Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

41

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.96 Mб
Скачать

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНІҢ ОҢ САЛАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫНЫҢ НОРМАСЫН ЕСЕПТЕУ

Абдуллаева Ә.С.

г.ғ.д., проф. Давлетгалиев С.К. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: aselabdullaeva.s@mail.ru

Түйін сөздер: көктемдік, жылдық, максималды ағындылар, ағын сипаттамаларын есептеу, көпжылдық кезең, ағын шамалары.

Жайық өзенінің оң салаларының көктемгі ағындысының сипаттамалары бойынша зерттеу, ең алдымен, тұрғындардың тұрмыс тіршілігі үшін үлкен маңызға ие. Жылдық ағындының нақты сипаттамаларын көрсету су қорының, тұрғындардың тұрмыс тіршілігі үшін, рационалды пайдаланылуы үшін, және гидротехникалық бекеттердің сипаттамаларын нақтылау үшін су шаруашылық есептемелеріндегі маңызды қызметтердің бірі. Сондықтан Жайық өзенінің оң салаларының жылдық ағындысының сипаттамаларын есептеу, су ресурстарын пайдаланудағы тиімділікті арттыру болып табылады.

Жайық өзені оң салаларының жылдық ағыны өткен ғасырдың 70-ші жылдары зерттелген. Бұл мәліметтер 1965 ж. бақылаулардан кейін, климат өзгеруі әсері мен шаруашылық қызметтерінің әсерін ескере отырып, нақтылауды қажет етті. Соңғы 30-35 жылдық бақылаулар ескерілгеннің өзінде, бұл мәліметтер ағын сипаттамаларын бағалау үшін жеткіліксіз болып табылды. Сондықтан ағын сипаттамаларын көпжылдық кезеңге келтіру қажет болды.

Бақылауларды көпжылдық кезеңге келтіруде есептік кезең ретінде 1940-2015 жылдар алынған. Орта ағын сипаттамалары үш түрде анықталған: Іс жүзіндегі мәліметтер бойынша;1940-2004 жылдар бойынша көпжылдық кезең;1974-2004 жылдар бойынша соңғы отызжылдық кезең.

Орта ағын шамаларын салыстыру барысында үш түр мәндерінің бір-бірінен айырмашылығын көрсетті. Қараөзен өз.-Русская Таловка ау. және Деркөл өз.-Ростошское ау. орташа ағыны оның алдында анықталған мәліметтерден екі есе төмен болса, Деркөл өз.-Каменка ау. ағыны керісінше екі есе жоғары. Басқа жағдайда ағын шамаларының аса айырмашылықтары байқалмаған.

Салыстыра келе, көпжылдық кезең ағындылары мен орташа ағындылар шамасының бір-бірінен сандық мәндері бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалмаған. Бірақ, жекелеген өзендер мен бекеттер бойынша ағын нормаларының айырмашылығы төмендеу бойынша да, жоғарылау бойынша да елеулі. Қараөзен өз.-Русская Таловка ау., Деркөл өз.-Ростошское ау. өзендерінде ағын 30%-ға төмендесе, ал Ембулатовка, Шаған – Новенький ау. өзендерінде ол 30%-ға жоғарылаған.

Бақыланған отызжылдық ағын нормасының, 1940-2015 жылғы ағын нормасынан төмен екендігі байқалған. Бұл көрініс барлық, Шыжың-2 нормасынан басқа, өзендер мен бекеттерде байқалған. Ағынның аса жоғары төмендеуі Қараөзен өз.-Фурманово ау., Шаған өз.-Каменный ау., Деркөл өз.- Ростошский ау. салаларында анықталды. Қарастырылған аудан үшін ағын 10%-ға төмендеген. Қорытындылай келе, есептік нәтижелерді жуық шамада алынған деп есептеуге болады, әсіресе 19852015 ж. шығындар іс жүзіндегі мәліметтер емес, қайта қалпына келтіру әдісі арқылы алынған өзендер мен бекеттер.

Қорытындылай келе, екі кезеңнің вариация коэффициенті мен нормалары салыстырылды. Ағын нормасының төмендеуі орташа есеппен 15%-ға жуық, ал вариация коэффициентінің төмендеуі – 12%- ға жуық. Аса төмендеген ағын нормалары Деркөл өз. - Ростошский ау. – 37,7%, ал вариация коэффициенті Қараөзен өз.- 32%. Бұндай ағын сипаттамаларының елеулі өзгерістеріне алаптағы шаруашылық қызметтерінің артуы себепші болып отырғаны анықталды.

71

МЕРКЕ ӨЗЕНІ – УЛБУТУЙ ТҰСТАМАСЫНДА ЕСЕПТІК СУ ШЫҒЫНДАРЫН АНЫҚТАУ

Аманова А.Е.,Утеулина А.А. оқытушы Әбдіжаппар Ұ.Т жетекшілігімен

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

E-mail: aamannova@mail.ru

Қазіргі таңда су ресурстарының жылдан-жылға ластанып, еліміздің көптеген аймақтарында халық шаруашылығына ауыз судың жетіспеушілігі қатты байқалып отыр. Сонымен қатар, судың басқа да маңызды бағыттарының бірі оның қатерлі әсерлерімен күресу де маңызды болып табылады. Сондықтан осы жағдайлардың алдын алу, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және су басу, сел көшкіні сияқты қауіпті құбылыстардың алдын алу үшін есептер жүргізу маңызды шара болып табылады.

Мақаланың мақсаты Мерке өзені – Улбутуй аумағы өзенінің жылдық ағыннын және статистикалық сипаттамаларын анықтау болып табылады.

Мерке өзені – Улбутуй тұстамасындағы есептік су шығынын анықтау барысында орташа айлық су шығынының мәліметтеріқолданылды.

Зерттеу объекті: Мерке өзені – Улбутуй аумағы.

Алға қойған мақсатты жүзеге асыру барысында таңдалған объектідегі өзеннің жылдың ағыны үш түрлі жағдайда: мәліметтер жеткілікті болғанда; мәліметтер жеткіліксіз болғанда және мәліметтер болмаған жағдайда есептелді. Өзеннің мол ағындысы екі жағдайда: мәліметтер жеткілікті және мәліметтер болмаған жағайда анықталды. Сонымен қатар, ағындының жыл ішіндегі бөлінуін мәліметтер жеткілікті болғанда нақты жыл әдісімен, бақылау деректері жоқ болған кезде аймақтық тәуелділік әдісімен анықталды.

Суды сарқылып кетуден сақтау үшін және су ресурстарының тұтынушыларын қажет сумен қамтамасыз ету үшін өзеннің жылдық ағындысын есептеу қажет.Судың қатерлі әсері де көп. Нақтырақ айтканда: сутасқыны, сел көшкіні, топан су, су эрозиясы, қар басу және т.б. Осы табиғи апаттардың алдын алу үшін өзеннің мол ағындысы есептелді.

Есептік су шығындарын есептеу нәтижесінде қай кезеңде тұтынушыға су жеткілікті немесе жеткіліксіз болатынын анықталды.

АНАЛИЗ ВНУТРИГОДОВОГО РАСПРЕДЕЛЕНИЯ СТОКА РЕК В БАССЕЙНЕ РЕКИ БУКТЫРМА

Бекбауленова Ж.Е..

под руководством к.г.н., и.о. доцента Чигринца А.Г.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби

e-mail: asena.1993@mail.ru

Поверхностные водные объекты являются основными источниками водоснабжения, используются для судоходства, гидротехнического строительства, нужд энергетики и сельского хозяйства. Изучение годового стока рек и его внутригодового распределения является одним из необходимых условий для рационального планирования и использования речных вод для этихцелей.

Проведенные нами исследования посвящены анализу внутригодового распределения стока рек бассейна реки Буктырма. Необходимость данного исследования определяется постоянным ростом водопотребления и уменьшением водных ресурсов в бассейне трансграничной реки Ертис, что обусловлено динамичным развитием всех отраслей сельскохозяйственного и промышленного производства, увеличением заборов воды, а также неблагоприятными климатическими тенденциями. Бассейн реки Буктырма является самым крупным при формировании местных водных ресурсов Ертисского водохозяйственного бассейна РК и имеет административную значимость, так как в нижнем течении расположено Буктырминское водохранилище, обеспечивающее водой нижележащие по течению населенные пункты.

72

Актуальность данного исследования также подтверждается тем, что предыдущие детальные оценки внутригодового распределения стока исследуемой территории проводились около десяти лет назад и уже не в полной мере отражают сегодняшнюю ситуацию.

Оценка внутригодового распределения стока рек бассейна р. Буктырма базируется на новейшем информационном материале, полученном на сети наблюдений Казгидромета по 2015 г. включительно. Для проведения исследования были выбраны 3 гидрологических поста на реке Буктырма: Лесная пристань, Печи и Берель. Пропуски в рядах среднегодовых и среднемесячных расходов воды были восстановлены по связям с аналогами. На основе восстановленных данных были построены разностные интегральные кривые модульных коэффициентов для выбранных створов и определен расчетный период. Выбранные ряды наблюдений были проверены на однородность построением интегральных кривых и по критериям Стьюдента и Фишера. Смещенные значения коэффициентов вариации (Cv), асимметрии (Cs) и средние квадратические ошибки (Ϭ) были вычислены методом моментов. Так, например, по посту Лесная пристань Cv =0,23, Cs =0,86, Ϭ =±7,8%. Все вычисленные значения средних квадратических ошибок находятся в пределах нормы (<10%) и составляют в среднем ±7,7%. Также были построены кривые обеспеченности и получены расходы воды различной обеспеченности для рассматриваемых створов. Тем самым проанализировав внутригодовое распределение стока за многолетний период, мы можем выявить месяцы, наиболее благоприятные для большого забора воды, с дальнейшей целью использования данного забора на нужды населения.

Внутригодовое распределение стока вызывает особый интерес для населения нижнего течения реки, то есть на территории Республики Казахстан, так как большой забор воды в верхнем течении реки может привести к дефициту водных ресурсов. В данном случае, распределение стока внутри года и определение многоводного и маловодного периода, а также лимитирующего периода в зависимости от цели использования водотока является главной задачей для водохозяйственного использования реки Буктырма.

БАЛҚАШ КӨЛІ СУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНІҢ КӨПЖЫЛДЫҚ АУЫТҚУЛАРЫН БАҒАЛАУ

Бектұрсын Б.Б.

г.ғ.к., проф. м.а. Жүсіпбеков Д.К. жетекшілігімен

әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті

e-mail: bakhtygali@mail.ru

Түйін сөздер: су деңгейі, гидрологиялық тәртіп, гидрологиялық мәліметтер, ең жоғары деңгей, ең төменгі деңгей, өзгеру тенденциясы.

Балқаш көлі Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан, негізгі бір табиғи ортаны құраушы географиялық нысан болып табылады. ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап халық шаруашылығының тұтынысқа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін қарқынды және көлемді атқарған қызметтердің нәтижесінде Балқаш көлінің гидрологиялық режиміне үлкен өзгерістер енгізілді. Сондықтан, Балқаш көлінің гидрологиялық орнықтылығын қамтамасыз етуге қажет су ағыны ғылыми тұрғыда жан-жақты негізделуі тиіс. Көлдің табиғи жағдайдағы және табиғитехногендік жүктеменің тұрақты ұлғайуының кезеңіндегі деңгейінің ауытқу жағдайына жан-жақты жүйелік талдау жүргізу арқылы, оның орнықтылығын гидрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ететін су айдынының деңгейін негіздеу маңызы.

Балқаш көлінің гидрологиялық тәртібіне жан-жақты талдау жүргізу үшін, оның су деңгейін сипаттайтын көп жылдық деректер, ақпараттық-статистикалық мәліметтер жинақталды. Одан әрі бұл аұпаратқа жүйелік талдау жүргізілді және математкалық статистиканың және математикалық үлгілеудің әдістемелік нұсқалары қолданылды.

Табиғи жүйенің кез-келген нысанының сапалық және сандық өлшемдік көрсеткіштері табиғи жүйедегі болып тұратын табиғи құбылыстардың қайталану мерзіміне және қарқынына байланысты барлық уақытта ауытқып отырады. Табиғи жүйенің өзіндік бір ерекшелігі, оның сапалық және сандық өлшемдік көрсеткіштерінің кез келген ауытқу даңгейінде, өзінің бастапқы қалпынан табиғи қалпын сақтап қалуға ұмтылады. Сондықтан, жалпы табиғи жүйенің табиғи қалыптасқан жағдайының сапалық және сандық өлшемдік көрсеткіштерінің қалыптасқан жағдайын сипаттау үшін, оның көпжылдың ішіндегі орташа деңгейін алуғаболады.

73

Жұмыста Балқаш көлінің 1879-2015 жылдар аралығындағы (136 жыл) су айдынының деңгейінің өзгеруі тенденциясы зертелінді. Балқаш көлінің су айдынының осы кезеңде деңгейдегі ең жоғарғы су деңгейінің ауытқу шамасы 3,19 метр болғаны анықталды, яғни табиғи жағдайда Балқаш көлінің су айдынының ең жоғарғы деңгейі 343,71 м БЖ (1908 жылы) құраса, ал оның ең төменгі деңгейі 340,52

мБЖ (1885 жыл) дейін шамасында болған.Осы 136 жылдық кезеңдік Балқаш көлінің су айдынының деңгейінің ауытқуының сұлбасын тұрғызу арқылы, оның ауытқу денгейінің себептерін нақтылау үшін қарастырылып отырған үлкен кезең 1879-1970 жж. және 1971-2015 жылдар кезеңдерге бөлініп зертелінді. Екіге бөліп қарастырылған жарты ғасырлық аралықтағы Балқаш көлінің су бетінінің деңгейінің ауытқуын салыстырып қарастыратын болсақ, онда одан байқайтынымыз, жарты ғасырлық аралықтың бірінші бөліміне (1879-1970 жылдар) қарағанда екінші жарты ғасырлық аралықтағы (19712015 жылдар) деңгейінің ауытқу шамасы 0,72 метргетөмендеген.

Балқаш көлінің тарихи даму және қалыптасу кезеңіндегі ең төменгі деңгейнің шамасының 340,52

мБЖ-не дейін төмендегенін және оның ең жоғарғы ауытқу тереңдігі 3,19 метрге дейін болғандықтан, Балқаш көлінің қауіпсіз деңгейін 340,60 м БС деп қабылдап, осы деңгейді болашақта сақтап қалу үшін аймақтағы су қорларын теңгерімдік жағдайда пайдаланудың жолын қарастыруқажет.

ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Дилдабекова С.Н., т.ғ.к., проф. м.а. Дускаев Қ.Қ. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: dildabekovasim@gmail.com

Іле өзені Қазақстандағы ең ірі трансшекаралық өзендердің бірі. Іле өзені және оның суының сапасы республиканың экономикасы, шаруашылығы мен Балқаш – Алакөл алабы үшін маңызы өте зор. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының сақталуында және су деңгейі режимінің тұрақтылығы мен балық шаруашылығында рөлі мен үлесі ерекше.

Іле өзенінің атырауы негізінен Оңтүстік Қазақстанның ауылшаруашылығында маңызды рөл атқарады. Және бұл аймақ шөлді зонада орналасқандықтан, жасанды жер суару үшін өзен суын пайдаланады. Осы бағыттағы өзекті мәселе: Іле өзенінің экологиялық жағдайын, антропогендік әрекетті ескере отырып сақтау. Себебі су объектілерінің суының сапасы және экологиялық жағдайы ең маңызды гидрологиялық сипаттамаларына жатады.

Жұмыстың мақсаты: Іле өзені атырауының экологиялық жағдайы мен су сапасын бағалау және жақсатудың негізгі жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсатына сай, келесі міндеттер шешіледі:

а) Іле өзенінің су сапасын қалыптастырушы негізгі факторларын анықтау және сипаттау: физикагеографиялық жағдайы, Іле өзені атырауының гидрографиясы, өзеннің су режимінің ерекшеліктері және т.б.

ә) Іле өзенінің қазіргі кездегі су сапасын бағалып, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау үшін, өзеннің гидрологиялық сипаттамаларының барлығын анықтау, оның ішінде негізгі сипаттамаларына су сапасының көрсеткіштері және өзен ағындысының негізгі сипаттамалары жатады;

б) РМК “Казгидромет” байқау деректері бойынша (соңғы жылдар деректерімен қоса) су сапасы көрсеткіштерін талдай отырып, баға беру;

с) Қолда бар деректер бойынша су сапасын интегралды көрсеткіштерін есептеу және Іле өзені атырауындағы ақаба сулардың еселенуі шарттарын бағалау;

д) Су қорғау және өзеннің экологиялық жүйесін сақтау, жақсарту шараларын негіздеу және оларға ұсыныс беру.

Қолданылатын ғылыми зерттеу және есептеу әдістері: гидрологиялық аналогия, гидрологиялық қатарларды статистикалық әдістермен талдау, су сапасын интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау және т.б.

Пайдаланатын әдебиет көздері: РМК “Казгидромет” тұрақты гидрологиялық жүйесіндегі бекеттер байқау деректері және әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Метеорология және гидрология кафедрасының мұрағаттары, ғылыми зерттеу мақалалары, сондай-ақ жарияланған монографиялар мен гидрологиялық журналдар мәліметтері.

74

ІЛЕ АЛАТАУЫ ӨЗЕНДЕРІНДЕ СУ БАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ МАҢЫЗЫ ТУРАЛЫ

Жанабаева Ж.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: zhanar.zhanabaeva@kaznu.kz

Табиғи апаттардың ішінде қайталанғыштығы мен аумақтық таралуы бойынша су басу құбылысы бірінші орынды алады. Біздің елімізде көктемгі су тасу мен жаңбырлы тасқындардың қайталанғыштығы өте жоғары және ең үлкен экономикалық зардаптар туындатады. Бірақ су басуды зерттеу мүмкіндіктері аса шектеулі, себебі олар сирек қайталанатын гидрологиялық сипаттамаларға байланысты және әртүрлі құрылымды факторлардың үлкен мөлшеріне тәуелді.

Көктемгі немесе көктемгі-жазгы су тасу әсерінен туындайтын су басу республиканың айтарлықтай бөлігі өзендерінде байқалады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында орнасқан өзендерде наурыз-шілде аралығында көктемгі су тасу өтеді.

Мысалы, Іле Алатауы өзендерінің су режимі олардың қоректену сипатымен анықталады. Жазғы су тасқыны кезеңінде жылдық ағындының 50-80 % өтеді. Бұл кезеңдегі қардың қарқынды еруі мен жаңбырдың түсуі нәтижесінде ағынды гидрографы үздіксіз су тасқындардың алмасуын көрсетеді. Су тасқыны кезінде су өтімдерінің мәндері қалыпты ағындыдан 10-20 есе жоғары болуымүмкін.

Су ағындысы мен су деңгейінің жоғары және төмен максимумдарының әртүлі қалыптасу факторлары әр жылы әртүрлі болады. Қазақстанда әсіресе, жазық бөлігінде көктемгі ағынды тек қар қорлары есебінен қалыптасады. Осының әсерінен жоғары және төмен су тасқындарының ең жоғары су өтімдерінің бақылау қатарлары біртектіболмайды.

Іле Алатауы өзендері алабында ағынды қалыптасу зонасында су қоры жергілікті елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, электр энергиясын өндіруге, жайылымдарды суармалауға, ауыл шаруашылығы және техникалық және т.б. мақсаттарда пайдаланылады. Таулы өзендер және олардың жағалау аумақтары рекреациялық мақсаттарда кеңінен пайдалынады.

Су басу - табиғи құбылысының зерттелгендігі қазіргі таңда жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі уақытта өзгермелі климат пен антропогендік жүктеменің әсері шарттарында су басу факторларын сандық бағалау үлкен мәнге ие болып отыр. Су басудың зақымдаушы факторлары бірінші кезекте ең жоғары су өтімдері мен жайылманың су астында қалған аумағының енін нақты есептей білу белгілі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді кемітуге мүмкіндік туғызады.

Жайылманың ықтимал су басу енін бағалау тек сирек қайталанатын су деңгейлері мен су өтімдері сияқты басқа да зақымдаушы факторларды алдын-ала бағалау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. Өзен маңы аумағын шаруашылық мақсатта пайдалану кезінде шешімдер қабылдау үшін су басу кешенді сипаттамаларын тыңғылықты бағалау, оларды статистикалық болжау қажет.

АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ГИДРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ

Жанпеисова М.Н., Сеитова К.С. оқытушы Әбдіжаппар Ұ.Т. жетекшілігімен

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универсиеті

e-mail: meruert.zhanpeisova@mail.ru

Астана қаласының күн сайын даму үстінде болуы, Есіл өзені алабына жататын су нысандарын ластап жатқандығының басты себебі болып, өзекті мәселені тудырды.

Астана қаласының дамуына байланысты антропогенді әсерлердің жыл өткен сайын артуы, өзенге кері әсерін көрсетуде. Антропогенді ластаушылардан – ауыл шаруашылық объектілері; – өндіріс өрындарының тазартылмаған тасталымдары және нөсермен аққан сарқынды сулар, тұрғын үй аумақтарының кәріздерін шығару кезінде, жергілікті су объектілеріне тікелей ағызылуы; – қалалық және өнеркәсіптік ағынды суларды сақтау, ластаушы заттар жер беті суларымен бірге жер асты (дренажды) суларын ластауда.

Мақалада Астана қаласында орналасқан Ақбұлақ-Сарыбұлақ, Астана су қоймасы су нысандарының әртүрлі жылдар ішіндегі РМК «Қазгидромет» жүргізген гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жер үсті суларының сапасы бойынша 2001-2017 жылдар аралығындағы мәліметтерді қарастырып, су ластаушы заттарын және су ластану индекстерінің өзгеру динамикасы көрсетіледі.

75

Мәліметтердің талдауы көрсеткеніндей судың ластану индексі бойынша 2006-2009 жылдар аралығында әлсіз ластану көрсеткішін көрсетсе, 2010 жылдан бастап ластанған және жоғары ластанған көрсеткіштер пайда болған. Жоғары ластану көрсеткішін Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері құрап отыр.

Астана қаласы маңында 2010 жылдан бастап қала маңындағы және ішінде орналасқан су объектілерінің химиялық заттармен, ауыр және жеңіл металдармен ластана бастағаны (марганец және сульфат). Әсіресе қала ішімен ағып өтетін Ақбұлақ өзені. Астана қаласы су объектілері әлсіз ластанудан, жоғары ластану көрсеткішіне дейін ластану жоғарылаған. Есіл өзені салалары қала сыртында нормативті таза көрсеткішпен келіп, қала ішіндегі су нысандарына қосылғанда әлсіз ластанған немесе ластанудын жоғары дәрежесін көрсететіні анықталды. Жалпы Астана қаласы Есіл өзені экожүйесін сақтау және экологиялық жағдайын жақсартудың нақты шаралары дайындалды және ұсынылды.

ВЛИЯНИЕ АТМОСФЕРНЫХ ЗАСУХ НА КАЧЕСТВО ВОДЫ И ЭКОЛОГИЧЕСКОЕ СОСТОЯНИЕ ВОДНЫХ ОБЪЕКТОВ В БАССЕЙНЕ РЕКИ ЕСИЛЬ

Идрисова С.М.

под руководством к.т.н., и.о. проф. Дускаева К.К.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби

email: idrisova_sabina@mail.ru

Экстремальные природные явления, к числу которых относятся засухи, с каждым годом наносят все больший экономический и социальный ущерб обществу. Засуха в современных условиях наносит ущерб не только в первую очередь сельскому хозяйству (снижение урожайности с/х культур), в следствие снижается выработка электроэнергии, усложняются речные перевозки и страдают производства, потребляющие большое количество воды.

Проведенные исследования посвящены оценке влияния засух на качество воды и экологическое состояние водных объектов в бассейне р. Есиль.

Территория бассейна реки Есиль относится к районам резко выраженного недостаточного увлажнения Республики Казахстан, накладывающего свой отпечаток на формирование поверхностного стока его основных водотоков.

Поверхностный сток в пределах рассматриваемого бассейна формируется почти исключительно за счет талых снеговых вод. Дождевые осадки в условиях жаркого лета и большой сухости почвогрунтов в своей подавляющей части теряются на испарение и в стоке рек и временных водотоков области практического значения не имеют. Объем годового стока рек и временных водотоков Есильского бассейна почти полностью определяется объемом весеннего стока, вслед за которым наступает глубокая межень, вплоть до полного пересыхания малых водотоков, а нередко и относительно крупных рек.

Для оценки качества поверхностных вод в бассейне р. Есиль использовались «Ежегодные данные о качестве поверхностных вод РК» РГП «Казгидромет» за период с 1980-2012 гг.

При анализе исходных данных были определены основные загрязняющие вещества, которые являются характерными для р. Есиль, а их концентрация регулярно превышает нормативы ПДК: общая минерализация, БПК5, азот нитратный, нефтепродукты и медь.

За рассмотренный период по всем гидрохимическим створам экстремальные значения концентраций загрязняющих веществ наблюдаются в основном в группах органических веществ, тяжелых металлов и главных ионов. В период летней межени минерализация воды в верхнем течении увеличивалась до 1,0-1,5 г/кг, а в зимнее время в плесах она достигла 2,0-2,5 г/кг.

Как показывает анализ, экстремальные значения концентраций загрязняющих веществ в разные годы могут достигать превышений ПДК в несколько раз, а иногда и в десятки раз. Очевидно, что такие превышения носят не циклический характер, а скорее всего эпизодический, который объясняется тем, что такие превышения могли фиксироваться от одноразовых выбросов тех или иных загрязнителей. Однако высокий уровень загрязнения водных объектов в бассейне реки Есиль может быть вызван изменением климатических, и как следствие, гидрологических условий. Изучение этой важной проблемы, а также оценка возможных ее последствий являются одной из главных задач проводимых исследований.

76

КӨКТЕМГІ СУ ТАСУДЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖАЙЫНДА

Кенесова М.Е.

г.ғ.к., доцент м.а. Мусина А.К. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

e-mail: madinakenesova1@gmail.com

Түйін сөздер: көктемгі су тасу басталу мерзімі, негізгі параметрлері, математикалық модельдеу, болжау нақтылығы.

Өзен ағындысының қалыптасуын математикалық модельдеу заманауи гидрологияның базалық зерттеу және инженерлік «құралы» болып табылады. Көктемгі су тасудың қалыптасу шарттары жыл сайын өзгеріп отыратындықтан, бұл процесті математикалық модельдеуде қиындықтар туындайды.

Жыл сайын өзен алабына түсетін жауын-шашын мөлшері, грунттардың ылғал және су өткізгіштігі, көктемде қар жамылғысының еру қарқындылығы секілді негізгі параметрлердің сандық көрсеткіштері қайталанбайды. Сондықтан жазық өзендер алабында көктемгі су тасудың уақыттық жүрісін математикалық модельдеу халық шаруашылығына гидрологиялық тұрғыдан қызмет етудің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Су тасудың басталу мерзімі қардағы су қорына, жату ұзақтығына және оның еру қарқындылығына байланысты анықталады. Су тасу гидрографының формасы теориялық тұрғыдан қайталанбайтындығын нақ айта аламыз. Алайда, бұл су тасу гидрографының қалыптасуында ешқандай заңдылық жоқ екендігіне кепіл емес. Теориялық тұрғыда дифференциалды теңдеулер көмегімен бұл процессті сипаттауға қажетті бақылау мәліметтерінің толық болмауынан, заңдылықтарды анықтау қиындай түседі. Сондықтан, қазірше гидрология су тасу гидрографтарының оңайлатылған және сұлбаланған есептеу үлгілеріне сүйенеді, ал үлгілерде бастапқы мәліметтердің орташаланған шамаларын пайдаланады.

Гидрологиялық әдебиет көздерінде екі түрлі математикалық модельдеудің, атап айтқанда детерминделген (физикалық-математикалық және динамикалық) [Кучмент, 1972, 1980; Бураков, 1978; Виноградов, 1988] және стохастикалық [Раткович, 1976; Сванидзе, 1977; Рождественский, 1977; Шелутко, 1984; Коваленко, 1993; Раткович, Болгов, 1997; Van Gelder, 2004; Болгов, Мишон, Сенцова, 2005] модельдеу сипаттамалары жиі кездеседі. Модельдеудің алғашқы тобы су жинау алабындағы гидрологиялық сипаттамаларды анықтаушы физикалық заңдарды математикалық түрде бейнелесе, екінші тобы бақылау мәліметтерін кездейсоқ шамалардың үлестірілімі ретінде береді. Аралық нұсқа ретінде динамикалық-стохастикалық модельдеу [Великанов, 1949; Рождественский, Тихомирова,1987; Кучмент, Гельфан, 1993; Гарцман, 2005] кездейсоқ шамалардың белгілі бір заңдылыққа тәуелділігін анықтап, оларды статистикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігінбереді.

ХХғ. 2-жартысына дейін гидрологияда ағын генезисін және басқа да гидрологиялық құбылыстардың пайда болуын түсіндіру мақсатында есептік және болжамдық әдістер кеңінен пайдаланылды. Ал, гидрологияның жаңа толқынында біз дәстүрлі математикалық модельдеу әдістерін негізге ала отырып, сандық технологиялардың гидрологияға енуі – математикалық модельдеу мүмкіндіктерін арттыру бағытына ауысқанының куәсі болып отырмыз. Қазіргі таңда математикалық модельдеу – болжамның нақтылығы, қол жетімділігі және расталуы жоғарылығымен айқындайды, яғни гидрологиялық құбылыстың, атап айтқанда көктемгі су тасудың математикалық модельге толығымен және «табиғи» түрде енуіне қол жеткізу гидрологияның басты міндеттерінің бірі.

ХХғ. соңғы онжылдықтарында бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында Даниялық DHI – Су және қоршаған орта институты Mike-11 бағдарламасын жасап шықты. Бұл бағдарламаның кеңінен қолданысқа ие болуы ХХІ ғ. алғашқы онжылдығында көрініс берді. Модельді құру үшін бағдарламада: жауын-шашын, ауа температурасы және булану жайындағы мәліметтер қар еруінің қарқындылығын анықтау үшін қажет болса; ал негізгі су алабының 16 морфометриялық сипаттамаларын енгізу арқылы көктемгі су тасу моделін графиктік сұлбалар түрінде алуға болады. Бұл өз кезегінде болжам сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.

77

ГИДРОМЕТРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ МӘЛІМЕТТЕРІ БАР КЕЗІНДЕГІ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ (СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫ, СЕРГЕЕВКА СУ ҚОЙМАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Қалыбанова А.Б., Джарлыкасымова А.С. оқытушы Әбдіжаппар Ұ.Т. жетекшілігімен

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық универсиеті

e-mail: kalybanova97@mail.ru

Қазіргі уақытта халық шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мен су тасудан қорғау және алдын алу шараларын, уақыттарын дұрыс болжау өзекті мәселе болып отыр. Гидрологиялық сипаттамаларды есептеу кезінде, гидрологиялық мәліметтердің қатар санының біртекті немесе біртексіздігі анықталады. Гидрологиялық есептеулерді гидрологиялық бақылау мәліметтері бар, жоқ немесе жеткіліксіз жағдайларын негізге ала отырып есептейді. Мақалада гидрологиялық бақылау мәліметтер бар жағдайды негізге алып, Есіл өзені алабына жататын Сергеевка қаласы, Сергеевка су қоймасы бекеті мысалында есептеулер шығардық.

Сергеевка су қоймасы – Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Сергеевка қаласынан бастап, оңтүстікке қарай 75 км созылған. Қойманың ауданы – 117 км², сыйымдылығы – 695 млн.м³ жерді алып жатыр. Ені – 7-8 км, орташа тереңдігі – 5,9 м. Жағасының ұзындығы 264 км. Гидрологиялық жылнамадан көп жылдық су өтімдерін жинақтап (1971-2015 жж.). Есіл өзені Сергеев қаласында орналасқан Сергеев су қоймасы бойынша көп жылдық ағынды гидрографы су өтімдері бойынша тұрғызылып, әр түрлі жылдардағы жиі өзгеріске ұшырап отырғаны байқалды. Су қоймада 2013-2014 жылдарда көктем мезгілінде мөлшерден асып су жиналып нәтижесінде, солтүстік елді мекендерді су басып материалды шығынға ұшыратқан.

Гидрологиялық есептеулерді арнайы Stokstat 1.2 бағдарламасын қолдану арқылы статистикалық сипаттамалары мен қамтамасыздық қисығы тұрғызылды, суы мол (5%), орташа (50%), орташа (75%), суы тапшы (95%) жылдарға. Сипаттамалары бойынша орташа көпжылдық су өтімі, вариация, ығысқан, ығыспаған және асимметрия коэффициенттері, орташадан ауытқу мәндері анықталды.

Есептік су шығындары

)

және (

) анықталды.

 

Есептік су шығыны (5%) – 113,2

м³/с, орташа (50%) – 46,9 м³/с ,орташа (75%) – 19,2 м³/с суы

тапшы (95%)-2,4 м³/с су шығындарына сәйкес келді

). Есептік су шығыны (5%)-117,3

м³/с, орташа (50%)- 45,4 м³/с , орташа (75%)-21,7 м³/с суы тапшы (95%)- 4,1 м³/с су шығындарына сәйкес келді ( ). Есетпеулерді нақтылау және жетілдіру әдістеріне ұсыныстарқарастырылды.

ВИРТУАЛЬНАЯ ВОДА. ЕЕ РОЛЬ И ЗНАЧЕНИЕ В ВОДООБЕСПЕЧЕНИИ

Муканова А.К.

под руководством к.т.н., и.о. проф. Дускаева К.К.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби

e-mail: mukanova.24@mail.ru

Цель работы: изучить и дать характеристику виртуальной воде, обозначить ее значение в настоящем и будущем в жизни человека.

Задачи исследования:

-Дать определение понятию виртуальная вода как виду водныхресурсов;

-Описать способы количественной оценки виртуальной воды;

-Обозначить значение виртуальной воды для всего человечества;

-Определить различие виртуальной воды от водного следа;

-Предотвратить водный кризис в стране. В работе выполнено следующее:

-Дано определение понятию виртуальная вода и отмечена ее важность в нашембудущем;

-Выполнена количественная оценка виртуальной воды при производстве итоварообмене;

-Отмечена торговля виртуальной воды и то, как она позволяет экономить пресную воду на глобальном уровне;

-Определено значение виртуальной воды в перспективе.

78

Актуальность данной темы заключается в том, что человечество тратит большое количество воды на производство товаров и иных целей. Принимая во внимание актуальность и важность проблемы дефицита водных ресурсов в настоящее время, а также то, какие водные проблемы ждут нас в будущем, человечеству придется учитывать объёмы виртуальной воды и их роль в решении проблем водообеспечения.

Практическая значимость моего исследования в том, что эта работа поможет понять, как рационально использовать виртуальную воду и поможет понять как эффективно управлять водными ресурсами.

Вывод: Виртуальная вода в будущем для человека будет играть большую роль и поэтому учитывать виртуальную воду будет также необходимо как сегодня учитывается объемы используемой воды в чистом виде.

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ (НҰРА ЖӘНЕ ЕСІЛ ӨЗЕНДЕРІНІҢ МЫСАЛЫНДА)

Мукашева Г.Ж.

аға оқытушы, PhD Нарбаева Қ.Т. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: mukasheva.gulmerey@mail.ru

Экогеохимиялық зерттеулердің негізгі плагионы болып табылатын Нұра өзені алабының орталық бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының шегінде орналасқан. Алаптың территориясы ландшафты-географиялық құрылымның бірқалыпсыздығымен сипатталады. Нұра өзені Қарқаралы таулы тізбегінен теңіз деңгейінен мыңнан астам биіктіктен екі бастау – Ақбастау және Қоңыртөбе өзендерінен алады. Нұра Орталық Қазақстанның ең ірі көлдерінің бірі – Теңіз көліне құяды. Қазіргі таңда судың тапшылығына орай, талапты сұранысқа қарай Нұра өзені (Қорғалжын және Теңіз) көлдің сағалық сулы-батпақты алқаптағы суды жаңартуға қарастырылған. Бұл бассейніндегі су деңгейінің төмендеуіне, ондағы сынаппен ластануына байланысты қалыптасқан экологиялық жағдай. Мамандардың бұл өңірдегі экологиялық жағдайға бұлайша алаңдаушылық танытуының өзіндік мәні бар. Себебі, түрлі климаттық және антропогендік жағдайлардың орын алуына және өзеннің толқымалығына байланысты, ол өзі құятын көл деңгейінің кейде толып, кейде азайып кетуіне әсер етуде.

Орталық Қазақстан өзендерінің бірі – Есіл өзені Нияз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске құяды. Есіл өзенінің ағынны бір жылдың ішінде жоғары құбылмалдылығымен байқалынады, бұл климаттық, антропогендік факторларының әсерінен жылдан жылға ауысады. Сондықтан Есіл өзенінің су шаруашылық экономика саласында қолдануға қиыншылық тұғызады. Есіл өзенінің суының деңгейі едәуір көтерілген кезде, негізінен көктем айларында, ластанатын заттардың көбейетіні көрінеді. Көбінесе, өлшенген заттардың концентрациясының артуы кездеседі. Бұл өзен деңгейінің көтерілуі жағаның механикалық бұзылуына әкеп соқтырады.

Қарастырылып отырған су нысандарының қазіргі кезеңге байланысты антропогендік шаруашылықтарды ескере отырып, жылдық ағындының өзгермелігі анықталады. Сонымен қатар ағындының уақытша өзгермелігін ескере отырып, есептік жылдық ағынның сипаттамаларын талдау жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты су объектілерінің су шаруашылықтарының әсерлерін бағалау жұмыстары қарастырылады. Қарастырылып отырған өзендерінің статистикалық параметрлерін есептеу әдістерін дамытуға ұсыныстар жасалынады.

Зерттелінетін жұмыста жинақталынатын мәліметтерді пайдалана отырып, су пайдалану стратегиясын дамыту мақсатында, өзен алаптарының гидрологиялық режимдерінің динамикасын болжауда, гидрологиялық және су шаруашылық есептеулерде, гидротехникалық құрылымдарды жобалауда зерттеу жұмыстары жүргізіледі және есептік жағдайда сенімділік жүйесін жасауға болады.

79

ЕСІЛ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ГИДРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ

Мырзақұлова Б.М., т.ғ.к., проф. м.а. Дускаев К.К. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

e-mail: myrzakulova.b@gmail.com

Есіл өзені – Обь өзеніне тиесілі Еуразия аймағындағы ең маңызды өзендердің бірі. Ол Қарағанды облысындағы Нияз тауларынан бастау алады. Оның суы сумен жабдықтау және суару үшін пайдаланылады. Есіл өзенінің су қорын нәтижелі пайдалану үшін оның гидрологиялық режимінің өзгешеліктерін білу қажет, сонымен қатар суының сапасын және қазіргі экологиялық жағдайын бағалау өте маңызды.

Жұмыстың мақсаты: Есіл өзенінің гидрологиялық режимінің ерекшеліктерін сипаттау, негізгі ластау көздерін анықтау, өзеннің су сапасының және экологиялық жағдайын гидробиологиялық көрсеткіштермен бағалау.

Есіл өзені барлық өңір үшін маңызды геоэкологиялық және халық шаруашылық мәнге ие болып табылады. Бірақ соңғы жылдары қала маңындағы шаруашылықтарының қарқынды дамуы өзеннің экологиялық жағдайына, гидробиологиялық сипаттамаларына антропогенді әсер етеді. Бүгінгі күнде, Есіл өзенінің жағдайы-«орташа ластанған» дәрежеде деп бағалануда. Есіл өзенінде 2009 жылға дейінгі кезеңде өзеннің экологиялық жай-күйіне жалпы баға беретін негізгі гидробиологиялық көрсеткіштер қарастырылған.

Астана қаласының аумағында Есіл өзенінің гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша экологиялық жағдайын бағалау гидробионттардың сапалық және сандық құрамы,олардың алуантүрлілігі мен сапробиологиялық анализдердің нәтижесі туралы мәліметті қамтиды. Өзеннің экологиялық жағдайын бағалау үшін жұмыстың материалы фитопланктон, зоопланктон, перифитон және бентос сынамаларына сәйкес жүргізілді.

Фитопланктонның балдырларының ішінде диатом балдырлар, жасыл балдырлар, көк-жасыл балдырлар анықталды. Биомассаға қатынасы бойынша, диатомды балдырлар ең өнімді және өзенде алуантүрлі болып табылады сондай-ақ, органикалық ластану мен ластанудың жоғары деңгейін көрсетеді деп қорытынды жасауға болады. Перифитон қауымдастығы бай түрлер құрамымен сипатталды. Сынамаларда бета-мезосапробты организмдер басым болды, сондықтан перифитон көрсеткіштеріне сәйкес судың сапасы орташа ластанған сулардың үшінші класына сәйкес келеді.

Зоопланктон бұтақмұртшалылармен, ескекаяқты шаяндар және коловраткалар арқылы ұсынылған. Зоопланктонның түрі мен сандық құрамы зерттеліп жатқан кезеңде біркелкі дамымаған. Бентостық организмдердің негізгі түрлерінің көпшілігі моллюскалар мен жылғалықтар болды. Жалпы алғанда, бентостық организмдер альфа-бета-мезасапробты топқа тиесілі, сондықтан өзеннің түбін бентос күйіне сәйкес орташа ластанған ретіндебағалайды.

Зерттеу нәтижесі бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: Есіл өзені аймақтың басты су айдыны болып табылады және оның сапалық және сандық сипаттамаларын, экологиялық жағдайын, су сапасын жақсарту басым болуы керек. Экологиялық жағдайы гидробиологиялық көрсеткіштерді қолдану арқылы зерттелді. Яғни, фитопланктон үшін ластанудың жоғары деңгейі көрсетілді, перифитон көрсеткіші бойынша судың сапасы орташа лас,үшінші классқа тән болып табылады, ал өзеннің түбі бентос күйіне сәйкес орташа ластанған деп қорытынды жасауға болады.

ІЛЕ-БАЛҚАШ АЛАБЫНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ

Нұрбеков Д.С.

г.ғ.к., проф. м.а. Жүсіпбеков Д.К. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ҰлттықУниверситеті

e-mail: nurbekov.damir.bk.ru

Қазіргі таңда «суға тәуелді» экономика және гидроэкология салаларында жобалық шешімдерді гидрологиялық негіздеудің басты құралы ретінде гидрологиялық сипаттамалардың, оның ішінде су өтімдері мәндерінің статистикалық тұрғыдан толықтай қамтамасыз етілуі болып табылады. Ол үшін

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]