Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

13.Абасов Ф.М Гарабахское ханство. Баку, Тахсил, 2007.- 278 б

14.Атыгаев Н.А., Джандосова З. А. Новый источник по истории Казахстана XVI века: предварительные результаты изучения ‘Āлам-āрā-йи Шāх Исмā‘ūл // Отан тарихы-Отечественнная история. 2013.№ 2.

15.Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы «Дайк-Пресс» 2001,.-276 б

16.Кляшторный Г., Султанов Т. Летопись трехтысячалетия. Алматы 1992.

17.Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қаружарақтары. әскери өнері, салт-дәстүрлері). – Алматы, 1996. – 265-б

18.Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. Моңғолдың құпия шежіресі. І-том. Алматы: Дайк-Пресс,

2006. – 401б

19.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацкий, орд и степей. (под общей редакцией академика М.К. Козыбаева). – Алматы: Санат, 1996. – 656 б

20.Бабалар сөзі: 100 томдық. Т.57: Тарихи жырлар / Дайынд.: Қ. Алпысбаева, А. Әлібекұлы (жауап. шығ.), С. Дәуітұлы, Ж. Салтақова. — Астана: Фолиант, 2010. — 408 б.

Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. Құрастыр. М. Мағауин, М. Байділдаев. — Алматы: Жазушы, 1989. — Т.1. — 384

б

Арыстанбекова Қ.Д.

докторант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

XVI ғ. – XVIII ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Бүгінгі таңда тәуелсіз қазақ елінің тарихын объективті қайта қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Реуспубликасының тұңғыш Президенті Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп атап өткен болатын: «Евроцентристердің және олардың сойылын соққан кеңестік насихат пен ғылымның көшпелілер тарихын саналы түрде кемсітуі, көшпелілерді бейғам, жалқау, ынта-жігерсіз, жартылай жабайы тірлік құрушы халық етіп көрсетуі қазақтың ұлттық сана-сезімін күйретіп-құртатын рөл атқарды. Сондықтан әділдікке дес берер болсақ, біздің алдымызда төл тарихымызды қалпына келтіріп, оныңжетістігі мен кемшілігін, жеңістері мен жеңілістерін барша шындығымен көрсету міндеті тұр» [1, 40 б.].

Қазіргі жаһанданузаманында қазақ елініңбасқа халықтарменәлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қарым-қатынастары тарихын зерттеу өте маңызды.

Кеңестік тарихнамада Еуразия кеңістігіндегі көшпелі халықтардың бір-бірімен қарымқатынасы өз деңгейінде объективті зерделенген жоқ. Көбіне Ресейдің басқа халықтармен қарымқатынасы негізгі мәселе ретінде қарастырылып, Ресей империясының көшпелі халықтарға қамқоршы ретінде болғаны дәріптелді.Еуразиякеңістігіндегі көшпелі халықтарсол кезеңдегі саяси жағдайларға байланысты өз еркімен Ресей империясының қарамағына кірді деген ұстанымдар насихатталды. Көшпелі халықтардың бір-бірімен тарихи тұтастығы Ресей империясының саяси мүддесіне қайшы еді. Ресей өзіне бағынышты шекаралас бұратана халықтарды өзара қарсы қою арқылы әлсіретіп, көтерілген халықты басу үшін оларды әскери күш ретінде тиімді пайдаланып отырды. Империялық құйтырқы саясаттың әсерінен көшпелі халықтар бір-бірімен жауласты, көп қан төгілді. Көшпелі халықтардың саяси және рухани бірігуінен Ресей империясы қатты сескенді. Ресей тарихнамасында көшпелі халықтардың тарихы тек қана орыс халқы тарихының көлеңкесінде қалды.

XVI ғ. – XVIII ғ. басы кезеңіндегі шекаралық аймақтағы қазақ-қалмақ қарым-қатынастары тарихы осы уақытқа дейін арнайы зерттелу объектісі болған емес. Шекаралас орналасқан көшпелі халықтардың тарихы Ресей империясының ықпалына ұшырауымен тағдырлас. Қалмақтардың, кейіннен қазақтардың Ресей империясының шеткеріаймағына айналуы бұл халықтардың тарихи тағдырының ортақ екендігін көрсетеді.

Зерттеуші Сүтеева Қ.А. өзінің «Төңкеріске дейінгі Ресей дворян тарихшыларының Қазақстанның ғылыми тарихнамасының қалыптасуына қосқан үлесі» атты мақаласында бұл мәселенің көрініс табуын былайша сипаттайды: «XVI ғасырда Ресей мемлекетінің территориясы кеңейе берді, ол сонымен қатар шығысқа қарай жылжыды, ал XVIII ғасырда қазақ жерлері Ресей империясының құрамына енді. Бұдан кейінгі оқиғалар Қазақстанның бұл ірі мемлекеттің бір бөлігіне айналуына алып келді» [2, 20 б.].

Трансшекаралық және шекаралық аймақтардағы көршілес халықтардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы өте терең. XVI – XVIII ғасырлар аралығында шекаралас қазаққалмақтардың тарихи тағдырлары бір арнаға тоғысты. Көшпелі халықтардың бір-бірімен қарымқатынастарын зерделеу үшін, ең алдымен, көшпелілердің дүниетанымы мен өркениетін танып-білу қажет. Бұл көшпелі халықтардың осы кезеңдегі тарихын ашу үшін Еуразия кеңістігіндегі

221

көшпелілік ұғымының мазмұнын ашып алып, осы халықтар байланысының шынайы сипатын жасауымыз қажет.

Қазақстан тарихы үшін маңызы ерекше болып табылатын кезеңдердің бірі XVI – XVII ғғ. деуге де болады. Себебі, дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мемлекет ретінде өз тұғырына шығып, жеке, тәуелсіз мемлекет ретінде көрші халықтармен саяси да мәдени, сондай-ақ сауда жүргізуде де байланыстарын орнықтырып, дамытқан болатын. Көрші орналасқан аталған мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас мәселесі тек әскери-саяси тұрғыдан ғана орын алған жоқ, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік қырларынан да көрініс бергендігін байқаймыз. Мұндай байланыстарды көрші орналасқан көшпелі халықтардың тұрмыс-тіршілігінің, салтының, геосаяси орналасуының ұқсастықтарыменбайланыстырамыз. Дегенменде,XVII – XVIII ғасырларда жер мәселесінде, билік мәселесінде көптеген әскери-саяси қақтығыстар жиі болып отырды. Мұндай тарихи сипатты зерттеуші Ә.О. Тұрдалиев XIX – XX ғғ. бас кезіндегі қазақ-қалмақ қатынастарын зерттей келе бұл кезеңніңерекшелігінбылайша түйіндейді: «...Бұл кезең Жоңғар хандығыныңкүшейіп,қазақжеріне көз алартуымен, XVII ғасырдың бас кезінде орыс мемлекеті құрамына өтіп, Еділ мен Жайық өзендері өңірінеқоныстануыменсипатталады.XVII – XVIIIғасырларда Еділқалмақтарыныңпатша үкіметінің көмегіне сүйенуі, Аюке-хан (1646-1724 жж.) тұсында олардың одан әрі күшеюіне алып келді» [3, 4 б.].

Қалмақтар мен қазақтардың шекаралық аймақтағы қарым-қатынасы - өзекті мәселелердің бірі. Себебі жайылымдық жер іздеп, көшіп келген қалмақтар қазақ жұртымен тығыз байланыста болды. Тарихта халықтардың көшіп-қонуы белгілі бір жағдайлардың орын алғанына байланысты. Белгілі бір территорияға көшіп барған халық сол жерге өзінің салт-дәстүрімен, тіл ерекшеліктерімен, менталдылығымен, тіпті нәсілдік белгілерімен барады және жергілікті халықпен ассимиляцияға түседі.Соныменқатарұлттық мәдениеттің,тілдің,генетикалық болмыстың,рухтың қақтығыстарыорыналады.Бұлқақтығыстакүштітайпаныңқұндылықтарыалғашығып,әлсізтайпа сол күшті тайпаның ықпалында қала береді. Сонда әрбір халық – тасымалдаушы. Ол өзінің әдетғұрыптарын, дүниетанымын, наным-сенімдерін тасымалдайды. Еуразия кеңістігіндегі қазақтар мен қалмақтар да бір-бірімен біте қайнасып, араласып жатты. Қалмақтар – Еуропа территориясындағы жалғыз моңғол тілдес халық. Олардың діні, өмір салты басқа көршілес халықтардан ерекшеленіп тұрды. Бірақ көшпелілердің ежелден бері қалыптасқан Дала заңына бағынған түрік пен моңғол тайпаларының ұрпақтары қазақтар мен қалмақтардың ұқсас тұстары аз емес еді.

XVI-XVIII ғасырлардағы көшпелі халықтардың қарым-қатынастары тарихына қалам тартқан ресейлік ғалым Р. Буканова болып табылады. Ол «XVI – XVIII ғасырлардағы башқұрттардың ноғайлармен, қалмақтармен және қазақтармен қарым-қатынасы» атты мақаласында былай дейді: «XVII ғ. соңы – XVIII ғ. бірінші жартысында оңтүстік-шығыс шекаралық аймақтардағы жалпы саяси ахуал башқұрттардың, қазақтардың және қалмақтардың қарым-қатынасы арқылы анықталды. Бұл аймақтың сипаты мен байланыстары күрделі және қарама-қайшы еді. Көшпелілерге тән өзара шапқыншылықтар, ортақ қарсыластарға қарсы бірлескен шабуылдар, сонымен қатар башқұрт көтерілісіне қазақтар мен қалмақтардың қатысуы сияқты байланыстар болды» [4, 46 б.].

1834 жылы Бичурин Н.Я. өзінің «Историческое обозрение ойратов или калмыков с XV столетия до настоящего времени» атты еңбегі үшін Демидов сыйлағының иегері болған [5]. Өз зерттеулерінде Бичурин Н.Я. қазақ-қалмақ халықтарының қарым-қатынасы тарихының кейбір тұстарын атап өтеді [6]. Бичурин Н.Я. (Иакинф) – орыстың көрнекті шығыстанушы ғалымы, миссионер, саяхатшы. Ол 1799 жылы Қазандағы діни академияны тәмамдап, 1800-1802 жылдары солакадемиядаұстазболыпқызмететкен.1802жылымонахболып,Архимандритдінидәрежесінде Иркутскідегі Вознесенск монастіріне жолдама алып, Иркутск семинариясы ректоры болып тағайындалған. 1803 жылы Тобылдағы семинарияға риторика пәнінің ұстазы қызметіне ауыстырылды. 1807 жылы Пекиндегі діни миссияның бастығы ретінде Қытай еліне жолдама алып, сол қалада 14 жыл жұмыс жасаған. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Бичурин Н.Я. ежелгі қытай тілін жақсы меңгеріп алып, қытай деректері негізінде Қытайдың тарихын, мәдениетін және шекаралас көшпелі халықтардың тарихын да зерттеген болатын.

Қалмақтардыңтарихынабайланыстықұндыдеректік негізібареңбектердідеатапөтіпкеткен жөн болар. Мәскеу университетінің тарихи-филология факультетінің түлегі Богоявленский С.К. қалмақтар тарихы жөнінде біршама мәліметтер қалдырған [7]. Голландиялық ғалым, заңгер, мемлекеттік қайраткер Николас Корнелий Витсен (Витзен) (1641-1717 жж.) 1664-1665 жылдары Якоб Борейльдің жетекшілігімен мемлекеттік дипломатиялық қатынастарды жүзеге асыру мақсатында Московияға саяхаттаған болатын. Саяхат барысында ол қалмақтар жайлы біршама деректер жинап қалдырған [8]. Сонымен қатар тарихшы әрі археограф Н.Н. Бантыш-Каменский

222

(1737-1814 жж.) қалмақтар жайлы құнды мәліметтер қалдырып кеткен зерттеушілердің бірі. Оның маңызды жұмыстарының бірі - «Дипломатическое собрание дел между Российским и Китайским государствами с 1619 г. по 1792 г.» [9]. Бұл зерттеу жұмысымен автор 1776-1792 жылдар аралығы айналысқан. Бірақ еңбек Н.Н. Бантыш-Каменский қайтыс болған соң жарық көрді. Бұл деректік зерттеуболып табылады.Бұл еңбекке XVIIғ. басында қалмақтардың Ресейге келукезеңінен бастап 1771 ж. қалмақтардың белгілі бір бөлігінің Ресейден Жоңғарияға кету уақытын қамтитын құжаттар енген.

Қалмақтар жөнінде В.М. Бакунин біршама мәліметтер қалдырып кеткен болатын [10]. Астрахан губернаторының қалмақ істері мәселесі бойынша В.М. Бакунин 1720 жылы аудармашы болып қызметке тағайындалған. В.М. Бакунин Царицынде туып-өскендіктен қалмақ тілін жақсы білетін. 1724 жылы Аюке хан қайтыс болған соң, оның мұрагерлері арасында бақталастық өрши түсті. Губернатордың бұйрығымен ол Қалмақ хандығындағы болып жатқан жағдайды бақылап, барлық мағлұматтарды Астраханьға жеке жеткізіп тұру керек болды. Осы мақсатта В.М. Бакунин ұлыстарды аралап, мәліметтер жинап жүретін еді.

Еуразия даласындағы көшпелі халықтардың өзара байланысы тарихы кеңестік кезеңдегі 80шіжылдарығылымиортадаәлітереңдекешендізерттеудіқажетететінмәселеретіндекүнтәртібіне қойылады. 1981 жылы Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының 250 жылдығына байланысты 28-30 қыркүйек аралығында Кеңестік Қазақстанның астанасы Алма-Атада КСРО ғылым Академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының тарихи тағдырларындағы Ресейдің прогрессивті рөлі» атты Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Бұл ғылыми конференцияның маңызы зор еді. Себебі қазақ халқының тарихи өткенін, соның ішінде қазақтардыңШығыс халықтарыменбайланысынзерделеді.Конференцияматериалдары 1983жылы «Казахстан, Средняя и Центральная Азия в XVI – XVIII вв.» атты еңбекте жарық көреді [11]. Бұл жинақтың мақалаларында Шығыс дереккөздері мен ресейлік мұрағат құжаттарының материалдарына негізделген Қазақстан, Орта және Орталық Азия халықтарының арасындағы қарым-қатынас тарихының белгілі бір тұстары қарастырылады.

Қазақтардың Орта Азия халықтарымен, қалмақтармен қарым-қатынасы тарихы көлемді әрі дәлелді қарастыруды қажет етеді деп жоғарыда атап өткен 1983 жылы жарық көрген «Казахстан, Средняя и Центральная Азия в XVI – XVIII вв.» атты жинақтың алғы сөзінде көрсетілген болатын. Сол кезден бастап бұл тақырыптың аясында біршама авторлар зерттеулер жүргізе бастады. Дегенмен де, ХYI ғ. - XYIII ғ. басындағы шекаралық аймақтағы көшпелі халықтардың (қазақтар және қалмақтар) қарым-қатынастары тарихы осы уақытқа дейін кешенді әрі жүйелі түрде қарастырылып, зерттелмеді, тек қана кейбір зерттеулерде ішінара айтылып кетеді. Сондықтан да ХYI ғ. - XYIII ғ. басындағы шекаралық аймақтағы қазақтар мен қалмақтар қарым-қатынастары мәселесініңзерттелуаясытардепесептейміз.Бүгінгі таңда бұл тақырыпБуканова Р. [4],Тұрдалиев Ә.О. [3], Сабитов Ж.М. [12] және т. б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде қозғалады.

Қорытындылайкеле, XVI ғ. –XVIIIғ.басындағышекаралықаймақтағыкөшпеліқазақ-қалмақ қарым-қатынастар тарихы зерттелуінің аясы өте тар. Осы уақытқа дейін арнайы көлемді еңбек жоқ, зерттеушілердің еңбектерінде ішінара зерттелгенін көреміз.

__________________________

1.Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы «Атамұра», 1999. – 40 б.

2.Сүтеева Қ.А. Төңкеріске дейінгі Ресей дворян тарихшыларының Қазақстанның ғылыми тарихнамасының

қалыптасуынақосқанүлесі(методологиялықмәселелер).//ҚазҰУХабаршысы.Тарихсериясы.– №3(26).– Алматы,2002.

163 б.

3.Тұрдалиев Ә.О. Қазақ-қалмақ қатынастары (XIX ғ. – XX ғ. бас кезі). Тарих ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2003. – 152 б. – 152 б.

4.БукановаР. Взаимоотношениябашкир сногайцами, калмыкамииказахами вXVI– XVIIIвв. //Ватандаш. –№6.

2010. – 36-51 с.

5.Бичурин(Иакинф)Н.Я. ИсторическоеобозрениеойратовиликалмыковсXV столетиядонастоящеговремени.

1834. – 268 с.; 2-е изд. – Элиста: Калм. кн. изд-во, 1991. – 127 с.

6.Бичурин (Иакинф) Н.Я. Центральная Азия и Южная Сибирь // Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена. – Алматы, 1998. – Т.1. отд. 4. – 390 с.

7.Богоявленский С.К. Материалы по историикалмыков в первойполовине XVIIв. // Исторические записки.– М.,

1939. - №5. – С. 48-101.

8.Витсен Н.К. История о калмыках и их деяниях, взятая из «Описания Северной и Восточной Тартарии»/ Пер. с нем. В. Пастухова // Новые ежемесячные сочинения. – СПб., 1793. – Ч. 90. – С. 3–25.

9.Бантыш-Каменский Н.Н. Дипломатическое собрание дел между Российским и Китайским государствами с 1619 г. По 1792 г. – Казань: Тип. Имп.Казан. университета, 1882. – 565 с.

223

10.Бакунин В.М. Описание калмыцких народов, а особливо из них торгоутского, и поступков их ханов и владельцев. – Элиста: Калм. кн. изд-во, 1995. – 153 с.

11.Казахстан, Средняя и Центральная Азия в XVI – XVIIIвв. – Алма-Ата: Наука, 1983. – 192 с.

12.Сабитов Ж.М. Казахско-калмыцкие отношения в 1700-1715 годах. // Средневековые тюрко-татарские государства. – №6. – 2014. – 122-126 с.

Боздақова Ш.Ә.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

ОРАЛ ТАҢСЫҚБАЕВ

Орал Таңсықбаев 1904 жылы Ташкент қаласында үлкен отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Таңсықбай Тұмбаулов Сырдария облысы Шымкент уезі Контал болысының тұрғыны, Ташкенттегі Первушин темекі фабрикасы мен плантациясында жұмыс істеген. 1913 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін ол зауытқа жұмысқа орналасқан. Ол 1916 жылы орыс-түзем, кейіннен 1919 жылы жеті жылдық орыс мектебін бітіреді. Осы жылдардың өзінде он жеті жасар жасөспірім аздап сурет сала бастайды. 1924 жылы ол Н.В.Розановтың басшылық етуімен Ташкент өнер мұражайы жанындағы көркемсурет студиясында оқыды. Суретшінің 1925 жылы қағазға қарындашпен салынған «Қыз қырынан» атты бір туындысы ғана В. Савицкий атындағы Нөкіс өнер мұражайы жинағында сақталған [1,9-б].

1928 жылы ол Пенза көркемсурет училищесіне түседі, оны суретші И.С. Горюшкин бірден Сорокопудов шеберханасының соңғы курсына алады. Сол 1928 жылы Таңсықбаев алғаш рет Мәскеуге барады. Суретші астанада мұражайды, сол кездегі көрмелерді, әсіресе Мәскеудің Жаңа Батыс өнері мұражайын аралап көреді. ХХ ғасыр суретшілерінің бірегей туындыларымен танысуы, Таңсықбаевқа ерекше әсер етеді, кейіннен мұның өзі оның 1929 жылғы жұмыстарына ықпал етеді. Екіжылбойыорыстыңреалистікөнерінүйренуіоныңсуретшіболыпқалыптасуына,жалпыалғанда кәсіби деңгейінің көтерілуіне айрықша әсер етті. Суретші алдын ала қарындашпен нобайын түсірмей-ақ, көргендерін мұқият бақылып, жан-жақты ойластырып, содан кейін ғана тікелей іске кіріскен.

30-жылдары О. Таңсықбаевтың шығармашылығы әртүрлі ықпал мен дәстүрдің арнасында қарқынды дамыды. Ол тынбастан іздене отырып, өз қолтаңбасын жоғалтпады. Пенза қаласынан келгеннен кейін Ташкенттегі көркемсурет өнерінің қалың ортасында, әсіресе А. Волков пен басқа да шеберлердің арасында болып, олардың еңбектеріне сүйенсе де, өзінің дербестігін жетілдіруге тырысты. Өйткені, ХХ ғасырда көптеген шеберлердің эволюциясында авангардтық бағыттың жүйелі түрде дамығандығын байқауға болады. Кейбір суретшілер импрессионизмнен бастап, әртүрлі бағытты, тіпті кубизмге дейін игеруді мақсат етті.

Олимпрессионизмненбастапсуретөнеріндегі еңбасты бағыттарды тезигерді де,Сезаннмен Дереннің жаңалықтарына ауысады. Бірқатар жұмыстарында импрессионистік ізденіске оралғаны байқалады: «Ағаш пейзажы», «Аптап күн» 1934 жылғы шығармалары.

Дарынды суретшіжасаған «Көш»шығармасы еңәуелі лирикалық биязылығыменжәне өмірді нақтылы түрде көрсетуімен баурап алады. «Көш» композициясының қарапайымдылығы мұқият ойластырылған. Көш жайлы жайғасқан, бірақ өзіндік тіршілік әрекеті бар. Киіз үйдің маңайындағы төбеде сарғыш көйлек пен көк түсті ұлттық камзол киген әйел шексіз дала кеңістігіне көз айырмай қарап отыр, бәлкім өткен өмірін еске алып, яғни біреуді сағына күтіп отырған болар. Сонымен қоса суретші өзінің еліне, жеріне деген махаббатын көрсете білген.

«Шыршық алқабы» (1941) Орал Таңсықбаевтың шоқтығы биік ерекше пейзаж туындыларының алды. Алыстағы ақша бұлттардың ыстық-суық реңдерінің алмасуы - тау бөктеріндегі қызғылт сұр-көк реңдермен үйлесімді байланыстырылған. Өзіне тән әуе кеңістігін ерекше бейнелей алатын Орал Таңсықбаев беткейдегі ауыл шетін тартымды бейнелеген.

Суретші 30-жылдардың соңында Орта Азия табиғатының жиынтық бейнесін іздестіру мақсатында шағын пейзаждық-жанрлық туындыларын дамытып, 50-жылдардың аяғында индустриялық тақырыпта пейзаждар жазды. Ол 40-50-жылдары портретпен, натюрмортпен, тақырыптық картиналармен жұмыс істеді.

60-70-жылдары монументалдық-этикалық сарында пейзаж картиналарын жарыққа шығарды. Суретшінің осы бағыттағы полотноларынан ерекше атап көрсететін жәйт – соңғы он жылда оның кескіндемелерінің едәуір сәнділігі, әрі ықшамдылығы байқалады.

224

Бұл кезеңде Таңсықбаев шығармашылығындағы бірте-бірте туындаған өзгерістер түгелдей көркемдік тұжырымдамада өрістеді. Бұлай болу себебі, сол жылдардағы саяси және қоғамдық ұстанымдарға байланысты кеңес өнерінің даму сипатымен түсіндіріледі.

О.Таңсықбаевтың «Соғыс ізімен» салынған сериясы сол уақыттағы нақтылы ой мен сезімнің неғұрлым қанықтығының айқын мысалы. Соғыс жылдарында суретші лирикалық пейзаждарды бейнеледі. Ол табиғат реңі арқылы адамдардың ішкі сезімін көрсете білді. Ол жазған «Теректер» (1944) туындысы суретшілік графикасында орны ерекше. Ауыл көрінісін, соғыс жылдарының ауырлығына қарамай көңіл-күйдің жақсарғанын өте нәзік, сыршыл сезімде жаза білген.

Ал 40-50-жылдары, елдегі таңқаларлық өзгерістер мен жүзеге асып жатқан жоспарлар суретшіні шабыттандырды, осы процесстер барысында Таңсықбаевтың бүкіл көркемдік тұжырымдамасы,кескіндемесініңбарлық принциптерібірте-бірте өзгерді.Осыжылдарға арналған: «Тау колхозында» (1944), «Егін орағы» (1944), «Көктем» (1945), «Топырақты шаю» (1946) жұмыстарында бірте пленэрлік принцип, натуралдық тәжірибе байқалады. Таңсықбаев кескіндемесінде жазықтық, түстердің шарттылығы, композицияны құру сәнділігі шебер тоғыстырылған. Орал Таңсықбаев – табиғат жыршысы, пейзаждың хас шебері болды [2,12-б].

О. Таңсықбаевтың 1949 жылы Қазақстанда болған кезеңінде жазған картиналарын: «Алматы қысы», «Сарқырама», «Алматыдағы ымырт» пейзаждарынан көруге болады және тағы басқа шығармашылығын тамашалауға болады. Орал еңбектерін көрген кезде орыстың көрнекті суретшісі Н. Крамскойдың: «Шыншыл колорит әділдік сияқты сирек кездеседі» – деген пікірі еріксіз есіңе түседі[3,24-б].

Суретші Орал Таңсықбаев - өзінің басты пейзаждық еңбектерін – ән болып қалған өнерін халқына қалдыра білген зор тұлға, құдіретті дарындар шоғырынан орын алатын ұлы суреткер. Әлемдік бейнелеу өнерінің алтын қорына қосылған О. Таңсықбаев пейзаждары Москва мен Вашингтонда, Прага мен Токиода, Париж бен Брюссельде әралуан көрмелерге қойылып, әртүрлі елдер көрермендерінің ілтипатына бөленген жемісті туындылар болып табылады.

Өмірінің соңғы жылдарында И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік көркемөнермұражайыныңдиректорыболыпқызметжасағанОралТаңсықбаев1974жылы,сапардажүрген кезінде кенеттен сәуірдің 18-і күні Нөкіс қаласында дүние салды. Қазіргі күнде өзі басқарған сол мұражайдаОралТаңсықбаевшығармашылығыныңкөпмөлшері – 37суретісақталған[4,6-б].Соңғы кезде, бір кезде өзі атын шығарған Өзбекстанда О. Таңсықбаевтың атына қойылған көше, мектептердің аты өзгертіліп, бауырлас мемлекеттің тарланбоз суретшіге деген көзқарасы өзгере бастады.

2012 жылы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің ауласында КСРО Халық суретшісі Орал Таңсықбаевқа арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. 1938 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ежелгі оқу орны, енді О.Таңсықбаевтың атымен аталатын болды[5,1-б].

Сонымен бір сөзбен айтқанда, суретші қылқаламына ілінген көркем көріністер сан алуан құбылыстардан сыр шертіп, тарихи шежіреге айналған[6,26-б]. О. Таңсықбаевтың шығармашылығын зерттеу көрсеткендей, оның дамуының ішкі қисыны, идеялар мен стилдердің ұштасуы, яғнишығармашылық жолдың нағыз қиыншылығы шебердіңжарқын бейнесін сақтаудың, ХХ ғасырдағы бүкіл кеңестік өнер дамыған күрделі жағдайға қарамастан, өнердің ізгілік мәнінің соңғы үлгісін білдіреді[7,113-б].

Қазақтың біртуар ұлының қабірі Ташкенттегі Шағатай зиратында Шароф Рашидов, Камил Яшен, Тамара ханум т.с.с. қайраткерлердің бейіттерімен қатар жерленген. Қабірдің бойына /Өзбекстанның белгілі скульпторы А. Амбарцумян жасаған/ О.Таңсықбаевтың мүсіні қойылған. Ағаш пен гүлге оранған Орал аға мүсіні - алысқа көз тастап, тағы да табиғаттың әсем бір көрінісін қылқаламына түсіруге ыңғайланғандай көрінеді. Бүкіл өмірі өнерімен өрнектелген Орал ағаның мүсіні де мәңгілік өшпес туындыға айналған[8,5-б].

Қазір Шағатайдағы Орекеңнің мәңгілік жай тапқан жері Ташкенттегі мұражай үйімен қатар, Қазақстаннан келетін қандастарымыздың қасиетті орны болып отыр. Биыл Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының экспедициялық жұмысы негізінде С. Рахымов, Ш. Тәліпов, Н. Нұралиев т.б. Өзбекстандық қазақ қайраткерлерінің қабіртастарымен бірге, олардың өнері мен қызметі де жан-жақты зерттеліп, бейіттері есепке алынды.

__________________________

1.МастераизобразительногоискусстваКазахстана.Сборникнаучныхстатей.4-выпуск/ЕргалиеваР.А.,Труспеков Х.Х., Шарипова Д.С. и др. – Алматы: ИД «Жибек жолы», 2009.

2.А. Жұмағалиұлы. Қастеевін қастерлеген халық Таңсықбаевты да танытуы тиіс. // Түркістан №29. 24 шілді. 2014.

225

3.С. Жұмабек. Жұмбақ жарасымдар жыршысы. // Ақиқат – 2006. №3.

4.Н. Ораз. Ташкенттегі асыл қазына. // Егемен Қазақстан №211. 2 қараша, 2017. 5.Қ. Төрежан. Елге Таңсықбаевты таныстырдық // Айқын газеті №73. 21 сәуір. 2012. 6.Қ Болатбаев. Таңсықбаевқа тағзым // Алтын бесік – 2005. №2.

7. Ж. Натбаев. Орал Таңсықбаев және бейнелеу өнері. // Ақиқат – 2010 №11.

8.Р. Садығұлов. Ұлттық өнерімізді бағаламай, көсегеміз көгермейді. // Қазақстан ZAMAN(газеті). №18. 28 сәуір.

2006.

Бекзатқызы И.

Қазақстан Республикасы ұлттық музейі

АҚМОЛА ӨҢІРІ ТАРИХЫНЫҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ

Қазіргі таңда патриотизмді жаңғырту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселесі өте өзекті болып табылады. Бұл үшін жас ұрпақ тек өз елінің өткен тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар туған өлкесінің, туған ауылының тарихын біліп, оны мақтан тұтып өсуі тиіс. Еліміздің ертеңі жастар десек, жастар мен жасөспірімдер өз туған жерін танып білуді мектеп табалдырығынан бастаған дұрыс. Мектеп оқушыларынмұражайларға,тарихиорындарға апару,мектепжанынан этнография немесе өлкетану бағытындағышағыніздеу-зерттеутоптарынұйымдастырутуғанжердіңбайтарихыменмәдениетін, табиғатын танып-білуге мүмкіндік жасап, жасөспірімдердің туған ауылға деген құрметін, өлке тарихына деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан жергілікті тұрғындардан жинақталған тарихи, географиялық және т. б. жекелеген аймақтар туралы білімдердің жиынтығы ретінде тарихи өлкетанудың рөлі зор.

Әрбір халықтың аңызға айналған тұлғалары, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ерлік оқиғалары, киелі жерлері болады. Туған жердің әрбір тау-тасы, өзен-көлі тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер-су атауының шығу тегі туралы түрлі аңыз-әңгімелер бар. Олардың көпшілігі халық аузында ғана сақталған. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Жер-су атаулары ана тіліміз бен ұлттық тарихымызды зерттеуде аса қажетті құнды дерек болып табылады. Қазақ жеріндегі географиялық атауларда əртүрлі дəуірдің тарихи оқиғалары, көрнекті тұлғалардың, батырлардың есімдері жəне сол жердің географиялық сипаты бейнеленген. Сондай-ақ атаулар халқымыздың тұрмыстіршілігінен, шаруашылығынан, əдет-ғұрпынан хабар береді.

АқмолаоблысыеліміздіңсолтүстігіндеСарыарқа менТеңізжазығыныңарасындаорналасқан тарихи-географиялық аймақ. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300 - 400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-шығысында Ерейментау таулары, солтүстік шығысы Сілеті жазығымен ұласады, ортасында Атбасар жазығы көлбеп жатыр, оңтүстік-батысы Теңіз - Қорғалжын ойпатымен жалғасады [1, 11 б].

Облыс аумағында еліміздің тарихына тікелей қатысты түрлі тарихи оқиғалар болған. Тарихи аймақ Абылайдың (1711-1781) Хан ордасына айналған өлке, дәл осы жерде ұлы қолбасшы шығыстаншабуылдағанбасқыншыларғатойтарысберетінүшжүздіңбасынқосып,әскержасақтады және халқын ешкімге бодан қылмай, азат етті. Хан ордасының Көкшетауда орын тепкенін Қазақстанның Мемлекеттік Орталық архивіндегі, Ресейдің Федералдық архивіндегі, Қытай мен Орталық Азияелдеріндегі мұрағаттарындасақтаулы XVIIIғасырдыңекіншіжартысындағы тарихи деректер дәлелдейді. Сондай мәліметтер есімі әлемге әйгілі, Абылай ханның немересі Шоқан Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінде, «Алаш» қозғалысының аса көрнекті қайраткері, қазақтың ақын әрі жазушысы Міржақып Дулатовтың (1885-1935), ақын Арыстан Тобылбайдың (1811-1880) шығармаларында, саяхатшы Иван Словцовтың (1844-1907) еңбектерінде, қазақ поэзиясының классиктері Сәкен Сейфуллин (1894-1938) мен Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) жырларында кездеседі.

Көкшетау өңірінде осы күнге дейін Абылай ханмен байланысты «Ханның Қызылағашы», «Көкшетаудың Шалқары», «Көкшетау көлі», «Хан көлі», «Абылай хан алаңы», «Төре Қызылағашы»деген сияқты ұғымдар сақталып қалған болса, Қорғалжын өңірінде көпшілікке онша белгілі емес ұлттық топонимдер: «Абылай алқымы», «Абылай бөгеті» деген аңыздармен астарласа келетінжераттарысақталған.ТарихшығалымБ.Б.Сәдуақастыңпікірінше,бұлсөзтіркесініңекінші

226

бөлігі «топырақ үйіндісі» дегенді білдірсе, ал екінші бір нұсқасы «су қоймасы, суат» деген мағына береді. Соған қарағанда, «Абылай бөгеті» деп аталған суат Абылай ханның бұйрығымен жасалған шығардегенойтуындайды.Ал «бөгет»сөзініңмағынасына үңілетінболсақ,ол «кедергі,тоқсауыл» дегенді білдіреді. Бұл жерде «Абылай бөгеті» деген тіркес стратегиялық тактика мақсатында салынған қорғаныс құрылымы болуы да мүмкін. Сондай-ақ «Сұлтан келді» деген атау да Абылай ханмен тығыз байланысты дейді жергілікті тұрғындар [2, 1-2 бб].

Ақмола облысының Бурабай ауданында Абылай хан атты ауыл бар. Ауыл ақсақалы Сексенбай Ыбырайұлының (1934 ж.т.) айтуы бойынша XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде бұл жерде 5 ауыл болған: Ақылбай, Жұмақай, Биқара, Қарақыстақ, бесіншісінің атауы белгісіз. Ұжымдастыру кезінде осы ауылдардан «Ленин жолы» колхозы құрылады. 1970 жылы ол Фрунзе атындағы колхоз болып қайта құрылады. 1992 жылы ауыл үш жүздің басын қосқан қолбасшы Абылай ханның құрметіне «Абылайхан ауылы» деп өзгертіледі [3].

Аймақта Абылай ханның немересі, қазақтың соңғы ханы Кенесарының атымен байланысты жер-су аттары да көп кездеседі. Бурабай ауданындағы Кенесары ауылы – Белгібай Қойшыбайұлының(1950ж.т.) айтуынша,ауыл XVIIIғасырда «Ханауылы»депаталған.1992жылы Кенесары ханның 190-жылдығына орай ауылға Кенесары есімі берілген. Осы жерде Балықты көлі бар. Ол бұрын «Ханское озеро» деп аталған [4]. Бурабай көлінен оңтүстік-батыста Кенесары үңгірі бар. Үңгір Көкшетауқыратының гранитті сілемінің үгілуінен пайда болғанжәне ол аласа шоқының үстінде жатыр. Бала Кенесары осы жерде атқа мініп, садақ атуды үйренген. Ол осы шатқалда мекендеген жабайы аңдарды аулағанды жақсы көреді. Аңшылықтан олжалы оралғаннан кейін, осы үңгір орналасқан шоқының етегіне тоқтап отырған. Сол себепті бұл үңгір «Кенесары үңгірі» деп аталған [5, 367 б].

Бурабай ауданында Наурызбай батыр ауылы бар. 1993 жылы Абылай ханның ұрпағы Наурызбайбатырдыңесіміберілген.КеңесүкіметікезіндеқызылқолбасшыШорстесіміменаталса, оған дейін «Қарақұдық» болған. Сол сияқты Ақылбай ауылының атауы да үш мың бас жылқысы болған Ақылбай деген байдың атымен аталған. Ел арасында Ақылбай Абылай ханды жорықтан салтанатпен қарсы алып, оған ат сыйға беріпті деген аңыз бар [4]. Осы маңда «Ақылбай асуы» деп аталатын көне жол бар. Деректер бойынша Абылай ханның Бурабайдан Түркістанға дейін тартқан «көне жолының» бір тармағы деседі. Бетпақ дала, Сарыарқаны кесіп өтетін керуеншілер де осы асуға келгендерінде Ақылбай алдарынан шықпаса, сескеніп тұрып қалады екен. Асудан Ақылбай батыр асырып салған керуеншілер адаспайтын, ұры-қарының тонауына ұшырамайтын болыпты. Қасиетті асу арғы-бергі тарихтан ой тарқатып жатқандығы даусыз [6, 89-90 бб].

Кенесарының батырларының бірі, қолбасшы Ағыбай батыр. Ағыбай мен Кенесары, Наурызбай туралы аңыздар олардың тарихи тұлғасын толықтыра түсетіні анық. Әржылдарда хатқа түскен фольклорлық үлгілердің мазмұны мен айтар ойы бірімен-бірі ұштасып жатады. Бір аңызда Ағыбай мен Наурызбайдың келешегін болжап білген сәуегей абыз: «Ағыбайым, сенің ұраның артыңда қалады. Өз ұраныңды өзің өсіресің. Бағыңның табы желкеңде екен. Наурызбай, менің жасым 120-ға келіп отыр, осы жастың ішінде сенен артық ер көрмедім. Үш нәрсенің сырттаны бар еді: иттің, қасқырдың, жігіттің. Сен жігіттің сырттаны екенсің, бірақ адам баласына мейірімің жоқ екен, бағың маңдайыңда ғана екен, ғұмырың қысқа, 20-25-тен аспассың, дүниеден арманда қалма!» - дейді. Сөйтіп, жасауыл қырғанда Ағыбайсыз барып, Наурызбай жігіттері қырғынға ұшырайды. Мәшhүр Жүсіп Ағыбайдың тілін алмай барып, Кенені құтқарамын деп Наурызбайдың қамауда қалғанын жазады. Кенесарының үзеңгілес серіктерінің ортасында Ағыбайдың орны ерекше болған. Ерлігіне ақыл-парасаты, құралайды көзге атқан мергендігіне – ұтымтал сөйлейтін шешендігі сай, қысылтаң шақта жол тапқыш, әр нәрсені болжағыш, көріпкел... Міне осындай сан қырлы қадірқасиеттерінің арқасында оның жорықта жолы болғыш екен. Кенесары оны алабөтен қадірлеп, жанынажақынұстап,«МеніңАқжолтайым»депатағандейді.Мұныңөзі АғыбайҚоңырбайұлының халықтың ерекше құрмет тұтқандығының, үлкен істің сәтіне жолығатын, жақсылыққа бастайтын аруақты батыр санағандығының белгісі [6, 86-87 бб].

Ақмола өңіріндегі есімі елге белгілі тарихи тұлғалардың бірі – Қаракерей Қабанбай. Абылай ханның бас батырының бірі Қабанбай батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспеген, қазақ жерінің әр пұшпағын жаудан босатуға қатысқан, кіл жорықтарда жүрген. Ол ата жау қалмақпен де, қазақжерінекөзалартқанқырғыздармендесоғысыпжеңіскежеткен.Тукөтеріп,елқорғағансүйікті батырын халқы құрметтеп Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Ханбатыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген есімдер берген. Ерасыл жездесінің қолында жылқыға көмектесіп, тазы жүгіртіп, серуен құрады. Ерасылдың тауып алған сұр күшігі өте жүйрік, ізшіл, қыран ұстауға өте шебер болғандықтан атын «Ізбасар» деп қояды. Ол кезде бір түлкінің құны бір бесті екен. Жылына отыз-

227

қырық түлкі алып Ерасыл едәуір ауқаттанып қалады. Сонымен бірге, беделі өсіп, тұйғынның аты Ерасылға таңылып, оның есімі де «Ізбасар» болып кетеді. Күн өте келе, Кейбібайдың Бекберді, Хамит,Мұсадейтінүшұлытазыжүгіртіп,Ерасылғаалғантүлкіңдібізгебайладепжармасады,тіпті үшеулеп тартып алмақшы да болады. Бірақ үшеуі бірдей Ерасылдан таяқ жеп, онысын төреге де, төбеге де айтудан арланады. Мұны даладан көрген бір жылқышы Байдәулетке балдызың нағыз «Қабанның өзі екен, пәленбайдың үш баласын сабап, түлкісін тартып алды», – дейді... Осыдан барыпБайдәулет балдызын қалжыңдап«Қабан»деп атапкетеді [5,312-313 бб]. Бүгінде Нұр-сұлтан қаласынан 40 шақырым жерде Қаракерей Қабанбай батырдың құрметіне аталған ауыл бар. Осы ауылда батырдың кесенесі орналасқан.

Ақмола өңірінің тарихының тағы бір куәсі - ол Тайтөбе. Тайтөбе деген сөздің мағынасы ерте заманнан өз шешімін табады, себебі «тай» сөзі ертеде қарауыл төбе қызметін атқарғанын білдіреді. Қазақ тіліндегі «тай» сөзінің түпкі мағынасы «биік, дөңес шатыр» деген сипатта. Осыдан келіп «тай» сөзі күзет орыны, қарауыл қарайтын жер, қарауыл басы деген мағынада дамыған. Көне түркі дәуірінде «тай бегі» (қарауыл басы) лауазымы болған (Древнетюркский словарь, Л., 1969. с. 527). Бұл ұғымдар әуел баста ұйғырдың жазба әдебиетінде және кеңсе дәстүрі арқылы қалыптасты да, кейіннен Шыңғыс ханның империясында да қолданылды. Сол себепті қазіргі моңғол тілінде «тай» сөзі екі мағынада қолданылып жүр: біріншіден, ол «аялдама, бекет, жолхана», екіншіден, ол «шатыр, үй төбесіне салынған баспана, күзетхана» [7]. Сонымен Тайтөбе сөзінің ең негізгі, көне мағынасы «қарауыл төбе» болып шығады.

Бұл жөнінде Тарихшы Ж.Артықбаев: Қазақ жеріндегі «тай» сөзі қолданылған жер атауларының негізгі бөлігі «қарауыл төбе» тарихи мағынасын сақтап қалғанын Шу өзеніндегі атақтыТайөткелінендеаңғаруғаболады.БіржағыІбір-Сібір,біржағыТүркістанөңірінежалғасқан керуен жолы осы өткелмен өтеді. Ендеше Бетпақтан шығатын қыл көпірдей жолдың Шудан өтетін тұсы сауданы жүргізуге мүдделі, қандай да болмасын мемлекеттің қарауыл жасағының бақылауында болуы заңды емес пе?! –деген пікір айтады.

Тайтөбе маңының, Нұра мен Есіл аралығының атауы бұрын Ақмола, ал қазіргі Нұр-сұлтан қаласы тұрған жер Қараөткел болған. Қараөткел атауы туралы мынадай бір аңыз бар: Сол маңдағы Айдабол мен Молақ өңірінен Жыланды бағытына бару үшін Зеренді тауларынан басталатын өзен суынан кесіп өту керек болыпты. Тұрғындар қанша мәрте көпір салғанымен су тасқыны оларды жылдашайыпкететінкөрінеді.Жолаушыларөзендібойлайжүріпөзенненөтетінөткеліздейдіекен. Сөйтіп,жолазабынәбдентартқанжолаушыларбұлаймақты Қараөткелауылы депатапкетсекерек. Әрине, бұл тек аңыз ғана.

Қараөткел атауындағы «өткел» сөзі бәріне түсінікті, яғни түбімен жүріп өтуге болатын өзеннің суы таяз тұсы. Ал, «қара» сөзі топонимдік атаулар жасауда жиі қолданылып, кейде өзінің тура мағынасында заттың түр-түсін білдірсе, кейде «үлкен, зор»деген мағынаны білдіреді [8, 10 б]. Бұл жердегі «қара» сөзі судың түсіне байланысты айтылуы мүмкін. О.А. Султаньяев еңбектерінен «Наиболее обычно прилагательное кара, имеющее в казахском языке три основных значения: черный, темный, густой: Караоткель «черный брод», Караунгур «темная пещера», Караагаш «густой лес» и др.» деген пікірін кездестіруге болады. Ал, географ, гляциолог Н. Н. Пальгов бойынша «қара» сөзі бұл өзеннің грунт суларымен қоректенетінін білдіреді. Қазақстанда грунт алаптары көнекристаллжыныстаркеңтарағанСарыарқадажәне құмды өңірлердекездеседі.Ғалым бұл туралы «Қазақстанда жазықтарда таралған өзендердің тағы бір түрі бар, бірақ режимі бойынша әдеттегі жазықтық өзендерінен ерекшеленеді. Қазақ халқы бұл өзендерге Қарасу деген ат берді, ал таудағы өзендерді Ақсу деп атады» деп жазады [9, 63 б].

Жергілікті атаулардыңбірқатарбөлігіретіндеэтнонимдер(грек.ethnos – халық,onyma– есім, атау), яғни ел, халық, ұлт атаулары) мен антропонимдерді (кісі есімінен қойылған атаулар) атауға болады. Географиялық атауларды зерттейтін мамандар «ру-тайпа» аттарын «генонимдер» (гректің «генос» – ру және «онома» – есім, ат деген сөздерінен шыққан) дейді. Ежелгі көшпенділер санатындағы халықтардың бәрінде де жайлаулар мен қыстаулар белгілі рулар, оның ішінде рубасылар иелігінде болған. Сол себепті де ру-тайпалар мен кісі аттары елді-мекен, географиялық нысандар, таулар, өзен-көл атауларымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, Балталы (Жарқайың, Жақсы ауд.), Бағаналы (Жарқайың ауд.), Жағалбайлы (Ақкөл ауд.), Қанжығалы (Ақкөл ауд.), Итемген(Еңбекшілдерауд.),Табын(Еңбекшілдерауд.),Айдабол(Зерендіауд.)Қалқаман(Астрахан ауд.) Қоңырат (Ерейментау ауд.) [10] атаулары осы өңірде қоныстанған ру атауларынан шыққан.

Антропонимдердің қалыптасуын бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

1.Әулие, киелі кісілердің қоныстары немесе жерленген жерлері (Айтмола, Балабейіт т.б.)

2.Ру басы немесе билердің есімдеріне қатысты қойылған атаулар (Қазыбек, Едіге т.б.)

228

3. Ел қорғаған батырлар есімдеріне байланысты қойылған топонимдер (Аманкелді ауылы, Қабанбай батыр ауылы, Кенесары үңгірі)

Сондай-ақ беделді, елге жақсылығы тиген кісілердің есімдерін ұмытылмасын деген мақсатта жер-су атауларына беріп отырған. Осының бір дәлелі ретінде ертеден белгілі Атбасар өзенінің Жабай руының атымен аталып кетуі туралы деректер осы өңірден шыққан өлкетанушы Клара Әмірқызының жазбаларында сақталған.

XIX ғасырдан бері Атбасар өңірі – дерегі мол тарихи мекен. Атауын көпшілік ертеден белгілі Атбасар базарымен байланыстырып, «ат базары» деген сөзден шыққан деп жорамалдайды. 1880жылдан бері ғана белгілі болған Атбасар жәрмеңкесінде жылқыдан бастап төрт түлік малдың бәрі де сатылған. XVIII ғасырда бұл аймақты Абылай ауылдары қыстағаны белгілі. Троицк бекінісінің коменданты П.Роденге 1761 жылы 3 - шілдеде Орта жүз қазақтарының қытаймен қарымқатынасының жайын білу үшін Абылай сұлтанның тұрағына (ставкасына) барып қайтқан тілмашы Ф.Гордеевтің жазған хабарламасында былай дейді:

«...Абылай солтан кочует при речке ж Атбасар и урочище Колутон при горе ж Зиланлы тав. (Жыланды тауы Шаңтөбе маңында (авт.)) то есть при Змеиной горе»...

(АВПР. ф. 122. 1761 г., д.4, л. л. 148 - 156 об.)

Осы деректен Атбасар атауы жәрмеңкеден, яғни «Ат базарынан» 120 жыл бұрын бар екенін көруге болады.

Атбасар атауы жөнінде мынадай тағы бір дерек бар: 1822-жылғы патшаның Сібір қырғыздарына (қазақтарына) арналған заңы бойынша хандық жүйе жойылып, округтер ұйымдастырылған. Осы кезде бекіністер мен станицалар салуға жер бөлінеді. Бұрынғы № 96 бекеттіңорнына1845-1846жылдарыстаницасалуғажерөлшепжүргенземлямерлерЖабайөзенінің сол жақ жағалауында қой бағып жүрген бір қазаққа кездеседі. Осы жердегі қыраттың басында жалғыз ғана мазар болады. Төңіректе басқа белгі болар ешнәрсе көрінбегендіктен землямер қойшыдан: «Бұл жерде жерленген адамның аты кім?» - деп сұрайды. Қойшы оған: «Аты – Базар» деп жауап береді (бұл мазарға сол кезде Атбасар жерін жайлаған найман руының атақты бір адамының шешесі ел көшіп жүргенде қайтыс болып, жерленген екен). Землямер осылайша «аты – Басарболса,солайболсын»деп,станицағаберілетінжердіңатын«Атбасар»депжазғанекен– деген ел арасында аңыз сақталған.

Тағы бір аңызды жазушы Сейітжан Омаров жазып кеткен. Атақты Асан қайғы бабамыз желмаясымен жортып, ұрпағына жерұйық іздеп жүргенде, Есілдің бір саласы осы өзенді көріп: «Шіркінсендеаттұяғыбасуғажараржерекенсің,сеніңатыңАтбасарболсын»депатқойыпкетіпті

– мыс. Дегенмен, адамзат баласының өмірінде көптеген аңыздардың шығу тарих негізгіз болуы мүмкін емес.

Атбасар қаласы арқылы ағып өтетін Жабай өзені жайында сақталған деректер қорындағы мәліметтер бойынша ертеде жағасына ел қоныстанған өзеннің нақты атауы Жабай емес, Атбасар болғаныжайлы1779жылы 27маусымда Абылайханныңордасынакеліп,сапарнамажазғанкапитан Г. Лилигрейннің күнделігінде жазылыпты. Сондай-ақ Ф. Брокгауз бен Ефронның энциклопедиясында да осы дерек нақты көрсетілгені туралы айтылады [11, 10-12 бб].

Осындай тарихи деректердің көпшілігі халық аузында ғана сақталған. Ол туралы білетін бірен-саран көне көз қариялар күн сайын арамыздан кетіп жатыр. Жас ұрпақ біліп өсуге тиісті мұндай құнды деректер дер кезінде жазылып алынбаса, жоғалтатынымыз мұнан да көбейе түсері анық. Сондықтан кеше мен бүгініміздің арасын жалғастырып тұрған ұлттық құндылықтарымызды келер ұрпаққа үлгі етеміз десек, оларды жинап, жүйелеуді қазірден қолға алуымыз керек. Осы тұрғыда өлкетану жұмыстарын жүргізу, іздеу-зерттеу топпарын ұйымдастыра отырып, көне көз қариялардан жер-су атауларына қатысты аңыз-әңгімелерді жазып алу өте маңызды.

Жер-суатаулары – тарихи жəдігерболуменқатартəуелсізмемлекетіміздіңбір белгісі, ұлттық нышаны. Егемен ел екендігімізді білдіретін, ұлттығымызды ұлықтайтын атаулар арқылы бабалар мұрасынұрпақтан-ұрпаққа жеткізубасты міндет. Келерұрпақ тарихтан тағылым алуүшінбайырғы атауларды қайта қалпына келтіру қажет. Жер-су атауларын тарихи төл атауына ауыстыру мəселесіне тек мəдени мұрамызды сақтаудеп емес,сондай-ақ, қоғамдық,елдік маңызды бармəселе ретінде қарауға тиіспіз.

__________________________

1. Ақмола облысы: Энциклопедия / Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2009. -560

бет

2. Б. Бейсенбайқызы. «Хан жолы» экспедициясы күнделігінен. Көкшетау, 2019.

229

3.Ибраев Сексенбай Ыбырайұлы, 1934 ж.т.

4.Хасенов Белгібай Қойшыбайұлы 1950 ж.т.

5.Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары. – Астана: Фолиант, 2017. – 496 бет.

6.Қасиетті Қазақстан. Бірінші том. Алматы «Арыс» баспасы, 2017. – 400 бет.

7.Базылхан Б. Моңғолша-қазақша сөздік. Уланбаатар-Өлгий., 1984. с. 444.

8.Өлкенің жер-су аттары. Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші. Қарағанды, 2001.

9.О. Л. Султаньяев. Принципы номинации в казахской топонимике Кокчетавской области. Ученые записки УрГУ. Серия филологическая. № 114. Вып.18. Москва, 1971.

10.ҚР Географиялық атауларының мемлекеттік каталогы. Ақмола облысы. I том. Алматы, 2003.

11.К.Әмірқызы. Ауылым-атамекенім. Өлкетану жазбалары. - Ақмола : Аққұс, 1993. - 305 б.

Шалбаев Е.Е.

магистрант, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ТҮРКІЛЕРДІҢ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАУЫ: МҰРТАЗА БҰЛҰТАЙДЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Қазіргі таңда түркі халықтарының бұрынғы наным-сенімдері мен олардың Ислам дінін қабылдау барысы туралы әрқилы пікірлер мен ғылыми тұжырымдамалар айтылуда. Орталық Азияны мекендеген байырғы қауымдардың, олардың ішінде түркілердің ерте дәуірлерде қандай наным-сенімдіұстанғанынанықтау,олардыңұлттықдініқандайдінедідегенсұрақтардыбіржақты жауаптау мүшкіл мәселе ғылымилыққа жатпайды. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан және тарихбойықауымдардыңкөші-қонына,ұлыжорықтарғасахнаболғаносыарадакөптегендіндердің, наным-сенімдердің болғаны ақиқат. Анық нәрсе: Орталық Азияда көптәңірлі діндердің бірте-бірте жоғалып, біртәңірлі (монотеистік)діндерге, ең соңында Исламға орын бергені байқалады.

Түркілердің ислам дінін қабылдау тақырыбына қалам тартқан отандық зерттеушілердің арасында Түркияда туылған, қазір қазақстандық азамат, ғалым, дінтанушы Мұртаза Бұлұтайда атау орынды. Бұлұтайдың «Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?» атты көлемді монографиясын [1] тарихнамалық тұрғыдан талдау ғылыми қажеттіліктен туындаған сұраныс.

Тарихнамашы-ғалым, профессор О. Мұхатова атап көрсеткендей, «тарихнама – тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы. Сондықтан да ол үнемі тарихнамалық зерттеулер деген ұғыммен тығыз байланысты. Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дәуірде пайда болған тарихи таным бағыттарына тән және әлеуметтік функциялар атқаратын принциптердің негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих ғылымының даму сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты айқындалады және қол жеткізілген тарихи таным мен тарихи ойдың деңгейіне, сондай - ақ зерттеу әдістеріне тікелей тәуелді болады» [2, 6 б.].

«Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?» атты монография 2000 жылы Алматыда «Білім» баспасынан жарық көрген. 500 беттен асатын іргелі зерттеу пәнаралық негізде жазылған, себебі онда дінтану, исламтану, философия, мәдениеттану, тарих, археология, лингвистика, т.б. пәндердің ғылыми нәтижелері синтезделген.

Біздің тарихнамалық зерттеуіміз М. Бұлұтайдың еңбектерінде, әсіресе іргелі монографиясында тарихилық, тарихи фактілер мен құнды мәліметтердің алға тартылуы. Жалпы, ғалымның методологиясы – ғылымилық пен теологиялық ұстанымды ұштастыруға әрекет ретінде қалыптасқан позиция. Зерттеуде Ислам дінін жақтау (апология) басым. Мәселен, автор Исламның жершарында жайылуы патшалықтардың, әулеттердің, хандардың арқасында немесе олардың монополиясында болған емес, ол әлемдерді жаратушы Аллаһ Тағаланың һидаят жолын адамдарға ашуының арқасында болған деген теологиялық көзқарасты жақтайды. Дегенмен бірнеше батыс және шығыс тілдерін еркін меңгерген философ батыстық, тарихи-этнографиялық мәліметтер кең қолданылып, ол зерттеу барысында объективтік дәлелдер мен аргументтер ұсынып отырады.

М. Бұлұтайдың іргелі монографиясында таяушығыстың монотеистік діндердің ең соңғысы Ислам бүгінгі күнде түркі халықтарының ортақ діні, ұлттық мәденеттерінің рухани бұлағы, құрамдас бөлігі екені дәлеледенеді.

Исламның таралу тарихы жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса күрделі маңызды мәселе болыпотыр.Мұртаза Бұлұтайдыңайтуынша,еліміздегі зерттеушілеросы мәселеге үстірттеуқарап, орыс және батыс авторларының тұжырымдарын қаз қалпында қабылданған деген тезисті алға тартады. Алайда, ол 2000 жылы айтылған уәж еді. Одан бері 18 жыл өткені белгілі. Осы уақытта отандық исламтанушылар мен тарихшылар бұл проблеманы жаңа методологиямен зерттеуге өз

230

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]