет атқаруда. Алыстағы ағайындармен тұрақты байланыс жасап, оларға қолдау-қамқорлық жасауда қазақтар тұратын шетелдерде Кіші құрылтайлар, басқа да түрлі басқосулар, мәдени іс-шаралар осы жиырма сегіз жыл ішінде талай өткізілді. Мұндай бас қосулар қазақ халқының біртұтас ұлт ретінде өсіпөркендеуіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені қазақ қай жерде жүрсе де, қай елде тұрса да өзінің ана тілін, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай білуге тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, сырттағы қазақтар арасында соңғы уақытта біраз күрделі мәселелердің қалыптасып отырғаны да анық. Яғни ондағы жастар толқыны ана тілінен алыстап, ұлттық ерекшеліктерінен ажырай бастағаны байқалады [9, 7 б.]. Т. Мамашев: «Біздің байқауымыз бойынша, шетелдердегі отандастарымыз қай жерде өмір сүрсе де, олардың өзінің ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қалуға, басқа ұлтпен тату-тәтті өмір сүруге деген ұмтылысы, тарихи отандары – Қазақстанмен нығайтуы оларға тән ерекше қасиет. Қауымдастықтың шетелдегі қандастарымыздың көмегімен Венгриядағы қыпшақтарқоғамы,Франциядағықазақстандықтарқауымдастығы,Моңғолияда Достыққоғамымен байланыс орнатуы кездейсоқтық емес[10, 8 б.].

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылғаннан бері шетелдегі қазақ диаспорасымен тұрақты байланыс жасайтын ұйымға айналды. Қазіргі кезде бүкіл жұртшылық Қауымдастықты

166

шетел қазақтарының мәдени-рухани, оқу-білім, тіл мәселесі мен экономикалық жағдайы және демографиялықөсіп-өнуіжөніндегібүкілмәліметтердібірортағажинақтап,жүйегетүсіріпотырған ұйым ретінде жақсы біледі. Сондай-ақ, Қауымдастық алыстағы ағайындардың ұлттық-рухани және көші-қон жөніндегі мұң-мұқтаждары мен өтініш-тілектерін Қазақстан үкіметіне, басқа да тиісті орындарға жеткізіп, олардың шешілуіне ықпал жасап отыруға да айрықша көңіл бөледі. Шетелдегі қандастарымыз Дүниежүзі қазақтар қауымдастығын өздерінің қасиетті қара шаңырағы санайды. Атажұртқа келіп Алматыға ат басын тіреген ағайындарымыз бірінші кезекте Қауымдастыққа кіріп шығады. Жаңалықтарын айтады, бірлесіп істейтін жұмыстар жөніндегі ұсыныстары мен ойпікірлерінортаға салады.Қауымдастықтыңмұндайдәрежеге жетуі Елбасыныңтікелейқолдауы мен қамқорлығының нәтижесі екендігі де даусыз. Яғни Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өз жұмысын Төралқа төрағасы ретінде Елбасының белгілеп берген бағыт-бағдары мен міндеттапсырмаларына сүйеніп жүзеге асырады.

Қандай бір ел болмасын егемендікке қол жеткізген соң, оны сақтап қалуға қажетті мемлекеттік құрылымдарды нығайтып, ең басты құндылықтарды қалпына келтіруді қолға алары сөзсіз.

Қазақстан мемлекеті үшін де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең өзекті мәселе осы тәуелсіздік сақтап қалудың тетігі бола алатын құндылықтарды айқындау болды. Ол үшін біріші кезекте Қазақстан Республикасында өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстардың татулығын, береке бірлігін сақтау, барлық ұлттарды тең көру, олардың өз тілдерін мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін сақтап қалуына жағдай жасау мәселесі тұрса, екінші кезекте мемлекеттің негізіне айналған байырғы, негізгі ұлт қазақтардыңмүддесінқорғау, кеңестік дәуірде ұлт ретіндегі нақты болмысынан ажырап, дінін, тілін жоғалтып мәңгүрттене бастаған халықтың рухын көтеру болды. Тек кеңестік дәуірдегі отаршылыдық саясаты ғана емес, дүниежүзілік сипаттағы әлеуметтік экономикалық кеңістіктің біртұтас интеграциясы жаһандану үрдісін одан бетер үдете түскен бүгінгі дәуірде ұлтымыз өзіндік этникалық келбетін жоғалтпай, рухын биік ұстап, ұлттық болмысын толықтай қалпына келтіру жолындағы іс қимылдарды күшейтудің маңызы зор екені анық. Мұндай мақсатқа қол жеткізудің ішкі мүмкіндігі ұлттық идеология қалыптастырып, халқымыздың рухын көтеру, ұлттың табиғи өсімін жеделдететін демографиялық жағдайлар жасау, шаралар белгілеу, маңызын жоғалтып бара жатқан тілін, дінін, салт-дәстүрін қалпына келтіру, ол үшін қазақ тіліне мемлекеттік тіл беру, қазақ балабақшалары мен мектептерінің санын көбейту болса, сыртқы мүмкіндік шет елдердегі қазақ диаспорасын атамекенге көптеп көшіріп алып келу болды. Міне, осындай көші - қон саясатын жүргізу барысында еліміз осы мақсаттың жүз пайызына жетпесекте, алпыс пайызға жеттік десек болады. Себебі Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға келген оралмандар саны, ресми мәлімет бойынша 753,4 мың адам (192,4 мың отбасы) ал өз бетінше квотадан тыс келгендермен қосқанда 1 миллионннан асты деген есеп бар. Оралмандардың көші-қонының арқасында республикадағы қазақтар үлесі 1989 жылы 39.7%-дан - 2009 ж. 63,1%-ға өсті [11, 382 б.].

Атажұртқа қоныс аударушыларға бөлінетін квота саны да жыл санап ұлғая түсуде. Ал осы шараныәзірлеудіңөзіүлкенұйымдастыружұмысынталапететінібелгілі.Қауымдастықөкілдерінің алыс-жақын шетелдерге шыққан әр сапары кезінде бұл мәселе басты назарда. Атажұртқа көшемін деушілермен Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайында мүдделі әңгіме өткізіледі.

Шетелдегі Қазақтар жөнінде әңгіме бола қалған жағдайда осының бәрін оралман деген түсінікке саятынжайттаржиікездеседі.Тіпті республиканыңресмиорындарыныңөзіндешетелдегі қазақтарды оралман деп қабылдау басым. Оралман мәселесімен Көші-қон агенттігі айналысады, ал шетелдегі қазақ диаспорасы мәселесі қоғамдық ұйым–қауымдастық еншісінде. Көші-қонға байланысты проблемалар көп. Әсіресе, квотадан тыс келушілер мәселесі аса өткір болып отыр. Қауымдастық осыған байланысты республикалық мүдделі құзіретті органдармен бірлесе отырып «Қазақстанға квотадан тыс қоныс аударушылар проблемасы» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.Осылайша шетелдегі қандастарымыздың барлық салалардағы жағдайларын тереңірек білу мақсатындағы жұмыстың нәтежиелі болуын қадағалау-қауымдастық қызметінің өзегі болып қала бермек [12, 4 б.]. Елімізде жүргізіліп отырған Көші - қон саясаты экономикалық және тарихи тұрғыдан этникалық қазақтардың тарихи отанына көшіп келуі мемлекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және ішкі тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізді. Сонымен қатар Кеңестік кезендегі көптеген қазақтардың әдет ғұрыптары жоғалды, қазақ тілін қолдану тек қана ресми деңгейде ғана емес, бейресми деңгейде де төмендеп кетті. Осыған байланысты қазақ тілі де, қазақ мәдениетінің көптеген элементтері де жоғалуға жақын қалды. Сондықтан осы бағытта

167

оралмандардың көшіп келуі, қазақ мәдениетін сақтап қалуда мемлекеттің иммиграциялық саясатының негізгі бөлігі болады.

Қортындыла келе, тәуелсіздік алған жылдардан бастап қолға алынған шет жақтағы қандастарымызды өз отанына қайтып оралуына ықпал етіп, көмек қолын созу мақсатында жасалынған ісшаралардың негізінде қазақтардың Қазақстанға 1 млн. астамының оралуы, табиғи өсіммен бірге қазақтар санының 10 млн. адамға көбеюіне де ықпал етті. Яғни бүгінгі күні этнодемографиялық, әлеуметтік, көші-қон үдерісін эндогендік негізде анықтап, халықтың мәдени сабақтастығының қалпына келуіне, туған тілдің, дәстүрдің, салттың, халықтың, өнердің молайына мемлекеттік тілдің әсіресе, солтүстік – шығыс өңірлерде таралуына ықпал етіп келеді.

___________________________

1.Тұрысбеков Зауытбек.Елге ел қосылса-құт:тағы да 1 миллион қазақ тарихи Отанына оралғысы келеді//Egemen Qazaqstan(Егемен Қазақстан).-2019.-9 сәуір (№67).-3 б.

2.Болат Заут.Атамекенге атбасын бұрған қандастарымыздың көшін ұйымдасқан түрде жүзеге асыру қажет. //

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі.ДҚҚ құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Павлодар., – 2012.– 51-54бб.

3.Мамашев Т. Алыстағы ағайын.- Алматы, 2008. -223 бет.

4.Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы. –Алматы., -1992. -132б.

5.

Дәулетов Т. Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы

«Атажұрт» баспа орталығы. – 2003. – 128 б.

6.

Балтабаева К.Н. Көші –қон үдерісі: Қазақстанға қоныс аударушылардың сандық өсімінен олардың сапалық

келешегінедейін.//Қазақстанқоғамыныңдамуынақандастарымыздыңқосқанүлесі.ДҚҚқұрылғанына20ж.толуынаорай өткізілген РҒПК материалдары. – Павлодар., – 2012.– 45-50беттер.

7.Байолдаұлы Д. «Нұрлы көш» бағдарламасы және Моңғолия қазақтары. //Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 ж. толуына орай өткізілген РҒПК материалдары. – Алматы., – 2012., – 54 – 57 беттер.

8.Тұрысбеков Зауытбек.Елге ел қосылса-құт:тағы да 1 миллион қазақ тарихи Отанына оралғысы келеді//Egemen Qazaqstan(Егемен Қазақстан).-2019.-9 сәуір (№67).-3 б.

9.Мамашев Т.Алаштың алтын қоры шетелде. // Егемен Қазақстан. –2012. №74(89). – 7-8 бет.

10.Мамашев Т.Алаштың алтын қоры шетелде. // Егемен Қазақстан. –2012. №74(89). – 7-8 бет

11.ҚұдайбергеноваА.И. Қазақстандағыкеңесдәуіріндегікөші-қонүдерісініңтарихидемографиялыққыры(1917- 1991 жж.). А., 2011; 416 б.

12.Найманбай Қ.Қазақ диаспорасы және қауымдастық:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының атқарып жатқан игі істері туралы//Егемен Қазақстан.-2004.-22 маусым (№157).-4 б.

168

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ МЕН ТҰЛҒАЛАРЫ

Шәлекенов Уахит

т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС (ТҰЖЫРЫМДАМА)

Бұрын жарық көрген Қазақ ССР тарихы мен Қазақстан тарихы кітаптарының құрамына, мазмұнына айтарлықтай өзгеріс енгізу қажет. Жаңадан жазылуы тиіс Қазақ тарихын жоғарыда аталған атамалармен жазуға болмайды. Себебі, бұрынғы тарихи туындылар басынан аяғына дейін еуроцентристік көзқараста жазылып, деректер мейлінше бұрмаланған. Сол кемшіліктерді түзетіп, төл тарихымыз - «Қазақ тарихының» жаңа жобасын кең көлемде талқылап, пікірлесіп, жобасын бекітіп, шынайы деректерге негізделіп жазайық.

Қазақ тарихының жаңа жобасынжасауда бұрынғы тарихымызда өрескел бұрмаланғанкейбір мәселелерге айрықша көзқарас білдіреміз. Орталық Азияны ежелден мекендеген түрік тектес, тілдес этностар алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капитализм және социализм сынды бес тарихи формацияны басынан өткізген. Бұл әрбір тарихи формациялардың өзіндік құрылымын дәлелдейтін деректер жеткілікті.

Алғашқықоғамдыққұрылысархеологиялықдеректергенегізделіпжазылуытиіс.Әсіресе,ХХ ғасырда археология ғылымы дамыды, бұрын бізге белгісіз деректер табылды, олардың тарихқа төңкеріс жасағанын тарихшы ғалымдар мойындады. Орталық Азияда, Сібірде, Еуропаның шығысында ірі-ірі кешенді археологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, кең көлемде зерттеулер жүргізілді. Олардың саны жеткілікті. Біз кейбір әйгілі экспедиялардың атын атайық. С.П Толстов «Хорезм археолог-этнографиялық», Ә.Х Марғұлан «Орталық Қазақстан археологиялық экспедиция», С.В Кисилев «Сібір археологиялық экспедиция» және Орталық Азиядакеңкөлемдеархеологиялықзерттеу жұмысынұзақжылдарбойыжүргізген белгіліархеолог М.Е Массон және т.б. Міне, осындай ғұламалар басқарған археологтар, этнологтар, Полеолит, Қола, Темір және Ортағасырлық ескерткіштерді кең көлемде ашып, құнды артефактілерді қолға түсіріп, көне заманды толық сәулелендіретінмәліметтергеқолжеткізді.Міне,солжетістіктерімізді терең пайдалануымыз қажет.

Жалпы, қорытындылай келгенде, кейінгі жылдары археологтардың ашқан жаңалықтары Орталық Азияны мекендеген этностардың алғашқы қауымдық құрылыс және ортағасырдағы тарихының негізгі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге алып келді. Осы жиналған құнды деректерге негізделіп, Орталық Азия тұрғындары өзінің «түгін тартса, майы шығатын» жерінің асты да, үсті де байлыққа мол жерінің табиғи географиялық ерекшеліктеріне икемделіп, кешенді өмір сүргенін жазуымыз қажет. Қолда бар деректерге қарағанда, Орталық Азияда урбанизация (кенттендіру) алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде пайда болғаны, оның кейінгі дәуірлерде дамып, негіздері 2000 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған қалалар баршылық. Белгілі Қазақстан археологы академик К.М.Байпаков урбанизация жайлы құнды еңбектерін жарыққа шығарып кетті. Атап айтсақ: «Древняя и средневековая урбанизация Казахстана», «Урбанизация Казахстана в эпоху бронзы - раннем средневековье». (Книга 1, Алматы 2012), «Урбанизация Казахстана в IXначале XIII в». (Книга 2, Алматы 2013), «Урбанизация Казахстана в XIII –первой половине XVв», (книга 3, часть 1).

К.М.Байпаков 2018 жылы ұзақ сапарға кетіп, бұл туындылардың кейінгі ғасырлардағы тарихын аяқтай алмады. Солай болса да, К.М.Байпаков Орталық Азия аборигендерінің басынан өткерген кенттендіру проблемасы туралы күрделі тарихи еңбектерді жазып қалдырды. Бұл жиналған деректер Орталық Азияны мекендеген түрік тілдес этностардың ежелден кешенді өмір сүріп, мәдени өркениетін құрып, оны үздіксіз дамытып отырғанын дәлелдейді. Осы кітаптарды оқығанғұламалар«Біз түріктер,соныңішінде қазақтар-көшпенділерміз» - дегентұжырымдарымен қоштасқан шығар, оны уақыт көрсетер. Жаңаша мазмұнда жазылатын «Қазақ тарихы»көшпенділік тұжырымдамасынан түбегейлі қоштасуы тиіс.

Біздің археологтар осы күнгі Қазақстан жерінен тас, қола және темір дәуірлерінің өте бай ескерткіштерін кең көлемде ашты. Сол жиналған артефактілерге негізделіп, жоғарыдағы дәуірлерде өмір сүрген бабаларымыздың құндылықтарын қайта жаңғыртып, Орталық Азиядағы алғашқы қоғамдық құрылыс туралы тереңірек, кең көлемде жазуымыз керек. Әсіресе, бабаларымыздың өмірге әкелген технологияларына мұқият қарайық. Адамдардың өмірінде бұл

169

технология эволюциялық қарқынмен алға өрлей отырып, осы күннің ең жоғарғы сатысына жеткен. Алғашқы қауымдық құрылыс туралы жазуда біздің тарихшылар кейбір терминдерді ойыншыққа айналдыруда.Мысалы,қоладәуірін «Андронмәдениеті»депжазуда.1914жылыархеологтарБатыс Сібірдегі Ачинскі қаласының касындағы Андронов елді мекенінің қасында орналасқан обаны қазып, одан қола дәуіріне жататын жәдігерлерді тауып, ол ескерткішке «Андронов» деген ат берген. Кейінгі жылдары ашылған қола дәуіріне жататын жүздеген ескерткіштерді Андронов мәдениетіне тиесілі деп жазып та, айтып та жүрген тарихшыларымыз бар. Қола мәдениетіне жататын ескерткіштер сол табылған жердің атымен аталуы керек. Ә.Х Марғұлан Орталық Қазақстан жерінде қола дәуірінің көптеген ескерткіштерін ашып, сол табылған жердің атымен атаған. Тағы бір өзекті мәселелердің бірі алғашқы адамдардың пайда болуы, яғни олардың жер бетіне таралуы жайында. Адамдардың қай аймақта өрбігені туралы шешілген нақты тұжырым жоқ. Олардың жер бетіне таралуына келсек, Орталық Азия жеріне адамдардың таралғанына 1 млн. жыл болды дегенді жазып жүр біздің археологтар. Осы шиеленіскен мәселелерге айрықша көңіл бөліп, олар туралы болжамдарды толықтырса дегенпікірдеміз. Қорыта келгенде, Орталық Азияда, оның қақ ортасында орын тепкен қазақ халқының Алғашқы қауымдық қоғамда жасаған дәуірін сәулелендіретін деректер жетеді және жазатын ғалымдар да бар. Көз қорқақ, қол батыр дегендей, тек жазуға кірісу - бүгінгі күннің мәселесі.

Құлиеленушілік қоғам б.з.б VI- б.з.VIғғ.Бұрынжарықкөргентарихымыздақұлиеленушілік қоғам туралы жазылған жоқ. Кейбірде жол-жөнекей «қазақтар рушылық қоғамнан аттап, бірден феодалдық формацияға өткен»деген пікірайтылады, жазылады.Алайда, бұл тұжырымдұрыс емес. Орталық Азияны мекендеген түрік нәсілді этностардың барлығы, соның ішінде қазақтар да құл иеленушілік қоғамды бастарынан өткізген. Құл иеленуші патшалық мемлекеттер Орталық Азияның Оңтүстік батыс аймақтарында, Амудария мен Сырдарияның алқаптарында орналасқан. БұлаймақтарТүрікәлемініңотаныныңажырамасбөлігі.Құлиеленушілікқоғамдажасағантүріктер батыс,солтүстік,шығысқандастарыменсаяси,экономикалықжәнемәдени байланыстаболған.Сол өзара тығыз байланыс тарихы жарты ғасырдан астам уақыт бойы кешенді археологиялық - этнологиялық экспедициясы зерттеген. С.П.Толстов, Т.А.Жданко сынды ғалымдар басқарған «Хорезм археологиялықэтнологиялық» экспедициясы Мауераннахр мен Хорезмді зерттеп, түрік тектес барша халықтардың тарихына тамаша жаңалықтар енгізді. Алайда, бұрын жарық көрген тарихымызда экспедиция деректерін дұрыс пайдаланбаған. Аттары аталған екі ғұлама да менің тікелей ұстаздарым, олардың басқарған экспедициясында тәрбиелендім. Кешенді экспедицияның қолға түсірген құнды деректерін орынды, кеңінен пайдалануымыз керек. Құл иеленушілік қоғамдағымемлекеттер заттайжәнеруханимәдениетнегізінсалған,құлдардыңкүшіменАмудария мен Сырдария сағасын алатын үлкенді-кішілі су жүйелер салған, жергілікті тұрғындар суармалы егінегіп, тұрақты өнім алған. Бұл аймақтарда ежелден осы күнге дейін егінөсетінкезінде жаңбыр тапшы, қыста қар аз жауады. Сондықтан, жергілікті дихандар суармалы егіншілікпен айналысқан, аспаннан жаңбыр күтпеген. Егістікке қажет сулар тек су жүйелері арқылы келген. Міне, осындай ауыр жұмыстарды ру, тайпалар бірігіп, кейін құлдардың күшімен іске асырып отырған. Оның үстіне, жер астындағы пайдалы кеңдерді игеру, ірі қалалар, бекіністер, мұнаралар, сарайлар құрылысын құлдардың күшімен жүргізген. Орталық Азияда осындай мемлекеттер көп болған. Түріктердің негізгі отаны Орталық Азияда құл иеленушілік қоғам б.з.б. VI ғасырдан бастап б.з. VІ ғасырдықамтитынкезеңде,яғнимыңжылдайөмірсүрген.Ұзақжылдарбойыолардыэволюциялық жолмен дамыта берген. Қайрат Сәкидің «Мәмлүктер» атты кітабы жарық көрді. Осы туындыда: «Бұл кітапта қазақ халқының қалыптасуында қомақты орын алатын қыпшақтар, соның ішінде мәмлүк қыпшақтардың Мысыр мен Шамда пайда болуы, олар құрған мемлекеттің құрылымы, сол кездегі әлеуметтік-саяси жағдайжәне оларды билік басына әкелген соғыс өнері, оныңішінде қару түрлерін пайдалану тәсілдері сөз болады». Кітаптың «Түрік мәмлүктері» атты бөлімінде мәмлүктердің шығуын автор былайша тұжырамдайды: «Түркі мәмлүктердің мұсылман иеліктерінде алғашқы рет пайда болуына тоқтасақ, түркі элементіне аса назар аудару құбылысы Араб халифаты заманынан бастауалады.Египеттегі түркі мемлекеті дүниегекелмейтұрып –ақ бұл аймақта мәмлүктер кеңінен белгілі болды».

Осындай жағдайда түріктердің қалаларында құл сататын базарлардың болғанын сол кездегі көптеген тарихшылар баяндаған. Солардың бірі тарихшы Әл-Қалқашанды (1418): «Қысы қатты, жазы ыстық, су, саз, жайылымдары жұтақ жерлерде түріктер күн көру үшін өздерінің балаларын, ұл-қыздарынқұлдыққасатады,оныңішіндеқыпшақтарға сұраныскөп,сондықтанолардыңқұныда басқалармен салыстырғанда жоғары екендігіне назар аударайық. Яғни, құл базарларында қыпшақ жастары сирек ұшырасқандықтан сапасына орай ерекше сұранысқа ие екендігі көрініп тұр».

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]